Хадис

Өзінен гөрі өзгенің қамын көбірек ойлап, мұқтаж жандарға сүйеніш болу

О предпочтении других себе и поддержке нуждающихся

Риядус-салихин, 62-тақырып · 5 хадис · № 565–569

Хадистер

«وَيُؤْثِرُونَ عَلَى أَنْفُسِهِمْ وَلَوْ كَانَ بِهِمْ خَصَاصَةٌ» «….Өздері мұқтаж боласа да, оларды өздерінен артық көреді….» («Хашр» сүресі, 9-аят).

«وَيُطْعِمُونَ الطَّعَامَ عَلَى حُبِّهِ مِسْكِينًا وَيَتِيمًا وَأَسِيرًا» «Өздері ас-ауқатқа мұқтаж болып, ауыздарының суы құрып тұрса да, пақыр-міскінді, жетім мен тұтқынды қуана-қуана тамақтандырады». («Инсан» сүресі, 8-аят).

«Они отдают предпочтение другим перед собой, даже если сами испытывают нужду» (сура «Хашр», 59:9).

«И они кормят едой обездоленных, сирот и пленников, невзирая на то, что сами нуждаются в ней и желают ее» (сура «Инсан», 76:8).

565
Риядус-салихин, № 565Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: جَاءَ رَجُلٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ فَقَالَ: إِنِّى مَجْهُودٌ، فَأَرْسَلَ إِلَى بَعْضِ نِسَائِهِ، فَقَالَتْ: وَالَّذي بَعَثَكَ بِالحَقِّ مَا عِنْدِى إِلَّا مَاءٌ، ثُمَّ أَرْسَلَ إِلَى أُخْرَى، فَقَالَتْ مِثلَ ذَلِكَ، حَتَّى قُلْنَ كُلُّهُنَّ مِثلَ ذَلِكَ: لَا وَالَّذِى بَعَثَكَ بالحَقِّ مَا عِنْدِى إِلَّا مَاءٌ. فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «مَنْ يُضيفُ هَذَا اللَّيْلَةَ؟» فَقَالَ رَجُلٌ مِنَ الْأنْصَارِ: أَنَا يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَانْطَلَقَ بِهِ إِلَى رَحْلِهِ، فَقَالَ لأَمْرَأَتِهِ: أكرِمِى ضَيْفَ رَسُول اللَّهِ ﷺ

وَفِى رِوَايَةٍ قَالَ لأَمْرَأَتِهِ: هَلْ عِنْدَكِ شَيْءٌ؟ فَقَالَتْ: لَا، إِلَّا قُوتَ صِبيَانِى. قَالَ: فَعَلِّليهم بِشَيْءٍ وَإِذَا أَرَادُوا الْعَشَاءَ فَنَوِّمِيهمْ، وَإِذَا دَخَلَ ضَيْفُنَا فَأطْفِئي السِّرَاجَ، وَأرِيهِ أَنَّا نَأكُلُ. فَقَعَدُوا وَأكَلَ الضَّيْفُ وَبَاتَا طَاوِيَيْنِ، فَلَمَّا أَصْبَحَ غَدَا عَلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَقَالَ: «لَقَدْ عَجبَ اللَّه مِنْ صَنِيعِكُمَا بِضَيْفِكُمَا اللَّيْلَةَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде бір кісі Пайғамбарымызға ﷺ келіп: «Аштықтан титықтап біттім», – деп мұңын шақты. Сонда Алла елшісі үйінен тағам алғызу үшін жұбайларының біріне адам жіберді. Алайда жұбайы: «Сені ақиқат жаршысы етіп жіберген Алланың атымен ант етейін! Қара судан басқа берер еш нәрсем жоқ», – деп жауабын айтып жіберді. Басқа жұбайына жібергенде, ол да алғашқы жұбайы сияқты жауап берді. Сөйтіп, Алла елшісінің қалған жұбайлары да: «Сені ақиқат жаршысы етіп жіберген Алланың атымен ант етейін! Қара судан басқа берер еш нәрсем жоқ», – деді. Соңында, Пайғамбарымыз сахабаларынан: «Мына бауырымызды бүгін түнде кім қонақ етіп күте алады?» – деп сұрады. Сонда ансарлық бір сахаба: «Мен, уа, Расулалла!» – деп, әлгі кісіні үйіне ертіп әкетті. Үйіне келе салысымен әйеліне: «Алла елшісінің жіберген қонағын жақсылап күт», – деді.

