Хадис

Риядус-салихин, № 654

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
78. Басшылардың қоластындағыларға мейірбан, кешірімді және жанашыр болу керектігі жайында
Нөмірі
№ 654 (қазақша басылым реті)
654
Риядус-салихин, № 654Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «كُلُّكُمْ رَاعٍ، وَكُلُّكُمْ مَسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتهِ: الْإِمَامُ رَاعٍ وَمَسؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ، وَالرَّجُلُ رَاعٍ فِى أَهْلِهِ وَمَسؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ، وَالْمَرْأَةُ رَاعِيَةٌ فِى بَيْتِ زَوْجِهَا وَمَسْؤُولَةٌ عَنْ رَعِيَّتِهَا، وَالخَادِمُ رَاعٍ فِى مال سيِّدِهِ وَمَسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ، وَكُلُّكُمْ رَاعٍ وَمَسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Барлығың да бақташы секілдісіңдер және барлығың қоластыларыңдағылар үшін жауап бересіңдер. Ел билеуші – бақташы, ол – халқы үшін жауапты. Ер адам – отбасының бақташысы, ол – өз отбасы үшін жауапты. Әйел – күйеуі көтерген шаңырақтың бақташысы және сол шаңырақ үшін жауапты. Қызметші – қожайынына тиесілі мал-мүліктің бақташысы және сол үшін жа-уапты. Қысқасы, барлығың да бақташы сияқтысыңдар және өздеріңе бағынышты жандар үшін жауаптысыңдар – деп айтқанын естідім», – деген (Бұхари: 893; Муслим: 4724; Ахмад: 4295).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Все вы подобны пастырям, и каждый из вас несёт ответственность за тех, кто ему вверен. Правитель страны – пастырь, и он отвечает за свой народ. Мужчина – пастырь своей семьи, и он отвечает за неё. Женщина – пастырь в доме своего мужа, и она отвечает за домочадцев. Слуга – пастырь имущества, принадлежащего его хозяину, и он отвечает за него. Словом, все вы подобны пастырям и несёте ответственность за тех, кто вам подчинён”» (Аль-Бухари: 893; Муслим: 4724; Ахмад: 4295).