Хадис

Күнә атаулыдан және күмәнді нәрселерден бойды аулақ ұстау жайында

О необходимости сторониться всякого греха и всего сомнительного

Риядус-салихин, 68-тақырып · 9 хадис · № 589–597

Хадистер

«وَتَحْسَبُونَهُ هَيِّنًا وَهُوَ عِنْدَ اللَّهِ عَظِيمٌ» «...сендер соны болмашы нәрсе деп санадыңдар, алайда ол Алланың құзырында зор күнә саналады». («Нұр» сүресі, 15-аят).

«إِنَّ رَبَّكَ لَبِالْمِرْصَادِ» «Шүбәсіз, Раббың үнемі бақылауда!» («Фәжр» сүресі, 14-аят).

«И кажется вам это незначительным, но перед Аллахом это великий грех» (сура «Нур», 24:15).

«Поистине, Господь твой – словно в засаде» (сура «Фаджр», 89:14).

589
Риядус-салихин, № 589Риуаят етуші: Нұғман ибн Бәшир (р.а.)

عَنْ النعمان بْنِ بشيرٍ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ الْحَلَالَ بَيِّنٌ، وَإِنَّ الْحَرَامَ بَيِّنٌ، وَبَيْنَهُمَا مُشْتَبَهَاتٌ لَا يَعْلَمُهُنَّ كَثِيرٌ مِنَ النَّاسِ، فَمَنِ اتَّقَى الشُّبُهَاتِ، اسْتَبْرَأَ لِدِينهِ وَعِرْضِهِ، وَمَنْ وَقَعَ فِى الشُّبُهَاتِ وَقَعَ فِى الْحَرَامِ، كَالرَّاعِى يَرْعَى حَوْلَ الْحِمَى يُوشِكُ أَنْ يَرْتَعَ فِيهِ، أَلَا وَإِنَّ لكُلّ مَلِكٍ حِمَىً، أَلَا وَإِنَّ حِمَى اللَّهِ مَحَارِمُهُ، أَلَا وَإِنَّ فِى الْجَسَدِ مُضْغَةً إِذَا صَلَحَت صَلَحَ الْجَسَدُ كُلُّهُ، وَإِذَا فَسَدَتْ فَسَدَ الْجَسَدُ كُلُّهُ، أَلَا وَهِيَ الْقَلْبُ»

Қазақша аудармасы

Нұғман ибн Бәшир (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Шындығында, ненің халал, ненің харам екені анық. Алайда осы екеуінің ортасында адамдардың көбі не адал, не арам екенін жете біле бермейтін күмәнді нәрселер де бар. Ендеше, кімде-кім осындай күмәнді нәрселерден бойын аулақ ұстаса, діні мен ар-намысын кірлетпей сақтап қалады. Ал күмәнді нәрселердің шырмауынан шыға алмаған адам бейне бір қорықтың маңында мал бағып жүрген бақташыға ұқсайды. Бақташының малы сәл қалса қорыққа кіріп кететіні секілді, ол да харамға қалай кіріп кеткенін байқамай қалады. Расында, әр патшаның ешбір жанға аяқ басқызбайтын қорығы болады. Алланың қорығы – харам қылғандары. Шындығында, денеде бір кесек ет бар. Егер сол ет сау болса, бүкіл дене сау болады. Ал ол бұзылса, бүкіл дене бұзылады. Ол – жүрек», – деп айтқанын естідім», – деген (Бұхари: 52; Муслим: 4093; Ахмад: 18368).

Орысша аудармасы

Нуман ибн Башир (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, дозволенное ясно и запретное ясно. Однако между ними есть сомнительные вещи, о дозволенности или запретности которых большинство людей не обладает точным знанием. Тот, кто сторонится сомнительного, сохраняет незапятнанными свою религию и честь. А тот, кто погрязает в сомнительном, подобен пастуху, пасущему стадо возле заповедного владения: как его стадо вот-вот забредёт туда, так и он может не заметить, как впадёт в запретное. Поистине, у каждого правителя есть заповедное владение, куда он никому не позволяет входить. Заповедное владение Аллаха – то, что Он запретил. Поистине, в теле есть кусочек плоти: если он здрав, здраво и всё тело, а если он испорчен, испорчено и всё тело. Это – сердце”» (Аль-Бухари: 52; Муслим: 4093; Ахмад: 18368).

