Хадистер
«كُلُّ نَفْسٍ ذَائِقَةُ الْمَوْتِ وَإِنَّمَا تُوَفَّوْنَ أُجُورَكُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ فَمَنْ زُحْزِحَ عَنِ النَّارِ وَأُدْخِلَ الْجَنَّةَ فَقَدْ فَازَ وَمَا الْحَياةُ الدُّنْيَا إِلَّا مَتَاعُ الْغُرُورِ» «Әрбір жан (бір күні) өлімнің дәмін міндетті түрде татады. Қиямет күні бұл дүниеде істеген істеріңнің қарымын толық аласыңдар. Кімде-кім тозақтан аулақ әкетіліп, жұмаққа кірсе, зор жетістікке һәм мақсат-мұратына жеткені. (Біліп қойыңдар), бұл дүниенің тіршілігі алдамшы қызықтан, жалған бұйым-боқшадан басқа түк те емес». («Әли Имран» сүресі, 185-аят).
«وَمَا تَدْرِى نَفْسٌ مَاذَا تَكْسِبُ غَدًَا وَمَا تَدْرِى نَفْسٌ بأيِّ أَرْضٍ تَمُوتُ» «Ешбір жан ертең не табатынын білмейді, сондай-ақ ешбір жан қай жерде өлетінін де білмейді». («Лұқман» сүресі, 34-аят).
«فَإِذَا جَاءَ أجَلُهُمْ لَا يَسْتَأْخِرُونَ سَاعَةً وَلَا يَسْتَقْدِمُونَ» «Ал оларға берілген уақыт таусылып, ажалдары жеткенде олар оны бір сәтке болсын кейінге шегере де, тездете де алмайды». («Нахыл» сүресі, 61-аят).
«يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تُلْهِكُمْ أمْوَالُكُمْ وَلَا أوْلَادُكُمْ عَنْ ذِكْرِ اللَّه وَمَنْ يَفْعَلْ ذَلِكَ فَأُولئِكَ هم الْخَاسِرُونَ وَأنْفِقُوا مِمَّا رَزَقْنَاكُمْ مِنْ قَبْلِ أَنْ يَأْتِيَ أَحَدَكُمُ الْمَوْتُ فَيَقُولَ رَبِّ لَوْلَا أخَّرْتَنِى إِلَى أَجَلٍ قَرِيبٍ فَأصَّدَّقَ وأَكُنْ مِنَ الصَّالِحِينَ وَلَنْ يُؤَخِّرَ اللَّهُ نَفْسًا إِذَا جَاءَ أَجَلُهَا وَاللَّهُ خَبيرٌ بِمَا تَعْمَلُونَ» «Уа, иман келтіргендер! Мал-мүліктерің мен бала-шағаларың (жүректерің мен ой-саналарыңды түгелдей жаулап) сендерге Алланы еске алуды ұмыттырмасын. Біліп қойыңдар, кімде-кім солай істейтін болса, нағыз зиян шегетіндер – солар. Қайсыбіріңе болмасын, ажал жеткенде, «Уа, Раббым! Маған аз ғана уақыт мұрсат берсең, жатпай-тұрмай қайырымдылық жасап, мол зекет-садақа беріп, ізгі жандардың қатарына қосылар едім», – демей тұрып, өздеріңе ризық етіп берген нығметтерімізден (Алла жолында) жұмсаңдар. Алла ажалы жеткен бірде-бір жанды кейінге қалдырмайды. Алла сендердің не істеп, не қойып жүргендеріңнен толық хабардар». («Мунафиқун» сүресі, 9-11-аят).
