Хадис

Риядус-салихин, № 560

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
60. Жомарт, кеңпейіл болу және Аллаға тәуекел етіп, негізгі қажеттіліктен артылған дүниені ізгі жолда жұмсау жайында
Нөмірі
№ 560 (қазақша басылым реті)
560
Риядус-салихин, № 560

عَنْ أسماء بنت أَبِى بَكْرٍ الصديق، قَالَتْ: قَالَ لِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تُوكِى فَيُوكى عَلَيْكِ»

Қазақша аудармасы

Әсма бинт Әбу Бәкір әс-Сыддиқ (р.а.): «Алла елшісі ﷺ маған: «Қапшығыңның аузын байлап, дүниеңді тығып ұстама. Әйтпесе, Алла Тағала да саған (беретін ризығын) байлап тастайды», – деп айтты», – деген (Бұхари: 1433,2591; Муслим: 2375; Ахмад: 26990).

Орысша аудармасы

Асма бинт Абу Бакр ас-Сиддик (да будет доволен ими обоими Аллах) передала: «Посланник Аллаха ﷺ сказал мне: “Не завязывай горловину своего мешка и не прячь своё имущество. Иначе Аллах тоже удержит от тебя (тот удел, который предназначил тебе)”» (Аль-Бухари: 1433, 2591; Муслим: 2375; Ахмад: 26990).

Түсіндірме (қазақша)

Осы хадиске қатысты басқа бір риуаятта Алла елшісі ﷺ: «Садақа берсем, дүнием кеміп қалады деп қорықпа, жомарт бол. Дүниені, ақшаны жиған үстіне жиып, қайта-қайта санама. Сараң болма. Әйтпесе, Алла Тағала да саған ризық-несібе бергенде (үйіп-төкпей) санап беретін болады. Қажетіңнен артылған дүниені (ақшаны) мұқтаждарға бермей тығып қойма. Егер сөйтетін болсаң, Алла Тағала да солай істейді», – деген екен.

Түсіндірме (орысша)

В другой версии этого хадиса Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Не бойся, что поданная милостыня уменьшит твоё имущество, – будь щедрой. Не копи имущество и деньги, приумножая их, и не пересчитывай снова и снова. Не скупись. Иначе Аллах, наделяя тебя уделом, тоже будет отмерять его по счёту (а не даровать щедро и обильно). Не прячь имущество (деньги), оставшееся сверх твоих потребностей, не отдавая его нуждающимся. Если ты поступишь так, Аллах также поступит с тобой».