Хадис

Басшылардың қоластындағыларға мейірбан, кешірімді және жанашыр болу керектігі жайында

О необходимости для руководителей проявлять милосердие, снисходительность и заботу по отношению к своим подчинённым

Риядус-салихин, 78-тақырып · 6 хадис · № 654–659

Хадистер

«وَاخْفِضْ جَنَاحَكَ لِمَنِ اتَّبَعَكَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ» «Соңыңнан ерген мүміндерге жанашырлықпен кішіпейіл бол!» («Шұғара» сүресі, 215-аят).

«إِنَّ اللَّهَ يَأْمُرُ بِالْعَدْلِ وَالإِحْسَانِ وَإِيتَاءِ ذِى الْقُرْبَى وَيَنْهَى عَنِ الْفَحْشَاءِ وَالْمُنْكَرِ وَالْبَغْيِ يَعظُكُمْ لَعَلَّكُمْ تَذَكَّرُونَ» «Шынында, Алла әділдікті, Алланы көріп тұрғандай, ең болмаса Алланың өздерін үнемі көріп, бақылап тұратынын жадында ұстап, игі істер істеуді және туған-туысқа қол ұшын беріп қарайласуды бұйырады. Сонымен қатар арсыздықтан, жамандық атаулыдан және зұлымдықтан мүлдем тыяды. Ойланып-толғансын, ғибрат алсын деп, Алла сендерге осылайша насихат айтып, жол сілтейді». («Нахыл» сүресі, 90-аят).

«И распростри свое крыло для верующих, последовавших за тобой!» (сура «Шуара», 26:215).

«Воистину, Аллах велит держаться справедливости, неизменно совершать благодеяния искренне и одаривать родственников. И Он запрещает бесстыдство, все порицаемое и злодейства. Этим Аллах наставляет вас, дабы вы внимали и помнили» (сура «Нахль», 16:90).

654
Риядус-салихин, № 654Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «كُلُّكُمْ رَاعٍ، وَكُلُّكُمْ مَسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتهِ: الْإِمَامُ رَاعٍ وَمَسؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ، وَالرَّجُلُ رَاعٍ فِى أَهْلِهِ وَمَسؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ، وَالْمَرْأَةُ رَاعِيَةٌ فِى بَيْتِ زَوْجِهَا وَمَسْؤُولَةٌ عَنْ رَعِيَّتِهَا، وَالخَادِمُ رَاعٍ فِى مال سيِّدِهِ وَمَسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ، وَكُلُّكُمْ رَاعٍ وَمَسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Барлығың да бақташы секілдісіңдер және барлығың қоластыларыңдағылар үшін жауап бересіңдер. Ел билеуші – бақташы, ол – халқы үшін жауапты. Ер адам – отбасының бақташысы, ол – өз отбасы үшін жауапты. Әйел – күйеуі көтерген шаңырақтың бақташысы және сол шаңырақ үшін жауапты. Қызметші – қожайынына тиесілі мал-мүліктің бақташысы және сол үшін жа-уапты. Қысқасы, барлығың да бақташы сияқтысыңдар және өздеріңе бағынышты жандар үшін жауаптысыңдар – деп айтқанын естідім», – деген (Бұхари: 893; Муслим: 4724; Ахмад: 4295).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Все вы подобны пастырям, и каждый из вас несёт ответственность за тех, кто ему вверен. Правитель страны – пастырь, и он отвечает за свой народ. Мужчина – пастырь своей семьи, и он отвечает за неё. Женщина – пастырь в доме своего мужа, и она отвечает за домочадцев. Слуга – пастырь имущества, принадлежащего его хозяину, и он отвечает за него. Словом, все вы подобны пастырям и несёте ответственность за тех, кто вам подчинён”» (Аль-Бухари: 893; Муслим: 4724; Ахмад: 4295).

655
Риядус-салихин, № 655

عَنْ أَبِى يعلى مَعْقِل بْنِ يَسارٍ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، يَقُولُ: «مَا مِنْ عَبْدٍ يَستَرْعِيهِ اللَّهُ رَعِيَّةً، يَمُوتُ يَوْمَ يَمُوتُ وَهُوَ غَاشٌّ لِرَعِيَّتِهِ، إِلَّا حَرَّمَ اللَّهُ عَلَيْهِ الْجَنَّة» مُتَّفَقٌ عليه

وَفِى رِوَايَة: «فَلَمْ يَحُطْهَا بِنُصْحِهِ لَمْ يَجِدْ رَائِحَةَ الْجَنَّة»

وَفِى رِوَايَة لمسلم: «مَا مِنْ أميرٍ يلي أمور الْمُسْلِمِينَ، ثُمَّ لَا يَجْهَدُ لَهُمْ وَيَنْصَحُ لَهُمْ، إِلَّا لَمْ يَدْخُلْ مَعَهُمُ الْجَنَّةَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Яғла Мағқил ибн Яәсар (р.а.): «Расулалланың ﷺ: «Алланың билікті нәсіп еткен қайсыбір пендесі қол астындағыларын қулық-сұмдықпен басқарып жүріп қайтыс болса, Алла Тағала оны жұмақтан мақұрым етеді», – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим: 363; Ахмад: 20291).

