عَنْ أُبَيِّ بْنِ كعبٍ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا ذَهَبَ ثُلُثُ اللَّيْلِ قَامَ، فَقَالَ: «يَا أَيُّهَا النَّاسُ، اذْكُرُوا اللَّهَ، جَاءَتِ الرَّاجِفَةُ، تَتْبَعُهَا الرَّادِفَةُ، جَاءَ الْمَوْتُ بِمَا فِيهِ، جَاءَ الْمَوْتُ بِمَا فِيهِ» قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّى أُكْثِرُ الصَّلَاةَ عَلَيْكَ، فَكَمْ أَجْعَلُ لَكَ مِنْ صَلَاتِى؟ فَقَالَ: «مَا شِئْتَ» قُلْتُ: الرُّبُع، قَالَ: «مَا شِئْتَ، فَإِنْ زِدْتَ فَهُوَ خَيْرٌ لَكَ» قُلْتُ: فَالنِّصْف؟ قَالَ: «مَا شِئْتَ، فَإِنْ زِدْتَ فَهُوَ خَيْرٌ لَكَ» قُلْتُ: فالثُّلُثَيْنِ؟ قَالَ: «مَا شِئْتَ، فَإِنْ زِدْتَ فَهُوَ خَيْرٌ لَكَ» قُلْتُ: أَجْعَلُ لَكَ صَلَاتِى كُلَّهَا؟ قَالَ: «إِذًا تُكْفى هَمَّكَ، وَيُغْفَر لَكَ ذَنْبكَ»
Убәй ибн Кағб (р.а.) былай деген: «Алла елшісі ﷺ (кей кездері) түннің үштен бір бөлігі өткен уақытта ұйқысынан тұрып: «Уа, адамдар! Алланы еске алыңдар! Ражифа (Сурдың алғашқы үрленуі) келіп қалды, оның артынша Радифа (Сурдың екінші мәрте үрленуі) келеді. Өлім өзіне тән нәрсемен (яғни, қабірдегі сұрақпен және есеп-қисаппен) келіп қалды, өлім өзіне тән нәрсемен келіп қалды», – деп айтатын. Бірде мен: «Уа, Расулалла! Мен сіз үшін үнемі игілік тілеп, салауат айтамын. Дұға-тілегімнің неше бөлігін сізге арнайын?» – деп сұрағанымда, ол: «Қалауың білсін», – деп жауап берді. Мен: «Төрттен бірін арнайын ба?» – деп едім: «Қалауың білсін, бірақ арттырсаң өзіңе жақсы», – деді. Мен: «Тең жарымын арнасам?» – деп едім, ол: «Қалауың білсін, бірақ арттырсаң өзіңе жақсы», – деді. Мен тағы да: «Үштен екісін арнасам?» – дегенімде, ол: «Қалауың білсін, бірақ арттырсаң өзіңе жақсы», – деді. Мен ақырында: «Олай болса, дұға-тілегімнің барлығын сізге арнаймын!» – деп едім, ол: «Өйтетін болсаң, бүкіл уайым-қайғыңнан арыласың, һәм де барлық күнәларың кешіріледі», – деп айтты» (Тирмизи: 2457).
Убай ибн Кааб (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Иногда по прошествии трети ночи Посланник Аллаха ﷺ вставал ото сна и говорил: “О люди! Поминайте Аллаха! Приблизилась Раджифа (первое трубление в Трубу), а вслед за ней придёт Радифа (второе трубление в Трубу). Приблизилась смерть со всем, что ей сопутствует (то есть с вопросами в могиле и расчётом), приблизилась смерть со всем, что ей сопутствует!”
Однажды я спросил: “О Посланник Аллаха! Я постоянно молю Аллаха о благе для тебя и произношу салават. Какую часть своей мольбы мне посвящать тебе?” Он ответил: “Сколько пожелаешь”. Я спросил: “Четверть?” Он сказал: “Сколько пожелаешь, но если посвятишь больше, это будет лучше для тебя”.
Я спросил: “Половину?” Он ответил: “Сколько пожелаешь, но если посвятишь больше, это будет лучше для тебя”. Я вновь спросил: “Две трети?” Он сказал: “Сколько пожелаешь, но если посвятишь больше, это будет лучше для тебя”. Наконец я сказал: “Тогда я посвящу тебе всю свою мольбу!” Он ответил: “В таком случае ты избавишься от всех тревог и печалей, а все твои грехи будут прощены”» (Ат-Тирмизи: 2457).