Хадис

Риядус-салихин, № 653

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
77. Діни мәселелерге жауапкершілікпен қарау
Нөмірі
№ 653 (қазақша басылым реті)
653
Риядус-салихин, № 653Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ رَأَى نُخَامَةً فِى الْقبلَةِ، فَشَقَّ ذَلِكَ عَلَيْهِ حَتَّى رُؤِيَ فِى وَجْهِهِ؛ فَقَامَ فَحَكَّهُ بِيَدِهِ، فَقَالَ: «إِن أحدَكُمْ إِذَا قَامَ فِى صَلَاتِهِ فَإِنَّهُ يُنَاجِى رَبَّهُ، وَإِنَّ رَبَّهُ بَيْنَهُ وَبيْنَ الْقِبلْةِ، فَلَا يَبْزُقَنَّ أَحَدُكُمْ قِبَلَ الْقِبْلَةِ، وَلَكِنْ عَنْ يَسَارِهِ، أَوْ تَحْتَ قَدَمِهِ» ثُمَّ أَخَذَ طَرَفَ رِدَائِهِ فَبَصَقَ فِيهِ، ثُمَّ رَدَّ بَعْضَهُ عَلَى بَعْضٍ، فَقَالَ: «أَوْ يَفْعَلُ هكذا»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте, бірде Пайғамбарымыз ﷺ бірде мешіттің құбыла (жағындағы қабырғасынан) қақырық көреді, мұның оған ауыр тигені соншалық, реніші жүзінен байқалды. Сосын орнынан тұрып әлгі қақырықты өз қолымен сүртіп: «Шынында қайсыбірің намазға тұрғанда, Раббысына мінәжат қылады, міне, сонда Раббысы оны мен құбыланың арасында (болады). Сондықтан да ешбірің құбыла жаққа қарай түкірмеңдер. (Егер қатты түкіргісі келсе) сол жағына, не аяғының астына (түкірсін)», – дейді. Кейін шапанының бір шетін алып, соған түкіріп, оны шапанының екінші бір шетімен жауып: «Немесе осылай істесін», – деп айтқан екен. (Бұхари: 405; Муслим: 1230; Ахмад: 12062)

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что однажды Пророк ﷺ увидел мокроту в обращённой к кибле части мечети (на стене со стороны киблы). Это настолько огорчило его, что недовольство отразилось на его лице. Тогда он встал, собственноручно вытер её и сказал: «Поистине, когда кто-либо из вас встаёт на молитву, он ведёт сокровенную беседу со своим Господом, и тогда его Господь (находится) между ним и киблой. Поэтому пусть никто из вас не плюёт в сторону киблы. Если же ему крайне необходимо сплюнуть, пусть он сделает это слева от себя или себе под ноги». Затем он взял один край своей накидки, сплюнул в неё, прикрыл другим краем накидки и сказал: «Или пусть поступает так» (Аль-Бухари: 405; Муслим: 1230; Ахмад: 12062).

Түсіндірме (қазақша)

Мұндағы сол жағына немесе аяғының астына түкірсін дегені мешіттен, үйден тыс даладағы жерлерге қатысты айтылған. Ал мешітте түкіргісі келген адам тек бет орамал сынды нәрселерге ғана түкіреді. Сондай-ақ шапанның бір шетіне түкіруді мешітте немесе қоғамдық жерлерде болған кезде түкіретін жер болмай, амал жоқ түкіру керек болған жағдайда, бет орамал немесе қағаз сүлгіге түкіргендей деп түсінген жөн.

Түсіндірме (орысша)

указание сплёвывать слева от себя или себе под ноги относится к открытой местности за пределами мечети и дома. Если же человеку необходимо сплюнуть в мечети, он должен сделать это только в носовой платок или во что-либо подобное. Кроме того, слова о сплёвывании в край накидки следует понимать как указание воспользоваться носовым платком или бумажной салфеткой в том случае, когда человек находится в мечети либо общественном месте, сплюнуть больше некуда, а сделать это совершенно необходимо.