Хадис

Билік басындағылардың кеңесшілері мен орынбасарларын дұрыс таңдауы керектігі жайында

О том, что власть имущим следует правильно выбирать советников и заместителей

Риядус-салихин, 82-тақырып · 2 хадис · № 679–680

Хадистер

«الأَخِلاَّءُ يَوْمَئِذٍ بَعْضُهُمْ لِبَعْضٍ عَدُوٌّ إِلَّا الْمُتَّقِينَ» «Ол (қиямет) күні дүниедегі барлық достар (яғни, бір-бірін тек дүниелік мақсатта дос тұтқандар) біріне-бірі қас дұшпан болады. Ал тақуалардың жөні бөлек, (олар қай кезде де бір-біріне шын жанашыр дос болады)». («Зухруф» сүресі, 67-аят).

«В тот День станут врагами друг другу все любящие друзья, кроме богобоязненных» (сура «Зухруф», 43:67).

679
Риядус-салихин, № 679

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ وأبي هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَا بَعَثَ اللَّهُ مِنْ نَبِيٍّ، وَلَا اسْتَخْلَفَ مِنْ خَليفَةٍ إِلَّا كَانَتْ لَهُ بِطَانَتَانِ: بِطَانَةٌ تَأمُرُهُ بِالْمَعْرُوفِ وتَحُضُّهُ عَلَيْهِ، وَبِطَانَةٌ تَأمُرُهُ بالشَّرِّ وَتَحُضُّهُ عَلَيْهِ، وَالْمَعْصُومُ مَنْ عَصَمَ اللَّهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид және Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Расулалла ﷺ: «Алла Тағала тарапынан жіберілген әрбір пайғамбардың және солардың орнын басушы әрбір халифаның екі түрлі уәзірі болған. Кейбір уәзірлер оларды жақсылыққа үндеп, игі істер атқаруға құлшындырған. Қайсыбіреулері болса, оларды жамандыққа шақырып, жаман істерге итермелеген, сондықтан (арамза уәзірдің арбауынан) аман болатын адам – Алланың қорғанында болған жан», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 7198; Ахмад: 11342).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Саидом и Абу Хурайрой (да будет доволен ими Аллах), сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «У каждого пророка, посланного Всевышним Аллахом, и у каждого халифа, поставленного Им у власти, были советники двух видов. Одни призывали их к добру и побуждали совершать благие дела, а другие призывали ко злу и толкали на дурные поступки. И убережётся (от козней коварного советника) лишь тот, кто находится под защитой Аллаха» (Аль-Бухари: 7198; Ахмад: 11342).

680
Риядус-салихин, № 680Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا أَرَادَ اللَّهُ بِالأَمِيرِ خَيْرًا، جَعَلَ لَهُ وَزِيرَ صدقٍ، إِنْ نَسِيَ ذَكَّرَهُ، وَإِنْ ذَكَرَ أعَانَهُ، وَإِذَا أَرَادَ بِهِ غَيْرَ ذَلِكَ جَعَلَ لَهُ وَزِيرَ سُوءٍ، إِنْ نَسِيَ لَمْ يُذَكِّرْهُ، وَإِنْ ذَكَرَ لَمْ يُعِنْهُ»

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Егер Алла Тағала билеушіге жақсылықты қаласа, оған ұмытқанын есіне салатын әрі ойындағы істі ойдағыдай жүзеге асыруға жәрдемдесетін шыншыл уәзір нәсіп етеді. Ал егер оған жақсылықты қаламаса, ұмытқанын есіне салмайтын әрі ойындағы істі жүзеге асыруға қолұшын бермейтін нашар уәзір беріп қояды», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 2932; Ахмаад: 24414).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) рассказывала: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если Аллах Всевышний желает правителю блага, то дарует ему правдивого визиря, который напоминает ему о забытом и помогает успешно осуществить задуманное. Если же Аллах не желает ему блага, то даёт ему дурного визиря, который не напоминает ему о забытом и не помогает осуществить задуманное”» (Абу Дауд: 2932; Ахмад: 24414).