Басқа бір риуаятта әйелінен: «Қонаққа беретін бірдеңең бар ма?» – деп сұрады. Әйелі оған: «Балаларға деп сақтаған азғантай ғана тағамнан басқа азық жоқ», – деді. Сонда отағасы: «Ендеше, балалардың көңілін бір нәрсемен аулай тұр. Егер олардың қарыны ашып, кешкі асты ішкісі келсе, алдарқатып ұйықтата сал. Қонағымыз кіргенде, шамды сөндіріп қой, екеуіміз онымен бірге отырып, жеп-ішіп отырғандай сыңай танытайық», – деді. Сөйтіп, қонақ кірген соң, бәрі бірге дастарханға отырып, келген қонақ бар асты бір өзі ішіп қойды. Ал өздері сол түні аш жатты. Ертесі күні үй иесі таңертеңгісін Пайғамбарымызға келгенде, Алла елшісі оған: «Расында, Алла Тағала жұбайың екеуіңнің түнде істеген істеріңе қайран қалды (яғни, дән риза болды)», – деп айтты», – деген (Бұхари: 3798; Муслим: 5359).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды к Пророку ﷺ пришёл человек и пожаловался: “Я совершенно изнурён голодом”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ послал человека к одной из своих жён, чтобы тот принёс из дома еду. Однако она передала в ответ: “Клянусь Аллахом, Который послал тебя вестником истины! У меня нет ничего, кроме воды”. Он послал к другой жене, но та ответила так же, как первая. Затем и остальные жёны Посланника Аллаха ﷺ сказали: “Клянусь Аллахом, Который послал тебя вестником истины! У нас нет ничего, кроме воды”. Наконец Пророк ﷺ спросил своих сподвижников: “Кто сможет этой ночью принять у себя нашего брата и оказать ему гостеприимство?” Один из ансаров ответил: “Я, о Посланник Аллаха!” – и повёл того человека к себе домой. Войдя в дом, он сказал жене: “Хорошо прими гостя, которого направил Посланник Аллаха ﷺ”».

В другой версии сообщается: «Он спросил жену: “Есть ли у тебя что-нибудь, чем можно угостить гостя?” Она ответила: “У нас нет никакой еды, кроме небольшого количества, которое я приберегла для детей”. Тогда хозяин дома сказал: “Отвлеки детей чем-нибудь. Если они проголодаются и захотят поужинать, постарайся убаюкать их и уложить спать. Когда войдёт наш гость, погаси светильник, а мы с тобой сядем вместе с ним и сделаем вид, будто тоже едим”. Когда гость вошёл, все вместе сели за стол, и он один съел всю имевшуюся еду. Хозяева же в ту ночь легли спать голодными. На следующее утро, когда хозяин дома пришёл к Пророку ﷺ, Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: “Поистине, Аллах восхитился тем, как вы с женой поступили этой ночью (то есть остался вами очень доволен)”» (Аль-Бухари: 3798; Муслим: 5359).

566
Риядус-салихин, № 566Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «طَعَامُ الاثْنَيْنِ كَافِى الثَّلَاثَةِ، وَطَعَامُ الثَّلَاثَةِ كَافِى الْأربَعَةِ» مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ

وَفِى رِوَايَة لمسلمٍ عَنْ جَابِر عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «طَعَامُ الْوَاحِدِ يَكْفِى الاثْنَيْنِ، وَطَعَامُ الاثْنَيْنِ يَكْفِى الْأَرْبَعَةَ، وَطَعَامُ الْأَرْبَعَة يَكْفِى الثَّمَانِية»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Екі адамның тамағы үшеуге де жетеді, үш адамның тамағы төртеуге де жетеді», – деп айтты», – деген (Бұхари: 5392; Муслим: 5367; Ахмад: 7320).

Жәбир (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Бір адамның ішіп-жемі екі адамға, екі адамның ас-ауқаты төрт адамға, ал төрт адамның ырзығы болса, сегіз адамға жетеді», – деп айтты», – делінген.

