Хадис

Риядус-салихин, № 619

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
72. Дандайсып, тәкаппарлану
Нөмірі
№ 619 (қазақша басылым реті)
619
Риядус-салихин, № 619Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: الْعِزُّ إِزَارِى، وَالكبرِيَاءُ رِدَائي، فَمَنْ يُنَازِعُنِى فِى وَاحِدٍ منهمَا فَقَد عَذَّبْتُهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ былай деген: «Ұлы Жаратушымыз Алла Тағала: «Айбындылық, ұлылық – Менің изарым. Асқақтық (тәкаппарлық)1 – Менің шапаным. Кімде-кім Менімен осы екеуінің біріне таласса, оны аямай азаптаймын»,2 – деп айтты» (Муслим: 6680; Ахмад: 7382).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Великий Аллах Всевышний сказал: “Могущество и величие – Мой изар, а превознесённость (гордость)1 – Моя накидка. Того, кто станет оспаривать у Меня хотя бы одно из них, Я подвергну беспощадному наказанию2”» (Муслим: 6680; Ахмад: 7382).

  1. 1«Ешкімге бас имейтін асқақ» дегенді білдіретін Аллаға ғана тән ұлылық сипаты.
  2. 2Яғни, шамасына қарамай тәкаппарланып, көкірек керген пенде осы қылығы арқылы Аллаға ғана тән нәрсеге таласқан болады. Бұл, әрине, үлкен күнә.
  1. 1Имеется в виду присущий одному Аллаху атрибут величия, означающий: «Превознесённый, ни перед кем не склоняющийся».
  2. 2То есть человек, который, не ведая меры, кичится и проявляет высокомерие, тем самым претендует на то, что присуще одному лишь Аллаху. Это, несомненно, тяжкий грех.