Хадис

Қабірлерді зиярат ету

О посещении могил

Риядус-салихин, 66-тақырып · 4 хадис · № 582–585

Хадистер

582
Риядус-салихин, № 582Риуаят етуші: Бурайда (р.а.)

عَنْ بُرَيْدَة، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «كُنْتُ نَهَيْتُكُمْ عَنْ زِيَارَةِ الْقُبُورِ فَزُوروها» رواه مسلم

وَفِى رِوَايَة: «فَمَنْ أَرَادَ أَنْ يَزُورَ الْقُبُورَ فَلْيَزُرْ؛ فَإِنَّهَا تُذَكِّرُنَا الْآخِرَةَ»

Қазақша аудармасы

Бурәйда (р.а.) жеткізген хадисте: «Расулалла ﷺ: «Мен сендерді қабірлерді зиярат етуден тыйған едім. Енді зиярат етулеріңе болады», – деп айтты», – делінген (Муслим: 2260; Ахмад: 23003).

Басқа бір риуаятта: «Кімде-кім қабірлерді зиярат етуді қаласа, зиярат етсін, өйткені қабір фәни дүниені ұмыттырып, ақыретті есімізге салады», – делінген.

Орысша аудармасы

Бурайда (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Я запрещал вам посещать могилы. Теперь вам дозволено посещать их» (Муслим: 2260; Ахмад: 23003).

В другой версии сказано: «Кто желает посещать могилы, пусть посещает их, ибо могилы заставляют забыть о бренном мире и напоминают нам о Последней жизни».

583
Риядус-салихин, № 583Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ – كلَّما كَانَ لَيْلَتُهَا مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ – يَخْرُجُ مِنْ آخِرِ اللَّيْلِ إِلَى الْبَقِيعِ، فَيَقُولُ: «السَّلَامُ عَلَيْكُمْ دَارَ قَوْمٍ مُؤْمِنِينَ، وَأتَاكُمْ مَا تُوعَدُونَ، غَدًا مُؤَجَّلْونَ، وَإِنَّا إِنْ شَاءَ اللَّهُ بِكُمْ لَاحِقُونَ، اللَّهُمَّ اغْفِرْ لأَهْلِ بَقِيعِ الْغَرْقَدِ»

Қазақша аудармасы

Айшадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ оның кезекті әр түнінің соңғы бөлігінде «әл-Бақиғ»1 мазарына барып: «Ассаламу аләйкум, мүміндер қауымы! Сіздерге берілген уәде келіп жетті. Ертең біздің де уақытымыз келеді. Шүбәсіз, сонда біз де Алла қаласа сіздерге қосыламыз. Уа, Алла! «Бақиғ әл-Ғарқад» халқын жарылқап, кешіре көр! (Әс-сәләму аләйкум дәра қаумин муминин, уә әтәкум мә туғәдун, ғадан муәжжәлун, иннә ин шәә Аллаһу бикум ләхиқун, Аллаһуммағфир лиәһли Бәқиғ әл-ғарқад)», – деп айтатын еді» (Муслим: 2255; Ахмад: 25471).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) передала, что в последнюю часть каждой ночи, которую Посланник Аллаха ﷺ проводил у неё согласно установленной очереди, он отправлялся на кладбище аль-Баки1 и говорил: «Мир вам, о верующие! К вам уже пришло то, что было вам обещано. Завтра настанет и наш срок. Поистине, если Аллах пожелает, мы тоже присоединимся к вам. О Аллах! Помилуй и прости обитателей Баки аль-Гаркад! (Ассаляму алейкум, дара каумин му’минин, ва атакум ма ту’адун, гадан му’аджжалун, инна ин шааллаху бикум ляхикун. Аллахумма гфир ли ахли Баки’ аль-Гаркад)» (Муслим: 2255; Ахмад: 25471).

  1. 1«әл-Бақиғ» немесе «Бәқиғ әл-Ғарқад» – Мәдина шаһарындағы мазардың атауы.
  1. 1«Аль-Баки», или «Баки аль-Гаркад», – название кладбища в Медине.
584
Риядус-салихин, № 584Риуаят етуші: Бурайда (р.а.)

عَنْ برِيدة قَالَ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يُعَلِّمُهُمْ إِذَا خَرَجُوا إِلَى الْمَقَابِرِ أَنْ يَقُولَ قَائِلُهُمْ: «السَّلَامُ عَلَيْكُمْ أَهْلَ الدِّيَارِ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُسْلِمِينَ، وَإِنَّا إِنْ شَاءَ اللَّهُ بِكُمْ للَاحِقونَ، أسْألُ اللَّهَ لَنَا وَلَكُمُ الْعَافِيَةَ»

Қазақша аудармасы

Бурәйда (р.а.) былай деген: «Пайғамбарымыз ﷺ олар қабірге барғанда, оларға былай деп айтуды үйрететін еді: «Ассаламу аләйкум, мүмін-мұсылмандардан болған қорым иелері! Шүбәсіз, Алла қаласа біз де (бір күні) сіздерге қосыламыз. Алладан өзімізге де, сіздерге де амандық, есендік сұраймын! (Әс-сәләму алә әһлид-дияри минәл мумининә уәл-муслимин. Уә иннә ин шәә Аллаһу бикум ләхиқун. Әсәлуллаһа ләнә уә ләкум әл-афията)». (Муслим: 2257; Ахмад: 22985).

Орысша аудармасы

Бурайда (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда сподвижники посещали могилы, Пророк ﷺ учил их говорить: “Мир вам, обитатели кладбища из числа верующих и мусульман! Поистине, если Аллах пожелает, мы тоже (однажды) присоединимся к вам. Я прошу Аллаха даровать благополучие и нам, и вам! (Ассаляму ‘аля ахлид дийари мин альму’минина валь муслимин. Ва инна ин ша’аллаху бикум ляхикун. Ас’алюллаха ляна ва лякум аль‘афийата)”» (Муслим: 2257; Ахмад: 22985).

585
Риядус-салихин, № 585Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ، قَالَ: مرَّ رَسُول اللَّهِ ﷺ بِقُبورٍ بِالْمدِينَةِ فَأقْبَلَ عَلَيْهِمْ بِوَجْهِهِ، فَقَالَ: «السَّلَامُ عَلَيْكُمْ يَا أَهْلَ الْقُبُورِ، يَغْفِرُ اللَّهُ لَنَا وَلَكُمْ، أنْتُمْ سَلَفُنَا وَنَحنُ بالأثَرِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Бірде Алла елшісі ﷺ Мәдинадағы бір мазардың қасынан өтіп бара жатып, жүзін сонда бұрды да: «Ассаламу аләйкум, уа, қабір иелері! Алла бізді де, сіздерді де кешірсін! Сіздер бізден бұрын (кеттіңіздер), ал біз сіздердің іздеріңізді басамыз. (Әс-сәләму аләйкум иә әһләл-қубур. Иағфируллаһу ләнә уә ләкум. Әнтум сәләфунә уә нәхну бил-әсәр)», – деп айтты» (Тирмизи: 1053).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ, проходя мимо одного из кладбищ Медины, повернулся к нему лицом и сказал: “Мир вам, обитатели могил! Да простит Аллах нас и вас! Вы ушли прежде нас, а мы последуем по вашим стопам. (Ассаляму алейкум, йа ахляль кубур. Йагфируллаху ляна ва лякум. Антум саляфуна ва нахну биль асар)”» (Ат-Тирмизи: 1053).