Басқа бір риуаятта: «...егер қол астындағыларына шын жүректен қамқорлық жасап, қанатының астына алмаса, жұмақтың хош иісін де сезбейді» – делінген. (Бұхари: 7150).

Имам Муслимнің риуаятында: «Мұсылмандарды басқару ісін мойнына алғаннан кейін, олар үшін жан-тәнімен еңбек етпеген, әрі шын жүректен қамқорлық жасамаған әмірші олармен бірге жұмаққа кірмейді» – делінген (Муслим: 365).

Орысша аудармасы

Абу Яля Макиль ибн Ясар (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если какой-либо раб Аллаха, которому Он вверил власть над людьми, умрёт, оставаясь нечестным и коварным по отношению к своим подданным, Аллах лишит его рая”» (Муслим: 363; Ахмад: 20291).

В другой версии говорится: «…если он не будет искренне заботиться о своих подданных и не возьмёт их под своё покровительство, то не ощутит даже благоухания рая» (Аль-Бухари: 7150).

В версии имама Муслима говорится: «Правитель, который, взяв на себя управление делами мусульман, не станет трудиться ради них всеми силами и искренне заботиться о них, не войдёт вместе с ними в рай» (Муслим: 365).

656
Риядус-салихин, № 656Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، يَقُولُ فِى بيتي هَذَا: «اللَّهُمَّ مَنْ وَلِيَ مِنْ أمْرِ أُمَّتِى شَيْئًا فَشَقَّ عَلَيْهِمْ، فاشْقُقْ عَلَيْهِ، وَمَنْ وَلِيَ مِنْ أَمْرِ أُمَّتِى شَيْئًا فَرَفَقَ بِهِمْ، فَارفُقْ بِهِ»

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Расулалланың ﷺ осы үйімде отырып: «Уа, Алла Тағалам! Үмбетімді басқару ісінің қандай да бір түрін мойнына алып, оларға жөнсіз қысым көрсеткенге Сен де қысым көрсет. Сондай-ақ үмбетімді басқару ісінің қандай да бір түрін өз жауапкершілігіне алып, оларға мейірімді болғанға Сен де мейіріміңді төккейсің», – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим: 4722; Ахмад: 26199).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) рассказывала: «Я слышала, как Посланник Аллаха ﷺ, находясь в этом моём доме, сказал: “О Аллах! Кто возьмёт на себя какую-либо власть над моей общиной и станет несправедливо притеснять её, подвергни тяготам и его. А кто возьмёт на себя какую-либо власть над моей общиной и будет милосерден к ней, того и Ты окружи Своей милостью”» (Муслим: 4722; Ахмад: 26199).

657
Риядус-салихин, № 657Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «كَانَتْ بَنُو إِسرَائِيلَ تَسُوسُهُم الْأَنبِيَاء، كُلَّمَا هَلَكَ نَبِيٌّ خَلَفَهُ نَبِيٌّ، وَإِنَّهُ لَا نَبِيَّ بَعْدِى، وَسَيكُونُ بَعْدِى خُلفَاءُ فَيَكثرُونَ»، قَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَمَا تَأْمُرُنَا؟ قَالَ: «أَوْفُوا بِبَيْعَةِ الْأَوَّل فَالأَوَّل، ثُمَّ أعْطُوهُمْ حَقَّهُمْ، وَاسْأَلُوا اللَّه الَّذِى لَكُمْ، فَإِنَّ اللَّهَ سَائِلُهُمْ عَمَّا اسْتَرْعَاهُمْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Исраил ұрпақтарын пайғамбарлар басқаратын еді. Пайғамбар дүниеден өткен сайын, оның орнын басқа бір пайғамбар басып отыратын. Ал менен кейін пайғамбар болмайды, бірақ көптеген халифалар болады», – деді. (Мұны естіген сахабалар): «Уа, Расулалла! Бізге не бұйырасыз?» – дегенде, ол: «Алғашқысына берген анттарыңда тұрыңдар, содан кейін олардың хақысын беріңдер. Ал өздеріңе тиесілі болғанды Алладан сұраңдар. Шүбәсіз, Алла олардан қоластындағыларға (яғни халыққа қалай қарап, оларды қалай басқарғанына) қатысты міндетті түрде сұрайды», – деп жауап берді», – деген (Бұхари: 3455; Муслим: 3773; Ахмад: 7960).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Сынами Исраиля управляли пророки. Всякий раз, когда один пророк уходил из жизни, его сменял другой. После меня пророка уже не будет, однако появится множество халифов”. (Услышав это, сподвижники) спросили: “О Посланник Аллаха! Что вы велите нам?” Он ответил: “Храните верность присяге, принесённой первому из них, а затем каждому следующему, и отдавайте им то, что причитается им по праву. А то, что причитается вам, просите у Аллаха. Поистине, Аллах непременно спросит с них за тех, кто находился под их властью (то есть за то, как они относились к народу и как им управляли)”» (Аль-Бухари: 3455; Муслим: 3773; Ахмад: 7960).

