Хадис

Ас-ауқат ішкенде, киінгенде және басқа да дүниелік істерде ысырапқа бой алдырмай қарапайым болу жайында

О простоте и воздержании от излишеств в еде, одежде и других мирских делах

Риядус-салихин, 56-тақырып · 31 хадис · № 492–522

Хадистер

«فَخَلَفَ منْ بَعْدِهِمْ خَلْفٌ أَضَاعُوا الصَّلَاةَ وَاتَّبَعُوا الشَّهَوَاتِ فَسَوْفَ يَلْقَوْنَ غَيًّا إِلَّا مَنْ تَابَ وَآمَنَ وَعَمِلَ صَالِحًا فَأُولَئِكَ يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ وَلَا يُظْلَمُونَ شَيْئًا» «Алайда кейіннен олардың орнын нашар ұрпақ басты. Олар намазды тәрк етті, (әйел, бала-шаға, дүние-мүлік, мансап, атақ-абырой сынды дүниелік нәрселерге қызығып) нәпсілері қалаған нәрселердің соңына түсті. Олар түптің түбінде құрдымға (немесе тозақтағы терең сайға) құлап, сазайларын тартады. Ал араларынан тәубе етіп, игі істер істегендердің жөні бөлек. Олар жұмаққа кіреді, титтей де әділетсіздікке ұшырамайды». («Мәриям» сүресі, 59-60-аят).

«فَخَرَجَ عَلَى قَوْمِهِ فِى زِينَتِهِ قَالَ الَّذِينَ يُرِيدُونَ الْحَيَاةَ الدُّنْيَا يَا لَيْتَ لَنَا مِثْلَ مَا أُوتِيَ قَارُونُ إِنَّهُ لَذُو حَظٍّ عَظِيمٍ وَقَالَ الَّذِينَ أُوتُوا الْعِلْمَ وَيْلَكُمْ ثَواب اللَّهِ خَيْرٌ لِمَنْ آمَنَ وَعَمِلَ صَالِحًَا» «(Бір күні) Қарун қауымының алдына үлде мен бүлдеге оранып, сән-салтанатын асырып шыққан еді. Сонда дүниенің қызылды-жасылды қу тіршілігін жан-тәнімен қалайтындар: «Шіркін, Қарунға берілген байлық бізге де бітсе ғой! Ол неткен бақ-дәулеті асқан жан еді!» – десті. Алайда өздеріне ақиқат ілім беріліп, көкіректері нұрға толған ізгі жандар: «Ой, бар болғырлар! (Біле білсеңдер), Алланың иман келтіріп, игі істер істегендерге берер сауабы (Қарунның дәулетінен) әлдеқайда қайырлы….», – деді. («Қасас» сүресі, 79-80-аят).

«ثُمَّ لًتُسْأَلُنَّ يَوْمَئِذٍ عَنِ النَّعِيمِ» «Шүбәсіз, сол күні (өздеріңе берілген) бар нығметтің есебін бересіңдер». («Тәкәсур» сүресі, 8-аят).

«مَنْ كَانَ يُرِيدُ الْعَاجِلَةَ عَجَّلْنَا لَهُ فِيهَا مَا نَشَاءُ لِمَنْ نُرِيدُ ثُمَّ جَعَلْنَا لَهُ جَهَنَّمَ يَصْلَاهَا مَذْمُومًا مَدْحُورًا» «Кімде-кім ақыретті керек қылмай, тек қана осы дүниенің қызығын көруді қаласа, Біз бұл жалғанда қалаған пендемізге дүниенің қызығын қалағанымызша көрсетеміз. Алайда содан кейін жаһаннамды оның (ақыреттегі) тұрағы қыламыз. Сөйтіп, ол айыбы бетіне басылып жазғырылған һәм аласталған күйде жан төзгісіз азап тарту үшін тозаққа тасталады». («Исра» сүресі, 18-аят).

«Но пришли взамен им поколения, которые оставили намаз и устремились к удовлетворению своих страстей. И понесут они великий убыток. Кроме тех, кто покаялся, уверовал и совершал праведные деяния. Такие войдут в Рай и не будут подвергнуты и малейшей несправедливости» (сура «Марьям», 19:59⁠–⁠60).

«И вышел Карун к своему народу в роскошном наряде и украшениях. И сказали тогда те, кто страстно алчет земных благ: “Ах, если бы и нам было даровано то, что даровано Каруну! До чего же он счастлив в своей великой доле!” Но сказали те, кому было даровано истинное знание: “Горе вам! Награда Аллаха неизмеримо лучше для тех, кто уверовал в Него и совершал благие деяния…”» (сура «Касас», 28:79⁠–⁠80).

«Поистине, в тот День вы будете спрошены за блага» (сура «Такасур», 102:8).

«И из тех, кто выберет лишь преходящую жизнь, Мы выбираем того, кого захотим, и скоро предоставляем такому в бренной жизни ее прелести, которые захотим предоставить. Но затем сделаем Ад его пристанищем, дабы подвергся он в нем нестерпимым мучениям, будучи порицаемым и отверженным» (сура «Исра», 17:18).

492
Риядус-салихин, № 492Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: مَا شَبعَ آلُ مُحَمّد ﷺ مِنْ خُبْزِ شَعِيرٍ يَوْمَيْنِ مُتَتَابِعَيْنِ حَتَّى قُبِضَ

وَفِى رِوَايَة: مَا شَبعَ آلُ محَمّد ﷺ مُنْذُ قَدِمَ الْمَدِينَةَ مِنْ طَعَامِ الْبُرِّ ثَلَاثَ لَيَالٍ تِبَاعًا حَتَّى قُبِضَ

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.): «Мұхаммед ﷺ о дүниелік болғанға дейін оның отбасы екі күн бойы арпа нанына да жарыған жоқ-ты», – деп айтты (Муслим: 7443).

Осыған ұқсас басқа бір риуаятта: «Мұхаммедтің ﷺ отбасы Мәдинаға келгеннен бері отағасы бақилық болғанға дейін үш күн қатарынан бидайдан жасалған тағамға тойып көрген емес», – делінген (Бұхари: 5416; Ахмад: 25224).

Орысша аудармасы

Мать правоверных Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «До самой кончины Мухаммада ﷺ его семья ни разу не ела досыта ячменного хлеба два дня подряд» (Муслим: 7443).

В другом сходном по смыслу предании сказано: «С тех пор как семья Мухаммада ﷺ прибыла в Медину, и до тех пор, пока глава семьи не отошёл в мир иной, она ни разу не ела досыта пищу, приготовленную из пшеницы, три дня подряд» (Аль-Бухари: 5416; Ахмад: 25224).

493
Риядус-салихин, № 493

عَنْ عروة، عَنْ عَائِشَة، أَنَّهُا كَانَتْ تقول: وَاللَّهِ، يَا ابْنَ أُخْتِى، إِنْ كُنَّا نَنْظُرُ إِلَى الْهِلَالِ، ثُمَّ الْهِلالِ: ثَلَاثَةُ أَهْلَّةٍ فِى شَهْرَيْنِ، وَمَا أُوقِدَ فِى أبْيَاتِ رَسُول اللَّهِ ﷺ نَارٌ. قُلْتُ: يَا خَالَةُ، فَمَا كَانَ يُعِيشُكُمْ؟ قَالَتْ: الْأَسْوَدَانِ التَّمْرُ وَالْمَاءُ، إِلَّا أَنَّهُ قَدْ كَانَ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ جِيرَانٌ مِنَ الْأَنْصَارِ، وكَانَتْ لَهُمْ مَنَائِحُ وَكَانُوا يُرْسِلُونَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مِنْ ألْبَانِهَا فَيَسْقِينَا

Қазақша аудармасы

Уруа (р.а.): «Айша (р.а.) маған: «Уа, жиенім! Алланың атымен ант етейін! Бір кездері біз жаңа туған айды, содан соң келесі айды, содан кейін және бір айды, яғни, екі айдың ішінде жаңа туған үш айды қатарынан көрсек те, Алла елшісінің ﷺ үйлерінің ешбіреуінде от жағылып, қазан асылмайтын еді», – деді. Мен одан: «Уа, апатай! Сонда нені талшық етіп, күн көрдіңіздер?» – деп сұрадым. Ол: «Қос қараны, яғни, қара құрма мен қара суды талғажау еттік. Сондай-ақ Алла елшісінің біршама сауын түйе ұстайтын ансарлық көршілері бар болатын, солар Алла елшісіне шұбат жіберіп тұратын. Соны бізге ішкізетін», – деп айтатын», – деген (Бұхари: 2567; Муслим: 7449; Ахмад: 24561).

Орысша аудармасы

Урва (да будет доволен им Аллах) сказал: «Аиша (да будет доволен ею Аллах) говорила мне: “О сын моей сестры! Клянусь Аллахом! Бывало, мы видели молодой месяц, затем следующий, а потом ещё один – всего три молодых месяца за два месяца, но ни в одном из домов Посланника Аллаха ﷺ не разводили огня и не ставили котла”. Я спросил её: “О тётушка! Чем же вы тогда питались и поддерживали жизнь?” Она ответила: “Мы питались ‘двумя чёрными’ – финиками и водой. Кроме того, у Посланника Аллаха ﷺ были соседи из ансаров, державшие несколько дойных верблюдиц. Они присылали Посланнику Аллаха ﷺ верблюжье молоко, а он давал его пить нам”» (Аль-Бухари: 2567; Муслим: 7449; Ахмад: 24561).

494
Риядус-салихин, № 494

عَنْ أَبِى سعيد الْمقبُرِيِّ، عَنْ أَبِى هُرَيْرَة: أَنَّهُ مَرَّ بِقَومٍ بَيْنَ أيدِيهمْ شَاةٌ مَصْلِيَّةٌ، فَدَعَوْهُ فَأبَى أَنْ يأْكُلَ. وَقَالَ: خرج رَسُول اللَّهِ ﷺ مِنَ الدُّنْيَا وَلَمْ يَشْبَعْ مِنْ خُبْزِ الشَّعيرِ

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Мақбури Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткізген хадисте: «Бірде отқа үйітіп пісірілген қойды ортаға алған бір топ адам қастарынан өтіп бара жатқан Әбу Һурайраны дастарханға шақырды. Алайда Әбу Һурайра олармен дастархандас болудан бас тартып: «Алла елшісі ﷺ бұл дүниеден арпа нанына да жарымай өткен еді», – деп айтты» – делінген. (Бұхари: 5414).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Саидом аль-Макбури со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), сообщается: «Однажды люди, расположившиеся за трапезой вокруг зажаренной на огне овцы, пригласили проходившего мимо Абу Хурайру присоединиться к ним. Однако Абу Хурайра отказался разделить с ними трапезу и сказал: “Посланник Аллаха ﷺ покинул этот мир, так и не наевшись досыта даже ячменного хлеба”» (Аль-Бухари: 5414).

495
Риядус-салихин, № 495Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس قَالَ: لَمْ يَأكُلِ النَّبِيُّ ﷺ عَلَى خِوَانٍ حَتَّى مَاتَ، وَمَا أكَلَ خُبْزًا مُرَقَّقًا حَتَّى مَاتَ

وَفِى رِوَايَة لَهُ: وَلَا رَأَى شَاةً سَمِيطًا بعَيْنِهِ قَطُّ

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ бақилық болғанға дейін (ағыл-тегіл асқа толған) бай дастарқан басында ас ішіп көрген емес және дүние салғанға дейін жұмсақ пәтір нан жеген емес», – деген (Бұхари: 6450; Ахмад: 12325).

Осыған ұқсас тағы бір риуаятта: «...және істікте бүтіндей отқа қақталып, үлбіреп, қызарып піскен тоқтыны көзімен көрген емес», – делінген.

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «До самой кончины Пророк ﷺ ни разу не ел за богато накрытым столом (ломившимся от изобилия яств) и не вкушал мягкой пресной лепёшки» (Аль-Бухари: 6450; Ахмад: 12325).

В другой похожей версии говорится: «…и он ни разу не видел ягнёнка, целиком зажаренного на вертеле до мягкости и румяной корочки».

496
Риядус-салихин, № 496Риуаят етуші: Нұғман ибн Бәшир (р.а.)

عَنْ النعمان بْنِ بشير، قَالَ: لَقَدْ رَأَيْتُ نَبِيَّكُمْ ﷺ وَمَا يَجِدُ مِنَ الدَّقَلِ مَا يَمْلأُ بِهِ بَطْنَهُ

Қазақша аудармасы

Нұғман ибн Бәшир (р.а.): «Мен пайғамбарларыңның ﷺ кей кездерде жүрек жалғау үшін бір түйір нашар құрманы да таба алмағанына куә болдым», – деп айтты. (Муслим: 7461).

Орысша аудармасы

Нуман ибн Башир (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я был свидетелем того, что ваш Пророк ﷺ порой не мог найти даже одного плохого финика, чтобы хоть немного подкрепиться» (Муслим: 7461).

497
Риядус-салихин, № 497Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд (р.а.)

