Хадис

Қанағатшыл, қарапайым болу, ысырапшыл болмау керектігі жайында

О необходимости довольствоваться малым, быть скромным и избегать расточительности

Риядус-салихин, 57-тақырып · 16 хадис · № 523–538

Хадистер

«وَمَا مِنْ دَابَّةٍ فِى الْأَرْضِ إِلَّا عَلَى اللَّهِ رِزْقُهَا» «Жер-жаһанда ризығы Алладан келмейтін бірде-бір қыбырлаған тіршілік иесі жоқ….» («Һуд» сүресі, 6-аят).

«لِلْفُقَرَاءِ الَّذِينَ أُحْصِرُوا فِى سَبِيلِ اللَّهِ لَا يَسْتَطِيعُونَ ضَرْبًا فِى الْأَرْضِ يَحْسَبُهُمُ الْجَاهِلُ أَغْنِيَاءَ مِنَ التَّعَفُّفِ تَعْرِفُهُمْ بِسِيمَاهُمْ لَا يَسْأَلُونَ النَّاسَ إِلْحَافًا» «(Беретін зекет-садақаларыңды ең алдымен) өзін Алла жолына басыбайлы бағыштаған кедейлерге беріңдер. Олар (қолы қысқа болғандықтан, Алла жолында қызмет ету һәм нәпақаларын айыру үшін) жер жүзін шарлап, ел аралайтын жағдайлары жоқ. Олар ешкімге қол жаймайтын арлы да намысты жандар болғандықтан, олардың жай-күйінен бейхабар жандар оларды бақуатты екен деп ойлап қалады. (Уа, Мұхаммед!) Алайда сен оларды ибалы жүздерінен-ақ танисың. Олар елден еш нәрсе сұрамайды. Сұрауға мәжбүр болған күннің өзінде де қадалып қайта-қайта сұрамайды….» («Бақара» сүресі, 273-аят).

«وَالَّذِينَ إِذَا أَنْفَقُوا لَمْ يُسْرِفُوا وَلَمْ يَقْتُرُوا وَكَانَ بَيْنَ ذَلِكَ قَوَامًا» «Олар (өздері немесе өзгелер үшін) мал-пұл жұмсағандарында ысырап та, сараңдық та қылмайды. Осы екеуінің арасында (өздеріне лайықты) бір жолдың бар екенін біледі». («Фурқан» сүресі, 67-аят).

«وَمَا خَلَقْتُ الْجِنَّ وَالْإِنْسَ إِلَّا لِيَعْبُدُونِ مَا أُرِيدُ مِنْهُمْ مِنْ رِزْقٍ وَمَا أُرِيدُ أَنْ يُطْعِمُونِ» «Мен жындар мен адамзатты тек қана (Мені танып), Маған құлшылық етсін деп жараттым.Мен олардан нәпақа сұрамаймын, Мені тамақтандырғандарын да қаламаймын». («Зәрият» сүресі, 56-57-аят).

«На всей земле нет ни одного существа, чье пропитание не исходит от Аллаха» (сура «Худ», 11:6).

«Жертвуйте в пользу обездоленных, всецело предавших себя пути Аллаха. Нет у них возможности странствовать по земле. Несведущий принимает их за зажиточных из-за их скромности и достоинства. Но ты узнаешь таких по их признакам. Не просят они ничего у людей. А если и вынуждены, то не докучают они просьбами» (сура «Бакара», 2:273).

«И когда они расходуют из своих средств, то не проявляют ни расточительства, ни жадности. Они выбирают ровную стезю между этими двумя» (сура «Фуркан», 25:67).

«И Я создал джиннов и людей единственно лишь для того, чтобы они поклонялись Мне. И Я не прошу у них удела и не желаю, чтобы они Меня кормили» (сура «Зарият», 51:56⁠–⁠57).

523
Риядус-салихин, № 523Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَيْسَ الْغِنَى عَن كَثرَةِ الْعَرَض، وَلكِنَّ الْغِنَى غِنَى النَّفْسِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Нағыз байлық – дүниенің ағыл-тегіл көптігі емес. Нағыз байлық – жан сарайының байлығы»,1 – деп айтты» – делінген (Бұхари: 6442; Муслим: 2420; Ахмад: 7555).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Истинное богатство заключается не в изобилии мирских благ. Истинное богатство – богатство души1» (Аль-Бухари: 6442; Муслим: 2420; Ахмад: 7555).

  1. 1Яғни, барға қанағат етіп, ешкімге қол жаймай арлы болып күн кешу.
  1. 1То есть довольствоваться имеющимся, жить с достоинством и ни у кого ничего не просить.
524
Риядус-салихин, № 524Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرُو أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «قَدْ أفْلَحَ مَنْ أَسْلَمَ، وَرُزِقَ كَفَافًا، وقَنَّعَهُ اللَّه بِمَا آتَاهُ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Исламды қабылдаған және өзіне жеткілікті ризық берілген, сондай-ақ Алланың берген несібесін қанағат тұтқан жан мұратына жетті», – деді», – деп айтқан (Муслим: 2426; Ахмад: 6572).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Амр (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Преуспел тот, кто принял ислам, кому был дарован достаточный удел и кто довольствуется тем, чем наделил его Аллах» (Муслим: 2426; Ахмад: 6572).