590
Риядус-салихин, № 590Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ وَجَدَ تَمْرَةً فِى الطَّرِيقِ، فَقَالَ: «لَوْلَا أنِّى أخَافُ أَنْ تَكُونَ مِنَ الصَّدَقَة لأَكَلْتُهَا»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ жол бойынан бір құрма тауып алып: «Егер де бұл құрма садақадан емес пе екен деп қауіптенбегенімде, оны әлбетте жейтін едім», – деген екен (Бұхари: 2431; Муслим: 2478; Ахмад: 12190).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что однажды Пророк ﷺ нашёл на дороге финик и сказал: «Если бы я не опасался, что этот финик может оказаться из садаки, то непременно съел бы его» (Аль-Бухари: 2431; Муслим: 2478; Ахмад: 12190).

591
Риядус-салихин, № 591

عَنْ النَّواسِ بْنِ سمعان عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «البِرُّ: حُسْنُ الْخُلُقِ، وَالإِثْمُ: مَا حَاكَ فِى نَفْسِكَ، وَكَرِهْتَ أَنْ يَطَّلِعَ عَلَيْهِ النَّاسُ»

Қазақша аудармасы

Нәууәс ибн Сәмған (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Ізгілік деген – көркем мінез. Ал күнә – жан-дүниеңді мазалаған әрі ел-жұрт білмесе екен деген ісің», – деп айтты», – делінген. (Муслим: 6516; Ахмад: 17631).

Орысша аудармасы

Ан-Наввас ибн Саман (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Благочестие – это прекрасный нрав. А грех – то, что тревожит твою душу и о чём ты не хотел бы, чтобы узнали люди» (Муслим: 6516; Ахмад: 17631).

592
Риядус-салихин, № 592

عَنْ وَابِصَةَ بْنِ مَعبدٍ قَالَ: أَتَيْتُ رَسُول اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «جئتَ تَسْألُ عَنِ الْبِرِّ؟» قُلْتُ: نَعَمْ، فَقَالَ: «اسْتَفْتِ قَلْبَكَ، الْبرُّ: مَا اطْمَأَنَّت إِلَيْهِ النَّفسُ، وَاطْمأَنَّ إِلَيْهِ الْقَلْبُ، وَالإِثْمُ: مَا حَاكَ فِى النَّفْسِ، وَتَرَدَّدَ فِى الصَّدْرِ، وَإِنْ أفْتَاكَ النَّاسُ وَأفْتُوكَ»

Қазақша аудармасы

Уәбиса ибн Мағбад (р.а.): «Бірде Алла елшісіне ﷺ барғанымда, маған: «Ізгілік жайлы сұрауға келдің бе?» – деп жылы шырай танытты. Мен: «Иә», – дегенімде, маған: «Ендеше, жүрегіңнен сұра. Адамның жаны мен жүрегі нені құптап, не арқылы тыныштыққа бөленсе, ізгілік деген сол. Ал күнә (немесе күмәнді нәрсе) дегеніміз – адам жаны мен жүрегінің мазасын қашырып, қобалжытатын жамандықтың нақ өзі. Өзге адамдар қанша жерден пәтуа берсе де, бұл солай»,1 – деп айтты», – деген. (Ахмад: 17999; Дарими: 2533).

Орысша аудармасы

Вабиса ибн Мабад (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я пришёл к Посланнику Аллаха ﷺ, и он приветливо спросил меня: “Ты пришёл спросить о благочестии?” Я ответил: “Да”. Тогда он сказал мне: “Спроси своё сердце. Благочестие – это то, что принимают душа и сердце и в чём они обретают покой. А грех (или сомнительное) – это именно то зло, которое тревожит душу и лишает покоя сердце. И это остаётся так, даже если другие люди будут давать тебе фетву за фетвой1”» (Ахмад: 17999; Ад-Дарими: 2533).

  1. 1Яғни, кім не десе де, алдымен өзіңнің Алладан именетін жүрегіңді тыңдап, күмәнді нәрселерден аулақ бол.
  1. 1То есть, кто бы что ни говорил, прежде всего прислушивайся к своему сердцу, исполненному страха перед Аллахом, и сторонись сомнительного.
593
Риядус-салихин, № 593