عَنْ سهلِ بْنِ سعد قَالَ: مَا رَأَى رَسُول اللَّهِ ﷺ النَّقِيَّ مِنْ حِين ابْتَعَثَهُ اللَّه تَعَالَى حَتَّى قَبضَهُ اللَّه تَعَالَى. فقِيلَ لَهُ: هَلْ كَانَ لَكُمْ فِى عَهدِ رَسُول اللَّهِ ﷺ مَنَاخِلُ؟ قَالَ: مَا رَأَى رَسُول اللَّهِ ﷺ مُنْخُلًا مِنْ حِينَ ابْتَعَثَهُ اللَّهُ تَعَالَى حَتَّى قَبَضَهُ اللَّهُ تَعَالَى، فَقِيلَ لَهُ: كَيْفَ كُنْتُمْ تَأكُلُونَ الشَّعِيرَ غَيْرَ مَنْخُولٍ؟ قَالَ: كُنَّا نَطحَنُهُ وَنَنْفُخُهُ، فيَطيرُ مَا طَارَ، وَمَا بَقِيَ ثَرَّيْنَاهُ

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (р.а.): «Алла елшісі ﷺ Алла Тағала өзін пайғамбар етіп жібергеннен бастап жанын алғанға дейін (кебегінен тазарған) ақ нан көрген емес», – деген. Сонда одан: «Алла елшісінің дәуірінде сіздерде елек болды ма?» – деп сұрағанда, ол: «Алла елшісі Алла Тағала өзін пайғамбар етіп жібергеннен бастап жанын алғанға дейін елек дегенді көрген емес», – деп жауап береді. Сонда одан: «Қауызы еленбеген арпаны қалай жейтін едіңіздер?» – деп сұрағанда, ол: «Біз оны диірменге тартып, оны үрлейтінбіз, сонда ұшқаны ұшып, қалғанын су қосып илеп, қамыр жасайтынбыз», – деп жауап берген екен (Бұхари: 5413; Ахмад: 22814).

Орысша аудармасы

Сахль ибн Саад (да будет доволен им Аллах) сказал: «С тех пор как Аллах Всевышний направил Посланника Аллаха ﷺ в качестве пророка, и до тех пор, пока не забрал его душу, тот ни разу не видел белого хлеба (очищенного от отрубей)». Когда его спросили: «Были ли у вас сита во времена Посланника Аллаха ﷺ?» – он ответил: «С тех пор как Аллах Всевышний направил Посланника Аллаха ﷺ в качестве пророка, и до тех пор, пока не забрал его душу, тот ни разу не видел сита». Тогда его спросили: «Как же вы ели ячмень, не просеянный от шелухи?» Он ответил: «Мы мололи его на мельнице, а затем дули на него: то, что могло улететь, улетало, а к оставшемуся мы добавляли воду и замешивали тесто» (Аль-Бухари: 5413; Ахмад: 22814).

498
Риядус-салихин, № 498Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: خرجَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ ذَاتَ يَوْمٍ أَوْ لَيْلَةٍ، فَإِذَا هُوَ بأَبِى بَكْرٍ وَعُمَرَ، فَقَالَ: «مَا أخْرَجَكُمَا مِنْ بُيُوتِكُما هَذِهِ السَّاعَةَ؟» قَالا: الْجُوعُ يَا رَسُولَ اللَّهِ. قَالَ: «وَأنَا، وَالَّذِى نَفْسِى بِيَدِهِ، لأخْرَجَنِى الَّذِى أخْرَجَكُما، قُوما» فقَامَا مَعَهُ، فَأتَى رَجُلًا مِنَ الْأَنْصَارِ، فَإِذَا هُوَ لَيْسَ فِى بيْتِهِ، فَلَمَّا رَأَتْهُ الْمَرْأَةُ، قَالَتْ: مَرْحَبًَا وَأَهْلًا.فَقَالَ لَهَا رَسُول اللَّهِ ﷺ: «أيْنَ فُلَانُ؟» قَالَتْ: ذَهَبَ يَسْتَعْذِبُ لنَا الْمَاءَ. إِذْ جَاءَ الْأَنْصَارِيُّ، فَنَظَرَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَصَاحِبَيْهِ، ثُمَّ قَالَ: الْحَمْدُ للهِ، مَا أَحَدٌ الْيَوْمَ أكْرَمَ أضْيَافًا مِنِّى، فَانْطَلَقَ فَجَاءهُمْ بِعِذْقٍ فِيهِ بُسْرٌ وَتَمْرٌ وَرُطَبٌ، فَقَالَ: كُلُوا، وَأَخَذَ الْمُدْيَةَ، فَقَالَ لَهُ رَسُول اللَّهِ ﷺ: «إِيْاكَ وَالْحَلُوبَ» فَذَبَحَ لَهُمْ، فَأكَلُوا مِنَ الشَّاةِ وَمِنْ ذَلِكَ الْعِذْقِ وَشَرِبُوا. فَلَمَّا أَنْ شَبِعُوا وَرَوُوا قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لأَبِى بَكْر وَعُمَرَ: «وَالَّذِى نَفْسِى بِيَدِهِ، لَتُسْأَلُنَّ عَنْ هَذَا النَّعِيمِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، أَخْرَجَكُمْ مِنْ بُيُوتِكُمُ الْجُوعُ، ثُمَّ لَمْ تَرْجِعُوا حَتَّى أَصَابَكُمْ هَذَا النَّعيمُ» رواه مسلم

قولُهَا: «يَسْتَعْذِبُ» أيْ: يَطْلُبُ الْمَاءَ الْعَذْبَ، وَهُوَ الطَّيِّبُ. وَ«العِذْقُ» بكسر الْعين وإِسكان الذال الْمعجمة: وَهُوَ الْكِباسَةُ، وَهِيَ الْغُصْنُ. وَ«المُدْيَةُ» بضم الْميم وكسرها: هي السِّكِّينُ. وَ«الْحَلُوبُ»: ذاتُ اللَّبَن.

وَالسُّؤالُ عَنْ هَذَا النَّعِيمِ سُؤَالُ تَعْدِيد النِّعَم لَا سُؤَالُ تَوْبيخٍ وتَعْذِيبٍ، واللَّه أعلَمُ.

وَهَذَا الْأَنْصَارِيُّ الَّذِى أَتَوْهُ هُوَ، أَبُو الْهَيْثَم بْنُ التَّيِّهَانِ، كَذَا جَاءَ مُبَيَّنًا فِى رِوَايَة الترمذي وغيره

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Бір күні, не бір түні Алла елшісі ﷺ (үйінен) шықса, Әбу Бәкір мен Омарға (р.а.) жолығып қалып, олардан: «Бұл уақытта екеуіңді үйлеріңнен шығарған не нәрсе?» – деп сұрағанда, екеуі: «Аштық, уа, Расулалла!» – дейді. Сонда Алла елшісі: «Мен де, жаным бір Өзінің қолында болған Алланың атымен ант етейін, сендерді далаға шығарған нәрсе мені де шығарды! Қанеки, түрегеліңдер!» – дейді. Екеуі түрегеліп, онымен бірге бір ансарлық сахабаның үйіне келеді. Сөйтсе ол үйінде жоқ екен. Оның әйелі Алла елшісін көріп: «Қош келдіңіздер, мархабат!» – дейді. Алла елшісі одан: «Пәленше қайда?» – деп (күйеуі жайлы) сұрайды. Әйел: «Ол бізге ауызсу әкелуге кетті», – дегені сол еді, әлгі ансарлық та келіп қалады. Алла елшісі мен оның екі жолдасын көрген ол: «Әлхамдулилла, бүгін менің қонақтарымдай аса құрметті қонақ ешкімде жоқ!» – деп, (қуанышы қойнына симай) жүргіргеннен жүгіріп отырып, оларға толық піспеген, пісіп кепкен және жаңа піскен жемісі бар құрма бұтағын алып келіп: «Мынадан ауыз тиіп отырыңыздар», – дейді де (мал союға қамданып) қолына пышағын алады. Сонда Алла елшісі оған: «Сауын мал сойма», – деп (ескертеді). Содан үй иесі оларға арнап қой сояды, қонақтар қойдың етінен және әлгі құрмадан жеп, сусын ішеді. Қарындары тойып, шөлдері қанған соң, Алла елшісі Әбу Бәкір мен Омарға қарап: «Жаным бір Өзінің қолында болған Алланың атымен ант етейін! Қиямет күні осынау нығметтен сөзсіз түрде сұраласыңдар. Үйлеріңнен шығуға аштық себеп болған еді, сосын өздеріңе осынау нығмет нәсіп болып, (тойынып, марқайып) қайттыңдар», – деп айтты». (Муслим: 5313)

Хадисте айтылған нығметтен сұралудың мәні, сол үшін жазғырып, жауапқа тарту мағынасында емес, тек нығметті түгендеу мағынасында болса керек. Анығын Алла білуші! Ал әлгі ансарлыққа келсек, имам Тирмизи мен өзге де хадис ғалымдарының деректерінде оның Әбул Һайсам ибн Тәйиһән (р.а.) екендігі айтылады.

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды днём или ночью Посланник Аллаха ﷺ вышел (из дома) и встретил Абу Бакра и Умара (да будет доволен ими Аллах). Он спросил их: “Что заставило вас обоих выйти из дома в такой час?” Они ответили: “Голод, о Посланник Аллаха!” Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Клянусь Тем, в Чьей длани моя душа, меня заставило выйти то же самое, что и вас! Вставайте же!” Они поднялись и вместе с ним пришли к дому одного сподвижника из ансаров, однако того не оказалось дома. Увидев Посланника Аллаха ﷺ, жена этого ансара сказала: “Добро пожаловать! Милости просим!” Посланник Аллаха ﷺ спросил её о муже: “Где такой-то?” Она ответила: “Он отправился принести нам питьевой воды”. Не успела она договорить, как пришёл тот ансар. Увидев Посланника Аллаха ﷺ и двух его спутников, он воскликнул: “Хвала Аллаху! Сегодня ни у кого нет столь почётных гостей, как у меня!” Затем он (не в силах сдержать радость) поспешно сбегал и принёс им ветвь финиковой пальмы, на которой были недозрелые, свежие спелые и подсохшие финики. Он сказал: “Угощайтесь пока этим!” – а затем (собираясь зарезать животное) взял в руки нож. Посланник Аллаха ﷺ предупредил его: “Не режь дойное животное”. Тогда хозяин зарезал для них овцу. Гости поели баранины и фиников и утолили жажду. Когда они насытились и напились, Посланник Аллаха ﷺ, обратившись к Абу Бакру и Умару, сказал: “Клянусь Тем, в Чьей длани моя душа! В День воскресения вас непременно спросят об этом благе. Голод заставил вас выйти из домов, а затем вам было даровано это благо, и вы вернулись (сытыми и довольными)”» (Муслим: 5313).

По-видимому, упомянутый в хадисе вопрос об этом благе будет задан не ради порицания и привлечения к ответственности за него, а лишь для перечисления дарованных благ. Аллах знает лучше! Что же касается того ансара, то, согласно сообщениям имама ат-Тирмизи и других хадисоведов, им был Абу аль-Хайсам ибн Тайихан (да будет доволен им Аллах).

499
Риядус-салихин, № 499

عَنْ خالد بْنِ عُمَيْر الْعَدَوِيِّ، قَالَ: خَطَبَنَا عُتْبَةُ بنُ غَزْوَانَ، وَكَانَ أمِيرًا عَلَى الْبَصْرَةِ، فَحَمِدَ اللَّه وَأثْنَى عَلَيْهِ، ثُمَّ قَالَ: أَمَّا بَعْدُ، فَإِنَّ الدُّنْيَا قَدْ آذَنَتْ بِصُرْمٍ، وَوَلَّتْ حَذَّاءَ، وَلَمْ يَبْقَ مِنْهَا إِلَّا صُبَابَةٌ كَصُبَابَةِ الْإِنَاءِ يَتَصَابُّهَا صَاحِبُهَا، وَإِنَّكُمْ مُنْتَقِلُونَ مِنْهَا إِلَى دَارٍ لَا زَوَالَ لَهَا، فَانْتَقِلُوا بِخَيرِ مَا بِحَضْرَتِكُمْ، فَإِنَّهُ قَدْ ذُكِرَ لَنَا أَنَّ الْحَجَرَ يُلْقَى مِنْ شَفِيرِ جَهَنَّمَ فَيَهْوِى فِيهَا سَبْعِينَ عَامًا، لَا يُدْرِكُ لَهَا قَعْرًا، وَاللَّهِ لَتُمْلأَنَّ أَفَعَجِبْتُمْ؟! وَلَقدْ ذُكِرَ لَنَا أَنَّ مَا بَيْنَ مِصْرَاعَيْنِ مِنْ مَصَارِيعِ الْجَنَّةِ مَسيرَةُ أَرْبَعِينَ عَامًا، وَليَأْتِيَنَّ عَلَيْهَا يَوْمٌ وَهُوَ كَظِيظٌ مِنَ الزِّحَامِ، وَلَقَدْ رَأَيْتُنِى سَابعَ سَبْعَةٍ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، مَا لَنَا طَعَامٌ إِلَّا وَرَقُ الشَّجَرِ، حَتَّى قَرِحَتْ أشْدَاقُنَا، فَالتَقَطْتُ بُرْدَةً فَشَقَقْتُهَا بَيْنِى وَبَيْنَ سَعْدِ بْنِ مَالِكٍ، فاتَّزَرْتُ بِنِصْفِهَا، وَاتَّزَرَ سَعْدٌ بِنِصْفِهَا، فَمَا أَصْبَحَ الْيَوْمَ مِنَّا أَحَدٌ إِلَّا أَصْبَحَ أمِيرًا عَلَى مِصرٍ مِنَ الْأَمْصَارِ، وَإِنِّى أَعُوذُ بِاللَّهِ أَنْ أكُونَ فِى نَفْسِى عَظِيمًا، وَعِنْدَ اللَّهِ صَغِيرًا

Қазақша аудармасы

Халид ибн Омар әл-Адауи (р.а.): «Бірде Басра қаласының әкімі Утба ибн Ғазуан бізге құтба оқыды. Ол алдымен Аллаға мадақ пен шүкіршілік айтқан соң, сөзін былай деп жалғастырды: «Бұл дүние өзінің фәни екенін анық білдірді, әрі ғұмыры да диірменнің тасындай шыр айналып зуылдап өтіп барады. Оның ендігі қалған ғұмыры ыдыстың түбіндегі иесінен қалған судай-ақ. Шынымен де, барлықтарың бұ дүниеден озып, мәңгілік мекендеріңе барасыңдар. Ендеше, сол мекенге құр қол бармай, шамаларың келгенше көбірек жақсылық (сауап) ала барыңдар. Осыған дейін бізге тозақтың шетінен тасталған тастың жетпіс жыл құлдиласа дағы түбіне жетпейтіндігі айтылған еді. Алланың атымен ант етейін! Сол тозақ (жындар мен адамдарға) лықа толады. Не болды, таңғалып қалдыңдар ма? Сондай-ақ, бізге жұмақтың қақпаларының екі арасының қырық жылдық жол екені де айтылған еді. Күндердің күнінде сол жұмақ та аузы-мұрнына дейін лықа толады. Бір кездерде Алла елшісімен ﷺ бірге болған жеті адамның бірі мен едім. Біздің сонда ағаштардың жапырағынан басқа талшық етер азығымыз болмайтын. Сол үшін де екі жақ езуімізді жара басып кеткен еді. Сондай қысылтаяң күндердің бірінде қолыма бір ала шапан тиді. Соны қақ ортасынан бөліп, жартысын Сағд ибн Мәлікке бердім. Сөйтіп екеуіміз екіге бөлінген шапанды белімізден төмен орап алдық. Ал бүгінгі таңда әрбіреуіміз бір-бір қаланың әкімі болдық. Сондықтан өз-өзімді ұлық санап, Алланың алдында елеусіз, кішік болып қалудан Аллаға сиынамын», – деп айтты», – деген (Муслим: 7435).