525
Риядус-салихин, № 525Риуаят етуші: Хаким ибн Хизам (р.а.)

عَنْ حكيم بْنِ حزام قَالَ: سألتُ رَسُول اللَّهِ ﷺ فَأعْطَانِى، ثُمَّ سَأَلْتُهُ فَأَعْطَانِى، ثُمَّ سَأَلْتُهُ فَأعْطَانِى، ثُمَّ قَالَ: «يَا حَكِيم، إِنَّ هَذَا الْمَالَ خَضِرٌ حُلْوٌ، فَمَنْ أَخَذَهُ بِسَخَاوَةِ نَفسٍ بُورِكَ لَهُ فِيهِ، وَمَنْ أَخَذَهُ بإِشرافِ نَفسٍ لَمْ يُبَارَكْ لَهُ فِيهِ، وَكَانَ كَالَّذِى يَأكُلُ وَلَا يَشْبَعُ، وَاليَدُ الْعُلْيَا خَيْرٌ مِنَ الْيَدِ السُّفْلَى» قَالَ حكيم: فَقُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَالَّذِى بَعَثَكَ بِالحَقِّ لَا أرْزَأُ أَحَدًا بَعْدَكَ شَيْئًا حَتَّى أُفَارِقَ الدُّنْيَا، فَكَانَ أَبُو بَكْرٍ يَدْعُو حَكيمًا لِيُعْطِيَه الْعَطَاء، فَيَأبَى أَنْ يَقْبَلَ مِنْهُ شَيْئًا، ثُمَّ إِنَّ عُمَرَ دَعَاهُ لِيُعْطِيَه فَأَبَى أَنْ يَقْبَلَهُ. فَقَالَ: يَا مَعْشَرَ الْمُسْلِمِينَ، أُشْهِدُكُمْ عَلَى حَكيمٍ أنّي أعْرِضُ عَلَيْهِ حَقَّهُ الَّذِى قَسَمَهُ اللَّهُ لَهُ فِى هَذَا الْفَيء فَيَأبَى أَنْ يَأْخُذَهُ. فَلَمْ يَرْزَأْ حَكيمٌ أَحَدًا مِنَ النَّاسِ بَعْدَ النَّبِيّ ﷺ حَتَّى تُوُفِّي

Қазақша аудармасы

Хаким ибн Хизам (р.а.): «Бірде Алла елшісіне ﷺ бұйымтай айта барғанымда, сұрағанымды берді. Екінші мәрте тағы бұйымтай сұрап барып едім, тағы берді. Кейін тағы сұрағанымда, бұл жолы да қолымды бос қайтармады. Соңында маған: «Уа, Хаким! Бұл дүние-мүлік дегенің (құдды пісіп тұрған жемістей) көздің құрты һәм тым тәтті. Кімде-кім дүниеге құнықпай, оны кеңпейілдікпен тапса, берекелі болады. Ал кімде-кім оның соңына түсіп, ашкөздікпен олжаласа, берекесі қашады. Ондай адамдар қанша жесе де тоймайтын қомағай секілді. (Есіңде болсын!) Жоғары (береген) қол төмен (алаған) қолдан әлдеқайда қайырлы», – деп айтты.

Бұл насихатты естігенде мен: «Уа, Расулалла! Сізді хақ дінмен жіберген Аллаға ант етейін, ендігі жерде бұл дүниеден озғанша сізден басқадан ештеңе алмаспын», – дедім. (Арада біраз уақыт өтті). Мұсылмандардың әміршісі Әбу Бәкір (р.а.) қазынадан үлес беру үшін Хакимді арнайы шақыратын еді. Алайда Хаким оны алудан түбегейлі бас тартатын. Кейін әзірет Омар да (р.а.) оған (қазынадан тиесілі үлесін) беру үшін шақырған еді. Алайда Хаким бұл жолы да үзілді-кесілді бас тартты. Сонда әзірет Омар елге жар салып: «Уа, мұсылман қауымы! Өздерің куәсіңдер. Мен Хакимге олжадан Алла белгілеген үлесін бермекші едім, бірақ ол алғысы келмей бас тартты», – деді.

Расында да, Хаким Пайғамбарымыздан кейін өмірден өткенше ешкімнен ештеңе алмады», – деген (Бұхари: 1472; Муслим: 2387; Ахмад: 15321).

Орысша аудармасы

Хаким ибн Хизам (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды я пришёл к Посланнику Аллаха ﷺ с просьбой, и он дал мне то, о чём я просил. Затем я вновь обратился к нему с просьбой, и он снова дал мне. Когда же я попросил его в третий раз, он и на этот раз не отпустил меня с пустыми руками. После этого он сказал мне: “О Хаким! Поистине, богатство это (подобно спелому плоду) радует глаз и очень сладко. Если человек обретает его без алчности, с широкой душой, оно становится для него благословенным. Если же он гонится за ним и приобретает его с жадностью, оно лишается благодати. Такой человек подобен ненасытному, который, сколько бы ни ел, не может насытиться. (Запомни!) Верхняя (дающая) рука намного лучше нижней (берущей)”.

