Хадис

Риядус-салихин, № 526

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
57. Қанағатшыл, қарапайым болу, ысырапшыл болмау керектігі жайында
Нөмірі
№ 526 (қазақша басылым реті)
526
Риядус-салихин, № 526Риуаят етуші: Әбу Бурда (р.а.)

عَنْ أَبِى بردة، عَنْ أَبِى مُوسَى الْأشعرِى قَالَ: خَرَجْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِى غَزاةٍ وَنَحْنُ سِتَّةُ نَفَرٍ بَيْنَنَا بَعِيرٌ نَعْتَقِبُهُ، فَنقِبَت أقدَامُنَا وَنَقِبَت قَدَمِى، وسَقَطت أظْفَارِى، فَكُنَّا نَلُفُّ عَلَى أرْجُلِنا الْخِرَقَ، فَسُمِّيَت غَزْوَةَ ذَاتِ الرِّقَاعِ لِمَا كُنَّا نَعْصِبُ عَلَى أرْجُلِنَا مِنَ الْخِرَقِ، قَالَ أَبُو بُردَة: فَحَدَّثَ أَبُو مُوسَى بِهَذَا الْحَدِيثِ، ثُمَّ كَرِه ذَلِكَ، وَقَالَ: مَا كُنْتُ أصْنَعُ بِأَنْ أذْكُرَهُ! قَالَ: كأَنَّهُ كَرِهَ أَنْ يَكُونَ شَيْئًا مِنْ عَمَلِهِ أفْشَاهُ

Қазақша аудармасы

Әбу Бурда жеткізген хадисте Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.) былай деген: «Бірде Алла елшісімен ﷺ бірге алты кісі болып1 жорыққа шыққан едік, сонда бізде кезектесіп мінетін бір ғана түйе болды. (Ұзақ жолдан) табанымыз ойылды, әсіресе, менің табанымның тесілгені соншалық, тіпті тырнақтарыма дейін түсіп қалды. Сол үшін аяқтарымызды шүберекпен орап алдық. Аяқтарымызға шүберек орағандықтан, сол жорық «Зәт әр-риқағ» деп аталды». Әбу Бурда: Әбу Мұса осы әңгімені айтқан соң, айтқанына қынжылып: «Әсілі мен (сол ізгі амалды) ел-жұртқа айту үшін жасамаған едім», – деді. Сонда ол (шын ниетпен жасаған) ізгі амалының бір парасын ашып айтып қойғанына іштей қиналғандай болды», – деген (Бұхари: 4128; Муслим: 4699).

Орысша аудармасы

Абу Бурда передал, что Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды шестеро из нас1 отправились в поход вместе с Посланником Аллаха ﷺ. У нас был всего один верблюд, на котором мы ехали по очереди. (Из-за долгого пути) ступни наши покрылись ранами, а мои ступни были изранены настолько, что даже ногти сошли. Поэтому мы обмотали ноги тряпками. Из-за того, что мы обвязывали ноги тряпками, тот поход получил название “Зат ар-Рика”». Абу Бурда сказал: «Рассказав об этом, Абу Муса пожалел о своих словах и сказал: “Ведь я совершал (то благодеяние) не для того, чтобы рассказывать о нём людям”. Казалось, он в душе переживал из-за того, что раскрыл часть своего (совершённого с искренним намерением) благого дела» (Аль-Бухари: 4128; Муслим: 4699).

  1. 1Әбу Мұса (р.а.) мұнда өзінің жақын туыстарын немесе руластарын меңзеген.
  1. 1Здесь Абу Муса (да будет доволен им Аллах) имеет в виду своих близких родственников или соплеменников.