Хадис

Риядус-салихин, № 578

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
65. Өлімді еске алу және өмірім әлі алда деген желік үмітке алданбау жайында
Нөмірі
№ 578 (қазақша басылым реті)
578
Риядус-салихин, № 578Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: خَطَّ النَّبِيُّ ﷺ خَطًّا مُرَبَّعًا، وَخَطَّ خَطًّا فِى الْوَسَطِ خَارِجًَا مِنْهُ، وَخَطَّ خُطَطًا صِغَارًا إِلَى هَذَا الَّذِى فِى الْوَسَطِ مِنْ جَانِبهِ الَّذِى فِى الْوَسَط، فَقَالَ: «هَذَا الْإِنْسَانُ، وَهذَا أجَلُهُ مُحيطًا بِهِ – أَوْ قَدْ أحَاطَ بِهِ – وَهذَا الَّذِى هُوَ خَارِجٌ أمَلُهُ، وَهَذِهِ الْخُطَطُ الصِّغَارُ الْأَعْرَاضُ، فَإِنْ أخْطَأَهُ هَذَا، نَهَشَهُ هَذَا، وَإِنْ أخْطَأَهُ هَذَا، نَهَشَهُ هَذَا»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз ﷺ (жерге) тік төртбұрыш сызды да, оның дәл орта тұсынан сыртқа қарай шығарып бір түзу сызық сызды. Сосын сол ортадағы сызыққа жетіп тоқтайтын бірнеше майда сызықтар сызды да: «Мынау – адам, ал мынау оны төрт жағынан қоршаған оның ажалы. Төртбұрыштың сыртына шығып тұрған сызық – оның желік үміті. Ал мына майда сызықтар – оның басына келіп-кететін (жақсы-жаман) жағдайлар. Егер мынау одан мүлт кетсе, мынау оған дөп тиеді, ал мынау мүлт кетсе, мынау дәл тиеді», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6417; Ахмад: 3652). Ал төмендегі соның сызбасы:

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Пророк ﷺ начертил (на земле) прямоугольник, затем провёл посередине него прямую линию, выходившую за пределы прямоугольника.

После этого он начертил несколько коротких линий, доходивших до средней линии, и сказал: “Вот это – человек, а прямоугольник, окружающий его со всех четырёх сторон, – его смерть. Линия, выходящая за пределы прямоугольника, – его тщетные надежды. А эти короткие линии – различные (хорошие и плохие) обстоятельства, которые постигают его. Если одно из них минует его, другое непременно поразит его, а если минует и оно, его поразит следующее”» (Аль-Бухари: 6417; Ахмад: 3652).

Ниже приведена соответствующая схема: