Хадис

Риядус-салихин, № 556

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
60. Жомарт, кеңпейіл болу және Аллаға тәуекел етіп, негізгі қажеттіліктен артылған дүниені ізгі жолда жұмсау жайында
Нөмірі
№ 556 (қазақша басылым реті)
556
Риядус-салихин, № 556Риуаят етуші: Жубәйр ибн Мутғим (р.а.)

عَنْ جبير بْنِ مطعم قَالَ: بَيْنَمَا هُوَ يَسِيرُ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ مَقْفَلَهُ مِنْ حُنَيْن، فَعَلِقَهُ الْأعْرَابُ يَسْألُونَهُ، حَتَّى اضْطَرُّوهُ إِلَى سَمُرَة، فَخَطِفَت رِدَاءهُ، فَوَقَفَ النَّبِيُّ ﷺ، فَقَالَ: «أعْطُونِى رِدَائي، فَلَوْ كَانَ لِى عَدَدُ هَذِهِ الْعِضَاهِ نَعَمًا، لَقَسَمْتُهُ بَينَكُمْ، ثُمَّ لَا تَجِدُونِى بَخِيلًا وَلَا كَذّابًا وَلَا جَبَانًا»

Қазақша аудармасы

Жубәйр ибн Мутғим (р.а.): «Пайғамбарымызбен ﷺ бірге Хунәйн шайқасынан қайтып келе жатқанымызда, шөл даланы жайлаған бәдәуилер Пайғамбарымызға жабысып, соғыстан түскен олжаны үлестіріп беруін өтінумен болды. Олардың Пайғамбарымызды тақымдап, қыспаққа алғандығы соншалық – оның үстіндегі шапаны қараған ағашына ілініп қалды. Сонда Пайғамбарымыз еріксіз тоқтап, оларға: «Шапанымды жіберіңдер. Егер қолымда мына шомырттың бұталарындай мыңғырған малым болса, түгелдей сендерге үлестіріп берер ем. Сонда менің сараң да, өтірікші де, қорқақ та емес екенімді анық көрер едіңдер», – деп айтты», – деген (Бұхари: 3148; Ахмад: 16756).

Орысша аудармасы

Джубайр ибн Мутим (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда мы вместе с Пророком ﷺ возвращались после битвы при Хунайне, к нему стали тесниться бедуины, кочевавшие по пустыне, настойчиво прося раздать им военную добычу. Они обступили и прижали Пророка ﷺ так сильно, что его накидка зацепилась за ветви колючего дерева. Тогда Пророк ﷺ поневоле остановился и сказал им: “Верните мне мою накидку! Если бы у меня было столько скота, сколько здесь колючих деревьев, я раздал бы вам всё без остатка. И тогда вы ясно увидели бы, что я не скупец, не лжец и не трус”» (Аль-Бухари: 3148; Ахмад: 16756).