Хадис

Риядус-салихин, № 575

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
65. Өлімді еске алу және өмірім әлі алда деген желік үмітке алданбау жайында
Нөмірі
№ 575 (қазақша басылым реті)
575
Риядус-салихин, № 575Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: أخذ رَسُول اللَّهِ ﷺ بِمِنْكَبي، فَقَالَ: «كُنْ فِى الدُّنْيَا كَأَنَّكَ غَرِيبٌ أَوْ عَابِرُ سَبِيلٍ»

وَكَانَ ابْنُ عُمَرَ، يَقُولُ: إِذَا أمْسَيْتَ فَلَا تَنْتَظِرِ الصَّبَاحَ، وَإِذَا أَصْبَحتَ فَلَا تَنْتَظِرِ الْمَسَاءَ، وَخُذْ مِنْ صِحَّتِكَ لِمَرَضِكَ، وَمِنْ حَيَاتِكَ لِمَوْتِكَ

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ иығымнан ұстап: «Бұл дүниеде жат жерлік немесе жолаушы секілді бол», – деп айтты», – деген.

Ибн Омар (р.а.) өзі: «Егер (аман-есен) кеш батырсаң, таңның атқанын күтпе, сондай-ақ егер (аман-есен) таң атырсаң, кеш батқанын күтпе. Денің сау кезде, науқастанғанда (қажет болатын нәрсеңді) алып қал, сондай-ақ тірі кезіңде, ажал келгенде (қажет болатын нәрсеңді) алып қал!» – деп жиі айтатын (Бұхари: 6416; Ахмад: 5002).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ взял меня за плечо и сказал: “Будь в этом мире подобен чужеземцу или путнику”».

Сам Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) часто говорил: «Если ты (благополучно) дожил до вечера, не жди наступления утра, а если (благополучно) встретил утро, не жди наступления вечера. Пока ты здоров, запасись тем, что понадобится тебе во время болезни, а пока жив – тем, что понадобится, когда придёт смерть!» (Аль-Бухари: 6416; Ахмад: 5002).

Түсіндірме (қазақша)

Яғни, Алланың қалауымен аман-есен таң атырып, кеш батырған бірде-бір адамның ертеңгі күнге аман-есен жетем деген 100 пайыз кепілдігі жоқ. Сондай-ақ, әрбір саналы мүмін ден саулығы бар кезде, науқастанғанда істей алмай қалатын құлшылығы мен игі істерді барынша істеп қалуға тырысуы керек, өйткені мұсылман адам тұрақты һәм жүйелі түрде жасап жүрген игі істерін науқастануы себепті жасай алмай қалған жағдайда, оған сол үздіксіз һәм жүйелі түрде жасап, дағдыға айналдырған игі істерінің әжір-сауабы үздіксіз жазыла береді. Осыған орай, Пайғамбарымыз ﷺ: «Егер бір пенде ауырып қалса немесе сапарға шықса, оған сау немесе тұрғылықты кезінде тұрақты жасаған игі істерінің әжір-сауабы жазыла береді», – деген. Ал ажал сағаты соқпай тұрып, о дүниеде ауадай қажет болатын сауапты істерді істеп қалу бәрінен де маңызды екені даусыз.

Түсіндірме (орысша)

Иными словами, ни у одного человека, по воле Аллаха благополучно встретившего утро или дожившего до вечера, нет безусловной гарантии, что он столь же благополучно доживёт до следующего дня.

Кроме того, каждый здравомыслящий верующий должен, пока здоров, стараться совершить как можно больше поклонений и благих дел, которые он, возможно, уже не сможет совершать во время болезни. Ведь если мусульманин из-за болезни лишается возможности совершать благие дела, которые прежде выполнял постоянно и систематически, ему по-прежнему записывается награда за те дела, которые он регулярно совершал и сделал своей привычкой.

В связи с этим Пророк ﷺ сказал: «Если раб заболевает или отправляется в путь, ему продолжает записываться награда за благие дела, которые он постоянно совершал, когда был здоров и находился у себя дома». И нет сомнения в том, что важнее всего – до того, как пробьёт смертный час, успеть совершить благие дела, которые будут нужны человеку в Последней жизни как воздух.