Хадис

Риядус-салихин, № 463

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
55. Дүниеге құмартпай, қанағатпен өмір сүру
Нөмірі
№ 463 (қазақша басылым реті)
463
Риядус-салихин, № 463Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يُؤْتَى بِأنْعَمِ أَهْلِ الدُّنْيَا مِنْ أَهْلِ النَّارِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، فَيُصْبَغُ فِى النَّارِ صَبْغَةً، ثُمَّ يُقَالُ: يَا ابْنَ آدَمَ، هَلْ رَأَيْتَ خَيْرًا قَطُّ؟ هَلْ مَرَّ بِكَ نَعِيمٌ قَطُّ؟ فَيَقُولُ: لَا وَاللَّهِ يَا رَبِّ، وَيُؤْتَى بِأشَدِّ النَّاسِ بُؤسًَا فِى الدُّنْيَا مِنْ أَهْلِ الْجَنَّةِ، فَيُصْبَغُ صَبْغَةً فِى الْجَنَّةِ، فَيُقَالُ لَهُ: يَا ابْنَ آدَمَ، هَلْ رَأَيْتَ بُؤسًا قَطُّ؟ هَلْ مَرَّ بِكَ شِدَّةٌ قَطُّ؟ فيَقُولُ: لَا وَاللَّهِ، مَا مَرَّ بِى بُؤْسٌ قَطُّ، وَلَا رَأَيْتُ شِدَّةً قَطُّ»

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Қиямет күні тозақтықтардың ішінен дүние тіршілігінде дүниелік нығметке ең көп бөленген адам әкелінеді де, тозаққа бір кіргізіп алынған соң одан: «Әй, Адам баласы! Сен өміріңде қандай да бір жақсылық көрдің бе? Басыңа қандай да бір бақ қонған бе еді?» – деп сұралады. Сонда ол: «Жоқ, Раббым уаллаһи!» – деп жауап береді. Сосын жаннаттықтар ішінен дүние тіршілігінде ең бақытсыз болған жан әкелінеді де, жұмаққа бір кіргізіп алынған соң, одан: «Уа, Адам баласы! Сен өміріңде қандай да бір бақытсыздық көрдің бе? Басыңа қандай да бір қиындық келген бе еді?» – деп сұралады. Сонда ол: «Жоқ, Раббым, уаллаһи! Басыма ешқандай бақытсыздық келген емес, әрі еш қиындық көрген емеспін», – деп жауап береді», – деп айтты», – деген (Муслим: 7088; Ахмад: 13112).

Орысша аудармасы

Анас ибн Малик (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “В День воскресения приведут того из обитателей ада, кому в земной жизни было даровано больше всего мирских благ, и всего один раз окунут его в ад. Затем его спросят: ‘О сын Адама! Видел ли ты в своей жизни хоть какое-нибудь благо? Выпадало ли тебе когда-нибудь счастье?’ Он ответит: ‘Нет, о Господь мой, клянусь Аллахом!’ Затем приведут того из обитателей рая, кто был самым несчастным в земной жизни, и всего один раз окунут его в рай. После этого его спросят: ‘О сын Адама! Видел ли ты в своей жизни хоть какое-нибудь несчастье? Постигала ли тебя когда-нибудь какая-либо трудность?’ Он ответит: ‘Нет, о Господь мой, клянусь Аллахом! Меня не постигало никакое несчастье, и я не испытал никаких трудностей’”» (Муслим: 7088; Ахмад: 13112).