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Еды двоих хватит и троим, а еды троих хватит и четверым”» (Аль-Бухари: 5392; Муслим: 5367; Ахмад: 7320).

Джабир (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Пищи одного хватит двоим, пищи двоих – четверым, а пищи четверых – восьмерым».

567
Риядус-салихин, № 567Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى قَالَ: بَيْنَمَا نَحْنُ فِى سَفَرٍ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ إِذْ جَاءَ رَجُلٌ عَلَى رَاحِلَةٍ لَهُ، فَجَعَلَ يَصرِفُ بَصَرَهُ يَمِينًا وَشِمَالًا، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ كَانَ مَعَهُ فَضْلُ ظَهْرٍ فَليَعُدْ بِهِ عَلَى مَنْ لَا ظَهرَ لَهُ، وَمَنْ كَانَ لَهُ فَضْلٌ مِنْ زَادٍ، فَلْيَعُدْ بِهِ عَلَى مَنْ لَا زَادَ لَهُ» فَذَكَرَ مِنْ أصْنَافِ الْمَالِ مَا ذكر حَتَّى رَأَيْنَا أَنَّهُ لَا حَقَّ لأَحَدٍ مِنَّا فِى فَضْلٍ

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.): «Бірде Пайғамбарымызбен ﷺ бірге бір сапарда болғанымызда, жанымызға түйеге мінген бір кісі келді де, көзін оңға-солға жүгіртіп, жалтақтап қарай бастады. Сонда Алла елшісі: «Кімнің артық мініс көлігі болса, оны көлігі жоқ адамға берсін, сондай-ақ, кімде артық азық болса, оны жолазығы жоқ адамға берсін», – деп, мал-дүниенің біраз түрін тізіп айтты. Нәтижеде ешбіріміздің артық дүние ұстауға құқымыз жоқ екенін ұқтық», – деген (Муслим: 4517; Ахмад: 11293).

Орысша аудармасы

Абу Саид аль-Худри (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды, когда мы находились в пути вместе с Пророком ﷺ, к нам подъехал человек верхом на верблюде и стал растерянно оглядываться по сторонам. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Пусть тот, у кого есть лишнее верховое животное, отдаст его тому, у кого нет средства передвижения. И пусть тот, у кого есть лишние припасы, отдаст их тому, у кого нет провизии на дорогу”. Затем он перечислил ещё несколько видов имущества, так что мы поняли: никто из нас не вправе оставлять у себя что-либо сверх необходимого» (Муслим: 4517; Ахмад: 11293).

568
Риядус-салихин, № 568Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд (р.а.)

عَنْ سهل بْنِ سعدٍ أَنَّ أمْرَأَةً جَاءَتْ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ بِبُرْدَةٍ مَنْسُوجَةٍ، فَقَالَتْ: نَسَجْتُها بِيَدَيَّ لأَكْسُوكَهَا، فَأَخَذَهَا النَّبِيُّ ﷺ مُحْتَاجًا إِلَيْهَا، فَخَرَجَ إِلَيْنَا وَإِنَّهَا إِزَارُهُ، فَقَالَ فُلَانٌ: اكْسُنِيهَا مَا أَحْسَنَهَا! فَقَالَ: «نَعَمْ» فَجَلَسَ النَّبِيُّ ﷺ فِى الْمَجْلِسُ، ثُمَّ رَجَعَ فَطَواهَا، ثُمَّ أَرْسَلَ بِهَا إِلَيْهِ: فَقَالَ لَهُ الْقَومُ: مَا أَحْسَنْتَ! لَبِسَهَا النَّبِيُّ ﷺ مُحتَاجًَا إِلَيْهَا، ثُمَّ سَأَلْتَهُ وَعَلِمْتَ أَنَّهُ لَا يَرُدُّ سَائِلًا، فَقَالَ: إِنِّى وَاللَّهِ مَا سَأَلْتُهُ لألْبِسَهَا، إِنَّمَا سَأَلْتُهُ لِتَكُونَ كَفنِى. قَالَ سَهْلٌ: فَكَانَتْ كَفَنَهُ

