عَنْ أَبِى عَبْدِ الرَّحْمَان عوف بْنِ مالِك الْأَشْجَعِيِّ قَالَ: كُنَّا عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ تِسْعَةً أَوْ ثَمَانِيَةً أَوْ سَبْعَةً، فَقَالَ: «ألَا تُبَايِعُونَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ» وَكُنَّا حَديثِى عَهْدٍ ببَيْعَةٍ، فَقُلْنَا: قَدْ بَايَعْنَاكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ، ثمَّ قَالَ: «ألا تُبَايِعُونَ رَسُولَ اللَّهِ» فَبَسَطْنا أيْدِينا، وقُلْنَا: قدْ بايعناكَ فَعَلَامَ نُبَايِعُكَ؟ قَالَ: «عَلَى أَنْ تَعْبُدُوا اللَّهَ وَلَا تُشْرِكُوا بِهِ شَيْئًا، وَالصَّلَوَاتِ الْخَمْسِ وَتُطِيعُوا اللَّه» وأَسَرَّ كَلِمَةً خَفِيفَةً «وَلَا تَسْألُوا النَّاسَ شَيْئًا» فَلَقَدْ رَأَيْتُ بَعْضَ أُولئِكَ النَّفَرِ يَسْقُطُ سَوطُ أَحَدِهِمْ فَمَا يَسأَلُ أَحَدًا يُنَاوِلُهُ إِيّاهُ
Ауф ибн Мәлик әл-Әшжағи (р.а.): «Бірде біз жеті-сегіз немесе тоғыз адамнан тұратын бір топ сахаба Алла елшісінің ﷺ алдында болдық. Ол бізге: «Алла елшісінің алдында ант қабылдамайсыңдар ма?» – деді. Алайда біз жақында ғана оның алдында ант қабылдаған едік, сондықтан біз оған: «Уа, Расулалла! Біз жуырда ғана сіздің алдыңызда ант қабылдаған болатынбыз», – дедік. Ол сөзін қайталап: «Алла елшісінің алдында ант қабылдамайсыңдар ма?» – деді. Сонда бәріміз бірден қолымызды созып тұрып: «Уа, Расулалла! Біз сізге ант берген едік. Бұл жолы неге қатысты ант қабылдайық?» – дедік. Сол кезде Расулалла: «Аллаға ғана құлшылық етіп, Одан өзге ешкімге құлдық ұрмауға, бес уақыт намаз оқуға, Аллаға толық бойсұнуға», – деді де, ақырын ғана сыбырлап, – «және ел-жұрттан еш нәрсе сұрамауға қатысты ант беріңдер», – деді. Кейін сол жерде ант қабылдағандардың кейбірінің қолынан қамшысы түсіп қалса-дағы, әсте ешкімге қол жалғап жібер деп айтпағандарына куә болдым», – деген (Муслим: 2403; Ахмад: 23993).
Ауф ибн Малик аль-Ашджаи (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды мы, группа из семи, восьми или девяти сподвижников, находились у Посланника Аллаха ﷺ. Он спросил нас: “Не присягнёте ли вы Посланнику Аллаха?” Но мы совсем недавно уже приносили ему присягу, поэтому ответили: “О Посланник Аллаха! Мы ведь совсем недавно присягнули вам”. Он вновь повторил: “Не присягнёте ли вы Посланнику Аллаха?” Тогда мы все разом протянули к нему руки и сказали: “О Посланник Аллаха! Мы уже присягали вам. На чём же нам присягнуть на этот раз?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “На том, что будете поклоняться одному лишь Аллаху, не приобщая к Нему сотоварищей, совершать пять обязательных молитв и полностью повиноваться Аллаху”, – а затем, понизив голос до шёпота, добавил: “И ни о чём не просить людей”. Позднее я видел, как у некоторых из тех, кто принёс эту присягу, падала из рук плеть, но они ни за что не просили кого-либо поднять и подать её» (Муслим: 2403; Ахмад: 23993).