«حَتَّى إِذَا جَاءَ أَحَدَهُمُ الْمَوْتُ قَالَ رَبِّ ارْجِعُونِ لَعَلّي أعْمَلُ صَالِحًا فِيمَا تَرَكْتُ كَلاَّ إِنَّهَا كَلِمَةٌ هُوَ قَائِلُهَا وَمِنْ وَرَائِهِمْ بَرْزَخٌ إِلَى يَوْمِ يبْعَثُونَ فَإِذَا نُفِخَ فِى الصُّورِ فَلَا أنْسَابَ بَيْنَهُمْ يَوْمَئِذٍ وَلَا يَتَسَاءلُونَ فَمَنْ ثَقُلَتْ مَوَازِينُهُ فَأُولئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ وَمَنْ خَفَّتْ مَوَازِينُهُ فَأولئِكَ الَّذِينَ خَسرُوا أَنْفُسَهُمْ فِى جَهَنَّمَ خَالِدُونَ تَلْفَحُ وَجَوهَهُمُ النَّارُ وَهُمْ فِيهَا كَالِحُونَ أَلَمْ تَكُنْ آيَاتِى تُتْلَى عَلَيْكُمْ فَكُنْتُمْ بِهَا تُكَذِّبُونَ» إِلَى قَوْله تَعَالَى: «كَمْ لَبِثْتُمْ فِى الْأَرْضِ عَدَدَ سِنِينَ قَالُوا لَبِثْنَا يَوْمًا أَوْ بَعْضَ يَوْمٍ فَاسْئَلِ الْعَادِّينَ قَالَ إِنْ لَبِثْتُمْ إِلَّا قَلِيلًا لَوْ أَنَّكُمْ كُنْتُم تَعْلَمُونَ أَفَحَسِبْتُمْ أَنَّمَا خَلَقْنَاكُمْ عَبَثًا وَأَنَّكُمْ إِلَيْنَا لَا تُرْجَعُونَ» «Егер ол кәпірлердің біреуіне ажал жетсе: «Уа, Раббым, мені дүиеге кері қайтара көр!». «Игі істер істеп, зая болған ғұмырымның орнын толтырайын», – деп жалбарынады. Жоқ, ол мүмкін емес, бұл оның айтқан құр сөзі ғана, енді олардың артында қайта тірілетін күнге дейін өткел бермес бөгет (қабір әлемі) бар. Сур үрленгенде, (біріне-бірі жанашырлық танытып, қолұшын беретіндей) араларында туыстық байланыстың жұрнағы да қалмайды. Тіпті (әркім өз қара басының ғана қамын жеп) бір-бірінің хал-жағдайын да сұраспайды. Сонда кімнің сауабы мол болып, таразысы ауыр басса, міне, солар (азаптан құтылып), нағыз жетістікке, мақсат-мұраттарына жеткендер. Ал кімнің (сауапты істері болмай) таразысы жеңіл тартса, міне, солар өздеріне ең үлкен зиян келтіріп, өз-өздерінің обалына қалған бейбақтар, (өйткені олар) мәңгі-бақи жаһаннамға тасталады. Онда жүздерін тозақ оты жалап күйдіргенде, бет-терілері мен еріндері құрысып, тістері ақсиып қалады. Хақ Тағала оларға: «Сендерге аяттарым оқылғанда, оны жалған деп мойындамай келдіңдер емес пе?» – дейді. Олар: «Уа, Раббымыз! Біз сорымызға (азғын нәпсімізге) жеңіліп, тура жолдан адасқан қауым болған екенбіз». «Уа, Раббымыз! Садағаң кетейік, бізді мына тозақтан шығара көр! Егер (шыққаннан кейін) бұрынғы күнәларымыз бен жат қылықтарымызға қайтатын болсақ, онда нағыз залым болғанымыз (онда өзімізге де обал жоқ)», – деп жалбарынады. Сонда Алла: «Сол тозақта қор болып қала беріңдер, үндеріңді өшіріңдер, бұдан былай Маған тіл қатушы болмаңдар!». «(Дүниеде) бір топ пенделерім: Уа, Раббымыз, біз иман келтірдік! Бізді кешіре көр һәм мейіріміңе бөлей көр! Өйткені Сен мейірімділердің ең қайырлысы, ең мейірімдісісің!» – деп, Маған дұға етіп, жалбарынатын еді. «Ал сендер болсаңдар, оларды мазаққа айналдырдыңдар. Нәтижеде бұл қылықтарың сендерге Мені еске алуды мүлдем ұмыттырды. Сөйтіп, сендер оларға тек күлумен болдыңдар». «Мен бүгін оларды сабырлылық танытқандары үшін ерекше сый-сияпатқа бөледім. Нағыз жетістікке әрі мұратына жеткендер, міне, солар!» – дейді. Содан кейін Алла тозақыларға: «Жер бетінде неше жыл тұрдыңдар?» – деп сұрайды. Олар: «Бір күн немесе күннің бір бөлігіндей аз ғана уақыт тұрдық. Алайда нақты айта алмаймыз, оны уақыттың есебін білетіндерден сұрасаң болар еді», – деп жауап береді. Сонда Алла оларға: «Сендер дүниеде азғантай ғана уақыт тұрдыңдар. Егер осынау шындықты білгендеріңде ғой, Маған қарсы келмес едіңдер», – дейді. (Уа, адамдар!) Сонда Біз сендерді ермек үшін құр босқа жараттық әрі Бізге қайтарылмаймыз деп ойладыңдар ма?» («Муминун» сүресі, 99-115-аят).