Услышав это наставление, я сказал: “О Посланник Аллаха! Клянусь Аллахом, Который послал тебя с истинной религией, отныне и до самой смерти я ни у кого, кроме тебя, ничего не возьму”».

Прошло некоторое время. Повелитель мусульман Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) специально призывал Хакима, чтобы выдать ему полагавшуюся долю из казны, однако Хаким решительно отказывался её принимать. Позднее Умар (да будет доволен им Аллах) также призвал его, чтобы отдать ему (полагавшуюся из казны долю), но Хаким и на этот раз наотрез отказался. Тогда Умар объявил людям: «О мусульмане! Будьте свидетелями: я хочу отдать Хакиму установленную Аллахом долю из добычи, но он отказывается её принимать».

И действительно, после Пророка ﷺ Хаким до самой смерти ничего ни у кого не брал (Аль-Бухари: 1472; Муслим: 2387; Ахмад: 15321).

526
Риядус-салихин, № 526Риуаят етуші: Әбу Бурда (р.а.)

عَنْ أَبِى بردة، عَنْ أَبِى مُوسَى الْأشعرِى قَالَ: خَرَجْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِى غَزاةٍ وَنَحْنُ سِتَّةُ نَفَرٍ بَيْنَنَا بَعِيرٌ نَعْتَقِبُهُ، فَنقِبَت أقدَامُنَا وَنَقِبَت قَدَمِى، وسَقَطت أظْفَارِى، فَكُنَّا نَلُفُّ عَلَى أرْجُلِنا الْخِرَقَ، فَسُمِّيَت غَزْوَةَ ذَاتِ الرِّقَاعِ لِمَا كُنَّا نَعْصِبُ عَلَى أرْجُلِنَا مِنَ الْخِرَقِ، قَالَ أَبُو بُردَة: فَحَدَّثَ أَبُو مُوسَى بِهَذَا الْحَدِيثِ، ثُمَّ كَرِه ذَلِكَ، وَقَالَ: مَا كُنْتُ أصْنَعُ بِأَنْ أذْكُرَهُ! قَالَ: كأَنَّهُ كَرِهَ أَنْ يَكُونَ شَيْئًا مِنْ عَمَلِهِ أفْشَاهُ

Қазақша аудармасы

Әбу Бурда жеткізген хадисте Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.) былай деген: «Бірде Алла елшісімен ﷺ бірге алты кісі болып1 жорыққа шыққан едік, сонда бізде кезектесіп мінетін бір ғана түйе болды. (Ұзақ жолдан) табанымыз ойылды, әсіресе, менің табанымның тесілгені соншалық, тіпті тырнақтарыма дейін түсіп қалды. Сол үшін аяқтарымызды шүберекпен орап алдық. Аяқтарымызға шүберек орағандықтан, сол жорық «Зәт әр-риқағ» деп аталды». Әбу Бурда: Әбу Мұса осы әңгімені айтқан соң, айтқанына қынжылып: «Әсілі мен (сол ізгі амалды) ел-жұртқа айту үшін жасамаған едім», – деді. Сонда ол (шын ниетпен жасаған) ізгі амалының бір парасын ашып айтып қойғанына іштей қиналғандай болды», – деген (Бұхари: 4128; Муслим: 4699).

Орысша аудармасы

Абу Бурда передал, что Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды шестеро из нас1 отправились в поход вместе с Посланником Аллаха ﷺ. У нас был всего один верблюд, на котором мы ехали по очереди. (Из-за долгого пути) ступни наши покрылись ранами, а мои ступни были изранены настолько, что даже ногти сошли. Поэтому мы обмотали ноги тряпками. Из-за того, что мы обвязывали ноги тряпками, тот поход получил название “Зат ар-Рика”». Абу Бурда сказал: «Рассказав об этом, Абу Муса пожалел о своих словах и сказал: “Ведь я совершал (то благодеяние) не для того, чтобы рассказывать о нём людям”. Казалось, он в душе переживал из-за того, что раскрыл часть своего (совершённого с искренним намерением) благого дела» (Аль-Бухари: 4128; Муслим: 4699).

