وَعَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ الدُّنْيَا حُلْوَةٌ خَضِرَةٌ وَإِنَّ اللَّهَ تَعَالَى مُسْتَخْلِفُكُمْ فِيهَا، فَيَنْظُرُ كَيْفَ تَعْمَلُونَ، فَاتَّقُوا الدُّنْيَا وَاتَّقُوا النِّسَاءَ»
Әбу Сағид (р.а.) жеткізген хадисте: «Расулалла ﷺ: «Расында, бұл дүние өте тәтті әрі көздің жауын алатын көкорай шалғын (яғни, аса тартымды). Шынында, Алла Тағала сендерді Өзінің осы дүниедегі өкілі етіп тағайындап, әрі не істеп, не қойып жатқандарыңды бақылауда, сондықтан жалған дүние мен әйелдер қауымынан сақ болыңдар!» – деп айтты», – деген (Муслим: 6948; Ахмад: 11143).
Передают со слов Абу Саида (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Поистине, этот мир сладок и подобен пленяющему взор зелёному лугу (то есть чрезвычайно привлекателен). Воистину, Аллах Всевышний назначил вас Своими наместниками в этом мире и наблюдает за тем, что вы делаете и чего не делаете. Поэтому остерегайтесь бренного мира и женщин!» (Муслим: 6948; Ахмад: 11143).
Түсіндірме (қазақша)
Хадистегі «әйелдер қауымынан сақ болыңдар» деген сөздің мағынасы – әйелдердің бұзылуына жол бермеңдер немесе әйелдерді бұзбаңдар, егер әйелдер қауымы өздерінің жаратылыс мақсатынан ауытқып, бұзылатын болса, онда ер адамдар да оңбайды, олар да нәпсіге еріп азғындап, бұзылады, нәтижеде бүкіл қоғам және өскелең ұрпақ бұзылып, арсыздық пен азғындықтың батпағына батады. Сондықтан нәзік жанды әйел баласының ар-намысы, тәлім-тәрбиесі, отбасы мен қоғамдағы орны және т.б. құқықтары мәселесінде абай болыңдар. Әйелді аяулы ана, адал жар, отбасының жылуы мен ұйытқысы болу сынды ең басты жаратылыс мақсатынан ауытқытып, қу нәпсілеріңді тояттандыратын құралға, түрлі жарнамалардың құралына, т.б. дүниелік мақсат-мүдделердің құралына айналдырудан сақ болыңдар. Егер ерлер де, әйелдер де Алланың шариғатына сай бой түзеп, өмір сүрсе, өздерінің әубастағы жаратылыс мақсаты мен дүниеге келудегі миссиясына сай әрекет еткен болады. Әйтпесе бүкіл қоғам бұзылады.
Түсіндірме (орысша)
Слова хадиса «остерегайтесь женщин» означают: не позволяйте женщинам нравственно разлагаться и сами не развращайте их. Если женщины отклонятся от цели, ради которой были сотворены, и подвергнутся нравственному разложению, то и мужчины неизбежно придут в упадок: они тоже поддадутся страстям, впадут в распущенность и развратятся. В результате всё общество и подрастающее поколение разложатся и погрузятся в трясину бесстыдства и распутства.
Поэтому с особым вниманием относитесь к чести и достоинству женщины с её тонкой и ранимой душой, к её воспитанию, положению в семье и обществе, а также к другим её правам.
Не мешайте женщине исполнять её главное природное предназначение – быть любимой матерью, верной супругой, источником семейного тепла и опорой семьи, – превращая её в средство удовлетворения своих низменных страстей, орудие всевозможной рекламы и иных мирских целей и интересов.
Если и мужчины, и женщины будут вести себя и жить в соответствии с шариатом Аллаха, то станут действовать согласно изначальной цели своего сотворения и миссии, с которой пришли в этот мир. В противном случае нравственно разложится всё общество.