«أَلَمْ يَأْنِ لِلَّذِينَ آمَنُوا أَنْ تَخْشَعَ قُلُوبُهُمْ لِذِكْرِ اللَّهِ وَمَا نَزَلَ مِنَ الْحَقِّ وَلَا يَكُونُوا كَالَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ مِنْ قَبْلُ فَطَالَ عَلَيْهِم الْأَمَدُ فَقَسَتْ قُلُوبُهُمْ وَكَثِيرٌ مِنْهُمْ فَاسِقُونَ» «Иман келтіргендердің жүректері Алланың ұлы жолдауының (Құранның) һәм өздеріне түскен басқа да ақиқаттардың алдында тағзым етіп діріл қағатын һәм жұмсаратын (сөйтіп, Аллаға қалтқысыз мойынсұнатын) уақыт келмеді ме? Олар бұдан бұрын иләһи кітап берілген үмбеттер сияқты болмасын. Олар уақыт өте келе (қолдарындағы иләһи кітапқа құрметпен қарауды қойғандықтан) жүректері тас болып қатып қалған еді. Олардың дені хақ жолдан біржолата тайғандар еді». («Хадид» сүресі, 16-аят).
«Каждая душа непременно вкусит смерть. И вам сполна будет воздано за ваши деяния в День Воскресения. И кто будет удален от Геенны и введен в Рай, тот обрел счастье и достиг цели. Земная жизнь есть не что иное, как обманчивое наслаждение» (сура «Али Имран», 3:185).
«И не ведает ни единая душа, что приобретет назавтра. И не знает ни одна душа, в какой земле она умрет» (сура «Лукман», 31:34).
«Когда же истечет их срок, они не смогут ни отсрочить, ни ускорить это даже на час» (сура «Нахль», 16:61).
«О те, кто уверовали! Пусть ваше имущество и ваши дети не заставят вас забыть поминание Аллаха. Знайте же, кто поступает так, тот понесет убыток! И расходуйте из благ, которым Мы вас наделили, прежде чем сказать: “О мой Господь! Если Ты мне дашь отсрочку на малое время, я бы присоединился к праведным и раздавал бы милостыню” – когда кого-то из вас настигает смерть. Но Аллах никогда не даст отсрочку душе, для которой настала смерть. И Аллах полностью осведомлен о том, что вы делаете» (сура «Мунафикун», 63:9–11).
«Когда же настигает смерть одного из неверных, то говорит он: “О мой Господь, верни меня назад в земную жизнь!” “Пусть я буду совершать благие деяния и восполню то, что упустил!” Нет же! Поистине, это лишь слова, которые они говорят, теперь же позади них – непреодолимая преграда до Дня Воскрешения. Когда же затрубят в Рог, не останется между ними и следа родственных уз, и не будут они расспрашивать друг друга. У кого будут тяжелы весы, то вот они – преуспевшие и обретшие счастье. У кого же будут невесомы весы, то вот они – горемыки, причинившие величайший вред самим себе, и быть им – низвергнутыми в Ад навечно. Сжигает огонь их лица. “Когда читались вам Мои аяты, разве вы не сочли их ложью?” Они скажут: “О Господь! Нас одолело наше несчастье, и мы оказались заблудшим народом”. “О Господи, выведи нас из Ада! И если мы вернемся к прежним грехам и неверию, то тогда мы будем истинными злодеями!” Скажет им Аллах: “Оставайтесь униженными в нем и не смейте обращаться ко Мне!” “Поистине, часть Моих рабов молилась: ‘О наш Господь, мы уверовали! Прости же нас и объемли Своей милостью! Ибо Ты – Лучший из милосердных!’” “А вы только поднимали их на смех, и это заставило вас забыть поминание Меня, и были вы лишь насмехающимися”. “Поистине, Я одарил их сегодня особенной наградой за то, что они проявляли терпение. Вот они – истинно преуспевшие”. Затем спросит Аллах: “Сколько лет вы пробыли на земле?” Они ответят: “Пробыли мы один день или часть дня. Спроси же ведущих счет времени”. Аллах скажет им: “Вы пробыли в земной жизни лишь самую малость, если бы вы знали”. Ужель вы думали, что Мы создали вас ради потехи и что вы не будете возвращены к Нам?» (сура «Муминун», 23:99–115).
