Хадис

Алладан қорқып жылаудың артықшылығы жайында

О достоинстве плача из страха перед Аллахом

Риядус-салихин, 54-тақырып · 11 хадис · № 447–457

Хадистер

«وَيَخِرُّونَ لِلأَذْقَانِ يَبْكُونَ وَيَزيدُهُمْ خُشُوعًا» «Сөйтіп, олар жылаған күйде тағы да сәждеге жығылады. Міне, Құран олардың Аллаға деген сый-құрметін осылайша арттыра түседі». («Исра» сүресі, 109-аят).

«أَفَمِنْ هذَا الْحَدِيثِ تَعْجَبُونَ وَتَضْحَكُونَ وَلا تَبْكُونَ» «Сонда сендер (өздеріңді мәңгілік бақытқа шақыратын) осынау сөзге таңданасыңдар ма?! (Қиянаттарың мен күнәларың үшін жылаудың орнына) үнемі күлесіңдер, еш жыламайсыңдар». («Нәжм» сүресі, 60-аят)

«И снова они падают ниц в плаче, и увеличивает Коран в них смирение» (сура «Исра», 17:109).

«Разве вы удивляетесь Слову сему? И смеетесь вы, но не плачете» (сура «Наджм», 53:59⁠–⁠60).

447
Риядус-салихин, № 447Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: قَالَ لِى النَّبِيُّ ﷺ: «اقْرَأْ عليَّ الْقُرْآنَ» قلت: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أقرأُ عَلَيْكَ، وَعَلَيْكَ أُنْزِلَ؟! قَالَ: «إِنِّى أُحِبُّ أَنْ أسْمَعَهُ مِنْ غَيْرِى» فَقَرَأْتُ عَلَيْهِ سورةَ النِّسَاءِ، حَتَّى جِئْتُ إِلَى هَذِهِ الآية: «فَكَيْفَ إِذَا جِئْنَا مِنْ كُلِّ أُمَّةٍ بِشَهيدٍ وَجِئْنَا بِكَ عَلَى هؤُلاءِ شَهيدًا» [النساء: 41] قَالَ: «حَسْبُكَ الآنَ» فَالَتَفَتُّ إِلَيْهِ فإِذا عَيْنَاهُ تَذْرِفَان

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз ﷺ маған: «Қанекей, Құран оқышы», – деді. Мен: «Уа, Расулалла, сізге түскен Құранды өзіңізге қалай оқымақпын?» – дедім. Сонда ол: «Мен Құранды басқалардың аузынан тыңдағанды ұнатамын», – деді. Содан мен «Ниса» сүресін оқи бастадым. Сөйтіп, «Ей, Расулым! Әрбір үмбеттен бір-бір куә (яғни, әр қауымның өз пайғамбарын) шығарғанымызда және сені мыналарға (яғни, бүкіл кәпірлерге) қарсы куә ретінде әкелгенімізде, олардың жағдайы не болар екен?»1 деген аятқа келгенімде, Расулалла: «Әзірше осы да жеткілікті», – деді. Оған бұрылып қарағанымда, көзінен жас парлап, жылап отыр екен», – деп айтты (Бұхари: 4582; Муслим: 1867; Ахмад: 3550).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Пророк ﷺ сказал мне: “Прочитай мне Коран”. Я спросил: “О Посланник Аллаха! Как же мне читать вам Коран, который был ниспослан вам?” Он ответил: “Я люблю слушать Коран в чтении других”. Тогда я начал читать суру “Ан-Ниса”. Когда я дошёл до аята: “О Посланник! Что же будет, когда Мы приведём от каждой общины по свидетелю (то есть пророка каждой общины), а тебя приведём свидетелем против этих людей (то есть против всех неверующих)?”1, Посланник Аллаха сказал: “На этом пока достаточно”. Когда я повернулся к нему, то увидел, что он плачет и из глаз его ручьём текут слёзы» (Аль-Бухари: 4582; Муслим: 1867; Ахмад: 3550).

