Хадис

Сараңдық пен қолы тарлықтан тыю

О запрете скупости и скаредности

Риядус-салихин, 61-тақырып · 1 хадис · № 564

Хадистер

«وَأَمَا مَنْ بَخِلَ وَاسْتَغْنَى وَكَذَّبَ بِالحُسْنَى فَسَنُيَسِّرُهُ لِلْعُسْرَى وَمَا يُغْنِى عَنْهُ مَالُهُ إِذَا تَرَدَّى» «Ал кім сараңдық қылса және (мал-мүлкіне сеніп), Аллаға еш мұқтаж еместей әрекет ететін, әрі ең абзал сөзге (кәлимаға) сенбейтінге келсек, ол үшін (мәңгілік құрдымға батыратын) жолды жеңілдетіп қоямыз. Ол (жаһаннам шұңқырына) домалап бара жатқанда, оған жиған-терген мал-дәулеті титтей де пайда бермейді». («Ләйл» сүресі, 8-11-аят).

«وَمَنْ يُوقَ شُحَّ نَفسِهِ فَأولَئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ» «Кімде-кім өз нәпсінің сараңдығы мен ашкөздігінен сақтана алса, мәңгілік азаптан құтылып, мақсат-мұраттарына жеткен бақытты жандар, міне, солар». («Тағабун» сүресі, 16-аят).

«А кто был скуп и полагал, что не нуждается в Аллахе, и не верил в истинность прекраснейшего, тому Мы облегчим путь к тягчайшему. И ему не поможет нажитое им имущество, когда он будет низвергнут» (сура «Ляйль», 92:8⁠–⁠11).

«Кто сумеет обезопаситься от жадности и ненасытности своей души, то такие – счастливые люди, спасшиеся от вечных мучений и обретшие успех» (сура «Тагабун», 64:16).

564
Риядус-салихин, № 564Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِر أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «اتَّقُوا الظُّلْمَ؛ فَإِنَّ الظُّلْمَ ظُلُمَاتٌ يَوْمَ الْقِيَامَةِ. وَاتَّقُوا الشُّحَّ؛ فَإِنَّ الشُّحَّ أَهْلَكَ مَنْ كَانَ قَبْلَكُمْ، حَمَلَهُمْ عَلَى أَنْ سَفَكُوا دِمَاءهُمْ وَاسْتَحَلُّوا مَحَارِمَهُمْ»

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Зұлымдықтан сақтаныңдар! Өйткені зұлымдық, қиямет күні қат-қабат зұлматқа айналады. Сондай-ақ, сараңдықтан сақтаныңдар! Өйткені сараңдық сендерден бұрынғыларды (бір-бірінің) қанын төгуге және өздеріне харам қылынған нәрселерді адал санауға дейін апарып, құрып кетулеріне себеп болған», – деген (Муслим: 2576; Ахмад: 14461).

Аталмыш тарауға қатысты хадистердің басым бөлігі алдыңғы тарауларда келтірілген.

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Остерегайтесь несправедливости! Поистине, в День воскресения несправедливость обернётся непроглядным мраком. Остерегайтесь также скупости! Поистине, скупость погубила живших до вас: она довела их до того, что они проливали кровь друг друга и считали дозволенным то, что было им запрещено» (Муслим: 2576; Ахмад: 14461).

Большинство хадисов, относящихся к этой главе, были приведены в предыдущих главах.