Орысша аудармасы

Халид ибн Умайр аль-Адави (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды наместник Басры Утба ибн Газван обратился к нам с проповедью. Сначала он воздал хвалу Аллаху и возблагодарил Его, а затем продолжил: “Этот мир уже ясно возвестил о собственной бренности, и век его, словно мельничный жернов, стремительно вращаясь, проносится мимо. Теперь от его срока осталось лишь столько, сколько воды остаётся на дне сосуда его владельцу. Поистине, все вы покинете этот мир и отправитесь в свою вечную обитель. Так не идите же туда с пустыми руками, а постарайтесь взять с собой как можно больше добра (награды).

Нам сообщали, что камень, брошенный с края ада, будет падать семьдесят лет и всё же не достигнет его дна. Клянусь Аллахом! Этот ад непременно будет до краёв заполнен (джиннами и людьми). Что с вами, вы удивлены? Нам также сообщали, что расстояние между двумя створками врат рая равно сорока годам пути. И настанет день, когда у этих врат будет тесно от множества людей.

Некогда нас, находившихся вместе с Посланником Аллаха ﷺ, было семеро, и я был одним из них. Тогда у нас не было иной пищи, кроме древесных листьев, отчего в уголках наших ртов появились язвы. В один из тех тяжёлых дней мне досталась полосатая накидка. Я разорвал её пополам и отдал одну половину Сааду ибн Малику. Так каждый из нас обернул нижнюю часть тела своей половиной накидки. А сегодня каждый из нас управляет отдельным городом. Поэтому я прибегаю к защите Аллаха от того, чтобы возомнить себя великим и оказаться ничтожным перед Ним”» (Муслим: 7435).

500
Риядус-салихин, № 500Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِى مُوسَى الْأشعرِى قَالَ: أخْرَجَتْ لَنَا عَائِشَةُ كِسَاءً وَإِزارًا غَلِيظًا، قَالَتْ: قُبِضَ رَسُول اللَّهِ ﷺ فِى هَذَيْنِ

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.): «Бірде Айша (р.а.) бізге бір көйлек пен қалың изарды (кең дамбалды) шығарып (көрсетіп): «Алла елшісі ﷺ осы екеуін киіп жатып жан тапсырды», – деп айтты», – деген (Бұхари: 5818; Муслим: 5442; Ахмад: 24037).

Орысша аудармасы

Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Аиша (да будет доволен ею Аллах) вынесла и показала нам накидку и плотный изар (поясную повязку), сказав: “Посланник Аллаха ﷺ был облачён в эти два предмета одежды, когда испустил дух”» (Аль-Бухари: 5818; Муслим: 5442; Ахмад: 24037).

501
Риядус-салихин, № 501

عَنْ سعد بْنِ أَبِى وقاص قَالَ: إِنِّى لأَوَّلُ الْعَرَبِ رَمَى بِسَهْمٍ فِى سَبِيلِ اللَّه، وَلَقَدْ كُنَّا نَغْزُو مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مَا لَنَا طَعَامٌ إِلَّا وَرَقُ الْحُبْلَةِ، وَهذَا السَّمُرُ، حَتَّى إِنْ كَانَ أَحَدُنَا لَيَضَعُ كَمَا تَضَعُ الشَّاةُ مَا لَهُ خَلْطٌ

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.): «Расында, Алла жолында жауға қарсы садақпен оқ атқан ең алғашқы мұсылман араб мен едім. Кейде біз Алла елшісімен ﷺ бірге жорыққа шыққанымызда, Һубла және Сәмур ағаштарының жапырақтарынан басқа талғажау қыларлық нәр таппайтынбыз. Тіпті арамыздан біреу дәретке отырса, ішіндегі нәжісі қойдың құмалағындай бөлек-бөлек болып түсетін», – деп айтты (Бұхари: 6453; Муслим: 7433; Ахмад: 1566).

Орысша аудармасы

Саад ибн Абу Ваккас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Поистине, я был первым мусульманином из числа арабов, выпустившим из лука стрелу во врага на пути Аллаха. Иногда, отправляясь в поход вместе с Посланником Аллаха ﷺ, мы не находили никакой пищи, кроме листьев деревьев хубла и самур. Когда кто-либо из нас справлял нужду, его испражнения выходили отдельными комочками, подобно овечьему помёту» (Аль-Бухари: 6453; Муслим: 7433; Ахмад: 1566).

502
Риядус-салихин, № 502Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اللَّهُمَّ اجْعَلْ رِزْقَ آلِ مُحَمّدٍ قُوتًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Уа, Алла! Мұхаммед отбасының ризық-несібесін бір күндік1 ете көр!» – деп (дұға ететін)», – деген (Бұхари: 6420; Муслим: 2427; Ахмад: 9753).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ обращался с такой мольбой: “О Аллах! Сделай уделом семьи Мухаммада лишь дневное пропитание1!”» (Аль-Бухари: 6420; Муслим: 2427; Ахмад: 9753).

  1. 1Бір күндік жүрек жалғап, талғажау ететіндей мөлшердегі азық.
  1. 1Количество пищи, достаточное для поддержания сил в течение одного дня.
503
Риядус-салихин, № 503Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: وَاللَّهِ الَّذِى لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ، إِنْ كُنْتُ لأَعْتَمِدُ بِكَبِدِى عَلَى الْأَرْضِ مِنَ الْجُوعِ، وَإِنْ كُنْتُ لأَشُدُّ الْحَجَرَ عَلَى بَطنِى مِنَ الْجُوعِ. وَلَقَدْ قَعَدْتُ يَوْمًا عَلَى طَرِيقِهِمُ الَّذِى يَخْرُجُونَ مِنْهُ، فَمَرَّ بِى النَّبِيّ ﷺ، فَتَبَسَّمَ حِيْنَ رَآنِى، وَعَرَفَ مَا فِى وَجْهِى وَمَا فِى نَفْسِى، ثُمَّ قَالَ: «أَبَا هِرٍّ» قُلْتُ: لَبَّيْكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ، قَالَ: «الْحَقْ» وَمَضَى فَاتَّبَعْتُهُ، فَدَخَلَ فَاسْتَأذَنَ، فَأَذِنَ لِى فَدَخَلْتُ، فَوَجَدَ لَبَنًَا فِى قَدَحٍ، فَقَالَ: «مِنْ أَيْنَ هَذَا اللَّبَنُ؟» قَالُوا: أهْدَاهُ لَكَ فُلَانٌ – أَو فُلَانَةٌ – قَالَ: «أَبَا هِرٍّ» قُلْتُ: لَبَّيْكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ، قَالَ: «الْحَقْ إِلَى أَهْلِ الصُّفَّةِ فَادْعُهُمْ لِى» قَالَ: وَأَهْلُ الصُّفَّة أضْيَافُ الْإِسْلَامِ، لَا يَأوُونَ علَى أَهْلٍ وَلَا مَالٍ وَلَا عَلَى أَحَدٍ، وَكَانَ إِذَا أتَتْهُ صَدَقَةٌ بَعَثَ بِهَا إِلَيْهِمْ، وَلَمْ يَتَنَاوَلْ مِنْهَا شَيْئًا، وَإِذَا أتَتْهُ هَدِيَّةٌ أَرْسَلَ إِلَيْهِمْ، وَأَصَابَ مِنْهَا، وأَشْرَكَهُمْ فِيهَا. فَسَاءنِى ذَلِكَ، فَقُلْتُ: وَمَا هَذَا اللَّبَنُ فِى أَهْلِ الصُّفَّةِ! كُنْتُ أحَقُّ أَنْ أُصِيبَ مِنْ هَذَا اللَّبَنِ شَرْبَةً أتَقَوَّى بِهَا، فَإِذَا جَاءُوا وَأَمَرَنِى فَكُنْتُ أَنَا أُعْطِيهِمْ؛ وَمَا عَسَى أَنْ يَبْلُغَنِى مِنْ هَذَا اللَّبَنِ. وَلَمْ يَكُنْ مِنْ طَاعَةِ اللَّهِ وَطَاعَةِ رَسُول اللَّهِ ﷺ بُدٌّ، فَأَتَيْتُهُمْ فَدَعَوْتُهُمْ، فَأقْبَلُوا وَاسْتَأذَنُوا، فَأَذِنَ لَهُمْ وَأَخَذُوا مَجَالِسَهُمْ مِنَ الْبَيْتِ، قَالَ: «يَا أَبَا هِرٍّ» قُلْتُ: لَبَّيْكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ، قَالَ: «خُذْ فَأعْطِهِمْ» قَالَ: فَأَخَذْتُ الْقَدَحَ، فَجَعَلْتُ أُعْطِيهِ الرَّجُل فَيَشْرَبُ حَتَّى يَرْوَى، ثُمَّ يَرُدُّ عَلَيَّ الْقَدَحَ، فَأُعْطِيهِ الرَّجُلَ فَيَشْرَبُ حَتَّى يَرْوَى، ثُمَّ يَرُدُّ عَلَيَّ الْقَدَحَ، فَأُعْطِيهِ الرَّجُلَ فَيَشْرَبُ حَتَّى يَرْوَى، ثُمَّ يَرُدُّ عَلَيَّ الْقَدَحَ حَتَّى انْتَهَيْتُ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، وَقَدْ رَوِيَ الْقَوْمُ كُلُّهُمْ، فَأَخَذَ الْقَدَحَ فَوضَعَهُ عَلَى يَدِهِ، فَنَظَرَ إِليَّ فَتَبَسَّمَ، فَقَالَ: «أَبَا هِرٍّ» قُلْتُ: لَبَّيْكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ، قَالَ: «بَقيتُ أَنَا وَأَنْتَ» قُلْتُ: صَدَقْتَ يَا رَسُولَ اللَّهِ، قَالَ: «اقْعُدْ فَاشْرَبْ» فَقَعَدْتُ فَشَرِبْتُ، فَقَالَ «اشْرَبْ» فَشَرِبْتُ، فَمَا زَالَ يَقُولُ: «اشْرَبْ» حَتَّى قُلْتُ: لَا، وَالَّذِى بَعَثَكَ بِالحَقِّ لَا أجِدُ لَهُ مَسْلكًا! قَالَ: «فَأرِنِى» فَأعْطَيْتُهُ الْقَدَحَ، فَحَمِدَ اللَّه تَعَالَى، وَسَمَّى وَشَرِبَ الْفَضْلَةَ

