Хадис

Риядус-салихин, № 453

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
54. Алладан қорқып жылаудың артықшылығы жайында
Нөмірі
№ 453 (қазақша басылым реті)
453
Риядус-салихин, № 453Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عنه، قَالَ: قَالَ أَبُو بَكْر لِعُمَرَ بعد وفاة رَسُول اللَّهِ ﷺ: انْطَلِقْ بِنَا إِلَى أُمِّ أيْمَنَ نَزورُهَا، كَمَا كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَزُورُها، فَلَمَّا انْتَهَيَا إِلَيْهَا بَكَتْ، فقالا لها: مَا يُبْكِيكِ؟ أمَا تَعْلَمِينَ أَنَّ مَا عِنْدَ اللَّهِ تَعَالَى خَيرٌ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ! قَالَتْ: مَا أبْكِى أَنْ لَا أَكُونَ أَعْلَمُ أَنَّ مَا عِنْدَ اللَّهِ خَيْرٌ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَلكِنِّى أبكِى أَنَّ الْوَحْيَ قَد انْقَطَعَ مِنَ السَّمَاءِ؛ فَهَيَّجَتْهُمَا عَلَى الْبُكَاءِ، فَجَعَلا يَبْكِيَانِ مَعَهَا

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла елшісі ﷺ дүние салғаннан кейін, бір күні Әбу Бәкір (р.а.) Омарға (р.а.): «Жүр, бірге Үммі Әйманға барып, Алла елшісінің көзі тірісінде оған барып, хал-жағдайын сұрап тұрғанындай ол кісінің жағдайын біліп қайтайық», – деді. Сөйтіп, екеуі Үммі Әйманға хал-жағдай сұрай келгенде, кейуананың көңілі босап, көз жасына ие бола алмайды. Сонда Әбу Бәкір (р.а.) мен Омар (р.а.): «Неге жыладыңыз? Алланың құзырындағы сый-сияпаттың Расулалла үшін бәрінен де қайырлы екенін білмейтін бе едіңіз?» – деді. Сонда Үммі Әйман (р.а.): «Мен Алланың құзырындағы сый-сияпаттың Алла елшісі үшін қайырлы екенін білмегендіктен жылап отырған жоқпын. Мен көктен келетін уахидің тоқтап қалғанына қайғырып отырмын», – деді. Кейуананың бұл сөзі Әбу Бәкір (р.а.) мен Омарды (р.а.) толқытқаны соншалық – екеуінің де көңілі босап, Үммі Әйманға қосылып егіле жылады», – деген (Муслим: 6318).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды после кончины Посланника Аллаха ﷺ Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) сказал Умару (да будет доволен им Аллах): “Пойдём вместе к Умм Айман, проведаем её, как при жизни навещал её Посланник Аллаха ﷺ”. Когда они пришли навестить Умм Айман, пожилая женщина растрогалась и не смогла сдержать слёз. Тогда Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) и Умар (да будет доволен им Аллах) спросили её: “Почему вы плачете? Разве вы не знаете, что награда, уготованная у Аллаха, для Посланника Аллаха лучше всего?” Умм Айман (да будет доволен ею Аллах) ответила: “Я плачу не потому, что не знаю, что награда, уготованная у Аллаха, для Посланника Аллаха лучше. Я скорблю о том, что прекратилось ниспослание откровений с небес”. Эти слова пожилой женщины так глубоко тронули Абу Бакра (да будет доволен им Аллах) и Умара (да будет доволен им Аллах), что оба не смогли сдержать чувств и, присоединившись к Умм Айман, горько заплакали» (Муслим: 6318).