عَنْ أَبِى سِرْوَعَةَ – بكسر السين الْمهملة وفتحها – عُقبَةَ بْنِ الْحارِثِ: أَنَّهُ تَزَوَّجَ ابنَةً لأبي إِهَابِ بْنِ عزيزٍ، فَأتَتْهُ امْرَأَةٌ، فَقَالَتْ: إِنِّى قَدْ أرضَعْتُ عُقْبَةَ وَالَّتِى قَدْ تَزَوَّجَ بِهَا. فَقَالَ لَهَا عُقْبَةُ: مَا أَعْلَمُ أَنَّك أرضَعْتِنِى وَلَا أخْبَرْتِني، فَرَكِبَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺِ بِالمَدِينَةِ، فَسَأَلَهُ: فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «كَيْفَ؟ وَقَد قِيلَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сируаға Уқба ибн әл-Харис (р.а.) Иһәб ибн Азиздің қызына үйленген кезде, оған бір әйел келіп: «Шынтуайтында, мен (кезінде) мына Уқбаны да, ол үйленген қызды да емізген едім», – дейді. (Мұны естіген) Уқба оған: «Сіз мені шынымен еміздіңіз бе, жоқ па білмеймін, оның үстіне, (бұрын-соңды) бұл жайлы айтпаған едіңіз», – деп, көлігіне мініп, (Меккеден) Мәдинаға Алла елшісіне ﷺ аттанады. (Осы мәселе жайлы) сұраған кезінде, Алла елшісі: «(Сүт бауыр екендерің) айтылғанына қарамастан, қалай (ерлі-зайыпты боласыңдар?)», – дейді. Содан Уқба әлгі әйелмен ажырасып, ол басқа біреуге тұрмысқа шыққан екен (Бұхари: 88; Ахмад: 12148).

Орысша аудармасы

Абу Сирваа Укба ибн аль-Харис (да будет доволен им Аллах) женился на дочери Ихаба ибн Азиза. Однажды к нему пришла женщина и сказала: «Поистине, в своё время я кормила грудью и Укбу, и девушку, на которой он женился». Услышав это, Укба ответил ей: «Я не знаю, действительно ли вы кормили меня грудью, к тому же прежде вы ничего мне об этом не говорили». Затем он сел на своё верховое животное и отправился из Мекки в Медину к Посланнику Аллаха ﷺ. Когда Укба спросил его об этом, Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Как же вы можете оставаться супругами после того, как было сказано (что вы являетесь молочными братом и сестрой)?» После этого Укба развёлся с той женщиной, и она вышла замуж за другого. (Аль-Бухари: 88; Ахмад: 12148).

594
Риядус-салихин, № 594

عَنْ الْحسن بْنِ علي، قَالَ: حَفِظتُ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ: «دَعْ مَا يرِيبُكَ إِلَى مَا لَا يَرِيبُكَ»

Қазақша аудармасы

Хасан ибн Әли (р.а.): «Расулалланың ﷺ «Күмәнді нәрсені тастап, күмәнсіз болғанды таңда. Шынында, шындық – жан дүниенің тыныштығы. Ал өтірік – көңілге күмән ұялатады» деген өсиетін көкейіме түйіп алдым», – деген (Тирмизи: 2518; Ахмад: 1723).

Орысша аудармасы

Хасан ибн Али (да будет доволен ими обоими Аллах) сказал: «Я навсегда запомнил наставление Посланника Аллаха ﷺ: “Оставь то, что вызывает у тебя сомнение, и избери то, в чём ты не сомневаешься. Поистине, истина приносит душе покой, а ложь вселяет в сердце сомнение”» (Ат-Тирмизи: 2518; Ахмад: 1723).

595
Риядус-салихин, № 595Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: كَانَ لأبي بَكر الصديق غُلَامٌ يُخْرِجُ لَهُ الْخَرَاجَ، وَكَانَ أَبُو بَكْرٍ يَأكُلُ مِنْ خَرَاجِهِ، فَجَاءَ يَوْمًا بِشَيْءٍ، فَأكَلَ مِنْهُ أَبُو بَكْرٍ، فَقَالَ لَهُ الْغُلَامُ: تَدْرِى مَا هَذَا؟ فَقَالَ أَبُو بكر: وَمَا هُوَ؟ قَالَ: كُنْتُ تَكَهَّنْتُ لإِنْسَانٍ فِى الْجَاهِلِيَّةِ وَمَا أُحْسِنُ الْكَهَانَةَ، إِلَّا أنّي خَدَعْتُهُ، فَلَقِيَنِى، فَأعْطَانِى لِذَلِكَ، هَذَا الَّذِى أكَلْتَ مِنْهُ، فَأدْخَلَ أَبُو بَكْرٍ يَدَهُ فَقَاءَ كُلَّ شَيْءٍ فِى بَطْنِهِ