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Одан басқа ешбір тәңір болмаған Алланың атымен ант етейін! Бір кездері аштықтан бұратылып, етбетіммен жатып немесе ішіме тас байлап алушы едім. Бірде Пайғамбарымыз ﷺ бен сахабалардың күнделікті жүретін жолына жайғасып отырдым. Көп ұзамай қасымнан Расулалла өтті. Мені көргенде езу тартты да, жүзімнен жан-дүниемнің нендей халде екенін бірден байқады. Сөйтті де маған: «Әбу Һирр» – деді. Мен бірден: «Ләббәйк, уа, Расулалла!» – деп жауап қаттым. Сонда ол: «Соңымнан ер», – деп, ары қарай жүріп кетті. Мен де оның артынан ілестім. Үйіне келіп, ішке кірді. Кіруге рұқсат сұрағанымда, рұқсат етті. Үйге кіргенімде, Пайғамбарымыз бір текшеге құйылған сүтті көрді де, үй ішіндегілерден: «Мына сүт қайдан келді?» – деп сұрады. Олар: «Оны сізге пәленше деген кісі (немесе әйел) тарту етті», – деп жауап берді. Сонда маған: «Әбу Һирр», – деді. Мен: «Ләббәйк, уа, Расулалла!» – дедім. Ол: «Суффа тұрғындарына барып, оларды менің үйіме шақырып кел», – деп бұйырды. Суффа тұрғындары Исламның қонақтары еді. Мәдинада олардың отбасылары да, дүние-мүліктері де, арқа сүйер ешкімі де жоқ еді. Пайғамбарымызға садақадан (немесе зекеттен) түскен дүние әкелінгенде, өзіне еш нәрсе қалдырмай барлығын Суффа тұрғындарына беріп жіберетін. Ал өзіне келген сый-сияпаттың бір бөлігін қалдырып, қалғанын соларға беретін. Бұл жолы да сол әдетінен жаңылмай, оларды аз ғана сүтке ортақтастырмақ болып, шақырғаны үшін іштей ренжіп: «Бұл сүтті Суффа тұрғындарының қайсысының аузынан табасың. Әлденіп алуым үшін бұл сүтті менің ішкенім жөн еді. Олар келетін болса, Алла елшісі маған сүтті алдымен соларға бергізеді. Содан соң бұл сүттің маған жетіп-жетпеуі екіталай. Бірақ не шара. Аллаға және елшісіне бойсұнудан басқа амалым жоқ», – дедім де, барып суффалықтардың барлығын шақырып келдім. Олар төрт көзі түгел келіп, үйге кіру үшін рұқсат сұрады. Алла елшісі оларға рұқсат еткен соң, үйге кіріп, жайғасып отырды. Сол кезде Алла елшісі: «Әбу Һирр», – деді. Мен тағы: «Ләббәйк, уа, Расулалла!» – дедім. Ол: «Мынаны ал да, алдымен қонақтарға бер», – деп бұйырды. Мен текшені алып, отырғандарға кезекпен ұсындым. Олардың әрқайсысы сүттен қанғанынша ішіп болған соң, ыдысты өзіме ұстатты. Осылайша, қонақтардың бірі қалмай ішкенінше ішіп болған соң, кезек Пайғамбарымызға да жетті. Текшені қолына алып, маған қарап күлімсіреді де: «Әбу Һирр» – деді. Мен тағы: «Ләббәйк, уа, Расулалла!» – дедім. Сонда ол: «Екеуіміз ғана қалдық», – деді. Мен: «Рас айтасыз, уа, Расулалла!» – дедім. Алла елшісі маған: «Отырып іш», – деді. Мен отыра қалдым да, сүтке бас қойдым. Алла елшісі: «Тағы іш», – деді. Мен тағы іштім. Сөйтіп, Расулалла маған «іш, тағы іш» деп, мен қашан: «Жоқ, Сені хақ жолға бастаушы етіп жіберген Алланың атымен ант етейін! Әбден тойдым, бұдан ары іше алмаспын», – деп айтпағанымша ішкізе берді. Сонда маған: «Енді маған бер», – деді. Қолымдағы текшені екі әлем Сардарына ұстатқанымда, Аллаға мақтау мен шүкіршілік айтып, «бисмилләһ» деп қалған сүтті өзі сарқып ішіп қойды», – деп айтты (Бұхари: 6452; Ахмад: 10679).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Клянусь Аллахом, кроме Которого нет иного божества! Бывало, я от голода корчился и ложился ничком или привязывал к животу камень. Однажды я сел у дороги, по которой обычно ходили Пророк ﷺ и его сподвижники. Вскоре мимо меня прошёл Посланник Аллаха ﷺ. Увидев меня, он улыбнулся и сразу понял по моему лицу, что творилось у меня в душе. Он обратился ко мне: “Абу Хирр!” Я тотчас ответил: “Ляббайк, о Посланник Аллаха!” Он сказал: “Следуй за мной”, – и пошёл дальше. Я последовал за ним. Подойдя к своему дому, он вошёл внутрь. Я попросил разрешения войти, и он позволил мне. Войдя в дом, Пророк ﷺ увидел чашу с молоком и спросил домашних: “Откуда это молоко?” Они ответили: “Его подарил вам такой-то мужчина (или такая-то женщина)”. Тогда он позвал меня: “Абу Хирр!” Я ответил: “Ляббайк, о Посланник Аллаха!” Он велел: “Ступай к жителям Суффы и пригласи их ко мне домой”.

Жители Суффы были гостями ислама. В Медине у них не было ни семей, ни имущества, ни человека, на которого они могли бы опереться. Когда Пророку ﷺ приносили что-либо из садаки (или закята), он, ничего не оставляя себе, отдавал им всё. Если же ему преподносили подарки, он оставлял себе часть, а остальное отдавал им. И на этот раз он не отступил от своего обычая, решив поделиться с ними тем небольшим количеством молока.

Мне стало досадно, что он велел позвать их, и я подумал: “Да разве этого молока хватит жителям Суффы? Мне самому следовало бы выпить его, чтобы подкрепиться. Если они придут, Посланник Аллаха ﷺ велит мне сначала подать молоко им, и после этого едва ли оно достанется мне. Но что поделаешь? У меня нет иного выхода, кроме как повиноваться Аллаху и Его Посланнику”.

Тогда я отправился к жителям Суффы и позвал их всех. Они пришли все до одного и попросили разрешения войти. Посланник Аллаха ﷺ позволил им войти, и они вошли в дом и расселись. Тогда Посланник Аллаха ﷺ позвал меня: “Абу Хирр!” Я снова ответил: “Ляббайк, о Посланник Аллаха!” Он велел: “Возьми это и сначала подай гостям”. Я взял чашу и стал поочерёдно подавать её сидевшим. Каждый из них пил молоко досыта, а затем возвращал чашу мне. Так продолжалось, пока все гости без исключения не напились досыта.

Тогда очередь дошла до Пророка ﷺ. Взяв чашу в руки, он посмотрел на меня, улыбнулся и сказал: “Абу Хирр!” Я снова ответил: “Ляббайк, о Посланник Аллаха!” Он сказал: “Остались только мы двое”. Я ответил: “Вы сказали правду, о Посланник Аллаха!” Тогда Посланник Аллаха ﷺ велел мне: “Сядь и пей”. Я сел и принялся пить молоко. Он сказал: “Пей ещё”, – и я выпил ещё. Посланник Аллаха ﷺ продолжал повторять: “Пей, пей ещё”, – пока я не сказал: “Нет! Клянусь Аллахом, Который послал вас наставником на истинный путь! Я совершенно сыт и больше не могу пить”. Тогда он сказал: “Теперь дай чашу мне”. Когда я передал чашу Господину обоих миров, он воздал Аллаху хвалу и благодарность, произнёс “Бисмиллях” и сам выпил оставшееся молоко до последней капли» (Аль-Бухари: 6452; Ахмад: 10679).

504
Риядус-салихин, № 504

عَنْ محمد بْنِ سيرِين، عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: لَقَدْ رَأَيْتُنِى وَإِنِّى لأَخِرُّ فِيمَا بَيْنَ مِنْبَرِ رَسُول اللَّهِ ﷺ إِلَى حُجْرَةِ عَائِشَةَ مَغْشِيًّا عَلَيَّ، فَيَجِيءُ الْجَائِى، فَيَضَعُ رِجْلَهُ عَلَى عُنُقِى، وَيَرَى أنِّى مَجْنُونٌ وَمَا بِى مِنْ جُنُونٍ، مَا بِى إِلَّا الْجُوعُ

Қазақша аудармасы

Мұхаммед ибн Сирин жеткізген риуаятта Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Бір кездері Алла елшісінің ﷺ мінбері мен Айшаның (р.а.) бөлмесі арасында талып қалатыным әлі көз алдымда. Сонда біреулер келіп, мені жын ұрды деп ойлап, аяғымен мойнымды басатын еді. Алайда мен ешқандай да жын ұрған емес едім. Менікі тек аштық еді». (Бұхари: 7324).

Орысша аудармасы

В предании, переданном Мухаммадом ибн Сирином, Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я и сейчас ясно помню, как, бывало, терял сознание между минбаром Посланника Аллаха ﷺ и комнатой Аиши (да будет доволен ею Аллах). Тогда ко мне подходили люди и, думая, что я одержим джинном, прижимали мою шею ногой. Однако я вовсе не был одержим джинном. Причиной всему был лишь голод» (Аль-Бухари: 7324).

505
Риядус-салихин, № 505Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: تُوُفِّى رَسُول اللَّهِ ﷺ وَدِرْعُهُ مَرْهُونَةٌ عِنْدَ يَهُودِى فِى ثَلَاثِينَ صَاعًا مِنْ شَعِير

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Алла елшісі ﷺ о дүниеге аттанғанда, сауыты бір яһудидің қолында отыз сағ (яғни, шамамен 190 келі) арпаға бола кепілдікте тұрған еді», – деп айтты. (Бұхари: 2916; Муслим: 4114).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Когда Посланник Аллаха ﷺ отошёл в мир иной, его доспехи находились в залоге у одного иудея за тридцать са‘ ячменя (то есть примерно 105 килограммов)» (Аль-Бухари: 2916; Муслим: 4114).

506
Риядус-салихин, № 506Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ قَالَ: رَهَنَ النَّبِيُّ ﷺ دِرْعَهُ بِشَعِيرٍ، وَمَشَيْتُ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ بخُبْزِ شَعِيرٍ وَإِهَالَة سَنِخَةٍ، وَلَقَدْ سَمِعْتُهُ يَقُولُ: «مَا أَصْبَحَ لآلِ مُحَمّدٍ صَاعٌ وَلَا أمْسَى» وَإِنَّهُمْ لَتِسْعَةُ أبيَات

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз ﷺ (қарызға) арпа алып, кепіл ретінде сауытын қалдырған еді. Сөйтіп мен Пайғамбарымызға арпаның наны мен шыжғырылған май алып келгенімде, оның: «Мұхаммедтің отбасында таңертең де, кешке де бір сағ1 (астықтан басқа жейтін азық) болған емес», – деп айтқанын естідім. Олар тоғыз үй болатын», – деген (Бұхари: 2508; Ахмад: 13497).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Пророк ﷺ взял ячмень (в долг), оставив в залог свою кольчугу. Когда я принёс Пророку ﷺ ячменный хлеб и вытопленный жир, то услышал, как он сказал: “Ни утром, ни вечером у семьи Мухаммада не бывало даже одного са‘1 съестных припасов (помимо зерна)”. А ведь таких домов было девять» (Аль-Бухари: 2508; Ахмад: 13497).

  1. 1Үш жарым келіге тең өлшем бірлігі.
  1. 1Мера, равная трём с половиной килограммам.
507
Риядус-салихин, № 507Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: لَقَدْ رَأَيْتُ سَبْعِينَ مِنْ أَهْلِ الصُّفَّةِ، مَا مِنْهُمْ رَجُلٌ عَلَيْهِ ردَاءٌ، إِمَّا إِزَارٌ وَإِمَّا كِسَاءٌ، قَدْ رَبَطُوا فِى أعْنَاقِهِم مِنْهَا مَا يَبْلُغُ نِصْفَ السَّاقَيْن، وَمِنْهَا مَا يَبْلُغُ الْكَعْبَيْنِ فَيَجْمَعُهُ بِيَدِهِ كَرَاهِيَةَ أَنْ تُرَى عَوْرَتُهُ

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Мен Суффа тұрғындарынан жетпіс адамның көзін көрдім. Олардың бірде-біреуінің бүкіл денесін жауып тұратын шапаны жоқ еді. Бар лыпасы жалғыз дамбал немесе бір ұшын мойынына байлап алатын жалғыз көйлегі болатын. Кейбіреуінің көйлегінің етегі балтырына ғана жетсе (тізеден сәл ғана асса), кейбіреуінікі тобыққа дейін түсіп тұратын. Әуретіміз ашылып қалмаса екен деп, етегін қолдарымен қымтап, жіті қадағалап жүретін еді», – деген (Бұхари: 442).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я видел семьдесят человек из числа жителей Суффы. Ни у одного из них не было верхней накидки, которая покрывала бы всё тело. Единственной их одеждой была либо поясная повязка, либо кусок ткани, один конец которого они завязывали на шее. У некоторых край ткани доходил лишь до середины голени (немного ниже колен), а у других спускался до щиколоток. Опасаясь, как бы не обнажились части тела, которые надлежит скрывать, они постоянно придерживали края ткани руками и внимательно следили за тем, чтобы тело оставалось прикрытым» (Аль-Бухари: 442).

508
Риядус-салихин, № 508Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: كَانَ فِرَاشُ رَسُول اللَّهِ ﷺ مِنْ أُدْمٍ حَشْوُهُ لِيفٌ

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ төсегі, іші құрма ағашының талшықтарымен толтырылған иленген теріден болатын», – деп айтқан (Бұхари: 6456; Ахмад: 24451).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Постелью Посланнику Аллаха ﷺ служил тюфяк из дублёной кожи, набитый волокнами финиковой пальмы» (Аль-Бухари: 6456; Ахмад: 24451).

509
Риядус-салихин, № 509Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: كُنَّا جُلُوسًا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ إِذْ جَاءَ رَجُلٌ مِنَ الْأنْصَارِ، فَسَلَّمَ عَلَيْهِ، ثُمَّ أدْبَرَ الْأَنْصَارِيُّ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَا أخَا الْأنْصَارِ، كَيْفَ أخِى سَعْدُ بْنُ عُبَادَةَ؟» فَقَالَ: صَالِحٌ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ يَعُودُهُ مِنْكُمْ؟» فَقَامَ وَقُمْنَا مَعَهُ، وَنَحْنُ بضْعَةَ عَشَرَ، مَا عَلَيْنَا نِعَالٌ، وَلَا خِفَافٌ، وَلَا قَلَانِسُ، وَلَا قُمُصٌ، نَمْشِى فِى تِلك السِّبَاخِ، حَتَّى جِئْنَاهُ، فَاسْتَأْخَرَ قَوْمُهُ مِنْ حَوْله حَتَّى دَنَا رَسُول اللَّهِ ﷺ وَأَصْحَابُهُ الَّذِينَ مَعَهُ

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Бірде Алла елшісімен ﷺ бірге отырғанымызда ансарлардан бір сахаба келіп, Пайғамбарымызға сәлем берді, содан кейін әлгі ансарлық кері кеткенде, Алла елшісі: «Уа, ансарлық бауырым! Бауырым Сағд ибн Убада қалай?» – деп сұрады. Ол: «(Аллаға шүкір) тәуір», – дегенде, Алла елшісі: «Қайсың оның көңілін сұрауға барасыңдар?» – деп, орнынан түрегелгенде, біз де он шақты адам болып, онымен бірге түрегелдік. Сонда бізде кебіс те, мәсі де, баскиім де, көйлек те болмаған еді. Сөйтіп сортаң жермен жүріп отырып Сағд ибн Убадаға келдік. Содан оны айнала қоршаған қауымы кері ысырылып, Алла елшісі және онымен бірге келген сахабалары оған жақындады». (Муслим: 2138).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) сказал: «Однажды, когда мы сидели вместе с Посланником Аллаха ﷺ, к нам пришёл один из ансаров, поприветствовал Пророка ﷺ и собрался уходить. Тогда Посланник Аллаха ﷺ спросил его: “О мой брат из ансаров! Как чувствует себя мой брат Саад ибн Убада?” Тот ответил: “Хвала Аллаху, хорошо”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ спросил: “Кто из вас пойдёт навестить его?” – и поднялся со своего места. Вместе с ним поднялись и мы – чуть более десяти человек. На нас не было ни сандалий, ни кожаных носков, ни головных уборов, ни рубах. Так мы шли по солончаковой земле, пока не пришли к Сааду ибн Убаде. Тогда окружавшие его люди расступились, и Посланник Аллаха ﷺ вместе с сопровождавшими его сподвижниками приблизился к нему» (Муслим: 2138).