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (р.а.): «Күндердің күнінде бір әйел Алла елшісіне ﷺ: «Мынаны сіз кисін деп өз қолыммен тоқыдым», – деп қолдан тоқылған шапан тарту етеді. Пайғамбарымызға шапан қажет болғандықтан, сыйлықтан бас тарта алмады. Расулалла әлгі шапанды белінен төмен орап, біздің алдымызға киіп шыққанда, арамыздан біреу: «Қандай әдемі! Мынаны маған сыйлаңызшы», – деді. Пайғамбарымыз оған: «Жарайды», – деді де, жамағатпен бірге біраз отырған соң, үйіне кіріп, шапанын бүктеп, әлгі кісіге беріп жіберді. Сонда Пайғамбарымызға қолқа салған әлгі адамның бұл әрекетін ерсі көрген жамағат оны: «Сен дұрыс істемедің! Пайғамбарымыз бұны өзіне қажет болған соң алып, киіп еді. Ал сен оның сұрағанға жоқ демейтінін біле тұра, сұрадың», – деп жазғырды. Сонда ол: «Алланың атымен ант етейін! Мен оны кию үшін емес, (тәбәрік ретінде) өзіме кебін болсын деп, аттай қалап, сұрап алдым», – деп жауап берді. Шынымен де сол шапан кейін оған кебін болды», – деп айтты (Бұхари: 1277; Ахмад: 22825)

Орысша аудармасы

Сахль ибн Саад (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды одна женщина преподнесла Посланнику Аллаха ﷺ собственноручно сотканную накидку, сказав: “Я соткала её своими руками, чтобы вы носили её”. Поскольку Пророк ﷺ нуждался в накидке, он не стал отказываться от подарка. Когда Посланник Аллаха ﷺ вышел к нам, обернув этой накидкой нижнюю часть тела, один из присутствовавших сказал: “Какая красивая! Подарите её мне”. Пророк ﷺ ответил ему: “Хорошо”. Посидев некоторое время вместе с собравшимися, он вошёл домой, сложил накидку и отправил её тому человеку. Собравшиеся сочли просьбу этого человека неуместной и стали укорять его: “Ты поступил неправильно! Пророк ﷺ принял и надел эту накидку, потому что нуждался в ней. А ты попросил его, хотя знал, что он никому не отказывает в просьбе”. Тот ответил: “Клянусь Аллахом! Я попросил её не для того, чтобы носить, а потому, что горячо желал, чтобы она (в надежде обрести благодать) стала моим саваном”. И впоследствии эта накидка действительно стала его саваном» (Аль-Бухари: 1277; Ахмад: 22825).

569
Риядус-салихин, № 569Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِى مُوسَى، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ الْأشْعَرِيِّينَ إِذَا أرْمَلُوا فِى الْغَزْوِ، أَوْ قَلَّ طَعَامُ عِيَالِهِمْ بِالْمَديِنَةِ، جَمَعُوا مَا كَانَ عِنْدَهُمْ فِى ثَوْبٍ وَاحِدٍ، ثُمَّ اقْتَسَمُوهُ بَيْنَهُمْ فِى إِنَاءٍ وَاحدٍ بالسَّوِيَّةِ فَهُمْ مِنِّى وَأَنَا مِنْهُمْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Расында, әшғариліктер жорық кезінде жол азықтары таусылуға шақ қалғанда, яки қалада бала-шағасының азығы таусылуға аз қалғанда, қолдарындағы бар азықты бір матаға жинап, содан соң оны барлығы бір ыдыспен өлшеп, теңдей етіп бөліп алады. Олар – менен, ал мен – оларданмын! (Яғни, көркем-мінез және тура жолда болу мәселесінде олар маған қатты ұқсас қауым)», – деп айтты», – деген (Бұхари: 2486; Муслим: 6408).

Орысша аудармасы

Абу Муса (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, когда во время похода дорожные припасы ашаритов подходят к концу или когда в городе почти заканчивается пища для их семей, они складывают все имеющиеся у них продукты на один кусок ткани, а затем отмеряют их одним сосудом и делят между собой поровну. Они – от меня, а я – от них! (То есть своим благонравием и следованием прямым путём они очень похожи на меня)”» (Аль-Бухари: 2486; Муслим: 6408).