  1. 1Әбу Мұса (р.а.) мұнда өзінің жақын туыстарын немесе руластарын меңзеген.
  1. 1Здесь Абу Муса (да будет доволен им Аллах) имеет в виду своих близких родственников или соплеменников.
527
Риядус-салихин, № 527

عَنْ عَمْرُو بْنِ تَغْلِبَ – بفتح التاء الْمثناة فوق وإِسكان الْغين الْمعجمة وكسر اللام – أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أُتِى بِمالٍ أَوْ سَبْيٍ فَقَسَّمَهُ، فَأعْطَى رِجَالًا، وَتَرَكَ رِجَالًا، فَبَلغَهُ أَنَّ الَّذِينَ تَرَكَ عَتَبُوا، فَحَمِدَ اللَّهَ، ثُمَّ أثْنَى عَلَيْهِ، ثُمَّ قَالَ: «أَمَّا بعْدُ، فَواللَّهِ إِنِّى لأُعْطِى الرَّجُلَ وَأدَعُ الرَّجُلَ، وَالَّذِى أدَعُ أحَبُّ إِلَيَّ مِنَ الَّذِى أُعْطِى، وَلَكِنِّى إِنَّمَا أُعْطِى أقْوَامًا لِمَا أرَى فِى قُلُوبِهِمْ مِنَ الْجَزَعِ وَالهَلَعِ، وَأكِلُ أقْوَامًا إِلَى مَا جَعَلَ اللَّهُ فِى قُلُوبِهم مِنَ الْغِنَى وَالخَيْرِ، مِنْهُمْ عَمْرُو بنُ تَغْلِبَ» قَالَ عَمْرُو بنُ تَغْلِبَ: فَوَاللَّهِ مَا أُحِبُّ أَنَّ لِى بِكَلِمَةِ رَسُول اللَّهِ ﷺ حُمْرَ النَّعَم

Қазақша аудармасы

Амр ибн Тағлибтен (р.а.) жеткен риуаятта былай делінген: «Бірде Алла елшісіне ﷺ соғыстан түскен олжа (мал-мүлік немесе тұтқындар) әкелінді. Ол соның бәрін бірден үлестіріп берді, бірақ кейбір адамдарға берсе, кейбіріне ештеңе бермеді. Содан оған олжа алмаған адамдардың (олжадан үлес бермегені үшін) өзін жазғырып жүргені жайлы хабар жетті. (Сонда Алла елшісі ел-жұрттың бәрін жинап) Аллаға мадақ һәм мақтау айтқан соң, былай деді: «Алланың атымен ант етейін! Расында, мен түскен олжадан біреуге беріп, енді біреуге бермеуім мүмкін. Алайда мен үшін олжадан үлес бермеген адамым, берген адамымнан сүйікті (болуы мүмкін). Шындығында мен кейбір қауымға жүректеріндегі уайымды, тағатсыздық пен үрейді көргендігімнен мал-дүние беремін. Ал енді бір қауымды Алланың олардың жүрегіне ұялатқан қанағат пен жақсылыққа табыстаймын. Міне, солардың бірі – Амр бин Тағлибә!» – деп айтты». Амр ибн Тағлибә: «Аллаға серт! Алла елшісінің осынау сөзін, көздің жауын алатын қызыл түйелерге де алмастырмаймын!» – деген (Бұхари: 923; Ахмад: 20672).

Орысша аудармасы

Амр ибн Таглиб (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды Посланнику Аллаха ﷺ доставили военную добычу (имущество или пленных). Он сразу же распределил её, дав одним людям и ничего не дав другим. Вскоре до него дошла весть, что люди, ничего не получившие, упрекают его (за то, что он не выделил им доли из добычи). Тогда Посланник Аллаха ﷺ собрал всех людей, воздал хвалу Аллаху, восславил Его и сказал: “Клянусь Аллахом! Поистине, я могу дать часть добычи одному человеку и не дать другому. Однако тот, кому я не дал доли из добычи, для меня (возможно) любимее того, кому я её дал. Некоторым людям я даю имущество, поскольку вижу в их сердцах тревогу, нетерпение и страх. Других же я вверяю довольству и благу, которые Аллах вселил в их сердца. К их числу относится и Амр ибн Таглиб!”» Амр ибн Таглиб сказал: «Клянусь Аллахом! Я не променял бы эти слова Посланника Аллаха ﷺ даже на великолепных красных верблюдов!» (Аль-Бухари: 923; Ахмад: 20672).

528
Риядус-салихин, № 528Риуаят етуші: Хаким ибн Хизам (р.а.)

عَنْ حكيم بْنِ حزام أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «اليَدُ الْعُلْيَا خَيْرٌ مِنَ الْيَدِ السُّفْلَى، وَابْدَأْ بِمَنْ تَعُولُ، وَخَيْرُ الصَّدَقَةِ مَا كَانَ عَنْ ظَهْرِ غِنىً، وَمَنْ يَسْتَعْفِفْ يُعِفُّهُ اللَّه، وَمَنْ يَسْتَغْنِ يُغنهِ اللَّه»

Қазақша аудармасы

Хаким ибн Хизам (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Жоғары (береген) қол төмен (алаған) қолдан әлдеқайда қайырлы. Беретініңді алдымен өзің бағып-қағуға міндетті жандардан баста. Садақаның қайырлысы – артылған дүниеден берген садақа. Кімде-кім харамнан тыйылып, арын таза ұстауға тырысса, Алла оны арлы қылады (яғни, харамнан сақтайды). Ал кімде-кім қолда барға қанағат қылып, ешкімге зәрулік танытпаса, Алла оның көңілін тоқ қылады», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 1427; Муслим: 2386; Ахмад: 15317).

