Хадис

Риядус-салихин, № 486

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
55. Дүниеге құмартпай, қанағатпен өмір сүру
Нөмірі
№ 486 (қазақша басылым реті)
486
Риядус-салихин, № 486Риуаят етуші: Кағб ибн Мәлик (р.а.)

عَنْ كعب بْنِ مالك قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا ذِئْبَانِ جَائِعَانِ أُرْسِلا فِى غَنَمٍ بِأفْسَدَ لَهَا مِنْ حِرْصِ الْمَرْءِ عَلَى الْمَالِ وَالشَّرَفِ لِدِينهِ»

Қазақша аудармасы

Кағб ибн Мәлик (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Дүниеқұмар және мансапқор адамның дініне келтіретін зияны қойға шапқан қос аш қасқырдың тигізген кесірінен әлдеқайда көп болады», – деп айтты» – делінген (Тирмизи: 2376).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Каабом ибн Маликом (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Страсть человека к богатству и высокому положению наносит его религии куда больший вред, чем два голодных волка – стаду овец, на которое они напали» (Ат-Тирмизи: 2376).