«Не пришло ли время для уверовавших, чтобы их сердца смирились при упоминании Аллаха и перед великим посланием Аллаха и перед другими истинами, которые были ниспосланы к ним? Пусть же они не уподобляются общинам, которым прежде было даровано Писание, и чьи сердца очерствели по прошествии времени, и многие из которых навсегда отвратились от праведного пути» (сура «Хадид», 57:16).
عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: أخذ رَسُول اللَّهِ ﷺ بِمِنْكَبي، فَقَالَ: «كُنْ فِى الدُّنْيَا كَأَنَّكَ غَرِيبٌ أَوْ عَابِرُ سَبِيلٍ»
وَكَانَ ابْنُ عُمَرَ، يَقُولُ: إِذَا أمْسَيْتَ فَلَا تَنْتَظِرِ الصَّبَاحَ، وَإِذَا أَصْبَحتَ فَلَا تَنْتَظِرِ الْمَسَاءَ، وَخُذْ مِنْ صِحَّتِكَ لِمَرَضِكَ، وَمِنْ حَيَاتِكَ لِمَوْتِكَ
Қазақша аудармасы
Ибн Омар (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ иығымнан ұстап: «Бұл дүниеде жат жерлік немесе жолаушы секілді бол», – деп айтты», – деген.
Ибн Омар (р.а.) өзі: «Егер (аман-есен) кеш батырсаң, таңның атқанын күтпе, сондай-ақ егер (аман-есен) таң атырсаң, кеш батқанын күтпе. Денің сау кезде, науқастанғанда (қажет болатын нәрсеңді) алып қал, сондай-ақ тірі кезіңде, ажал келгенде (қажет болатын нәрсеңді) алып қал!» – деп жиі айтатын (Бұхари: 6416; Ахмад: 5002).
Орысша аудармасы
Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ взял меня за плечо и сказал: “Будь в этом мире подобен чужеземцу или путнику”».
Сам Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) часто говорил: «Если ты (благополучно) дожил до вечера, не жди наступления утра, а если (благополучно) встретил утро, не жди наступления вечера. Пока ты здоров, запасись тем, что понадобится тебе во время болезни, а пока жив – тем, что понадобится, когда придёт смерть!» (Аль-Бухари: 6416; Ахмад: 5002).
Түсіндірме (қазақша)
Яғни, Алланың қалауымен аман-есен таң атырып, кеш батырған бірде-бір адамның ертеңгі күнге аман-есен жетем деген 100 пайыз кепілдігі жоқ. Сондай-ақ, әрбір саналы мүмін ден саулығы бар кезде, науқастанғанда істей алмай қалатын құлшылығы мен игі істерді барынша істеп қалуға тырысуы керек, өйткені мұсылман адам тұрақты һәм жүйелі түрде жасап жүрген игі істерін науқастануы себепті жасай алмай қалған жағдайда, оған сол үздіксіз һәм жүйелі түрде жасап, дағдыға айналдырған игі істерінің әжір-сауабы үздіксіз жазыла береді. Осыған орай, Пайғамбарымыз ﷺ: «Егер бір пенде ауырып қалса немесе сапарға шықса, оған сау немесе тұрғылықты кезінде тұрақты жасаған игі істерінің әжір-сауабы жазыла береді», – деген. Ал ажал сағаты соқпай тұрып, о дүниеде ауадай қажет болатын сауапты істерді істеп қалу бәрінен де маңызды екені даусыз.
Түсіндірме (орысша)
Иными словами, ни у одного человека, по воле Аллаха благополучно встретившего утро или дожившего до вечера, нет безусловной гарантии, что он столь же благополучно доживёт до следующего дня.