Орысша аудармасы

Хаким ибн Хизам (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Верхняя (дающая) рука гораздо лучше нижней (берущей). Когда даёшь, начинай с тех, кого обязан содержать. Лучшая милостыня – та, которая подаётся из излишка. Кто воздерживается от запретного и стремится сохранить свою честь, того Аллах сделает целомудренным (то есть убережёт от запретного). А кто довольствуется тем, что имеет, и ни перед кем не проявляет нужды, тому Аллах дарует довольство в сердце» (Аль-Бухари: 1427; Муслим: 2386; Ахмад: 15317).

529
Риядус-салихин, № 529

عَنْ أَبِى عَبْد الرَّحْمَان معاوية بْنِ أَبِى سفيان قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تُلْحِفُوا فِى الْمَسْأَلَةِ، فَوَاللَّهِ لَا يَسْأَلُنِى أَحَدٌ مِنْكُمْ شَيْئًا، فَتُخْرِجَ لَهُ مَسْأَلَتُهُ مِنِّى شَيْئًا وَأَنَا لَهُ كَارهٌ، فَيُبَارَكَ لَهُ فِيمَا أعْطَيْتُهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Абдуррахман Мұғауия ибн Әбу Суфиян Сахр ибн Харб (р.а.) былай деген: «Бірде Алла елшісі ﷺ: «(Менен бір нәрсе) сұрағанда, қадалып сұрамаңдар. Алланың атымен ант етейін, араларыңнан әлдекім менен бір нәрсені қайта-қайта қоймай сұрап, ақыр соңында оған сұрағанын қаламасам да беретін болсам, менің оған берген нәрсемнің ол үшін берекесі болмайды», – деп айтты». (Муслим: 2390; Ахмад: 16893).

Орысша аудармасы

Абу Абдуррахман Муавия ибн Абу Суфьян Сахр ибн Харб (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Когда просите (меня о чём-либо), не будьте чрезмерно настойчивы. Клянусь Аллахом, если кто-либо из вас станет вновь и вновь неотступно просить меня о чём-либо и в конце концов я дам ему просимое, хотя и не желал этого, то в том, что я ему дам, не будет для него благодати”» (Муслим: 2390; Ахмад: 16893).

530
Риядус-салихин, № 530

عَنْ أَبِى عَبْدِ الرَّحْمَان عوف بْنِ مالِك الْأَشْجَعِيِّ قَالَ: كُنَّا عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ تِسْعَةً أَوْ ثَمَانِيَةً أَوْ سَبْعَةً، فَقَالَ: «ألَا تُبَايِعُونَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ» وَكُنَّا حَديثِى عَهْدٍ ببَيْعَةٍ، فَقُلْنَا: قَدْ بَايَعْنَاكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ، ثمَّ قَالَ: «ألا تُبَايِعُونَ رَسُولَ اللَّهِ» فَبَسَطْنا أيْدِينا، وقُلْنَا: قدْ بايعناكَ فَعَلَامَ نُبَايِعُكَ؟ قَالَ: «عَلَى أَنْ تَعْبُدُوا اللَّهَ وَلَا تُشْرِكُوا بِهِ شَيْئًا، وَالصَّلَوَاتِ الْخَمْسِ وَتُطِيعُوا اللَّه» وأَسَرَّ كَلِمَةً خَفِيفَةً «وَلَا تَسْألُوا النَّاسَ شَيْئًا» فَلَقَدْ رَأَيْتُ بَعْضَ أُولئِكَ النَّفَرِ يَسْقُطُ سَوطُ أَحَدِهِمْ فَمَا يَسأَلُ أَحَدًا يُنَاوِلُهُ إِيّاهُ

Қазақша аудармасы

Ауф ибн Мәлик әл-Әшжағи (р.а.): «Бірде біз жеті-сегіз немесе тоғыз адамнан тұратын бір топ сахаба Алла елшісінің ﷺ алдында болдық. Ол бізге: «Алла елшісінің алдында ант қабылдамайсыңдар ма?» – деді. Алайда біз жақында ғана оның алдында ант қабылдаған едік, сондықтан біз оған: «Уа, Расулалла! Біз жуырда ғана сіздің алдыңызда ант қабылдаған болатынбыз», – дедік. Ол сөзін қайталап: «Алла елшісінің алдында ант қабылдамайсыңдар ма?» – деді. Сонда бәріміз бірден қолымызды созып тұрып: «Уа, Расулалла! Біз сізге ант берген едік. Бұл жолы неге қатысты ант қабылдайық?» – дедік. Сол кезде Расулалла: «Аллаға ғана құлшылық етіп, Одан өзге ешкімге құлдық ұрмауға, бес уақыт намаз оқуға, Аллаға толық бойсұнуға», – деді де, ақырын ғана сыбырлап, – «және ел-жұрттан еш нәрсе сұрамауға қатысты ант беріңдер», – деді. Кейін сол жерде ант қабылдағандардың кейбірінің қолынан қамшысы түсіп қалса-дағы, әсте ешкімге қол жалғап жібер деп айтпағандарына куә болдым», – деген (Муслим: 2403; Ахмад: 23993).