510
Риядус-салихин, № 510Риуаят етуші: Имран ибн әл-Хусайн (р.а.)

عَنْ عِمْرَان بْنِ الْحُصَيْنِ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «خَيْرُكُمْ قَرْنِى، ثُمَّ الَّذِينَ يَلُونَهُمْ، ثُمَّ الَّذِينَ يَلُونَهُمْ» قَالَ عِمْرَانُ: فَمَا أدْرِى قَالَ النَّبِيُّ ﷺ مَرَّتَيْنِ أَو ثَلَاثًا «ثُمَّ يَكُونُ بَعْدَهُمْ قَوْمٌ يَشْهَدُونَ وَلَا يُسْتَشْهَدُونَ، وَيَخُونُونَ وَلَا يُؤْتَمَنُونَ، وَيَنْذِرُونَ وَلَا يُوفُونَ، وَيَظْهَرُ فِيهمُ السَّمَنُ»

Қазақша аудармасы

Имран ибн әл-Хусайн (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Ең жақсыларың – менің кезеңімде өмір сүрген (сахабалар) буыны. Одан кейін солардың (көзін көріп) соңынан ерген (табиғиндер) буыны. Ал одан кейін солардың (көзін көріп) ізін жалғаған (таба-табиғиндер) буыны», – деп айтты» – делінген.

Имран ибн Хусайн: «Пайғамбарымыз «одан кейін солардың соңынан ерген буын» деген сөзін екі немесе үш мәрте айтты ғой деймін, қазір нақты есімде емес. Содан соң Алла елшісі: «Кейін олардың орнына, куәлік ету талап етілмесе де, куәлік ететін, опасыздық жасауды жаман әдетке айналдырып, ақырында, сенімсіз болған, серт беріп алып, оны орындамайтын және араларында семіздері көп қауым келеді», – деп айтты», – деген (Бұхари: 2651; Муслим: 6475; Ахмад: 1982).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Имраном ибн аль-Хусайном (да будет доволен ими обоими Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ сказал: «Лучшие из вас – поколение, жившее в моё время (сподвижники). Затем – поколение тех, кто (увидев их при жизни) последовал за ними (таби‘ины). А после – поколение тех, кто (увидев предыдущее поколение при жизни) продолжил идти по их стопам (таба-таби‘ины)».

Имран ибн аль-Хусайн сказал: «Кажется, Пророк ﷺ два или три раза повторил слова: “Затем – поколение тех, кто последовал за ними”, но сейчас я точно не помню. После этого Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Затем на смену им придут люди, которые будут свидетельствовать, хотя их об этом не просили; для которых вероломство станет привычкой, вследствие чего им перестанут доверять; которые будут давать обеты, но не станут их исполнять; и среди них будет много тучных людей”» (Аль-Бухари: 2651; Муслим: 6475; Ахмад: 1982).

511
Риядус-салихин, № 511Риуаят етуші: Әбу Умама (р.а.)

عَنْ أَبِى أُمَامَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَا ابْنَ آدَمَ، إِنَّكَ أَنْ تَبْذُلَ الْفَضْلَ خَيرٌ لَكَ، وَأَنْ تُمسِكَهُ شَرٌ لَكَ، ولَا تُلَامُ عَلَى كَفَافٍ، وَابْدأ بِمَنْ تَعُولُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Умама (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Уа, Адам баласы! Егер өзіңнен артылғанды садақаға берсең, сол сен үшін сөзсіз қайырлы болмақ. Ал сараңдық қылсаң, сол дүниең түбінде өзіңе сор болып жабысады. Өзіңе жететін дүние-мүлікке ие болғаның үшін саған айып тағылмайды. Қолыңдағы дүние-мүлкіңді алдымен өзің асырап отырған жандардың қажетіне жұмса», – деп айтты» – делінген (Тирмизи: 2343).

Орысша аудармасы

Абу Умама (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «О сын Адама! Если ты отдашь в качестве милостыни то, что осталось у тебя сверх необходимого, это, несомненно, будет благом для тебя. Если же станешь скупиться, это имущество в конце концов обернётся для тебя бедой. Тебя не будут порицать за то, что ты владеешь имуществом, достаточным для твоих нужд. Расходовать же имеющееся у тебя имущество начинай с тех, кого содержишь» (Ат-Тирмизи: 2343).

512
Риядус-салихин, № 512

وَعَنْ عُبيْدِ اللَّه بْنِ محْصن الْأَنصَارِيِّ الْخطميِّ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ أَصْبَحَ مِنْكُمْ آمِنًا فِى سربِهِ، مُعَافَىً فِى جَسَدِهِ، عِنْدَهُ قُوتُ يَوْمِهِ، فَكَأَنَّمَا حِيزَتْ لَهُ الدُّنْيَا بِحَذَافِيرِهَا»

Қазақша аудармасы

Убайдулла ибн Михсан әл-Ансари әл-Хатми (р.а.) былай деген: «Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбірің таңды әулетінің ішінде амандықта, тәні есен-сау һәм бір күндік азығы болған күйде атырса, оған бүкіл дүние нәсіп болды деуге болады», – деп айтты». (Тирмизи: 2346).

Орысша аудармасы

Убайдуллах ибн Михсан аль-Ансари аль-Хатми (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто из вас встретит утро в безопасности среди своей семьи, будучи здоровым и имея пропитание на один день, тот словно обрёл весь мир» (Ат-Тирмизи: 2346).

513
Риядус-салихин, № 513Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرو بْنِ الْعاص: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «قَدْ أفْلَحَ مَنْ أَسْلَمَ، وَكَانَ رِزْقُهُ كَفَافًا، وَقَنَّعَهُ اللَّهُ بِمَا آتَاهُ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізген хадисте: «Расулалла ﷺ: «Мұсылман болған һәм өзіне жететіндей ризық-несібесі бар және Алланың берген ризық-несібесін Алланың қалауымен қанағат тұтқан адам сөзсіз жетістікке жетеді», – деп айтты» – делінген (Муслим: 2426; Ахмад: 6572).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Поистине, преуспел тот, кто принял ислам, кому был дарован достаточный удел и кого Аллах сделал довольным тем, чем наделил его» (Муслим: 2426; Ахмад: 6572).

514
Риядус-салихин, № 514

عَنْ أَبِى محمدٍ فضَالَة بْنِ عبيدٍ الْأنصارِيِّ أَنَّهُ سمع رَسُول اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «طُوبَى لِمَنْ هُدِيَ لِلإِسْلَامِ، وَكَانَ عَيْشُهُ كَفَافًا وَقَنِعَ»

Қазақша аудармасы

Фадала ибн Убәйд әл-Ансари (р.а.) Алла елшісінің ﷺ: «Исламды қабылдап, тура жолға түскен әрі өзіне жететін дүниесі болған һәм соны қанағат тұтқан жан қандай бақытты!» – деп айтқанын естіген (Тирмизи: 2349).

Орысша аудармасы

Фадала ибн Убайд аль-Ансари (да будет доволен им Аллах) слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Как же счастлив тот, кто принял ислам, был наставлен на прямой путь, получил достаточный удел и довольствуется им!» (Ат-Тирмизи: 2349).

515
Риядус-салихин, № 515Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاس، قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَبيتُ اللَّيَالِيَ الْمُتَتَابِعَةَ طَاوِيًا، وَأَهْلُهُ لَا يَجِدُونَ عَشَاءً، وَكَانَ أَكْثَرُ خُبْزِهِمْ خُبزَ الشَّعيرِ

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Алла елшісі ﷺ кейде бірнеше күн қатарынан аш күйде түнейтін және отбасы да кешкілік асқа (еш нәрсе) таппай қалатын. Олардың жейтін наны көбінесе арпаның наны болатын», – деген (Тирмизи: 2360).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен ими обоими Аллах) передал: «Посланник Аллаха ﷺ порой несколько ночей подряд ложился спать голодным, и его семья также не находила ничего на ужин. Хлеб же, который они ели, чаще всего был ячменным» (Ат-Тирмизи: 2360).

516
Риядус-салихин, № 516Риуаят етуші: Фадала ибн Убәйд (р.а.)

عَنْ فُضَالَةَ بْنِ عبيدٍ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ إِذَا صَلَّى بِالنَّاسِ، يَخِرُّ رِجَالٌ مِنْ قَامَتِهِمْ فِى الصَّلَاةِ مِنَ الْخَصَاصَةِ – وَهُمْ أَصْحَابُ الصُّفَّةِ – حَتَّى يَقُولَ الْأعْرَابُ: هؤُلاء مَجَانِينٌ. فَإِذَا صلَّى رَسُول اللَّهِ ﷺ انْصَرَفَ إِلَيْهِمْ، فَقَالَ: «لَوْ تَعْلَمُونَ مَا لَكُمْ عِنْدَ اللَّهِ تَعَالَى، لأَحْبَبْتُمْ أَنْ تَزْدَادُوا فَاقَةً وَحَاجَةً»

Қазақша аудармасы

Фадала ибн Убәйд (р.а.): «Алла елшісі ﷺ жамағатқа намаз оқытқанда, сапта тұрған кей адамдар қатты ашыққаннан тік тұрған жерінен сұлап түсіп, есінен танып қалатын еді. Олар Суффалықтар болатын. Қырдан, сахарадан келген бәдәуилер олардың жағдайын білмегендіктен: «Бұларды жын ұрған», – дейтін. Алла елшісі намаз оқып бола салысымен, солардың қасынан табылып: «Алланың сендерге нендей сый дайындап қойғанын білсеңдер, бұдан да пақыр әрі мұқтаж болуды қалар едіңдер», – деп жұбататын еді», – деген.(Тирмизи: 2368; Ахмад: 23938).

Орысша аудармасы

Фадала ибн Убайд (да будет доволен им Аллах) передал: «Когда Посланник Аллаха ﷺ руководил общей молитвой, некоторые люди, стоявшие в рядах, от сильного голода падали в обморок прямо там, где стояли. Это были обитатели Суффы. Бедуины, пришедшие из степи и пустыни, не зная об их положении, говорили: “Эти люди одержимы джиннами”. Завершив молитву, Посланник Аллаха ﷺ сразу же подходил к ним и утешал словами: “Если бы вы знали, какую награду Аллах приготовил для вас, то пожелали бы стать ещё беднее и испытывать ещё большую нужду”» (Ат-Тирмизи: 2368; Ахмад: 23938).

517
Риядус-салихин, № 517

عَنْ أَبِى كرِيمة الْمقدام بْنِ معد يكرِبَ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَا مَلأَ آدَمِيٌّ وِعَاء شَرًّا مِنْ بَطْنٍ، بِحَسْبِ ابنِ آدَمَ أُكُلَاتٌ يُقِمْنَ صُلْبَهُ، فإِنْ كانَ لَا مَحالةَ فثُلُثٌ لِطَعَامِهِ، وَثُلُثٌ لِشَرابِهِ، وَثُلُثٌ لِنَفَسه»

Қазақша аудармасы

Әбу Кәримәтә әл-Миқдад ибн Мағдикариб (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Адам баласы еш уақытта өзінің қарны секілді жаман ыдысты лықа толтырған емес. Әсілінде, адамға әлденіп алу үшін аз ғана тағам жеткілікті. Ал егер оған міндетті түрде ішіп-жеу керек болса, асқазанының үштен бірін тамаққа, үштен бірін сусынға толтырсын. Қалған үштен бір бөлігін еркін тыныстау үшін бос қалдырсын», – деп айтқанын естідім», – деген (Тирмизи: 2380; Ахмад: 17186).

Орысша аудармасы

Абу Карима Микдам ибн Мадикариб (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Никогда человек не наполнял доверху сосуда хуже собственного желудка. Поистине, человеку достаточно лишь немного пищи, чтобы поддерживать свои силы. Если же он не может ограничиться малым, пусть треть желудка отведёт пище, треть – питью, а оставшуюся треть оставит свободной, чтобы легко дышать”» (Ат-Тирмизи: 2380; Ахмад: 17186).

518
Риядус-салихин, № 518

عَنْ أَبِى أُمَامَة إِياسِ بْنِ ثعلبةَ الْأَنْصَارِيِّ الْحارثي قَالَ: ذَكَرَ أَصْحَابُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَوْمًا عِنْدَهُ الدُّنْيَا، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «ألَا تَسْمَعُونَ؟ أَلَا تَسْمَعُونَ؟ إِنَّ الْبَذَاذَةَ مِنَ الْإِيمَانِ، إِنَّ الْبَذَاذَةَ مِنَ الْإِيمَانِ» يَعْنِى: التَّقَحُّلَ

Қазақша аудармасы

Әбу Умама Ияс ибн Сағләбә әл-Ансари әл-Хариси (р.а.): «Бір күні Алла елшісінің ﷺ құзырында сахабалары дүние (игіліктері) жайлы сөз қылды. Сонда Алла елшісі: «Құлақ салмайсыңдар ма? Құлақ салмайсыңдар ма? Шынында жұпынылық (яғни, қарапайым киіну) – иманнан, шынында жұпынылық – иманнан!» – деп, қиын тұрмыс пен қатал тіршіліктің адамның тәні мен тұла бойындағы белгілерін меңзеді», – деген (Әбу Дәуіт: 4161).