Кроме того, каждый здравомыслящий верующий должен, пока здоров, стараться совершить как можно больше поклонений и благих дел, которые он, возможно, уже не сможет совершать во время болезни. Ведь если мусульманин из-за болезни лишается возможности совершать благие дела, которые прежде выполнял постоянно и систематически, ему по-прежнему записывается награда за те дела, которые он регулярно совершал и сделал своей привычкой.
В связи с этим Пророк ﷺ сказал: «Если раб заболевает или отправляется в путь, ему продолжает записываться награда за благие дела, которые он постоянно совершал, когда был здоров и находился у себя дома». И нет сомнения в том, что важнее всего – до того, как пробьёт смертный час, успеть совершить благие дела, которые будут нужны человеку в Последней жизни как воздух.
وَعَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَا حَقُّ امْرِئٍ مُسْلِمٍ، لَهُ شَيْءٌ يُوصِى فِيهِ، يَبيتُ لَيْلَتَيْنِ إِلَّا وَوَصِيَّتُهُ مَكْتُوبَةٌ عِنْدَهُ» مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ، هَذَا لفظ الْبخارِي
وَفِى رِوَايَةٍ لمسلمٍ: «يَبِيتُ ثَلَاثَ لَيَالٍ» قَالَ ابن عمر: مَا مَرَّتْ عَلَيَّ لَيْلَةٌ مُنْذُ سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ ذَلِكَ إِلَّا وَعِنْدِى وَصِيَّتِي
Қазақша аудармасы
Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Мұсылманның мұра етіп қалдыруға жарайтын дүниесі бола тұра өсиетін жазып (әрі куәландырып) қоюды, тіпті екі түнге дейін де кешіктіруге қақысы жоқ», – деп айтты», – деген (Бұхари: 2738; Муслим: 4204).
Имам Муслимнің риуаятында: «Үш түнге дейін кешіктіруге қақысы жоқ», – делінген. (4207)
Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісінің осы айтқанын естіген бойда өсиетімді хатқа түсіріп (куәландырып) қойып, жазулы тұрған өсиетсіз бір түн де өткізген жоқпын», – деп айтты.
Орысша аудармасы
Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Мусульманин, владеющий имуществом, относительно которого следует оставить завещание, не вправе откладывать составление письменного завещания (и его удостоверение) даже на две ночи» (Аль-Бухари: 2738; Муслим: 4204).
В версии имама Муслима сказано: «Не вправе откладывать это на три ночи» (Муслим: 4207).
Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) сказал: «С тех пор как я услышал эти слова Посланника Аллаха ﷺ, я не провёл ни одной ночи без составленного письменного завещания (и его удостоверения)».
عَنْ أَنَس قَالَ: خَطَّ النَّبِيُّ ﷺ خُطُوطًا، فَقَالَ: «هَذَا الْإِنْسَانُ، وَهَذَا أجَلُهُ، فَبَيْنَمَا هُوَ كَذَلِكَ إِذْ جَاءَ الْخَطُّ الْأَقْرَبُ»
Қазақша аудармасы
Әнәс (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз ﷺ (жерге) бірнеше сызық сызды да: «Мынау – адам, ал мынау – оның ажалы. Адам баласы сөйтіп жүргенде, оған кенеттен ең жақын сызық келіп қалады», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6418; Ахмад: 3652).
Орысша аудармасы
Анас (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды Пророк ﷺ начертил на земле несколько линий и сказал: “Вот эта линия – человек, а эта – его смертный срок. Пока человек живёт своей жизнью, его внезапно настигает ближайшая к нему линия”» (Аль-Бухари: 6418; Ахмад: 3652).
عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: خَطَّ النَّبِيُّ ﷺ خَطًّا مُرَبَّعًا، وَخَطَّ خَطًّا فِى الْوَسَطِ خَارِجًَا مِنْهُ، وَخَطَّ خُطَطًا صِغَارًا إِلَى هَذَا الَّذِى فِى الْوَسَطِ مِنْ جَانِبهِ الَّذِى فِى الْوَسَط، فَقَالَ: «هَذَا الْإِنْسَانُ، وَهذَا أجَلُهُ مُحيطًا بِهِ – أَوْ قَدْ أحَاطَ بِهِ – وَهذَا الَّذِى هُوَ خَارِجٌ أمَلُهُ، وَهَذِهِ الْخُطَطُ الصِّغَارُ الْأَعْرَاضُ، فَإِنْ أخْطَأَهُ هَذَا، نَهَشَهُ هَذَا، وَإِنْ أخْطَأَهُ هَذَا، نَهَشَهُ هَذَا»
Қазақша аудармасы
Ибн Масғуд (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз ﷺ (жерге) тік төртбұрыш сызды да, оның дәл орта тұсынан сыртқа қарай шығарып бір түзу сызық сызды. Сосын сол ортадағы сызыққа жетіп тоқтайтын бірнеше майда сызықтар сызды да: «Мынау – адам, ал мынау оны төрт жағынан қоршаған оның ажалы. Төртбұрыштың сыртына шығып тұрған сызық – оның желік үміті. Ал мына майда сызықтар – оның басына келіп-кететін (жақсы-жаман) жағдайлар. Егер мынау одан мүлт кетсе, мынау оған дөп тиеді, ал мынау мүлт кетсе, мынау дәл тиеді», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6417; Ахмад: 3652). Ал төмендегі соның сызбасы:
Орысша аудармасы
Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Пророк ﷺ начертил (на земле) прямоугольник, затем провёл посередине него прямую линию, выходившую за пределы прямоугольника.
После этого он начертил несколько коротких линий, доходивших до средней линии, и сказал: “Вот это – человек, а прямоугольник, окружающий его со всех четырёх сторон, – его смерть. Линия, выходящая за пределы прямоугольника, – его тщетные надежды. А эти короткие линии – различные (хорошие и плохие) обстоятельства, которые постигают его. Если одно из них минует его, другое непременно поразит его, а если минует и оно, его поразит следующее”» (Аль-Бухари: 6417; Ахмад: 3652).
Ниже приведена соответствующая схема:
عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «بَادِرُوا بِالأَعْمَالِ سَبْعًا، هَلْ تَنْتَظِرُونَ إِلَّا فَقْرًا مُنْسِيًا، أَوْ غِنَىً مُطْغِيًا، أَوْ مَرَضًَا مُفْسدًا، أَوْ هَرَمًا مُفَنِّدًا، أَوْ مَوْتًَا مُجْهِزًا، أَوْ الدَّجّالَ، فَشَرُّ غَائِبٍ يُنْتَظَرُ، أَوْ السَّاعَةَ وَالسَّاعَةُ أدْهَى وَأَمَرُّ؟!»
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Расулалла ﷺ: «Жеті түрлі бәле бастарыңа келмей тұрып, ізгілік істеуге асығыңдар! Әлде сендер естен тандырар кедейлікті, азғындыққа бастайтын байлықты, берекені қашырар ауру-сырқауды, алжытатын кәрілікті, аяқастынан алқымнан алатын ажалды, ғайыптан келетіндердің ең жаманы – Тажалды, не болмаса қиямет күнінің келуін күтудесіңдер ме? Расында, осылардың ең қорқынышты да тым ащы болғаны – қиямет-қайым», – деп айтты», – делінген (Тирмизи: 2306).
Орысша аудармасы
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Спешите совершать благие дела, прежде чем вас постигнут семь бедствий! Неужели вы ждёте нищеты, заставляющей забыть обо всём; богатства, толкающего к пороку; болезни, лишающей жизнь благополучия; старости, помрачающей разум; смерти, внезапно хватающей за горло; Даджаля – худшего из грядущих бедствий; или наступления Судного дня? “Поистине, Судный день – самое страшное и самое горькое из всего этого” (сура “Камар”, 54:46)» (Ат-Тирмизи: 2306).
وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أكْثِرُوا ذِكْرَ هَاذِمِ اللَّذَّاتِ»
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «(Жалған дүниенің) ләззатын ұмыттыратын (өлімді) жиі естеріңе алыңдар», – деп айтты», – деген (Тирмизи: 2307; Ахмад: 7925).
Орысша аудармасы
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Чаще вспоминайте о том, что прерывает наслаждения бренного мира (то есть о смерти)» (Ат-Тирмизи: 2307; Ахмад: 7925).
