Хадис

Риядус-салихин, № 583

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
66. Қабірлерді зиярат ету
Нөмірі
№ 583 (қазақша басылым реті)
583
Риядус-салихин, № 583Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ – كلَّما كَانَ لَيْلَتُهَا مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ – يَخْرُجُ مِنْ آخِرِ اللَّيْلِ إِلَى الْبَقِيعِ، فَيَقُولُ: «السَّلَامُ عَلَيْكُمْ دَارَ قَوْمٍ مُؤْمِنِينَ، وَأتَاكُمْ مَا تُوعَدُونَ، غَدًا مُؤَجَّلْونَ، وَإِنَّا إِنْ شَاءَ اللَّهُ بِكُمْ لَاحِقُونَ، اللَّهُمَّ اغْفِرْ لأَهْلِ بَقِيعِ الْغَرْقَدِ»

Қазақша аудармасы

Айшадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ оның кезекті әр түнінің соңғы бөлігінде «әл-Бақиғ»1 мазарына барып: «Ассаламу аләйкум, мүміндер қауымы! Сіздерге берілген уәде келіп жетті. Ертең біздің де уақытымыз келеді. Шүбәсіз, сонда біз де Алла қаласа сіздерге қосыламыз. Уа, Алла! «Бақиғ әл-Ғарқад» халқын жарылқап, кешіре көр! (Әс-сәләму аләйкум дәра қаумин муминин, уә әтәкум мә туғәдун, ғадан муәжжәлун, иннә ин шәә Аллаһу бикум ләхиқун, Аллаһуммағфир лиәһли Бәқиғ әл-ғарқад)», – деп айтатын еді» (Муслим: 2255; Ахмад: 25471).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) передала, что в последнюю часть каждой ночи, которую Посланник Аллаха ﷺ проводил у неё согласно установленной очереди, он отправлялся на кладбище аль-Баки1 и говорил: «Мир вам, о верующие! К вам уже пришло то, что было вам обещано. Завтра настанет и наш срок. Поистине, если Аллах пожелает, мы тоже присоединимся к вам. О Аллах! Помилуй и прости обитателей Баки аль-Гаркад! (Ассаляму алейкум, дара каумин му’минин, ва атакум ма ту’адун, гадан му’аджжалун, инна ин шааллаху бикум ляхикун. Аллахумма гфир ли ахли Баки’ аль-Гаркад)» (Муслим: 2255; Ахмад: 25471).

  1. 1«әл-Бақиғ» немесе «Бәқиғ әл-Ғарқад» – Мәдина шаһарындағы мазардың атауы.
  1. 1«Аль-Баки», или «Баки аль-Гаркад», – название кладбища в Медине.