عَنْ أَبِى بِشْرٍ قَبيصَةَ بْنِ الْمُخَارِقِ، قَالَ: تَحَمَّلْتُ حَمَالَةً فَأَتَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أسْأَلُهُ فِيهَا، فَقَالَ: «أقِمْ حَتَّى تَأتِيَنَا الصَّدَقَةُ فَنَأمُرَ لَكَ بِهَا» ثُمَّ قَالَ: «يَا قَبيصةُ، إِنَّ الْمَسْأَلَةَ لَا تَحِلُّ إِلَّا لأَحَدِ ثَلَاثَةٍ: رَجُلٌ تحمَّلَ حَمَالَةً، فَحَلَّتْ لَهُ الْمَسْأَلَةُ حَتَّى يُصِيبَها، ثُمَّ يُمْسِكُ، وَرَجُلٌ أَصَابَتْهُ جَائِحَةٌ اجْتَاحَتْ مَالَهُ، فَحَلَّتْ لَهُ الْمَسْأَلَةُ حَتَّى يُصِيبَ قوامًا مِنْ عَيش – أَوْ قَالَ: سِدَادًا مِنْ عَيْشٍ – وَرَجُلٌ أَصَابَتْهُ فَاقَةٌ، حَتَّى يَقُولَ ثَلَاثَةٌ مِنْ ذَوِى الْحِجَى مِنْ قَوْمِه: لَقَدْ أَصَابَتْ فُلَانًا فَاقَةٌ. فَحلَّتْ لَهُ الْمَسْأَلَةُ حَتَّى يصيب قوامًا من عيش، أَوْ قَالَ: سدادًا من عيشِ، فما سِوَاهُنَّ مِنَ الْمسألَةِ يَا قَبِيصَةُ سُحْتٌ، يَأكُلُهَا صَاحِبُهَا سُحْتًا»
Әбу Бишр Қабиса ибн Мухариқ (р.а.) былай деген: «Бірде мен мойныма өтемақы төлеу жауапкершілігін алған едім.1 Кейін соған қатысты Алла елшісінен ﷺ (көмек) сұрай келгенімде, ол: «Бізге садақа келгенше осында қала тұр, саған содан беруді бұйырамыз», – деді де, содан кейін тағы да: «Уа, Қабиса! Шынында бұлай жәрдем сұрау тек мынадай үш адамға ғана рұқсат етіледі: (Біріншісі, өзің сияқты) мойнына өтемақы төлеу жауапкершілігін алған адам. Оған сұрағанын алып, міндетінен құтылғанша жәрдем сұрау адал болады, содан соң ол одан тыйылуға тиіс. (Екіншісі) мал-дүниесін түгел жалмаған апатқа ұшыраған адам. Оған тіршілігі түзелгенше (немесе тұрмыс-тіршілігіндегі ең басты мұң-мұқтажы өтелгенше) жәрдем сұрау адал болады. (Үшіншісі) тақыр кедейлікке ұшыраған адам. (Ол үшін) оның қауымынан үш бірдей парасатты адам тұрып: «Шынында пәленше тақыр кедейлікке тап болды», – деп (куәлік етуі тиіс). Сонда ғана оған тіршілігі түзелгенше (немесе тұрмыс-тіршілігіндегі ең басты мұң-мұқтажы өтелгенше) жәрдем сұрау адал болады. Уа, Қабиса! Бұлардан басқалардың (біреуге қол жайып бірдеңе) сұрауы харам, ондай адам харам жеген болады», – деп айтты». (Муслим: 2404; Ахмад: 15916).
Абу Бишр Кабиса ибн Мухарик (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды я взял на себя обязательство выплатить компенсацию1. Затем я пришёл к Посланнику Аллаха ﷺ попросить у него (помощи) в этом деле. Он сказал: “Оставайся здесь, пока к нам не поступит садака, и тогда мы распорядимся выдать тебе из неё”.
После этого он продолжил: “О Кабиса! Поистине, просить о подобной помощи дозволено лишь трём категориям людей. Первый – человек, который, как и ты, взял на себя обязательство выплатить компенсацию. Ему дозволено просить помощи до тех пор, пока он не получит то, о чём просит, и не освободится от своего обязательства, после чего он должен перестать просить. Второй – человек, которого постигло бедствие, уничтожившее всё его имущество. Ему дозволено просить помощи, пока его положение не поправится (или пока не будут удовлетворены его самые насущные жизненные потребности). Третий – человек, впавший в крайнюю нищету. (В его случае) трое рассудительных людей из его народа должны выступить и сказать: ‘Поистине, такой-то впал в крайнюю нищету’ (то есть засвидетельствовать это). Лишь тогда ему дозволено просить помощи, пока его положение не поправится (или пока не будут удовлетворены его самые насущные жизненные потребности). О Кабиса! Всем остальным запрещено просить (протягивая к людям руку за чем-либо), и тот, кто поступает так, вкушает запретное”» (Муслим: 2404; Ахмад: 15916).
- 1Бұл – жауласқан екі топты бір-бірімен татуластырушы адамның өз қалтасынан жанжалдың нәтижесінде қаза тапқан немесе жараланған адамдардың туыстарына өтемақы төлеуге уәде беруі. Мұндай адамға зекет мүлкінен мал-дүние бөлінеді. Бірақ мұның басты шарты – сол мәмілегер адам мойнына күнәлі іске қатысты қарыз алмауы керек.
- 1Речь о человеке, который, примиряя две враждующие группы, обязуется за свой счёт выплатить компенсацию родственникам погибших или раненых в результате столкновения. Такому человеку может быть выделено имущество из средств закята. Однако главное условие заключается в том, что принятый им на себя долг не должен быть связан с греховным делом.