Орысша аудармасы

Абу Умама Ияс ибн Саляба аль-Ансари аль-Хариси (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды в присутствии Посланника Аллаха ﷺ его сподвижники заговорили о мирских благах. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Разве вы не слышите? Разве вы не слышите? Поистине, непритязательность (то есть простота в одежде) – от веры! Поистине, непритязательность – от веры!” – имея в виду следы тягот и суровой жизни, проявляющиеся на теле и во всём облике человека» (Абу Дауд: 4161).

519
Риядус-салихин, № 519

عَنْ أَبِى عَبْد اللَّهِ جابر بْنِ عَبْدِ اللَّهِ، قَالَ: بَعَثَنَا رَسُول اللَّهِ ﷺ، وَأمَّرَ عَلَيْنَا أَبَا عُبَيْدَةَ، نَتَلَقَّى عِيرًا لِقُرَيْشٍ، وَزَوَّدَنَا جِرَابًا مِنْ تَمْرٍ لَمْ يَجِدْ لَنَا غَيْرَهُ، فَكَانَ أَبو عُبيدَةَ يُعْطِينَا تَمْرَةً تَمْرَةً، فَقيلَ: كَيْفَ كُنْتُمْ تَصْنَعُونَ بِهَا؟ قَالَ: نَمَصُّهَا كَمَا يَمَصُّ الصَّبي، ثُمَّ نَشْرَبُ عَلَيْهَا مِنَ الْمَاءِ، فَتَكْفِينَا يَوْمَنَا إِلَى اللَّيْلِ، وَكُنَّا نَضْرِبُ بِعِصيِّنَا الْخَبَطَ، ثُمَّ نَبُلُّهُ بِالماءِ فَنَأكُلُهُ. قَالَ: وَانْطَلَقْنَا عَلَى سَاحِلِ الْبَحْرِ، فَرُفِعَ لَنَا عَلَى سَاحِلِ الْبَحْرِ كَهَيْئَةِ الْكَثِيبِ الضَّخْمِ، فَأَتَيْنَاهُ فَإِذَا هِيَ دَابَّةٌ تُدْعَى الْعَنْبَرَ، فَقَالَ أَبو عُبَيْدَةَ: مَيْتَةٌ، ثُمَّ قَالَ: لَا، بَلْ نَحْنُ رُسُلُ رَسُول اللَّهِ ﷺ، وَفِى سبيل اللَّه وَقَدِ اضْطُرِرْتُمْ فَكُلُوا، فَأقَمْنَا عَلَيْهِ شَهْرًا، وَنَحْنُ ثَلَاثُمِئَةٍ حَتَّى سَمِنَّا، وَلَقَدْ رَأَيْتُنَا نَغْتَرِفُ مِن وَقْبِ عَيْنِهِ بِالقِلَالِ الدُّهْنَ وَنَقْطَعُ مِنْهُ الْفِدَرَ كالثَّوْرِ أَوْ كَقَدْرِ الثَّوْرِ، وَلَقَدْ أَخَذَ مِنَّا أَبو عُبَيْدَةَ ثَلَاثَةَ عَشَرَ رَجُلًا فَأقْعَدَهُمْ فِى وَقْبِ عَيْنِهِ وَأَخَذَ ضِلْعًا مِنْ أضْلَاعِهِ فَأقَامَهَا ثُمَّ رَحَلَ أعْظَمَ بَعِيرٍ مَعَنَا فَمَرَّ مِنْ تَحْتهَا وَتَزَوَّدْنَا مِنْ لَحْمِهِ وَشَائِقَ، فَلَمَّا قَدِمْنَا الْمَدِينَةَ أَتَيْنَا رَسُول اللَّهِ ﷺ فَذَكَرْنَا ذَلِكَ لَهُ، فَقَالَ: «هُوَ رِزْقٌ أخْرَجَهُ اللَّهُ لَكُمْ، فَهَلْ مَعَكُمْ مِنْ لَحْمِهِ شَيْءٌ فَتُطْعِمُونَا؟» فَأرْسَلْنَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مِنْهُ فَأكَلَهُ

Қазақша аудармасы

Әбу Абдуллаһ Жәбир ибн Абдуллаһ (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ арамыздан Әбу Убәйданы (р.а.) қолбасшы тағайындап, бізді Құрайыш керуенін қолға түсіру үшін аттандырды. Басқа ештеңе таппай, азық ретінде бір дорба құрма берді. Әбу Убәйда құрмаларды бір-бірлеп бөліп беретін. Осы кезде тыңдаушылардың бірі Жәбирден: «Әлгі (азғантай) құрмамен қалай күнелттіңіздер?» – деп сұрады. Ол: «Бала секілді құрманы ауызға салып соратынбыз, артынан су ішетінбіз. Сол күні кеш батқанша ол бізге жететін. Таяқпен бұтақтарды сілкілеп, түскен жапырақтарды суға шылап жейтінбіз», – деп жауап қатты. Іле сөзін былай деп жалғады: «Біз бір жағалаумен жүре бердік. Бір мезет алдымыздан құм төбе тәрізді ірі бір нәрсе көзге шалынды. Жақындап кеп қарасақ, Анбер деп аталатын алып балық екен. Қолбасшымыз Әбу Убәйда: «Бұл өлексеге жатады (жеуге болмас)», – деді. Артынан ойын өзгертіп: «Біз қазір Расулалланың елшілеріміз, өзіміз Алла жолындамыз. Сендер аштық қысып қатты қиналып тұрсыңдар, мәжбүрсіңдер. Ендеше, жеңдер, ештеңе етпес», – деді. Ұзын санымыз үш жүз кісі едік. Бір ай бойы сол жерде тұрақтап, әлгі балықтың етін жеп күнелттік. Тіпті толып кеттік. Балықтың көз ойдымынан құмыра-құмыра май алғанымыз есімде. Әлгі киттен өгіздің үлкендігіндей ет шабатынбыз. Әбу Убәйда арамыздан он үш кісіні балықтың көзінің ойдымына отырғызып, қабырға сүйегінің бірін алып, жерге қадады. Сөйтті де, ең үлкен түйені ерттеп мініп, әлгі қабырға сүйектің астынан өтті. Балықтың етінен жеуге деп қақтап алдық.

Мәдинаға оралғанда, Алланың елшісіне барып, басымыздан өткен оқиғаны баяндадық. Расулалла: «Ол Алланың сендерге бұйырған несібесі ғой, етінен қалды ма? Қалса, бізге де дәм татырыңдар», – деді. Кейін біз еттен Алла елшісіне беріп жібердік, ол да одан дәм татты», – деген (Муслим: 4998; Ахмад: 14338).

Орысша аудармасы

Абу Абдуллах Джабир ибн Абдуллах (да будет доволен ими обоими Аллах) передал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ назначил Абу Убайду (да будет доволен им Аллах) командиром нашего отряда и отправил нас перехватить караван курайшитов. Не найдя ничего другого, он дал нам в качестве провизии один мешок фиников. Абу Убайда выдавал каждому по одному финику». Один из слушателей спросил Джабира: «Как вы обходились теми (немногими) финиками?» Он ответил: «Мы клали финик в рот и сосали его, как дети, а затем пили воду. Этого нам хватало до самого вечера. Кроме того, мы сбивали палками листья с ветвей, размачивали их в воде и ели».

Затем он продолжил: «Мы шли вдоль берега и вдруг увидели впереди нечто огромное, похожее на песчаный холм. Подойдя ближе, мы обнаружили, что это огромная рыба, называемая амбер. Наш командир Абу Убайда сказал: “Это падаль (есть её нельзя)”. Однако затем он изменил своё решение и сказал: “Мы – посланцы Посланника Аллаха ﷺ и находимся на пути Аллаха. Вы изнурены голодом и вынуждены это сделать. Поэтому ешьте, ничего страшного”.

Всего нас было триста человек. Мы оставались там целый месяц, питаясь мясом этой рыбы, и даже располнели. Помню, как из её глазной впадины мы черпали жир целыми кувшинами. От того кита мы отрубали куски мяса величиной с быка. Абу Убайда посадил тринадцать человек из нашего отряда в глазную впадину рыбы, затем взял одно из её рёбер и установил его на земле. После этого он оседлал самого большого верблюда, сел на него и проехал под этим ребром. Мы также заготовили впрок вяленое мясо рыбы.

Вернувшись в Медину, мы пришли к Посланнику Аллаха ﷺ и рассказали ему обо всём, что с нами произошло. Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Это ведь удел, которым Аллах наделил вас. Осталось ли у вас мясо? Если осталось, дайте и нам отведать”. Тогда мы отправили Посланнику Аллаха ﷺ часть мяса, и он тоже отведал его» (Муслим: 4998; Ахмад: 14338).

520
Риядус-салихин, № 520Риуаят етуші: Әсма бинт Язид (р.а.)

عَنْ أسماء بنتِ يزيد، قَالَتْ: كَانَ كُمُّ قَمِيصِ رَسُول اللَّهِ ﷺ إِلَى الرُّصْغِ

Қазақша аудармасы

Әсма бинт Язид (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ жейдесінің жеңі білекке дейін болатын», – деген (Әбу Дәуід: 4027; Тирмизи: 1765).

Орысша аудармасы

Асма бинт Язид (да будет доволен ею Аллах) передала: «Рукава рубахи Посланника Аллаха ﷺ доходили до запястий» (Абу Дауд: 4027; Ат-Тирмизи: 1765).

521
Риядус-салихин, № 521Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِر قَالَ: إِنَّا كُنَّا يَوْمَ الْخَنْدَقِ نَحْفِرُ، فَعَرَضَتْ كُدْيَةٌ شَدِيدَةٌ، فَجَاؤُوا إِلَى النَّبِيّ ﷺ فَقَالُوا: هَذِهِ كُدْيَةٌ عَرَضَتْ فِى الْخَنْدَقِ. فَقَالَ: «أَنَا نَازِلٌ» ثُمَّ قَامَ، وَبَطْنُهُ مَعْصُوبٌ بِحَجَرٍ، وَلَبِثْنَا ثَلَاثَة أيّامٍ لَا نَذُوقُ ذَوَاقًا فَأَخَذَ النَّبِيّ ﷺ الْمِعْوَلَ، فَضَرَبَ فَعَادَ كَثيبًا أهْيَلَ أَو أهْيَمَ، فقلت: يَا رَسُولَ اللَّهِ، ائْذَنْ لِى إِلَى الْبَيْتِ، فَقُلْتُ لامْرَأتِى: رَأَيْتُ بالنَّبِيِّ ﷺ شَيْئًا مَا فِى ذَلِكَ صَبْرٌ فَعِنْدَكِ شَيْءٌ؟ فَقَالَتْ: عِنْدي شَعِيرٌ وَعَنَاقٌ، فَذَبَحْتُ الْعَنَاقَ وَطَحَنْتُ الشَّعِيرَ حَتَّى جَعَلْنَا اللَّحْمَ فِى الْبُرْمَةِ، ثُمَّ جِئْتُ النَّبِيّ ﷺ، وَالعَجِينُ قَدِ انْكَسَرَ، وَالْبُرْمَةُ بَيْنَ الْأثَافِيِّ قَدْ كَادَتْ تَنْضِجُ، فَقُلْتُ: طُعَيْمٌ لي، فَقُمْ أَنْتَ يَا رَسُولَ اللَّهِ وَرَجُلٌ أَوْ رَجُلانِ، قَالَ: «كَمْ هُوَ»؟ فَذَكَرْتُ لَهُ، فَقَالَ: «كَثِيرٌ طَيِّبٌ قُل لَهَا لَا تَنْزَع الْبُرْمَةَ، وَلَا الْخبْزَ مِنَ التَّنُّورِحتى آتِى» فَقَالَ: «قُومُوا»، فقام الْمُهَاجِرُونَ وَالْأنْصَارُ، فَدَخَلْتُ عَلَيْهَا فَقُلْتُ: وَيْحَكِ قَدْ جَاءَ النَّبِيُّ ﷺ وَالْمُهَاجِرُونَ وَالْأنْصَارُ ومن مَعَهُمْ! قَالَتْ: هَلْ سَأَلَكَ؟ قُلْتُ: نَعَمْ، قَالَ: «ادْخُلُوا وَلَا تَضَاغَطُوا» فَجَعَلَ يَكْسرُ الْخُبْزَ، وَيَجْعَلُ عَلَيْهِ اللَّحْمَ، وَيُخَمِّرُ الْبُرْمَةَ وَالتَّنُّور إِذَا أَخَذَ مِنْهُ، وَيُقَرِّبُ إِلَى أَصْحَابِهِ ثُمَّ يَنْزعُ، فَلَمْ يَزَلْ يِكْسِرُ وَيَغْرِفُ حَتَّى شَبِعُوا، وَبَقِيَ مِنْهُ، فَقَالَ: «كُلِى هَذَا وَأهِدي، فَإِنَّ النَّاسَ أَصَابَتْهُمْ مَجَاعَةٌ»