  1. 1«Ниса» сүресі, 41-аят
  1. 1Сура «Ниса», аят 41.
448
Риядус-салихин, № 448Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس قَالَ: خطب رَسُول اللَّهِ ﷺ خُطْبَةً مَا سَمِعْتُ مِثْلَهَا قَطُّ، فَقَالَ: «لَوْ تَعْلَمُونَ مَا أَعْلَمُ، لَضَحِكْتُمْ قَلِيلًا وَلَبَكَيْتُمْ كَثِيرًا» قَالَ: فَغَطَّى أَصْحَابُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وُجُوهَهُمْ، وَلَهُمْ خَنِينٌ

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ бізге бір құтба айтты, мен бұрын-соңды ондай құтбаны еш естіген емеспін. Сонда Алла елшісі: «Егер де менің көріп-білгендерімді білсеңдер, аз күліп, көп жылайтын едіңдер!» – деді. Сонда сахабалар беттерін жауып, еңіреп қоя берді», – деген (Бұхари: 4621; Муслим: 6119;).

Орысша аудармасы

Передают со слов Анаса (да будет доволен им Аллах), что он сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ обратился к нам с проповедью, подобной которой я прежде никогда не слышал. Он сказал: “Если бы вы знали то, что видел и знаю я, то мало смеялись бы и много плакали!” Тогда сподвижники закрыли лица и разрыдались» (Аль-Бухари: 4621; Муслим: 6119).

449
Риядус-салихин, № 449Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَلِجُ النَّارَ رَجُلٌ بَكَى مِنْ خَشْيَةِ اللَّهِ حَتَّى يَعُودَ اللَّبَنُ فِى الضَّرْعِ، وَلَا يَجْتَمِعُ غُبَارٌ فِى سبيلِ اللَّهِ وَدُخَانُ جَهَنَّمَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ): «Сауылған сүттің желінге қайта кірмейтіні секілді, Алладан қорқып көз жасын көл қылған адамның да тозаққа кіруі мүмкін емес. Сондай-ақ Алланың жолында жүргенде көтерілген шаң мен тозақтың түтіні еш уақытта бірікпек емес», – деп айтты» – делінген (Тирмизи: 1633,2311).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Как выдоенное молоко не возвращается обратно в вымя, так и человек, проливавший обильные слёзы от страха перед Аллахом, не войдёт в ад. И пыль, поднятая на пути Аллаха, никогда не смешается с дымом ада» (Ат-Тирмизи: 1633, 2311).

450
Риядус-салихин, № 450Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «سَبْعَةٌ يُظِلُّهُمُ اللَّهُ فِى ظِلِّهِ يَوْمَ لَا ظِلَّ إِلَّا ظِلُّهُ: إِمَامٌ عَادِلٌ، وَشَابٌ نَشَأَ فِى عِبَادَةِ اللَّهِ تَعَالَى، وَرَجُلٌ قَلْبُهُ مُعَلَّقٌ بِالمَسَاجِدِ، وَرَجُلَانِ تَحَابّا فِى اللَّهِ اجْتَمَعَا عَلَيْهِ وتَفَرَّقَا عَلَيْهِ، وَرَجُلٌ دَعَتْهُ امْرَأَةٌ ذَاتُ مَنْصِبٍ وَجَمَالٍ، فَقَالَ: إِنِّي أَخَافُ اللَّه، وَرَجُلٌ تَصَدَّقَ بِصَدَقَةٍ فَأخْفَاهَا حَتَّى لَا تَعْلَمَ شِمَالُه مَا تُنْفِقُ يَمِينُهُ، وَرَجُلٌ ذَكَرَ اللَّه خَالِيًا ففاضت عَيْنَاهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Расулалла ﷺ: «Алланың көлеңкесінен басқа сағаларға ешбір сая табылмайтын қиямет күні Алла Тағала жеті түрлі адамды Өзінің саясына алады. Олар: әділ патша, жастығын бір Аллаға құлшылық етумен өткізген балғын жас, жүрегі «мешіт» деп соққан мүмін, бір-бірін Алла разылығы үшін жақсы көріп, Алла үшін бас қосып және Алла үшін айырылысқан екі дос, өзі сұлу, әрі мансап иесі болған бір әйел аңсары ауып, бірге болуға шақырғанда, «Жоқ, мен Алладан қорқамын», – деп нәпсісін тізгіндей білген ер адам, оң қолының не бергенін сол қолы сезбей қалатындай дәрежеде садақасын жасырып беретін мәрт адам және жалғыз қалғанда Алланы есіне алып, көз жасын көл қылған тақуа», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 660; Муслим: 2380; Ахмад: 9665).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В День воскресения, когда не будет иной тени, кроме тени Аллаха, Аллах Всевышний укроет в Своей тени семерых: справедливого правителя; юношу, проведшего молодость в поклонении одному лишь Аллаху; верующего, чьё сердце неразрывно связано с мечетью; двоих друзей, полюбивших друг друга ради довольства Аллаха, встречавшихся ради Аллаха и расстававшихся ради Него; мужчину, которого возжелала и позвала к себе красивая и знатная женщина, но который сумел обуздать свою страсть и сказал: “Нет, я боюсь Аллаха”; щедрого человека, подающего милостыню настолько тайно, что его левая рука не знает, что подала правая; и богобоязненного человека, который, оставшись в одиночестве, поминает Аллаха и заливается слезами» (Аль-Бухари: 660; Муслим: 2380; Ахмад: 9665).