Орысша аудармасы

Ауф ибн Малик аль-Ашджаи (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды мы, группа из семи, восьми или девяти сподвижников, находились у Посланника Аллаха ﷺ. Он спросил нас: “Не присягнёте ли вы Посланнику Аллаха?” Но мы совсем недавно уже приносили ему присягу, поэтому ответили: “О Посланник Аллаха! Мы ведь совсем недавно присягнули вам”. Он вновь повторил: “Не присягнёте ли вы Посланнику Аллаха?” Тогда мы все разом протянули к нему руки и сказали: “О Посланник Аллаха! Мы уже присягали вам. На чём же нам присягнуть на этот раз?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “На том, что будете поклоняться одному лишь Аллаху, не приобщая к Нему сотоварищей, совершать пять обязательных молитв и полностью повиноваться Аллаху”, – а затем, понизив голос до шёпота, добавил: “И ни о чём не просить людей”. Позднее я видел, как у некоторых из тех, кто принёс эту присягу, падала из рук плеть, но они ни за что не просили кого-либо поднять и подать её» (Муслим: 2403; Ахмад: 23993).

531
Риядус-салихин, № 531Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «لَا تَزَالُ الْمَسْأَلةُ بأَحَدِكُمْ حَتَّى يَلْقَى اللَّه تَعَالَى وَلَيْسَ فِى وَجْهِهِ مُزْعَةُ لَحْمٍ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Қайсыбірің үнемі ел-жұртқа емініп, тілемсектенетін болса, Аллаға бетінде тіпті бір түйір де ет болмаған халде жолығады1», – деп айтқан (Бұхари: 1474; Муслим: 2396; Ахмад: 5616).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Кто из вас не перестанет выпрашивать у людей, тот встретит Аллаха, не имея на лице ни единого кусочка плоти1» (Аль-Бухари: 1474; Муслим: 2396; Ахмад: 5616).

  1. 1Яғни, Алланың құзырына масқара һәм қор болған күйде барады.
  1. 1То есть предстанет перед Аллахом опозоренным и униженным.
532
Риядус-салихин, № 532Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ وَهُوَ عَلَى الْمِنْبَرِ، وَذَكَرَ الصَّدَقَةَ وَالتَّعَفُّفَ عَنِ الْمَسْأَلَةِ: «اليَدُ الْعُلْيَا خَيْرٌ مِنَ الْيَدِ السُّفْلَى، وَاليَدُ الْعُلْيَا هِيَ الْمُنْفِقَةُ، وَالسُّفْلَى هِيَ السَّائِلَةُ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ мінберде тұрып, садақа жайлы әрі тілемсектіктен сақтанып, ар-ұятты болу жайлы айтып: «Жоғарғы қол төменгі қолдан қайырлы. Жоғарғы қол – садақа беруші қол, ал төменгі қол – садақа сұраушы қол», – деген (Бұхари: 1429; Муслим: 2385: Ахмад: 5344).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Умар (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ, стоя на минбаре и говоря о милостыне, воздержании от попрошайничества и сохранении достоинства, сказал: «Верхняя рука лучше нижней. Верхняя рука – это рука, подающая милостыню, а нижняя – рука, просящая милостыню» (Аль-Бухари: 1429; Муслим: 2385; Ахмад: 5344).

533
Риядус-салихин, № 533Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ سَأَلَ النَّاسَ تَكَثُّرًا فَإِنَّمَا يَسْألُ جَمْرًا؛ فَلْيَسْتَقِلَّ أَوْ لِيَسْتَكْثِرْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім мал-мүлкін көбейту үшін (ел-жұртқа қол жайып) тіленетін болса, шынында ол қып-қызыл шоқ тілеп жүр.1 Олай болса қаласа аз, қаласа көп алуға тырыссын!» – деп айтты», – деген (Муслим: 2399; Ахмад: 7163).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Кто просит милостыню, чтобы приумножить своё имущество (протягивая руку к людям), тот, поистине, просит для себя раскалённые угли1. Так пусть же он берёт мало или много – как пожелает!”» (Муслим: 2399; Ахмад: 7163).

  1. 1Қазы Ғияд: «Расында, ол (тозақ) отымен жазаланады», – деген.
  1. 1Кади Ияд сказал: «Поистине, он будет наказан адским огнём».
534
Риядус-салихин, № 534Риуаят етуші: Сәмура ибн Жундуб (р.а.)

عَنْ سَمُرَةَ بْنِ جُنْدبٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ الْمَسْأَلَةَ كَدٌّ يَكُدُّ بِهَا الرَّجُلُ وَجْهَهُ، إِلَّا أَنْ يَسْأَلَ الرَّجُلُ سُلْطانًا أَوْ فِى أمْرٍ لَا بُدَّ مِنْهُ»

Қазақша аудармасы

Сәмура ибн Жундуб (р.а.): «Алла елшісі ﷺ бірде: «Сұлтаннан көмек сұрауды және қатты зәру жағдайды айтпағанда, (біреуден бірдеңе сұрап) тілену – адамның өз бетіне өзі салған сызат-жара (сынды)!» – деп айтты», – деген (Тирмизи: 681; Ахмад: 20106).

