Хадис

Риядус-салихин, № 576

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
65. Өлімді еске алу және өмірім әлі алда деген желік үмітке алданбау жайында
Нөмірі
№ 576 (қазақша басылым реті)
576
Риядус-салихин, № 576Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَا حَقُّ امْرِئٍ مُسْلِمٍ، لَهُ شَيْءٌ يُوصِى فِيهِ، يَبيتُ لَيْلَتَيْنِ إِلَّا وَوَصِيَّتُهُ مَكْتُوبَةٌ عِنْدَهُ» مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ، هَذَا لفظ الْبخارِي

وَفِى رِوَايَةٍ لمسلمٍ: «يَبِيتُ ثَلَاثَ لَيَالٍ» قَالَ ابن عمر: مَا مَرَّتْ عَلَيَّ لَيْلَةٌ مُنْذُ سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ ذَلِكَ إِلَّا وَعِنْدِى وَصِيَّتِي

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Мұсылманның мұра етіп қалдыруға жарайтын дүниесі бола тұра өсиетін жазып (әрі куәландырып) қоюды, тіпті екі түнге дейін де кешіктіруге қақысы жоқ», – деп айтты», – деген (Бұхари: 2738; Муслим: 4204).

Имам Муслимнің риуаятында: «Үш түнге дейін кешіктіруге қақысы жоқ», – делінген. (4207)

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісінің осы айтқанын естіген бойда өсиетімді хатқа түсіріп (куәландырып) қойып, жазулы тұрған өсиетсіз бір түн де өткізген жоқпын», – деп айтты.

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Мусульманин, владеющий имуществом, относительно которого следует оставить завещание, не вправе откладывать составление письменного завещания (и его удостоверение) даже на две ночи» (Аль-Бухари: 2738; Муслим: 4204).

В версии имама Муслима сказано: «Не вправе откладывать это на три ночи» (Муслим: 4207).

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) сказал: «С тех пор как я услышал эти слова Посланника Аллаха ﷺ, я не провёл ни одной ночи без составленного письменного завещания (и его удостоверения)».