وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «سَبْعَةٌ يُظِلُّهُمُ اللَّهُ فِى ظِلِّهِ يَوْمَ لَا ظِلَّ إِلَّا ظِلُّهُ: إِمَامٌ عَادِلٌ، وَشَابٌ نَشَأَ فِى عِبَادَةِ اللَّهِ تَعَالَى، وَرَجُلٌ قَلْبُهُ مُعَلَّقٌ بِالمَسَاجِدِ، وَرَجُلَانِ تَحَابّا فِى اللَّهِ اجْتَمَعَا عَلَيْهِ وتَفَرَّقَا عَلَيْهِ، وَرَجُلٌ دَعَتْهُ امْرَأَةٌ ذَاتُ مَنْصِبٍ وَجَمَالٍ، فَقَالَ: إِنِّي أَخَافُ اللَّه، وَرَجُلٌ تَصَدَّقَ بِصَدَقَةٍ فَأخْفَاهَا حَتَّى لَا تَعْلَمَ شِمَالُه مَا تُنْفِقُ يَمِينُهُ، وَرَجُلٌ ذَكَرَ اللَّه خَالِيًا ففاضت عَيْنَاهُ»
Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Расулалла ﷺ: «Алланың көлеңкесінен басқа сағаларға ешбір сая табылмайтын қиямет күні Алла Тағала жеті түрлі адамды Өзінің саясына алады. Олар: әділ патша, жастығын бір Аллаға құлшылық етумен өткізген балғын жас, жүрегі «мешіт» деп соққан мүмін, бір-бірін Алла разылығы үшін жақсы көріп, Алла үшін бас қосып және Алла үшін айырылысқан екі дос, өзі сұлу, әрі мансап иесі болған бір әйел аңсары ауып, бірге болуға шақырғанда, «Жоқ, мен Алладан қорқамын», – деп нәпсісін тізгіндей білген ер адам, оң қолының не бергенін сол қолы сезбей қалатындай дәрежеде садақасын жасырып беретін мәрт адам және жалғыз қалғанда Алланы есіне алып, көз жасын көл қылған тақуа», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 660; Муслим: 2380; Ахмад: 9665).
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В День воскресения, когда не будет иной тени, кроме тени Аллаха, Аллах Всевышний укроет в Своей тени семерых: справедливого правителя; юношу, проведшего молодость в поклонении одному лишь Аллаху; верующего, чьё сердце неразрывно связано с мечетью; двоих друзей, полюбивших друг друга ради довольства Аллаха, встречавшихся ради Аллаха и расстававшихся ради Него; мужчину, которого возжелала и позвала к себе красивая и знатная женщина, но который сумел обуздать свою страсть и сказал: “Нет, я боюсь Аллаха”; щедрого человека, подающего милостыню настолько тайно, что его левая рука не знает, что подала правая; и богобоязненного человека, который, оставшись в одиночестве, поминает Аллаха и заливается слезами» (Аль-Бухари: 660; Муслим: 2380; Ахмад: 9665).