Орысша аудармасы

Самура ибн Джундуб (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “За исключением просьбы о помощи, обращённой к правителю, и случая крайней нужды, попрошайничество (когда человек просит что-либо у другого) подобно царапине или ране, которую человек сам наносит собственному лицу!”» (Ат-Тирмизи: 681; Ахмад: 20106).

535
Риядус-салихин, № 535Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ أَصَابَتْهُ فَاقَةٌ فَأنْزَلَهَا بالنَّاسِ لَمْ تُسَدَّ فَاقَتُهُ، وَمَنْ أنْزَلَهَا بِاللَّهِ، فَيُوشِكُ اللَّهُ لَهُ بِرِزْقٍ عَاجِلٍ أَوْ آجِلٍ»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Мұқтаждыққа тап болғанда адамдарға жүгінген жан, мұқтаждықтан еш арылмайды. Ал ісін Аллаға тапсырған жанға Алла ерте-ме кеш-пе, ризық-несібесін береді», – деген (Әбу Дәуіт, 1645; Тирмизи, 2326).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Тот, кто, оказавшись в нужде, обращается к людям, никогда от неё не избавится. А тому, кто вверит своё дело Аллаху, Аллах рано или поздно дарует удел» (Абу Дауд: 1645; Ат-Тирмизи: 2326).

536
Риядус-салихин, № 536Риуаят етуші: Сәубан (р.а.)

عَنْ ثوبان قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ تَكَفَّلَ لِى أَنْ لَا يَسْأَلَ النَّاسَ شَيْئًا، وَأتَكَفَّلُ لَهُ بِالْجَنَّةِ؟» فَقُلْتُ: أنَا، فَكَانَ لَا يَسْأَلُ أَحَدًا شَيْئًا

Қазақша аудармасы

Сәубан (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Кім маған адамдардан еш нәрсе сұрамаймын деп кепілдік береді, мен де оның жұмаққа кіруіне кепіл боламын?» – дегенде, мен бірден: «Мен!» – дедім», – деген. Ол шынымен де ешкімнен еш нәрсе сұрамайтын болды (Әбу Дәуіт: 1645; Тирмизи: 2326).

Орысша аудармасы

Саубан (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ спросил: “Кто поручится мне, что ничего не станет просить у людей? Тому я поручусь за вхождение в рай”. Я сразу сказал: “Я!”» И впоследствии он действительно ни у кого ничего не просил. (Абу Дауд: 1645; Ат-Тирмизи: 2326).

537
Риядус-салихин, № 537

عَنْ أَبِى بِشْرٍ قَبيصَةَ بْنِ الْمُخَارِقِ، قَالَ: تَحَمَّلْتُ حَمَالَةً فَأَتَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أسْأَلُهُ فِيهَا، فَقَالَ: «أقِمْ حَتَّى تَأتِيَنَا الصَّدَقَةُ فَنَأمُرَ لَكَ بِهَا» ثُمَّ قَالَ: «يَا قَبيصةُ، إِنَّ الْمَسْأَلَةَ لَا تَحِلُّ إِلَّا لأَحَدِ ثَلَاثَةٍ: رَجُلٌ تحمَّلَ حَمَالَةً، فَحَلَّتْ لَهُ الْمَسْأَلَةُ حَتَّى يُصِيبَها، ثُمَّ يُمْسِكُ، وَرَجُلٌ أَصَابَتْهُ جَائِحَةٌ اجْتَاحَتْ مَالَهُ، فَحَلَّتْ لَهُ الْمَسْأَلَةُ حَتَّى يُصِيبَ قوامًا مِنْ عَيش – أَوْ قَالَ: سِدَادًا مِنْ عَيْشٍ – وَرَجُلٌ أَصَابَتْهُ فَاقَةٌ، حَتَّى يَقُولَ ثَلَاثَةٌ مِنْ ذَوِى الْحِجَى مِنْ قَوْمِه: لَقَدْ أَصَابَتْ فُلَانًا فَاقَةٌ. فَحلَّتْ لَهُ الْمَسْأَلَةُ حَتَّى يصيب قوامًا من عيش، أَوْ قَالَ: سدادًا من عيشِ، فما سِوَاهُنَّ مِنَ الْمسألَةِ يَا قَبِيصَةُ سُحْتٌ، يَأكُلُهَا صَاحِبُهَا سُحْتًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Бишр Қабиса ибн Мухариқ (р.а.) былай деген: «Бірде мен мойныма өтемақы төлеу жауапкершілігін алған едім.1 Кейін соған қатысты Алла елшісінен ﷺ (көмек) сұрай келгенімде, ол: «Бізге садақа келгенше осында қала тұр, саған содан беруді бұйырамыз», – деді де, содан кейін тағы да: «Уа, Қабиса! Шынында бұлай жәрдем сұрау тек мынадай үш адамға ғана рұқсат етіледі: (Біріншісі, өзің сияқты) мойнына өтемақы төлеу жауапкершілігін алған адам. Оған сұрағанын алып, міндетінен құтылғанша жәрдем сұрау адал болады, содан соң ол одан тыйылуға тиіс. (Екіншісі) мал-дүниесін түгел жалмаған апатқа ұшыраған адам. Оған тіршілігі түзелгенше (немесе тұрмыс-тіршілігіндегі ең басты мұң-мұқтажы өтелгенше) жәрдем сұрау адал болады. (Үшіншісі) тақыр кедейлікке ұшыраған адам. (Ол үшін) оның қауымынан үш бірдей парасатты адам тұрып: «Шынында пәленше тақыр кедейлікке тап болды», – деп (куәлік етуі тиіс). Сонда ғана оған тіршілігі түзелгенше (немесе тұрмыс-тіршілігіндегі ең басты мұң-мұқтажы өтелгенше) жәрдем сұрау адал болады. Уа, Қабиса! Бұлардан басқалардың (біреуге қол жайып бірдеңе) сұрауы харам, ондай адам харам жеген болады», – деп айтты». (Муслим: 2404; Ахмад: 15916).

