Хадис

Үміт пен үрей арасы тепе-теңдікті сақтап өмір сүру

О жизни в равновесии между надеждой и страхом

Риядус-салихин, 53-тақырып · 3 хадис · № 444–446

Хадистер

«فَلَا يَأمَنُ مَكْرَ اللَّه إِلَّا الْقَوْمُ الْخَاسِرونَ» «….Ақырында, орасан зиян шегіп, сорлап қалатын қауым ғана өздеріне Алланың жазасының келмейтіндігіне сенімді болады». («Ағраф» сүресі, 7: 99-аят).

«إِنَّهُ لَا يَيْأَسُ مِنْ رَوْحِ اللَّهِ إِلَّا الْقَوْمُ الْكافِرُونَ» «Шынында, кәпір қауымнан басқа ешкім Алланың рақымынан үміт үзбейді», – деді. («Юсуф» сүресі, 12: 87-аят).

«يَوْمَ تَبْيَضُّ وَجُوهٌ وَتَسْوَدُّ وُجُوهٌ» «Күндердің күнінде біршама жүздер жарқырап, біршамасы қараяды….» («Әли Имран» сүресі, 106-аят),

«إِنَّ رَبَكَ لَسَرِيعُ الْعِقَابِ وَإِنَّهُ لَغَفُورٌ رَحِيمٌ» «….Шүбәсіз, Ол – Ғафур (пенделері қанша жерден ауыр күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (тәубе етіп, Өзіне бет бұрған мүмін құлдарына ерекше мейірімді)». («Ағраф» сүресі, 167-аят).

«إِنَّ الْأَبْرَارَ لَفِى نَعِيمٍ وَإِنَّ الْفُجَّارَ لَفِى جَحِيمٍ» «Шынында ізгі жандар нығметтердің ішінде (яғни, Нағим жаннатында)! Ал күнәға батқан арсыздар болса, жалын атқан жаһаннамда!». («Инфитар» сүресі, 13-14-аят).

«فَأَمَّا مَنْ ثَقُلَتْ مَوَازِينُهُ فَهُوَ فِى عِيشَةٍ رَاضِيَةٍ وَأَمَّا مَنْ خَفَّتْ مَوَازِينُهُ فَأمُّهُ هَاوِيَةٌ» «Сонда кімнің таразысы (сауап жағынан) ауыр басса, ол өзі дән риза болатын өмірге қадам басады. Ал кімнің таразысы (иман және сауапты істерден жұрдай болып) жеңіл тартса, оның паналайтын жері «хауия» (жаһаннамның түпсіз шұқыры) болмақ». («Қариға» сүресі, 6-9-аят).

«Поистине, не страшатся замысла Аллаха лишь те, кто потерпит на исходе великий убыток» (сура «А‘раф», 7:99).

«Ибо отчаиваются в милости Аллаха лишь люди неверующие!» (сура «Юсуф», 12:87).

«В тот День посветлеют одни лица и покроются чернотой другие» (сура «Али Имран», 3:106).

«Поистине, Господь твой очень скор в наказании. И поистине, Он – Прощающий, Милосердный» (сура «А‘раф», 7:167).

«Поистине, благочестивые – непременно в Рае Наим, непременно в полном изобилии и благодати. И поистине, беззаконники, погрязшие в пороках, – в пылающем Аду» (сура «Инфитар», 82:13–14).

«Что до того, чьи весы будут тяжелыми, то он вступит в блаженную жизнь. А что до того, чьи весы будут легкими, то его матерью станет Хауия» (сура «Кариа», 101:6–9).

444
Риядус-салихин, № 444Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَوْ يَعْلَمُ الْمُؤْمِنُ مَا عِنْدَ اللَّهِ مِنَ الْعُقُوبَةِ، مَا طَمِعَ بِجَنَّتِهِ أَحَدٌ، وَلَوْ يَعْلَمُ الْكَافِرُ مَا عِنْدَ اللَّهِ مِنَ الرَّحْمَةِ، مَا قَنَطَ مِنْ جَنَّتِهِ أَحَدٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Егер де мүмін Алланың құзырында нендей жаза бар екенін білгенде, ешкім Оның жаннатынан үміттенбес еді. Сондай-ақ егер кәпір Алланың дәргейінде қандай мейірім бар екенін білгенде, ешкім Оның жаннатынан үміт үзбес еді», – деген. (Муслим: 6979; Ахмад: 8415)

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если бы верующий знал, какое наказание уготовано Аллахом, никто не надеялся бы на Его рай. И если бы неверующий знал, сколь велико милосердие Аллаха, никто не терял бы надежды на Его рай» (Муслим: 6979; Ахмад: 8415).