عَنْ أُبَيِّ بْنِ كعبٍ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا ذَهَبَ ثُلُثُ اللَّيْلِ قَامَ، فَقَالَ: «يَا أَيُّهَا النَّاسُ، اذْكُرُوا اللَّهَ، جَاءَتِ الرَّاجِفَةُ، تَتْبَعُهَا الرَّادِفَةُ، جَاءَ الْمَوْتُ بِمَا فِيهِ، جَاءَ الْمَوْتُ بِمَا فِيهِ» قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّى أُكْثِرُ الصَّلَاةَ عَلَيْكَ، فَكَمْ أَجْعَلُ لَكَ مِنْ صَلَاتِى؟ فَقَالَ: «مَا شِئْتَ» قُلْتُ: الرُّبُع، قَالَ: «مَا شِئْتَ، فَإِنْ زِدْتَ فَهُوَ خَيْرٌ لَكَ» قُلْتُ: فَالنِّصْف؟ قَالَ: «مَا شِئْتَ، فَإِنْ زِدْتَ فَهُوَ خَيْرٌ لَكَ» قُلْتُ: فالثُّلُثَيْنِ؟ قَالَ: «مَا شِئْتَ، فَإِنْ زِدْتَ فَهُوَ خَيْرٌ لَكَ» قُلْتُ: أَجْعَلُ لَكَ صَلَاتِى كُلَّهَا؟ قَالَ: «إِذًا تُكْفى هَمَّكَ، وَيُغْفَر لَكَ ذَنْبكَ»
Қазақша аудармасы
Убәй ибн Кағб (р.а.) былай деген: «Алла елшісі ﷺ (кей кездері) түннің үштен бір бөлігі өткен уақытта ұйқысынан тұрып: «Уа, адамдар! Алланы еске алыңдар! Ражифа (Сурдың алғашқы үрленуі) келіп қалды, оның артынша Радифа (Сурдың екінші мәрте үрленуі) келеді. Өлім өзіне тән нәрсемен (яғни, қабірдегі сұрақпен және есеп-қисаппен) келіп қалды, өлім өзіне тән нәрсемен келіп қалды», – деп айтатын. Бірде мен: «Уа, Расулалла! Мен сіз үшін үнемі игілік тілеп, салауат айтамын. Дұға-тілегімнің неше бөлігін сізге арнайын?» – деп сұрағанымда, ол: «Қалауың білсін», – деп жауап берді. Мен: «Төрттен бірін арнайын ба?» – деп едім: «Қалауың білсін, бірақ арттырсаң өзіңе жақсы», – деді. Мен: «Тең жарымын арнасам?» – деп едім, ол: «Қалауың білсін, бірақ арттырсаң өзіңе жақсы», – деді. Мен тағы да: «Үштен екісін арнасам?» – дегенімде, ол: «Қалауың білсін, бірақ арттырсаң өзіңе жақсы», – деді. Мен ақырында: «Олай болса, дұға-тілегімнің барлығын сізге арнаймын!» – деп едім, ол: «Өйтетін болсаң, бүкіл уайым-қайғыңнан арыласың, һәм де барлық күнәларың кешіріледі», – деп айтты» (Тирмизи: 2457).
Орысша аудармасы
Убай ибн Кааб (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Иногда по прошествии трети ночи Посланник Аллаха ﷺ вставал ото сна и говорил: “О люди! Поминайте Аллаха! Приблизилась Раджифа (первое трубление в Трубу), а вслед за ней придёт Радифа (второе трубление в Трубу). Приблизилась смерть со всем, что ей сопутствует (то есть с вопросами в могиле и расчётом), приблизилась смерть со всем, что ей сопутствует!”
Однажды я спросил: “О Посланник Аллаха! Я постоянно молю Аллаха о благе для тебя и произношу салават. Какую часть своей мольбы мне посвящать тебе?” Он ответил: “Сколько пожелаешь”. Я спросил: “Четверть?” Он сказал: “Сколько пожелаешь, но если посвятишь больше, это будет лучше для тебя”.
Я спросил: “Половину?” Он ответил: “Сколько пожелаешь, но если посвятишь больше, это будет лучше для тебя”. Я вновь спросил: “Две трети?” Он сказал: “Сколько пожелаешь, но если посвятишь больше, это будет лучше для тебя”. Наконец я сказал: “Тогда я посвящу тебе всю свою мольбу!” Он ответил: “В таком случае ты избавишься от всех тревог и печалей, а все твои грехи будут прощены”» (Ат-Тирмизи: 2457).