Орысша аудармасы

Абу Бишр Кабиса ибн Мухарик (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды я взял на себя обязательство выплатить компенсацию1. Затем я пришёл к Посланнику Аллаха ﷺ попросить у него (помощи) в этом деле. Он сказал: “Оставайся здесь, пока к нам не поступит садака, и тогда мы распорядимся выдать тебе из неё”.

После этого он продолжил: “О Кабиса! Поистине, просить о подобной помощи дозволено лишь трём категориям людей. Первый – человек, который, как и ты, взял на себя обязательство выплатить компенсацию. Ему дозволено просить помощи до тех пор, пока он не получит то, о чём просит, и не освободится от своего обязательства, после чего он должен перестать просить. Второй – человек, которого постигло бедствие, уничтожившее всё его имущество. Ему дозволено просить помощи, пока его положение не поправится (или пока не будут удовлетворены его самые насущные жизненные потребности). Третий – человек, впавший в крайнюю нищету. (В его случае) трое рассудительных людей из его народа должны выступить и сказать: ‘Поистине, такой-то впал в крайнюю нищету’ (то есть засвидетельствовать это). Лишь тогда ему дозволено просить помощи, пока его положение не поправится (или пока не будут удовлетворены его самые насущные жизненные потребности). О Кабиса! Всем остальным запрещено просить (протягивая к людям руку за чем-либо), и тот, кто поступает так, вкушает запретное”» (Муслим: 2404; Ахмад: 15916).

  1. 1Бұл – жауласқан екі топты бір-бірімен татуластырушы адамның өз қалтасынан жанжалдың нәтижесінде қаза тапқан немесе жараланған адамдардың туыстарына өтемақы төлеуге уәде беруі. Мұндай адамға зекет мүлкінен мал-дүние бөлінеді. Бірақ мұның басты шарты – сол мәмілегер адам мойнына күнәлі іске қатысты қарыз алмауы керек.
  1. 1Речь о человеке, который, примиряя две враждующие группы, обязуется за свой счёт выплатить компенсацию родственникам погибших или раненых в результате столкновения. Такому человеку может быть выделено имущество из средств закята. Однако главное условие заключается в том, что принятый им на себя долг не должен быть связан с греховным делом.
538
Риядус-салихин, № 538Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَيْسَ الْمسكينُ الَّذِى يَطُوفُ عَلَى النَّاسِ تَرُدُّهُ اللُّقْمَةُ وَاللُّقْمَتَانِ، وَالتَّمْرَةُ وَالتَّمْرَتَانِ، وَلكِنَّ الْمِسكينَ الَّذِى لَا يَجِدُ غِنىً يُغْنِيهِ، وَلَا يُفْطَنُ لَهُ فَيُتَصَدَّقُ عَلَيْهِ، وَلَا يَقُومُ فَيَسْألَ النَّاسَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Нағыз мұқтаж – адамдарды шыр айнала қол жайып қайыр тілеген, әрі бір-екі құрма немесе бір-екі түйір дәммен қайтарылатын адам емес. Нағыз мұқтаж – шынымен жағдайы жоқ болса да, жағдайының жоқ екенін ешкім білмегендіктен садақа берілмейтін, соған қарамастан адамдарға қол жайып қайыр тілемеген жан», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 1479; Муслим: 2393; Ахмад: 7539).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Истинно нуждающийся – не тот, кто обходит людей, протягивая руку, и кого они отпускают, дав один-два финика или один-два кусочка пищи. Истинно нуждающийся – тот, у кого действительно нет средств, но люди не знают о его нужде и потому не подают ему милостыню, а сам он, несмотря на это, не протягивает к ним руку и ничего не просит» (Аль-Бухари: 1479; Муслим: 2393; Ахмад: 7539).