445
Риядус-салихин, № 445Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِى سعيد الْخدرِيِّ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا وُضِعَتِ الْجنازةُ واحْتَمَلَهَا النَّاسُ أَوِ الرِّجَالُ عَلَى أعناقِهِمْ، فَإِنْ كَانَتْ صَالِحَةً، قَالَتْ: قَدِّمُونِى قَدِّمُونِى، وَإِنْ كَانَتْ غَيْرَ صَالِحَةٍ، قَالَتْ: يَا وَيْلَهَا! أَيْنَ تَذْهَبُونَ بِهَا؟ يَسْمَعُ صَوْتَها كُلُّ شَيْءٍ إِلَّا الْإِنْسَانُ، وَلَوْ سَمِعَهُ صَعِقَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Қайтыс болған адамның сүйегі қойылып, адамдар (ер адамдар) оны көтеріп, жерлеуге алып бара жатақанда, егер (мәйіт) ізгі адам болса: «Мені ертерек алып барыңдар, мені тезірек алып барыңдар!» – дейді. Ал егер ол ізгі адам болмаса: «Ойбай-ай, мұны қайда алып барасыңдар!» – деп айқайға басады. Алайда оның даусын адам баласынан басқа барлық нәрсе естиді. Егер адам баласы естігенде, сөзсіз, талып түсер еді», – деген. (Бұхари: 1314;Ахмад: 11372)

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Саида аль-Худри (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда тело покойного уложат и люди (мужчины), подняв его, понесут к месту погребения, то, если (покойный) был праведным человеком, он скажет: “Несите меня скорее! Несите меня быстрее!” Если же он не был праведным, то закричит: “О горе мне! Куда вы меня несёте?!” Его голос услышит всё, кроме человека. А если бы человек услышал его, то непременно лишился бы чувств» (Аль-Бухари: 1314; Ахмад: 11372).

446
Риядус-салихин, № 446Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الْجَنَّةُ أَقْرَبُ إِلَى أَحَدِكُمْ مِنْ شِرَاكِ نَعْلِهِ، وَالنَّارُ مِثْلُ ذَلِكَ»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Жұмақ сендерге аяқ-киімдеріңнің бауынан да жақын. Тозақ та дәл сондай жақын», – деп айтты» – деген. (Бұхари: 6488; Ахмад: 3667)

Орысша аудармасы

Передают со слов Ибн Масуда (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Рай ближе к вам, чем шнурок вашей обуви. И ад так же близок» (Аль-Бухари: 6488; Ахмад: 3667).

Түсіндірме (қазақша)

Яғни, ажал пендеге қалай жақын болса, жұмақ пен тозақ та сондай жақын. Адам баласы иман, ниет, игі іс және құлшылық арқылы жұмаққа барар жолға түсетіні секілді, тойымсыз нәпсінің қалаулары мен тән құмарлықтарының соңында кету арқылы да тозаққа кіруге лайық болады. Һәм адам баласы қандай ісімен жұмаққа немесе қай ісімен тозаққа кіретінінен бейхабар, сондықтан пенде мен жұмақтың немесе тозақтың арасында оның ажал сәті соққанда қандай жағдайда немесе қандай іс үстінде дүниеден озатындығы тұрады. Осыған байланысты Пайғамбарымыздың ﷺ: «Адам баласы қандай іс үстінде көз жұмса, сондай жағдайда қайта тіріледі», – деп айтқаны да бар.

Түсіндірме (орысша)

рай и ад так же близки к человеку, как близка к нему смерть. Подобно тому как человек благодаря вере, намерению, благим делам и поклонению вступает на путь, ведущий в рай, он может стать достойным ада, следуя ненасытным желаниям своей низменной души и телесным страстям. Человеку неведомо, за какое своё деяние он войдёт в рай и за какое попадёт в ад. Поэтому от рая или ада его отделяет лишь то, в каком состоянии и за каким делом застанет его смертный час. В связи с этим Пророк ﷺ также сказал: «В каком состоянии человек умрёт, в таком он и будет воскрешён».