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Әбу Бәкір әс-Сыддықтың (р.а.) еңбек етіп, тапқан табысының бір бөлігін құл салығы ретінде төлеп тұратын басыбайлы құлы бар еді. Әбу Бәкір болса, құлының төлеген салығын өзіне азық ететін. Бір күні құлы әдеттегідей оған азық әкелді. Әбу Бәкір құлының әкелгенімен тамақтанып алған соң, құлы одан: «Сізге әкелгенімнің не екенін білесіз бе?» – деп сұрады. Әбу Бәкір: «Ол не еді?» – деді. Сонда құлы: «Жәһилият дәуірінде бәлендей бал аша алмасам да, біреуге бал ашып беріп, аңқаулығын пайдаланып, азын-аулақ қаражат түсіргенмін. Бүгін сол кісімен кездесіп қалып, сондағы салған құмалақтың ақысын алдым. Сіз жеген асты сол қаражатқа сатып алған едім», – деді. Мұны естіген Әбу Бәкір дереу саусағын тамағына жүгіртіп, ішкен-жегенін түгелдей ақтарып тастады», – деп айтты (Бұхари: 3842).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «У Абу Бакра ас-Сиддика (да будет доволен им Аллах) был раб, который трудился и отдавал ему часть своего заработка в качестве оброка. Абу Бакр питался тем, что раб приносил ему в счёт этого оброка. Однажды раб, как обычно, принёс ему еду. Когда Абу Бакр поел принесённого, раб спросил его: “Знаете ли вы, что именно я вам принёс?” Абу Бакр спросил: “Что же это было?” Раб ответил: “Во времена джахилии я, хотя и не умел как следует гадать, погадал одному человеку и обманул его, воспользовавшись его простодушием. Сегодня я встретил того человека и получил от него плату за то давнее гадание. Еду, которую вы съели, я купил на эти деньги”. Услышав это, Абу Бакр тотчас засунул палец в горло и изверг из себя всё съеденное и выпитое» (Аль-Бухари: 3842).

596
Риядус-салихин, № 596

عَنْ نافِع: أن عُمَرَ بْنِ الْخَطّاب كَانَ فَرَضَ لِلمُهَاجِرِينَ الْأَوَّلِينَ أَرْبَعَةَ الآفٍ وَفَرَضَ لابْنِهِ ثَلَاثَة آلافٍ وَخَمْسَمئَةٍ، فَقيلَ لَهُ: هُوَ مِنَ الْمُهَاجِرِينَ فَلِمَ نَقَصْتَهُ؟ فَقَالَ: إِنَّمَا هَاجَرَ بِهِ أبُوهُ. يَقُولُ: لَيْسَ هُوَ كَمَنْ هَاجَرَ بِنَفْسِهِ

Қазақша аудармасы

Нафиғтің айтуы бойынша, Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) алғашқы мұһажырларға төрт мың дирхамнан тағайындағанда, өзінің ұлына үш жарым мың дирхам ғана тағайындаған екен. Сонда одан: «Ол да (алғашқы) мұһажырлардан емес пе, неліктен оның үлесін кеміттің?» – деп сұрағанда, ол: «Шынында ол ата-анасымен бірге қоныс аударды. Ол бір өзі һижрет еткендермен тең емес», – деп жауап берген екен (Бұхари: 3912; Ахмад: 15905).

Орысша аудармасы

По словам Нафиа, когда Умар ибн аль-Хаттаб (да будет доволен им Аллах) назначил первым мухаджирам содержание по четыре тысячи дирхамов, своему сыну он определил лишь три тысячи пятьсот. Его спросили: «Разве он не относится к первым мухаджирам? Почему же вы уменьшили его долю?» Умар ответил: «Поистине, он переселился вместе с родителями. Его нельзя приравнивать к тем, кто совершил хиджру самостоятельно» (Аль-Бухари: 3912; Ахмад: 15905).

597
Риядус-салихин, № 597

عَنْ عَطِيَّةَ بْنِ عُروة السَّعْدِيِّ الصحابيِّ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَبْلُغُ الْعَبْدُ أَنْ يَكُونَ منَ الْمُتَّقِينَ حَتَّى يَدَعَ مَا لَا بَأسَ بِهِ، حَذَرًا مِمَّا بِهِ بَأسٌ»

Қазақша аудармасы

Атия ибн Уруа әс-Сағди (р.а.) жеткізген хадисте: «Расулалла ﷺ: «Алланың пендесі күмәнді нәрселерден сақтану мақсатында онша күмәнді болмаған кейбір нәрселерден де бас тартпайынша, шынайы тақуалыққа қол жеткізе алмайды», – деп айтты», – делінген (Тирмизи: 2451).

Орысша аудармасы

Атыйя ибн Урва ас-Саади (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Раб Аллаха не достигнет истинной богобоязненности, пока, опасаясь сомнительного, не станет отказываться даже от некоторых вещей, которые сами по себе не вызывают сомнений» (Ат-Тирмизи: 2451).