Хадис

Риядус-салихин, № 447

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
54. Алладан қорқып жылаудың артықшылығы жайында
Нөмірі
№ 447 (қазақша басылым реті)
447
Риядус-салихин, № 447Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: قَالَ لِى النَّبِيُّ ﷺ: «اقْرَأْ عليَّ الْقُرْآنَ» قلت: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أقرأُ عَلَيْكَ، وَعَلَيْكَ أُنْزِلَ؟! قَالَ: «إِنِّى أُحِبُّ أَنْ أسْمَعَهُ مِنْ غَيْرِى» فَقَرَأْتُ عَلَيْهِ سورةَ النِّسَاءِ، حَتَّى جِئْتُ إِلَى هَذِهِ الآية: «فَكَيْفَ إِذَا جِئْنَا مِنْ كُلِّ أُمَّةٍ بِشَهيدٍ وَجِئْنَا بِكَ عَلَى هؤُلاءِ شَهيدًا» [النساء: 41] قَالَ: «حَسْبُكَ الآنَ» فَالَتَفَتُّ إِلَيْهِ فإِذا عَيْنَاهُ تَذْرِفَان

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз ﷺ маған: «Қанекей, Құран оқышы», – деді. Мен: «Уа, Расулалла, сізге түскен Құранды өзіңізге қалай оқымақпын?» – дедім. Сонда ол: «Мен Құранды басқалардың аузынан тыңдағанды ұнатамын», – деді. Содан мен «Ниса» сүресін оқи бастадым. Сөйтіп, «Ей, Расулым! Әрбір үмбеттен бір-бір куә (яғни, әр қауымның өз пайғамбарын) шығарғанымызда және сені мыналарға (яғни, бүкіл кәпірлерге) қарсы куә ретінде әкелгенімізде, олардың жағдайы не болар екен?»1 деген аятқа келгенімде, Расулалла: «Әзірше осы да жеткілікті», – деді. Оған бұрылып қарағанымда, көзінен жас парлап, жылап отыр екен», – деп айтты (Бұхари: 4582; Муслим: 1867; Ахмад: 3550).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Пророк ﷺ сказал мне: “Прочитай мне Коран”. Я спросил: “О Посланник Аллаха! Как же мне читать вам Коран, который был ниспослан вам?” Он ответил: “Я люблю слушать Коран в чтении других”. Тогда я начал читать суру “Ан-Ниса”. Когда я дошёл до аята: “О Посланник! Что же будет, когда Мы приведём от каждой общины по свидетелю (то есть пророка каждой общины), а тебя приведём свидетелем против этих людей (то есть против всех неверующих)?”1, Посланник Аллаха сказал: “На этом пока достаточно”. Когда я повернулся к нему, то увидел, что он плачет и из глаз его ручьём текут слёзы» (Аль-Бухари: 4582; Муслим: 1867; Ахмад: 3550).

  1. 1«Ниса» сүресі, 41-аят
  1. 1Сура «Ниса», аят 41.