وَفِى رِوَايَة قَالَ جابر: لَمَّا حُفِرَ الْخَنْدَقُ رَأَيْتُ بالنَّبِيِّ ﷺ خَمَصًا، فَانْكَفَأْتُ إِلَى امْرَأتِى، فقلت: هَلْ عِنْدَكِ شَيْءٌ؟ فَإِنِّى رَأَيْتُ بِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ خَمَصًا شَديدًا، فَأخْرَجَتْ إِلَيَّ جِرَابًا فِيه صَاعٌ مِنْ شَعِيرٍ، وَلَنَا بَهِيمَةٌ دَاجِنٌ فَذَبَحْتُهَا، وَطَحَنتِ الشَّعِيرَ، فَفَرَغَتْ إِلَى فَرَاغي، وَقَطَعْتُهَا فِى بُرْمَتها، ثُمَّ وَلَّيْتُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَتْ: لَا تَفْضَحْنِى بِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَمَنْ مَعَهُ، فَجئتهُ فَسَارَرْتُهُ، فَقُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، ذَبَحْنَا بهيمَة لَنَا، وَطَحَنْتُ صَاعًا مِنْ شَعِيرٍ، فَتَعَالَ أَنْتَ وَنَفَرٌ مَعَكَ، فَصَاحَ رَسُول اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «يَا أَهْلَ الْخَنْدَقِ: إِنَّ جَابِرًا قَدْ صَنَعَ سُؤْرًا فَحَيَّهَلا بِكُمْ» فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «لَا تُنْزِلُنَّ بُرْمَتَكُمْ وَلَا تَخْبزنَّ عَجِينَكُمْ حَتَّى أجِيءَ» فَجِئْتُ، وَجَاءَ النَّبِيّ ﷺ يَقْدُمُ النَّاسَ، حَتَّى جِئْتُ امْرَأتِى، فَقَالَتْ: بِكَ وَبِكَ! فقُلْتُ: قَدْ فَعَلْتُ الَّذِى قُلْتِ. فَأخْرَجَتْ عَجِينًا، فَبسَقَ فِيهِ وَبَاركَ، ثُمَّ عَمَدَ إِلَى بُرْمَتِنا فَبصَقَ وَبَارَكَ، ثُمَّ قَالَ: «ادْعِى خَابزَةً فَلْتَخْبِزْ مَعَكِ، وَاقْدَحِى مِنْ بُرْمَتِكُمْ، وَلَا تُنْزِلُوها» وَهُم أَلْفٌ، فَأُقْسِمُ بِاللَّه لأَكَلُوا حَتَّى تَرَكُوهُ وَانْحَرَفُوا، وَإِنَّ بُرْمَتَنَا لَتَغِطّ كَمَا هِيَ، وَإِنَّ عَجِينَنَا لَيُخْبَزُ كَمَا هُوَ

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Хандақ шайқасының қарсаңында ор қазып жатқанымызда ойламаған жерден кедергіге тап болып, үлкен тасқа тірелдік. Бірнеше адам Пайғамбарымызға ﷺ барып: «Ор ішінен шыққан бір үлкен тас бізге бөгесін болып тұр», – деді. Ол: «Олай болса, өзім түсем», – деп орнынан түрегелді. Ішіне тас байлап алған екен. Соңғы үш күн бойы ешбіріміз нәр сызбаған едік. Пайғамбарымыз қолына қайланы алып, сермеп қалып еді, әлгі тастың күл-талқаны шықты. Мен: «Уа, Расулалла! Маған үйіме барып қайтуыма рұқсат етіңіз», – деп сұранып кеттім. Содан үйге келіп, әйеліме: «Пайғамбарымыздың ашыққаны соншалық – ондай аштыққа бұдан ары шыдау мүмкін емес. Жүрек жалғайтын не бар?» – дедім. Әйелім: «Азын-аулақ арпа мен жалғыз лақ бар», – деді. Дереу лақты сойып, арпаны тарттым. Содан соң етті пісіру үшін қазанға салып қойдық. «Нан көтерілді-ау, қазандағы ет пісіп қалды-ау» деген кезде, Пайғамбарымызға барып: «Уа, Расулалла! Азғантай дәм әзірлеген едім. Қасыңызға бір-екі адам ертіп, үйге жүріңіз», – дедім. Ол: «Қанша адамға әзірледің?» – деп сұрағанда, барымды айттым. Сонда ол: «О, көп екен, бәрекелді, жақсы! Жұбайыңа мен келгенше, қазанды ошақтан түсірмей, нанды тандырдан шығармай тұра тұрсын деп айт», – деді. Сөйтті де, сахабаларға: «Ал қанеки, тұрыңдар кеттік», – деді. Мұһажырлар мен ансарлар түгел орындарынан тұрды. Мен алып-ұшып үйге келіп, сасқанымнан әйеліме: «Ойбай, енді қайттің байғұс-ау! Пайғамбарымызбен бірге мұһажырлар, ансарлар және солармен бірге болғандардың бәрі келе жатыр», – дедім. Әйелім: «Сенен қаншалықты ас дайындағанымызды сұрады ма?» – деді. Мен: ««Иә, сұрады» – дедім. Алла елшісі есік алдына келгенде сахабаларына: «Үйге кіріңдер, сығылыспай бір-бірлеп кіріңдер», – деді. Содан Расулалла нанды өз қолымен бөліп, үстіне ет салып, қонақтарға тарата бастады. Нан мен етті бірте-бірте шығарып, сахабаларына тағамды ұзатқан сайын, қазан мен тандырдың бетін қайта-қайта жауып отырды. Сөйтіп, ол қонақтардың бойына қан жүгіріп, қарны тойғанша, өз қолымен тандырдағы наннан үзіп, қыш құмырадан ет алып беріп отырды. Соның өзінде біраз тағам артылып қалды. Расулалла әйеліме: «Мына тағамнан өзің жей ғой, әрі өзгелерге де бер, өйткені қалың ел аштықтың азабын тартып жүр», – деп айтты», – деген (Бұхари: 4101; Ахмад: 14211).

Осы хадистің тағы бір нұсақасында Жәбир (р.а.): «Ор қазылған кезде, Пайғамбарымыздың ﷺ аш екенін байқадым. Дереу әйеліме оралып: «Сенде талғажау қылатын бір нәрсе бар ма? Расында Алла елшісінің қатты аш екенін көрдім», – дедім. Сонда ол маған ішінде бір сағ1 арпа болған тері қапшықты алып шықты, сондай-ақ, біздің қолға үйренген марқа лағымыз бар еді. Мен бірден соны союға кірістім, ал әйелім арпаны диірменге тартуға кірісті. Мен қой сойып болғанда, ол да арпаны тартып болды. Содан мен жас етті жаймалап, турап, қазанға салдым да, Алла елшісіне қарай бет алдым. Сонда әйелім маған: «Мені Алла елшісі мен қасындағы адамдардың алдында ұятқа қалдырмағын (яғни Алла елшісімен бірге көп адам ертіп келіп, ас-ауқатымыз жетпей қалып, ұятқа қалмайық)», – деді. Содан мен келдім де, ешкімге білдірмей бір өзіне ғана: «Уа, Расулалла! Марқа лағымызды сойған едік және бір сағ арпаны тартып қойдым, өзіңізбен бірге бірнеше кісіні ертіп, біздің үйге жүріңіз», – дедім. Сонда Алла елшісі дауыстап: «Уа, хандақ жұрты! Жәбир арнайы ас пісіріп, дастарқан жайыпты. Қане, жүріңдер», – деп жарияға жар салды. Сосын маған: «Мен келгенше қазандарыңды түсірмей, қамырларыңды пісірмей қоя тұрыңдар», – деп тапсырды. Сөйтіп мен үйге оралдым. Көп ұзамай Пайғамбарымыз да көпшілікті бастап келіп қалды. Әйеліме келгенімде, ол: «Сенен болды, сенен болды!» – деп ренжіді. Ал мен оған: «Бәрін де сен айтқандай істедім», – деп (болған жайды айтып бердім). Сосын әйелім қамырды шығарды, Алла елшісі оған мүбарак аузының суын тамызып, береке тіледі. Кейін қазанға барып, оған да мүбарак аузының суын тамызып, береке тіледі. Сонан соң әйеліме: «Өзіңмен бірге нан пісіретін бір әйелді шақыр. Ал тамақты оттан түсірмей құйя беріңдер», – деп тапсырды. (Келгендер саны) мың адамдай болды. Алланың атымен ант етейін, барлығы әбден тойынғанша жеді, тіпті артылып та қалды, барлығы қайтып кеткен соң да қазанымыз сол күйі қайнап тұрды, қамырымыз да сол қалпында пісіріліп жатты», – деген. (Бұхари: 4102; Муслим: 5315)

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) сказал: «Накануне битвы у Рва, когда мы копали ров, нам неожиданно преградил путь огромный камень. Несколько человек отправились к Пророку ﷺ и сказали: “Внутри рва нам мешает огромный камень”. Он ответил: “Тогда я сам спущусь”, – и поднялся со своего места. К его животу был привязан камень. К тому времени мы уже три дня ничего не ели. Пророк ﷺ взял кирку, ударил ею по камню, и тот рассыпался в прах.

Тогда я попросил: “О Посланник Аллаха! Позвольте мне сходить домой”. Придя домой, я сказал жене: “Пророк ﷺ так изнурён голодом, что я больше не в силах это выносить. Есть ли у тебя что-нибудь, чем можно было бы подкрепиться?” Она ответила: “Есть немного ячменя и один козлёнок”. Я тут же зарезал козлёнка и перемолол ячмень. Затем мы положили мясо в котёл и поставили его вариться. Когда тесто уже поднялось, а мясо в котле почти сварилось, я пришёл к Пророку ﷺ и сказал: “О Посланник Аллаха! Я приготовил немного еды. Возьмите с собой одного-двух человек и пойдёмте ко мне”. Он спросил: “Сколько еды ты приготовил?” Я рассказал ему обо всём, что у нас было. Тогда он сказал: “О, как много! Прекрасно, хорошо! Передай жене, чтобы она не снимала котёл с очага и не вынимала хлеб из печи, пока я не приду”.

Затем он обратился к сподвижникам: “Ну же, вставайте, пойдём!” Все мухаджиры и ансары поднялись со своих мест. Я стремглав прибежал домой и в смятении сказал жене: “О горе! Что же ты теперь будешь делать, бедняжка? Вместе с Пророком ﷺ идут все мухаджиры, ансары и те, кто находился с ними!” Она спросила: “Он спросил тебя, сколько еды мы приготовили?” Я ответил: “Да, спросил”.

Когда Посланник Аллаха ﷺ подошёл к нашему дому, он сказал сподвижникам: “Входите в дом по одному, не толпитесь”. Затем Посланник Аллаха ﷺ стал собственноручно разламывать хлеб, класть на него мясо и раздавать гостям. Всякий раз, вынимая хлеб и мясо и передавая еду сподвижникам, он снова накрывал котёл и печь. Так он сам доставал хлеб из печи, отламывал его и черпал мясо из глиняного сосуда, пока гости не подкрепились и не насытились. И даже после этого немного еды осталось. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал моей жене: “Поешь сама и накорми других, ведь множество людей страдает от голода”» (Аль-Бухари: 4101; Ахмад: 14211).

В другой версии этого хадиса Джабир (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда мы копали ров, я заметил, что Пророк ﷺ сильно голоден. Я тотчас вернулся к жене и спросил: “Есть ли у тебя что-нибудь, чем можно было бы подкрепиться? Поистине, я вижу, что Посланник Аллаха ﷺ сильно голоден”. Тогда она вынесла мне кожаный мешок, в котором находился один са‘1 ячменя. Кроме того, у нас был ручной подросший козлёнок. Я сразу принялся его резать, а жена стала молоть ячмень. Когда я закончил разделывать тушу, она также закончила молоть ячмень. Затем я нарезал свежее мясо, сложил его в котёл и направился к Посланнику Аллаха ﷺ. Жена сказала мне: “Не опозорь меня перед Посланником Аллаха ﷺ и людьми, находящимися с ним (то есть не приводи вместе с Посланником Аллаха слишком много людей, чтобы еды не оказалось недостаточно и мы не попали в неловкое положение)”.

Придя к нему, я тихо, так, чтобы никто не услышал, сказал: “О Посланник Аллаха! Мы зарезали нашего подросшего козлёнка и перемололи один са‘ ячменя. Возьмите с собой несколько человек и пойдёмте к нам”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ громко воззвал: “О люди, копавшие ров! Джабир приготовил для вас особое угощение и накрыл стол. Ну же, идёмте!” Затем он велел мне: “Не снимайте котёл с огня и не начинайте печь хлеб, пока я не приду”.

Я вернулся домой. Вскоре пришёл и Пророк ﷺ, ведя за собой множество людей. Когда я подошёл к жене, она укоризненно сказала: “Это всё из-за тебя! Всё из-за тебя!” Я ответил ей: “Я сделал всё так, как ты сказала”, – и рассказал о случившемся.

Затем жена вынесла тесто. Посланник Аллаха ﷺ слегка смочил его своей благословенной слюной и попросил для него благодати. Потом он подошёл к котлу, также слегка смочил находившуюся в нём еду своей благословенной слюной и попросил для неё благодати. После этого он велел моей жене: “Позови ещё одну женщину, чтобы она помогала тебе печь хлеб. А еду продолжайте черпать из котла, не снимая его с огня”. Пришедших было около тысячи человек. Клянусь Аллахом, все они ели, пока не насытились, и после этого еда ещё осталась. Даже когда все разошлись, наш котёл продолжал кипеть, как прежде, а из теста всё так же продолжали печь хлеб» (Аль-Бухари: 4102; Муслим: 5315).