658
Риядус-салихин, № 658

عَنْ عائِذ بْنِ عَمْرُو أَنَّهُ دَخَلَ عَلَى عُبَيْد اللَّهِ بْنِ زيادٍ، فَقَالَ لَهُ: أيْ بُنَيَّ، إِنِّى سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ شَرَّ الرِّعَاءِ الْحُطَمَةُ» فإِيَاكَ أن تَكُونَ مِنْهُمْ

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид Хасан әл-Басриден жеткен хадисте Аиз ибн Амр (р.а.) Убайдулла ибн Зиядтың құзырына кіріп: «Уа, балам! Мен Алла елшісінің ﷺ: «Расында, басшылардың ең жаманы – қоластындағыларға қатыгез болғаны», – деп айтқанын естідім. Сен солардың қатарында болудан сақтан!» – дейді. Убайдулла оған: «Отыр, шындығында сен Мұхаммедтің сахабаларының кебегісің1», – дейді. Сонда Аиз: «Олардың кебегі болып па еді? Шынында кебек тек олардан кейінгілерде және олардан өзгелерде болды!» – деп айтқан (Муслим: 4733; Ахмад: 20637).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Саида аль-Хасана аль-Басри, что однажды Аиз ибн Амр (да будет доволен им Аллах) вошёл к Убайдуллаху ибн Зияду и сказал ему: «О сынок! Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, худшие из правителей – те, кто жестоко обращается со своими подданными”. Так остерегайся же оказаться в их числе!»

Убайдуллах сказал ему: «Сядь! Поистине, ты лишь отруби1 среди сподвижников Мухаммада». Тогда Аиз возразил: «Разве среди них были отруби? Отруби появились лишь среди тех, кто пришёл после них, и среди прочих людей!» (Муслим: 4733; Ахмад: 20637).

  1. 1Убайдулла мұнда өзіне насихат айтқан сахаба Аиз ибн Амрға «сен олардың игі-жақсыларынан, білімділерінен емессің, керісінше, сен олардың ең жаманысың» дегенді меңзеген.
  1. 1Убайдуллах хотел сказать сподвижнику Аизу ибн Амру, который наставлял его: «Ты не из лучших и знающих среди них, напротив, ты из худших».
659
Риядус-салихин, № 659

عَنْ أَبِى مرِيم الْأزدِيِّ أَنَّهُ قَالَ لِمعاوية: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ وَلاَّهُ اللَّهُ شَيْئًا مِنْ أُمُورِ الْمُسْلِمِينَ، فَاحْتَجَبَ دُونَ حَاجَتِهِمْ وَخَلَّتِهِمْ وَفَقْرِهِمْ، احْتَجَبَ اللَّهُ دُونَ حَاجَتِهِ وَخَلَّتِهِ وَفَقْرِهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ» فجعل معاوية رجلًا عَلَى حوائج النَّاسِ

Қазақша аудармасы

Әбу Мәриям әл-Әзди (р.а.) жеткізген хадисте, ол Муғауияға (р.а.): «Мен Алла елшісінің ﷺ: «Алла әлдекімге мұсылмандардың қандай да бір ісіне басшылық етуді тапсырса, бірақ ол қоластындағылардың зәрулігі мен мұң-мұқтажынан тасаланатын болса, Алла да қиямет күні оның зәрулігі мен мұң-мұқтажынан «тасаланады»1», – деп айтқанын естідім», – деген екен. Содан кейін Мұғауия ел-жұрттың мұң-мұқтажымен айналысатын арнайы адам тағайындаған екен (Әбу Дәуіт: 2947; Тирмизи: 1332).

Орысша аудармасы

Передаётся, что Абу Марьям аль-Азди (да будет доволен им Аллах) сказал Муавии (да будет доволен им Аллах): «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если Аллах поручит кому-либо управление каким-либо делом мусульман, а тот отгородится от нужд и забот своих подданных, то в День воскресения Аллах также ‘отгородится’1 от его нужд и забот”».

После этого Муавия назначил особого человека, который занимался нуждами людей. (Абу Дауд: 2947; Ат-Тирмизи: 1332).

  1. 1Қиямет күні оның мұң-мұқтажын өтемейді және оған ешқандай да жәрдем бермейді.
  1. 1То есть в День воскресения Аллах не удовлетворит его нужд и не окажет ему никакой помощи.