451
Риядус-салихин, № 451Риуаят етуші: Абдулла ибн әш-Шиххир (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ الشِّخِّير قَالَ: أتيتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ يُصَلِّى ولِجَوْفِهِ أَزِيزٌ كَأَزِيزِ الْمِرْجَلِ مِنَ الْبُكَاءِ

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн әш-Шиххир (р.а.): «Бірде Алла елшісіне ﷺ барғанымда, намаз оқып жатыр екен. Намазда тұрып оның егілгені соншалық – кеудесінен қайнаған қазанның бұрқ-бұрқ еткен дауысындай дыбыс естіліп жатты», – деп айтты (Әбу Дәуіт: 904; Тирмизи: 316).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн аш-Шиххир (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я пришёл к Посланнику Аллаха ﷺ и увидел, что он совершает молитву. Во время молитвы он так сильно плакал, что из его груди доносился звук, напоминавший клокотание кипящего котла» (Абу Дауд: 904; Ат-Тирмизи: 316).

452
Риядус-салихин, № 452Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لأُبَي بْنِ كعب: «إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى أَمَرَنِى أَنْ أقْرَأَ عَلَيْكَ: «لَمْ يَكُنِ الَّذِينَ كَفَروا…» قَالَ: وَسَمَّانِى؟ قَالَ: «نَعَمْ» فَبَكَى أُبَيٌّ

وَفِى رِوَايَة: فَجَعَلَ أُبَيٌّ يَبْكِي

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ Убәй ибн Кағбқа (р.а.): «Расында, құдіреті күшті ұлы Алла саған: «Кітап иелері мен мүшріктерден кәпір болғандар...» (деп басталатын Бәйинә сүресін) оқып беруімді бұйырды», – деді. Убәй: «Ол менің есімімді атады ма?» – деді таңданып. Пайғамбарымыз: «Иә», – дегенде, Убәй жылап жіберді», – деген (Бұхари: 3809; Муслим: 1864; Ахмад: 13442).

Тағы бір риуаятта: «Сонда Убәй егіліп жылай бастады», – делінген.

Орысша аудармасы

Передают со слов Анаса (да будет доволен им Аллах), что однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал Убаю ибн Каабу (да будет доволен им Аллах): «Воистину, Всемогущий и Великий Аллах повелел мне прочитать тебе суру “Аль-Баййина” (начинающуюся словами: “Те из людей Писания и многобожников, которые не уверовали…”; 98:1)». Убай удивлённо спросил: «Он назвал моё имя?» Пророк ﷺ ответил: «Да». Тогда Убай заплакал. (Аль-Бухари: 3809; Муслим: 1864; Ахмад: 13442).

