Хадис

Риядус-салихин, № 477

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
55. Дүниеге құмартпай, қанағатпен өмір сүру
Нөмірі
№ 477 (қазақша басылым реті)
477
Риядус-салихин, № 477Риуаят етуші: Хаббаб ибн әл-Әрат (р.а.)

عَنْ خَبابِ بْنِ الْأَرَتِّ قَالَ: هَاجَرْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ نَلْتَمِسُ وَجْهَ اللَّهِ تَعَالَى، فَوَقَعَ أجْرُنَا عَلَى اللَّهِ، فَمِنَّا مَنْ مَاتَ وَلَمْ يَأكُل منْ أجْرِهِ شَيْئًا، مِنْهُمْ: مُصْعَبُ بْنِ عُمَيْرٍ، قُتِلَ يَوْمَ أُحُد، وَتَرَكَ نَمِرَةً، فَكُنَّا إِذَا غَطَّيْنَا بِهَا رَأْسَهُ، بَدَتْ رِجْلَاهُ، وَإِذَا غَطَّيْنَا بِهَا رِجْلَيْهِ، بَدَا رَأسُهُ، فَأَمَرَنَا رَسُول اللَّهِ ﷺ، أَنْ نُغَطِّى رَأسَهُ، وَنَجْعَل عَلَى رِجْلَيْهِ شَيْئًا مِنَ الْإِذْخِرِ، وَمِنَّا مَنْ أيْنَعَتْ لَهُ ثَمَرَتُهُ، فَهُوَ يَهْدِبُهَا

Қазақша аудармасы

Хаббаб ибн әл-Әратт (р.а.): «Біз Алланың разылығын алу үшін Расулалламен ﷺ бірге Меккеден Мәдинаға қоныс аудардық. Алла Тағала һижрет жасағанымыз үшін бізге сауап жазды. Кейбіреулер арамыздан ерте озып, алған сауабының жемісін (бұл дүниеде) көре алмады. Солардың бірі Ұхұд шайқасында шейіт болған Мұсғаб ибн Умәйр (р.а.) еді. Марқұмның бір ғана ала шапанынан басқа қалдырған дүниесі жоқ еді. Сол шапанын өзіне кебін қылғанымызда, басын жапсақ, аяғы ашылып, аяғын жапсақ, басы ашылып қала берді. Сонда Алла елшісі бізге алдымен басын, ал аяқ жағын хош иісті қамыспен жабуды бұйырды. Сондай-ақ арамызда жасаған һижретінің жемісі әбден пісіп жетілген соң, жинап алып жатқандар да болды (яғни, һижреттен алған әжір-сауабының қызығын осы дүниеде көргендер де болды)», – деп айтты. (Бұхари: 3897; Муслим: 2177; Ахмад: 21077)

Орысша аудармасы

Хаббаб ибн аль-Аратт (да будет доволен им Аллах) сказал: «Мы переселились из Мекки в Медину вместе с Посланником Аллаха ﷺ, стремясь снискать довольство Аллаха. Аллах Всевышний записал нам награду за совершённую хиджру. Некоторые из нас ушли из жизни раньше, так и не увидев плодов заслуженной ими награды (в этом мире). Одним из них был Мусаб ибн Умайр (да будет доволен им Аллах), павший мучеником в битве при Ухуде. После него не осталось ничего, кроме одной полосатой накидки. Когда мы завернули его в эту накидку, используя её как саван, то, прикрыв голову, оставляли открытыми ноги, а прикрыв ноги, оставляли открытой голову. Тогда Посланник Аллаха ﷺ велел нам прикрыть его голову, а ноги накрыть душистым тростником. Были среди нас и те, плоды чьей хиджры созрели полностью и кто теперь собирает их (то есть те, кто уже в этом мире вкусил плоды награды за совершённую хиджру)» (Аль-Бухари: 3897; Муслим: 2177; Ахмад: 21077).