  1. 1Үш жарым келіге тең өлшем бірлігі.
  1. 1Мера, равная трём с половиной килограммам.
522
Риядус-салихин, № 522Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ قَالَ: قَالَ أَبو طَلْحَةَ لأُمِّ سُلَيمٍ: قَدْ سَمِعْتُ صَوْتَ رَسُول اللَّهِ ﷺ ضَعيفًا أعْرِفُ فيه الْجُوعَ، فَهَلْ عِنْدَكِ مِنْ شَيْءٍ؟ فَقَالَتْ: نَعَمْ، فَأخْرَجَتْ أقْرَاصًا مِنْ شَعِيرٍ، ثُمَّ أَخَذَتْ خِمَارًا لَهَا، فَلَفَّتِ الْخُبْزَ بِبَعْضِهِ، ثُمَّ دَسَّتْهُ تَحْتَ ثَوْبِى وَرَدَّتْنِى بِبَعْضِهِ، ثُمَّ أَرْسَلَتْنِى إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَذَهَبتُ بِهِ، فَوَجَدْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، جَالِسًا فِى الْمَسْجِدِ، وَمَعَهُ النَّاسُ، فَقُمْتُ عَلَيْهمْ، فَقَالَ لِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَرْسَلَكَ أَبو طَلْحَةَ؟» فقلت: نَعَمْ، فَقَالَ: «ألِطَعَامٍ؟» فقلت: نَعَمْ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «قُومُوا» فَانْطَلَقُوا وَانْطَلَقْتُ بَيْنَ أيْدِيهِمْ حَتَّى جِئْتُ أَبَا طَلْحَةَ فَأخْبَرْتُهُ، فَقَالَ أَبو طَلْحَةَ: يَا أُمَّ سُلَيْمٍ، قَدْ جَاءَ رَسُول اللَّهِ ﷺ بالنَّاسِ وَلَيْسَ عِنْدَنَا مَا نُطْعِمُهُمْ؟ فَقَالَتْ: اللَّه وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ. فَانْطَلَقَ أَبو طَلْحَةَ حَتَّى لَقِيَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَأقْبَلَ رَسُول اللَّهِ ﷺ مَعَهُ حَتَّى دَخَلَا، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «هَلُمِّى مَا عِنْدَكِ يَا أُمَّ سُلَيْمٍ» فَأتَتْ بِذَلِكَ الْخُبْزِ، فَأَمَرَ بِهِ رَسُول اللَّهِ ﷺ فَفُتَّ، وَعَصَرَتْ عَلَيْهِ أمُّ سُلَيْمٍ عُكّةً فَآدَمَتْهُ، ثُمَّ قَالَ فِيهِ رَسُول اللَّهِ ﷺ مَا شَاءَ اللَّهُ أَنْ يَقُولَ، ثُمَّ قَالَ: «ائْذَنْ لِعَشْرَةٍ» فأذنَ لَهُمْ فَأكَلُوا حَتَّى شَبِعُوا ثُمَّ خَرَجُوا، ثُمَّ قَالَ: «ائْذَنْ لِعَشْرَةٍ» فأذِنَ لهم حَتَّى أكَلَ الْقَوْمُ كُلُّهُمْ وَشَبِعُوا وَالقَوْمُ سَبْعُونَ رَجُلًا أَو ثَمَانُونَ. مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ.

وَفِى رِوَايَة: فَمَا زَالَ يَدْخُلُ عَشرَة، وَيخرجُ عشرةٌ حَتَّى لَمْ يَبْقَ مِنْهُمْ أَحَدٌ إِلَّا دَخَلَ، فَأكَلَ حَتَّى شَبعَ، ثُمَّ هَيَّأهَا فَإِذَا هِيَ مِثْلُهَا حِيْنَ أكَلُوا مِنْهَا.

وَفِى رِوَايَة: فَأَكَلُوا عَشرَةً عَشرةً، حَتَّى فَعَلَ ذَلِكَ بِثَمَانِينَ رَجُلًا، ثُمَّ أكَلَ النَّبِيُّ ﷺ بَعْدَ ذَلِكَ وَأَهْلُ الْبَيْتِ، وَتَرَكُوا سُؤْرًا.

وَفِى رِوَايَة: ثُمَّ أَفْضَلُوا مَا بَلَغُوا جيرانَهُمْ

وَفِى رِوَايَة عَنْ أَنَس، قَالَ: جِئتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَوْمًا، فَوَجَدْتُهُ جَالِسًا مَعَ أَصْحَابِه، وَقَدْ عَصَبَ بَطْنَهُ، بِعِصَابَةٍ، فَقُلْتُ لِبَعْضِ أَصْحَابِهِ: لِمَ عَصَبَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بَطْنَهُ؟ فَقَالُوا: مِنَ الْجوعِ، فَذَهَبْتُ إِلَى أَبِى طَلْحَةَ، وَهُوَ زَوْجُ أُمِّ سُلَيْمٍ بِنْت مِلْحَانَ، فَقُلْتُ: يَا أبتَاهُ، قَدْ رَأَيْتُ رَسُول اللَّهِ ﷺ عَصَبَ بَطْنَهُ بِعِصَابَةٍ، فَسَأَلْتُ بَعْضَ أَصْحَابِهِ، فَقَالُوا: من الْجُوعِ. فَدَخَلَ أَبو طَلْحَةَ عَلَى أُمِّى، فَقَالَ: هَلْ مِنْ شَيْءٍ؟ قَالَتْ: نَعَمْ، عِنْدِى كِسَرٌ مِنْ خُبْزٍ وَتَمَرَاتٌ، فَإِنْ جَاءَنَا رَسُول اللَّهِ ﷺ وَحْدَهُ أشْبَعْنَاهُ، وَإِنْ جَاءَ آخَرُ مَعَهُ قَلَّ عَنْهُمْ... وَذَكَرَ تَمَامَ الْحَدِيثِ

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Бір күні Әбу Талха әйелі Үммі Суләймге: «Расында, Алла елшісінің ﷺ даусының әзер шыққанын естідім, содан қатты аш екенін білдім. Сенде талғажау қылатын бір нәрсе бар ма?» – деді. Үммі Суләйм: «Иә», – деп, арпа ұнынан пісірілген бірнеше күлше нан алып шықты. Сосын өзінің жаулығын алды да, бір шетіне нанды орап, оны менің қойныма салды, сосын қалған бөлігімен мені орады да, Алла елшісіне жіберді. Нанды алып барғанымда, Алла елшісі мешітте бір топ адаммен бірге отыр екен. Қастарына барғанымда Алла елшісі маған: «Сені Әбу Талха жіберді ме?» – деді. Мен: «Иә», – дегенімде, ол: «Тамаққа ма?» – деп тағы сұрады. Мен: «Иә», – дедім. Сонда Алла елшісі қасындағыларға: «Қане, тұрыңдар кеттік», – деді. Сөйтіп олар бізідікіне қарай бет алды, мен олардың алдына түсіп алып-ұшып Әбу Талхаға келдім де, болған жайдан хабар бердім. Сонда Әбу Талха: «Уа, Үммі Суләйм! Алла елшісі бір топ адаммен келіп қалды, олардың алдына қоятын түгіміз жоқ қой!» – деп сасып қалды. (Анам болса): «Алла және елшісі бәрінен жақсы білуші (шынымен келе жатса, бір мәнісі болар)», – деп (тәуекел танытты). Содан Әбу Талха Алла елшісінің алдынан шығып күтіп алды. Алла елшісі онымен бірге үйге кірді де: «Барыңды әкеле бер, уа, Үммі Суләйм!» – деді. Анам әлгі нанды әкелді де Алла елшісінің айтуымен оны үзіп-үзіп ұсақтады да, үстіне май құятын тері торсықты сығып, бетіне еріген майдан дәмқосар жақты. Сонан соң Алла елшісі (майланған нанды дастарқанға қойып) Алла қалаған сөздермен асқа бата жасады да: «Он адамды кіргіз», – деді. (Әбу Талха) он адамды кіргізді, олар тойғанша ішіп-жеді де, шығып кетті. Содан соң Алла елшісі: «Тағы он адамды кіргіз», – деді. (Әбу Талха) тағы да он адамды кіргізді, олар да тойғанша ішіп-жеді де, шығып кетті. Содан кейін Алла елшісі: «Тағы он адамды кіргіз», – деді, (Әбу Талха) тағы он адамды кіргізді. Осылайша келген ел-жұрттың барлығы ішіп-жеп тойғанша жалғасты. (Сол күні үйге келген) ел-жұрттың ұзын саны жетпіс, не сексен адам болды». (Бұхари;3578; Муслим, 3516; Ахмад: 13273)

Аталмыш хадистің тағы бір нұсқасында: «Келген кісілердің барлығы кіріп, бірі қалмай тойып шыққанға дейін он-он адамнан ауысып, кезек-кезек кіріп, шығып отырды. Содан соң (Алла елшісі) қалған асты бір жерге жинағанда, дастархандағы нан ел-жұрт алғаш жей бастаған кездегідей мөлшерде болып шықты», – деп келген. (Муслим: 3517)

(Имам Муслимнің Әнәстен (р.а.) жеткізген тағы бір) риуаятында: «Сөйтіп олар он-он адамнан алма-кезек тамақтанды. (Алла елшісі) мұны сексен адамның бәріне жасады. Содан кейін Пайғамбарымыз өзі де үй иелерімен бірге отырып тамақтанды. (Олардан кейін де дастарханда) біраз тағам қалған болатын», – делінген.

Басқа бір риуаятта: «Осылайша олар артылған астан көршілеріне де алып қалып, сарқыт ретінде жіберген еді», – деп келген.

Хадистің келесі бір нұсқасында Әнәс (р.а.): «Бір күні Алла елшісіне барсам, сахабаларымен бірге отыр екен және ішін байлауышпен орап алыпты. Сахабаларынан: «Алла елшісі ішін неге байлап алған?» – деп сұрағанымда, олар: «Аштықтан», – деді. Сосын мен Үммі Суләйм бинт Милханның жұбайы Әбу Талхаға бардым да: «Уа, әкешім! Алла елшісінің ішін байлауышпен орап алғанын көрдім және кейбір сахабаларынан себебін сұрағанымда, олар: «Аштықтан», – деді», – дедім. Сол кезде Әбу Талха анамның қасына кірді де: «Тіскебасар бірдеңе бар ма?» – деп сұрады. Анам: «Иә, менде бірнеше үзім нан мен құрма бар. Егер Алла елшісі жалғыз өзі келсе, тамағын тойдыра аламыз. Ал егер онымен бірге тағы біреу еріп келсе, онда оларға бұл жеткіліксіз болады», – деп жауап берді», – деп, хадисті толығымен жеткізген.

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды Абу Тальха сказал своей жене Умм Суляйм: “Я слышал слабый голос Посланника Аллаха ﷺ и понял, что он сильно голоден. Есть ли у тебя что-нибудь из еды?” Умм Суляйм ответила: “Да”, – и достала несколько лепёшек из ячменной муки. Затем она взяла свой головной платок, завернула хлеб в один его конец и положила мне за пазуху, а оставшейся частью платка обернула меня, после чего отправила к Посланнику Аллаха ﷺ.

Придя с хлебом, я застал Посланника Аллаха ﷺ в мечети вместе с группой людей. Когда я подошёл к ним, Посланник Аллаха ﷺ спросил меня: “Тебя послал Абу Тальха?” Я ответил: “Да”. Он вновь спросил: “Он приглашает нас на трапезу?” Я сказал: “Да”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ обратился к сидевшим рядом с ним: “Ну же, вставайте, пойдём”. И они направились к нашему дому. Я опередил их и со всех ног прибежал к Абу Тальхе, после чего рассказал ему обо всём. Абу Тальха встревоженно сказал: “О Умм Суляйм! Посланник Аллаха ﷺ идёт к нам с группой людей, а у нас нет ничего, чем можно было бы их накормить!” Моя мать же, проявляя упование на Аллаха, ответила: “Аллах и Его Посланник знают лучше (если он действительно идёт, значит, в этом есть какой-то смысл)”.

Затем Абу Тальха вышел из дома и встретил Посланника Аллаха ﷺ. Посланник Аллаха ﷺ вместе с ним вошёл в дом и сказал: “Приноси всё, что у тебя есть, о Умм Суляйм!” Моя мать принесла те лепёшки и по велению Посланника Аллаха ﷺ разломила их на мелкие кусочки. Затем она сдобрила их растопленным маслом, выдавив его из кожаного бурдюка.

После этого Посланник Аллаха ﷺ (поставив сдобренный маслом хлеб на стол) произнёс над едой те слова благословения, которые пожелал Аллах, а затем сказал: “Впусти десять человек”. (Абу Тальха) впустил десять человек. Они ели и пили, пока не насытились, а затем вышли. После этого Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Впусти ещё десять человек”. (Абу Тальха) впустил ещё десятерых, и они также ели и пили, пока не насытились, а затем вышли. Потом Посланник Аллаха ﷺ вновь сказал: “Впусти ещё десять человек”. (Абу Тальха) впустил ещё десятерых. Так продолжалось до тех пор, пока все пришедшие не поели и не насытились. Всего людей (пришедших в тот день в дом) было семьдесят или восемьдесят человек» (Аль-Бухари: 3578; Муслим: 3516; Ахмад: 13273).

В другой версии этого хадиса говорится: «Пришедшие поочерёдно входили и выходили группами по десять человек, пока каждый из них без исключения не вошёл и не наелся досыта. Затем (Посланник Аллаха ﷺ) собрал оставшуюся еду в одном месте, и оказалось, что хлеба на столе было столько же, сколько перед тем, как люди начали есть» (Муслим: 3517).

В другом сообщении, переданном имамом Муслимом со слов Анаса (да будет доволен им Аллах), говорится: «Они поочерёдно ели группами по десять человек. Так Посланник Аллаха ﷺ накормил всех восьмидесятерых. Затем Пророк ﷺ сам сел и поел вместе с хозяевами дома. (Даже после них на столе) оставалось ещё немного еды».

В другой версии говорится: «Так они отложили часть оставшейся еды для своих соседей и отправили её им в качестве угощения».

В следующей версии хадиса Анас (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды я пришёл к Посланнику Аллаха ﷺ и увидел, что он сидит вместе со своими сподвижниками, обвязав живот повязкой. Я спросил у его сподвижников: “Почему Посланник Аллаха ﷺ обвязал живот?” Они ответили: “От голода”. Тогда я отправился к Абу Тальхе, супругу Умм Суляйм бинт Мильхан, и сказал ему: “О мой отец! Я видел, что Посланник Аллаха ﷺ обвязал живот повязкой, и спросил некоторых его сподвижников о причине этого. Они ответили: ‘От голода’”. Тогда Абу Тальха вошёл к моей матери и спросил: “Есть ли у нас что-нибудь перекусить?” Моя мать ответила: “Да, у меня есть несколько кусков хлеба и немного фиников. Если Посланник Аллаха ﷺ придёт один, мы сможем накормить его досыта. Но если вместе с ним придёт ещё кто-нибудь, этой еды им не хватит”», – после чего Анас передал хадис полностью.