В другой версии говорится: «Тогда Убай стал плакать навзрыд».

453
Риядус-салихин, № 453Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عنه، قَالَ: قَالَ أَبُو بَكْر لِعُمَرَ بعد وفاة رَسُول اللَّهِ ﷺ: انْطَلِقْ بِنَا إِلَى أُمِّ أيْمَنَ نَزورُهَا، كَمَا كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَزُورُها، فَلَمَّا انْتَهَيَا إِلَيْهَا بَكَتْ، فقالا لها: مَا يُبْكِيكِ؟ أمَا تَعْلَمِينَ أَنَّ مَا عِنْدَ اللَّهِ تَعَالَى خَيرٌ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ! قَالَتْ: مَا أبْكِى أَنْ لَا أَكُونَ أَعْلَمُ أَنَّ مَا عِنْدَ اللَّهِ خَيْرٌ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَلكِنِّى أبكِى أَنَّ الْوَحْيَ قَد انْقَطَعَ مِنَ السَّمَاءِ؛ فَهَيَّجَتْهُمَا عَلَى الْبُكَاءِ، فَجَعَلا يَبْكِيَانِ مَعَهَا

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла елшісі ﷺ дүние салғаннан кейін, бір күні Әбу Бәкір (р.а.) Омарға (р.а.): «Жүр, бірге Үммі Әйманға барып, Алла елшісінің көзі тірісінде оған барып, хал-жағдайын сұрап тұрғанындай ол кісінің жағдайын біліп қайтайық», – деді. Сөйтіп, екеуі Үммі Әйманға хал-жағдай сұрай келгенде, кейуананың көңілі босап, көз жасына ие бола алмайды. Сонда Әбу Бәкір (р.а.) мен Омар (р.а.): «Неге жыладыңыз? Алланың құзырындағы сый-сияпаттың Расулалла үшін бәрінен де қайырлы екенін білмейтін бе едіңіз?» – деді. Сонда Үммі Әйман (р.а.): «Мен Алланың құзырындағы сый-сияпаттың Алла елшісі үшін қайырлы екенін білмегендіктен жылап отырған жоқпын. Мен көктен келетін уахидің тоқтап қалғанына қайғырып отырмын», – деді. Кейуананың бұл сөзі Әбу Бәкір (р.а.) мен Омарды (р.а.) толқытқаны соншалық – екеуінің де көңілі босап, Үммі Әйманға қосылып егіле жылады», – деген (Муслим: 6318).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды после кончины Посланника Аллаха ﷺ Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) сказал Умару (да будет доволен им Аллах): “Пойдём вместе к Умм Айман, проведаем её, как при жизни навещал её Посланник Аллаха ﷺ”. Когда они пришли навестить Умм Айман, пожилая женщина растрогалась и не смогла сдержать слёз. Тогда Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) и Умар (да будет доволен им Аллах) спросили её: “Почему вы плачете? Разве вы не знаете, что награда, уготованная у Аллаха, для Посланника Аллаха лучше всего?” Умм Айман (да будет доволен ею Аллах) ответила: “Я плачу не потому, что не знаю, что награда, уготованная у Аллаха, для Посланника Аллаха лучше. Я скорблю о том, что прекратилось ниспослание откровений с небес”. Эти слова пожилой женщины так глубоко тронули Абу Бакра (да будет доволен им Аллах) и Умара (да будет доволен им Аллах), что оба не смогли сдержать чувств и, присоединившись к Умм Айман, горько заплакали» (Муслим: 6318).

454
Риядус-салихин, № 454Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: لَمَّا اشْتَدَّ بِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَجَعُهُ، قِيلَ له فِى الصَّلَاةِ، فَقَالَ: «مُرُوا أَبَا بَكْرٍ فَلْيُصَلِّ بِالنَّاسِ» فَقَالَتْ عَائِشَة: إِنَّ أَبَا بَكْرٍ رَجُلٌ رَقِيقٌ، إِذَا قَرَأَ الْقُرْآنَ غَلَبَهُ الْبُكَاءُ، فَقَالَ: «مُرُوهُ فَليُصَلِّ».

