Хадис

Риядус-салихин, № 660

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
79. Әділ басшы жайында
Нөмірі
№ 660 (қазақша басылым реті)
660
Риядус-салихин, № 660Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «سَبْعَةٌ يُظِلُّهُمُ اللَّه فِى ظِلِّهِ يَوْمَ لَا ظِلَّ إِلَّا ظِلُّهُ: إِمَامٌ عادِلٌ، وَشَابٌ نَشَأ فِى عِبادة اللَّه تَعَالَى، وَرَجُلٌ قَلْبُهُ مُعَلَّقٌ فِى الْمَسَاجِدِ، وَرَجُلانِ تَحَابَّا فِى اللَّهِ اجتَمَعَا عَلَيْهِ، وَتَفَرَّقَا عَلَيْهِ، وَرَجُلٌ دَعَتْهُ امْرَأَةٌ ذاتُ مَنْصِبٍ وجَمالٍ، فَقَالَ: إِنِّى أخافُ اللَّهَ، وَرَجُلٌ تَصَدَّقَ بِصَدَقَةٍ فَأخْفَاهَا حَتَّى لَا تَعْلَمَ شِمَالُهُ مَا تُنْفِقُ يَمِينُهُ، وَرَجُلٌ ذَكَرَ اللَّه خَالِيًا فَفَاضَتْ عَيْنَاهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Алланың көлеңкесінен басқа сағаларға ешбір сая табылмайтын қиямет күні Алла Тағала жеті түрлі адамды Өзінің саясына алады. Олар: әділ патша, жастығын бір Аллаға құлшылық етумен өткізген балғын жас, жүрегі «мешіт» деп соққан мүмін, бір-бірін Алла разылығы үшін жақсы көріп, Алла үшін бас қосып және Алла үшін айырылысқан екі дос, өзі сұлу, әрі мансап иесі болған бір әйел аңсары ауып, бірге болуға шақырғанда, «Жоқ, мен Алладан қорқамын», – деп нәпсісін тізгіндей білген ер адам, оң қолының не бергенін сол қолы сезбей қалатындай дәрежеде садақасын жасырып беретін мәрт адам және жалғыз қалғанда Алланы есіне алып, көз жасын көл қылған тақуа», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 660; Муслим: 2380; Ахмад: 9665).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Хурайрой (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ сказал: «В День воскресения, когда не будет иной тени, в которой можно было бы укрыться, кроме тени Аллаха, Аллах Всевышний укроет в Своей тени семь категорий людей. Это справедливый правитель; юноша, проведший молодость в поклонении одному Аллаху; верующий, чьё сердце привязано к мечети; двое друзей, которые любят друг друга ради довольства Аллаха, встречаются ради Него и ради Него расстаются; мужчина, которого знатная и красивая женщина, возжелав его, призвала к близости, но он обуздал свою страсть, сказав: “Нет, я боюсь Аллаха”; щедрый человек, подающий милостыню столь тайно, что его левая рука не ведает, что подала правая; и богобоязненный человек, который, оставшись наедине, поминает Аллаха и проливает обильные слёзы» (Аль-Бухари: 660; Муслим: 2380; Ахмад: 9665).