Хадис

Адам баласы басына түсен ауыртпалық себепті, өз басына өлім тілемеуі керек, ал басына келген сынақ дін-иманына қатысты болса, оның жөні басқа

О том, что человеку не следует желать себе смерти из-за постигших его тягот; если же испытание касается его религии и веры, это иной случай

Риядус-салихин, 67-тақырып · 3 хадис · № 586–588

Хадистер

586
Риядус-салихин, № 586Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا يَتَمَنَّ أَحَدُكُمُ الْمَوْتَ، إِمَّا مُحْسِنًا فَلَعَلَّهُ يَزْدَادُ، وَإِمَّا مُسِيئًا فَلَعَلَّهُ يَسْتَعْتِبُ»

وَفِى رِوَايَة لمسلم عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا يَتَمَنَّ أَحَدُكُمُ الْمَوْتَ، وَلَا يَدْعُ بِهِ مِنْ قَبْلِ أَنْ يَأْتِيَهُ؛ إِنَّهُ إِذَا مَاتَ انْقَطَعَ عَمَلُهُ، وَإِنَّهُ لَا يَزِيدُ الْمُؤْمِنَ عُمُرُهُ إِلَّا خَيْرًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Ешбірің өзіне өлім тілемесін. Егер ол игі іс істейтін ізгі жан болса, мүмкін, сауабы арта түсер. Ал егер күнәһар болса, бәлкім, тәубесіне келіп, Алланың разылығына бөленер», – деп айтты», – деген (Бұхари: 5673; Ахмад: 7578).

Осы хадис имам Муслимнің риуаятында: «Ешбірің өзіне өлім тілемесін, ажалы жетпейінше өлім тілеп, дұға етпесін, өйткені өліп кетсе, істері үзіліп (тоқтап) қалады. Шынында, мүміннің ұзақ ғұмыр кешуі, тек қана оның жақсылығын арттырады» – делінген (Муслим: 6819).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Пусть никто из вас не желает себе смерти. Если он праведный человек, совершающий благие дела, возможно, его награда ещё умножится. Если же он грешник, возможно, он покается и удостоится довольства Аллаха”» (Аль-Бухари: 5673; Ахмад: 7578).

В версии этого хадиса, переданной имамом Муслимом, сказано: «Пусть никто из вас не желает себе смерти и не обращается с мольбой о ней, пока не наступит назначенный ему срок. Ведь если человек умрёт, его деяния прерываются (прекращаются). Поистине, долгая жизнь верующего лишь умножает его благо» (Муслим: 6819).

587
Риядус-салихин, № 587Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَتَمَنَّيَنَّ أَحَدُكُمُ الْمَوْتَ لِضُرٍّ أَصَابَهُ، فَإِنْ كَانَ لَا بُدَّ فَاعِلًا، فَلْيَقُلْ: اللَّهُمَّ أحْيِنِى مَا كَانَتِ الْحَيَاةُ خَيْرًا لي، وَتَوَفَّنِى إِذَا كَانَت الْوَفَاةُ خَيرًا لي»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Ешбірің басына түскен ауыртпалыққа бола өзіне өлім тілемесін. Егер одан басқа амалы қалмаса: «Уа, Алла Тағалам! Егер мен үшін өмір сүру қайырлы болса, ғұмыр бере көр! Ал егер өлім қайырлы болса, (аманат еткен) жанымды алғайсың», – деп айтсын», – деген (Бұхари: 5671; Муслим: 6814; Ахмад: 13579).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Пусть никто из вас не желает себе смерти из-за постигшего его несчастья. Если же он не в силах поступить иначе, пусть скажет: “О Аллах Всевышний! Если жизнь для меня является благом, продли мою жизнь, а если смерть для меня является благом, забери мою душу (вверенную мне Тобой)”» (Аль-Бухари: 5671; Муслим: 6814; Ахмад: 13579).

588
Риядус-салихин, № 588

عَنْ قيسِ بْنِ أَبِى حازم، قَالَ: دَخَلْنَا عَلَى خَبَّاب بْنِ الْأرَتِّ نَعُودُهُ وَقَدِ اكْتَوَى سَبْعَ كَيَّاتٍ، فَقَالَ: إِنَّ أَصْحَابَنَا الَّذِينَ سَلَفُوا مَضَوْا، وَلَمْ تَنْقُصْهُمُ الدُّنْيَا، وَإِنَّا أصَبْنَا مَا لَا نَجِدُ لَهُ مَوْضِعًا إِلَّا التُّرَابَ وَلولا أَنَّ النَّبِيّ ﷺ نَهَانَا أَنْ نَدْعُوَ بِالْمَوْتِ لَدَعَوْتُ بِهِ. ثُمَّ أَتَيْنَاهُ مَرَّةً أُخْرَى وَهُوَ يَبْنِى حَائِطًا لَهُ، فَقَالَ: إِنَّ الْمُسْلِمَ لَيُؤْجَرُ فِى كُلِّ شَيْءٍ يُنْفِقُهُ إِلَّا فِى شَيْءٍ يَجْعَلُهُ فِى هَذَا التُّرَابِ

Қазақша аудармасы

Қайс ибн Әби Хазим былай деген: «Бірде біз (ауырып жатқан) Хаббаб ибн әл-Әраттың (р.а.) көңілін сұрауға кірген едік, ол денесіне жеті жерден (емдік) күйдіру жасаған екен. Ол бізге: «Расында, бұрын кеткен дос-жарандарымыз, қу дүниенің қызығын көрмей (жиған сауаптары еш кемімеген күйде) өтіп кетті. Ал біз болсақ, шынында бізге тиген дүниенің көптігі соншалық, оны қоярға жердің астынан басқа орын таппадық! Егер Пайғамбарымыз ﷺ бізді өз-өзімізге өлім тілеуден тыймағанда, сөзсіз, өлім тілеп, дұға жасайтын едім!» – деп айтты. Кейін оған тағы да барғанымызда ол өзіне дуал соғып жатыр екен. Сонда ол бізге: «Расында, мұсылман мына топыраққа жасырғанынан басқа жұмсаған бүкіл дүниесі үшін сауап алады», – деп айтты» (Бұхари: 5672; Муслим: 6817; Ахмад: 21059). Бұл – имам Бұхари жеткізген риуаяттың мәтіні.

Орысша аудармасы

Кайс ибн Абу Хазим рассказывал: «Однажды мы пришли навестить заболевшего Хаббаба ибн аль-Аратта (да будет доволен им Аллах). Его тело было подвергнуто лечебному прижиганию в семи местах. Он сказал нам: “Поистине, наши товарищи, ушедшие прежде нас, покинули этот мир, не вкусив его услад (и сохранив свою награду неуменьшенной). Нам же досталось столько мирских благ, что мы не нашли для них иного места, кроме как под землёй! Если бы Пророк ﷺ не запретил нам желать себе смерти, я непременно стал бы молить о ней!”

Позднее мы вновь пришли к нему и увидели, что он возводит для себя стену. Тогда он сказал нам: “Поистине, мусульманин получает награду за всё израсходованное им имущество, кроме того, что он прячет в этой земле”» (Аль-Бухари: 5672; Муслим: 6817; Ахмад: 21059).

Здесь приведён текст версии, переданной имамом аль-Бухари.