وَفِى رِوَايَة عَنْ عَائِشَة،، قَالَتْ: قلت: إِنَّ أَبَا بَكْرٍ إِذَا قَامَ مَقَامَكَ لَمْ يُسْمِعِ النَّاسَ مِنَ الْبُكَاءِ

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ сырқаты күшейген кезде1 (қасындағылар) одан намаз жайлы сұрады. Сонда ол: «Әбу Бәкірге айтыңдар, жамағатқа намаз қылдырсын», – деді. (Мұны естіген) Айша (р.а.): «Шынында Әбу Бәкір – жүрегі жұмсақ жан, Құран оқыса, көз жасын ұстай алмайды», – деді. Алла елшісі (сонда да): «Оған айтыңдар, намаз қылдырсын», – деп айтты», – деген.

Айшадан (р.а.) жеткен басқа бір риуаятта ол: «Расында, Әбу Бәкір сіздің орныңызға тұратын болса, оның жылағанынан адамдарға еш нәрсе естілмейді», – деп айттым», – деген. (Бұхари: 682; Муслим: 5141)

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) сказал: «Когда болезнь Посланника Аллаха ﷺ усилилась1, (находившиеся рядом) спросили его о молитве. Тогда он сказал: “Передайте Абу Бакру, чтобы он возглавил общую молитву”. Услышав это, Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: “Поистине, Абу Бакр – человек с мягким сердцем: когда он читает Коран, то не может сдержать слёз”. Однако Посланник Аллаха ﷺ вновь сказал: “Передайте ему, чтобы он возглавил молитву”».

В другой версии, передаваемой от Аиши (да будет доволен ею Аллах), сообщается, что она сказала: «Я сказала: “Поистине, если Абу Бакр встанет на твоё место, то из-за его плача люди ничего не услышат”» (Аль-Бухари: 682; Муслим: 5141).

  1. 1Мұнда Алла елшісінің ﷺ ажал алдындағы соңғы күндері меңзелуде.
  1. 1Здесь имеются в виду последние дни Посланника Аллаха ﷺ перед его кончиной.
455
Риядус-салихин, № 455

عَنْ إِبراهيم بْنِ عَبْدِ الرَّحْمَان بْنِ عوف: أَنَّ عَبْد الرَّحْمَان بْنِ عوف أُتِيَ بطعام وكان صائِمًا، فَقَالَ: قُتِلَ مُصْعَبُ بْنِ عُمَيْر، وَهُوَ خَيْرٌ مِنِّى، فَلَمْ يوجَدْ له مَا يُكَفَّنُ فيهِ إِلَّا بُرْدَةٌ إِنْ غُطِّيَ بِهَا رَأسُهُ بَدَتْ رِجْلاهُ؛ وَإِنْ غُطِّيَ بِهَا رِجْلَاهُ بَدَا رَأسُهُ، ثُمَّ بُسِطَ لَنَا مِنَ الدُّنْيَا مَا بُسِطَ – أَو قَالَ: أُعْطِينَا مِنَ الدُّنْيَا مَا أُعْطِينَا – قَدْ خَشِينا أَنْ تَكُونَ حَسَنَاتُنَا عُجِّلَتْ لَنَا، ثُمَّ جَعَلَ يَبكِى حَتَّى تَرَكَ الطعَام

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Ауфтың ұлы Ибраһим (р.а.): «Бір күні әкем Абдуррахман ауыз бекіткен еді. Ауыз ашатын уақыт келіп, алдына ас қойылғанда, ол: «Мұсғаб ибн Умәйр (р.а.) Алла жолында шейіт болды. Ол менен де жақсы адам еді. Соған қарамастан, оның сүйегін жер қойнына тапсырарда кебіндеуге жалғыз шапанынан басқа еш нәрсе табылмады. Сол шапанмен марқұмның басы жабылса, аяғы ашылып, аяғы жабылса, басы ашылып қалатын. Содан кейін, қысылтаяң күндер артта қалып, ағыл-тегіл нығметке бөлендік, сондықтан істеген игі істеріміздің қарымы бізге осы дүниеде беріліп қойды ма деп қорқамыз», – деп, еңкілдеп жылап, сол күйі алдындағы асқа да қараған жоқ», – деп айтты (Бұхари: 1285).

