Хадис

Риядус-салихин, № 565

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
62. Өзінен гөрі өзгенің қамын көбірек ойлап, мұқтаж жандарға сүйеніш болу
Нөмірі
№ 565 (қазақша басылым реті)
565
Риядус-салихин, № 565Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: جَاءَ رَجُلٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ فَقَالَ: إِنِّى مَجْهُودٌ، فَأَرْسَلَ إِلَى بَعْضِ نِسَائِهِ، فَقَالَتْ: وَالَّذي بَعَثَكَ بِالحَقِّ مَا عِنْدِى إِلَّا مَاءٌ، ثُمَّ أَرْسَلَ إِلَى أُخْرَى، فَقَالَتْ مِثلَ ذَلِكَ، حَتَّى قُلْنَ كُلُّهُنَّ مِثلَ ذَلِكَ: لَا وَالَّذِى بَعَثَكَ بالحَقِّ مَا عِنْدِى إِلَّا مَاءٌ. فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «مَنْ يُضيفُ هَذَا اللَّيْلَةَ؟» فَقَالَ رَجُلٌ مِنَ الْأنْصَارِ: أَنَا يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَانْطَلَقَ بِهِ إِلَى رَحْلِهِ، فَقَالَ لأَمْرَأَتِهِ: أكرِمِى ضَيْفَ رَسُول اللَّهِ ﷺ

وَفِى رِوَايَةٍ قَالَ لأَمْرَأَتِهِ: هَلْ عِنْدَكِ شَيْءٌ؟ فَقَالَتْ: لَا، إِلَّا قُوتَ صِبيَانِى. قَالَ: فَعَلِّليهم بِشَيْءٍ وَإِذَا أَرَادُوا الْعَشَاءَ فَنَوِّمِيهمْ، وَإِذَا دَخَلَ ضَيْفُنَا فَأطْفِئي السِّرَاجَ، وَأرِيهِ أَنَّا نَأكُلُ. فَقَعَدُوا وَأكَلَ الضَّيْفُ وَبَاتَا طَاوِيَيْنِ، فَلَمَّا أَصْبَحَ غَدَا عَلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَقَالَ: «لَقَدْ عَجبَ اللَّه مِنْ صَنِيعِكُمَا بِضَيْفِكُمَا اللَّيْلَةَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде бір кісі Пайғамбарымызға ﷺ келіп: «Аштықтан титықтап біттім», – деп мұңын шақты. Сонда Алла елшісі үйінен тағам алғызу үшін жұбайларының біріне адам жіберді. Алайда жұбайы: «Сені ақиқат жаршысы етіп жіберген Алланың атымен ант етейін! Қара судан басқа берер еш нәрсем жоқ», – деп жауабын айтып жіберді. Басқа жұбайына жібергенде, ол да алғашқы жұбайы сияқты жауап берді. Сөйтіп, Алла елшісінің қалған жұбайлары да: «Сені ақиқат жаршысы етіп жіберген Алланың атымен ант етейін! Қара судан басқа берер еш нәрсем жоқ», – деді. Соңында, Пайғамбарымыз сахабаларынан: «Мына бауырымызды бүгін түнде кім қонақ етіп күте алады?» – деп сұрады. Сонда ансарлық бір сахаба: «Мен, уа, Расулалла!» – деп, әлгі кісіні үйіне ертіп әкетті. Үйіне келе салысымен әйеліне: «Алла елшісінің жіберген қонағын жақсылап күт», – деді.

Басқа бір риуаятта әйелінен: «Қонаққа беретін бірдеңең бар ма?» – деп сұрады. Әйелі оған: «Балаларға деп сақтаған азғантай ғана тағамнан басқа азық жоқ», – деді. Сонда отағасы: «Ендеше, балалардың көңілін бір нәрсемен аулай тұр. Егер олардың қарыны ашып, кешкі асты ішкісі келсе, алдарқатып ұйықтата сал. Қонағымыз кіргенде, шамды сөндіріп қой, екеуіміз онымен бірге отырып, жеп-ішіп отырғандай сыңай танытайық», – деді. Сөйтіп, қонақ кірген соң, бәрі бірге дастарханға отырып, келген қонақ бар асты бір өзі ішіп қойды. Ал өздері сол түні аш жатты. Ертесі күні үй иесі таңертеңгісін Пайғамбарымызға келгенде, Алла елшісі оған: «Расында, Алла Тағала жұбайың екеуіңнің түнде істеген істеріңе қайран қалды (яғни, дән риза болды)», – деп айтты», – деген (Бұхари: 3798; Муслим: 5359).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды к Пророку ﷺ пришёл человек и пожаловался: “Я совершенно изнурён голодом”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ послал человека к одной из своих жён, чтобы тот принёс из дома еду. Однако она передала в ответ: “Клянусь Аллахом, Который послал тебя вестником истины! У меня нет ничего, кроме воды”. Он послал к другой жене, но та ответила так же, как первая. Затем и остальные жёны Посланника Аллаха ﷺ сказали: “Клянусь Аллахом, Который послал тебя вестником истины! У нас нет ничего, кроме воды”. Наконец Пророк ﷺ спросил своих сподвижников: “Кто сможет этой ночью принять у себя нашего брата и оказать ему гостеприимство?” Один из ансаров ответил: “Я, о Посланник Аллаха!” – и повёл того человека к себе домой. Войдя в дом, он сказал жене: “Хорошо прими гостя, которого направил Посланник Аллаха ﷺ”».

В другой версии сообщается: «Он спросил жену: “Есть ли у тебя что-нибудь, чем можно угостить гостя?” Она ответила: “У нас нет никакой еды, кроме небольшого количества, которое я приберегла для детей”. Тогда хозяин дома сказал: “Отвлеки детей чем-нибудь. Если они проголодаются и захотят поужинать, постарайся убаюкать их и уложить спать. Когда войдёт наш гость, погаси светильник, а мы с тобой сядем вместе с ним и сделаем вид, будто тоже едим”. Когда гость вошёл, все вместе сели за стол, и он один съел всю имевшуюся еду. Хозяева же в ту ночь легли спать голодными. На следующее утро, когда хозяин дома пришёл к Пророку ﷺ, Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: “Поистине, Аллах восхитился тем, как вы с женой поступили этой ночью (то есть остался вами очень доволен)”» (Аль-Бухари: 3798; Муслим: 5359).