Орысша аудармасы

Сын Абдуррахмана ибн Ауфа Ибрахим (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды мой отец Абдуррахман держал пост. Когда настало время разговения и перед ним поставили еду, он сказал: “Мусаб ибн Умайр (да будет доволен им Аллах) пал мучеником на пути Аллаха. Он был лучше меня. Однако, когда его предавали земле, для савана не нашлось ничего, кроме одной накидки. Если ею покрывали его голову, обнажались ноги, а если покрывали ноги, оставалась открытой голова. Затем тяжёлые времена остались позади, и на нас обильно излились блага. Поэтому мы боимся, не получили ли уже в этом мире воздаяние за совершённые нами благие дела”. Сказав это, он горько разрыдался и так и не притронулся к стоявшей перед ним еде» (Аль-Бухари: 1285).

456
Риядус-салихин, № 456

عَنْ أَبِى أُمَامَة صُدَيِّ بْنِ عجلان الْباهلي عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَيْسَ شَيْءٌ أحَبَّ إِلَى اللَّهِ تَعَالَى مِنْ قطْرَتَيْنِ وَأثَرَيْنِ: قَطَرَةُ دُمُوع مِنْ خَشْيَةِ اللَّهِ، وَقَطَرَةُ دَمٍ تُهَرَاقُ فِى سَبِيلِ اللَّهِ. وَأَمَّا الْأَثَرَانِ: فَأَثَرٌ فِى سَبِيلِ اللَّهِ تَعَالَى، وَأَثَرٌ فِى فَرِيضةٍ مِنْ فَرائِضِ اللَّه تَعَالَى»

Қазақша аудармасы

Әбу Умәма Судайи ибн Ажлан әл-Бәһили (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Алла Тағала екі тамшы мен екі ізді ерекше жақсы көреді. Екі тамшы дегеніміз: Алладан қорыққаннан төгілген көз жасы мен Хақ Тағала жолында төгілген қанның тамшысы. Екі із болса, Алла жолында жүріп алған жараның ізі мен Алланың парыз еткен істерін орындаудың нәтижесінде пайда болған із», – деп айтты» – делінген (Тирмизи: 1669).

Орысша аудармасы

Абу Умама Судай ибн Аджлан аль-Бахили (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Аллах Всевышний особенно любит две капли и два следа. Две капли – это слеза, пролитая от страха перед Аллахом, и капля крови, пролитая на пути Всевышнего Аллаха. А два следа – это след от раны, полученной на пути Аллаха, и след, оставленный исполнением предписанной Аллахом обязанности» (Ат-Тирмизи: 1669).

457
Риядус-салихин, № 457

العرباض بْنِ سارِية قَالَ: وعظنا رَسُول اللَّهِ ﷺ مَوعظةً وَجلَتْ مِنْهَا الْقُلُوبُ وذرِفت مِنْهَا الْعُيُونُ

Қазақша аудармасы

Ирбад ибн Сәрия (р.а.): «Бірде Алла елшісінің ﷺ уағызы әдеттегіден өзгеше болды. Уағыздан әсерленгеніміз соншалық – жүрегіміз суылдап, көзіміз жасқа толды. (158-ші нөмірлі хадисте толық қамтылған)

Орысша аудармасы

Ирбад ибн Сария (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ обратился к нам с необычной проповедью. Она так глубоко подействовала на нас, что наши сердца содрогнулись, а глаза наполнились слезами». (Полностью приводится в хадисе № 157.)