Хадис

Билік басына, қазылыққа және басқа да басшылық қызметке қызығып, ұмтылатындарға мансап беруге болмайтындығы жайында

О недопустимости назначения на должность правителя, судьи или на иной руководящий пост тех, кто сам желает получить такую власть и стремится к ней

Риядус-салихин, 83-тақырып · 1 хадис · № 681

Хадистер

681
Риядус-салихин, № 681Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِى مُوسَى الْأشعرِيِّ قَالَ: دَخَلْتُ عَلَى النَّبِيِّ ﷺ أَنَا وَرَجُلانِ مِنْ بَنِى عَمِّى، فَقَالَ أَحَدُهُمَا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أمِّرْنَا عَلَى بَعْض مَا ولاَّكَ اللَّهُ تَعَالَى، وَقَالَ الآخَرُ مِثلَ ذَلِكَ، فَقَالَ: «إِنَّا وَاللَّهِ لَا نُوَلِّى هَذَا الْعَمَلَ أَحَدًا سَأَلَهُ، أَوْ أَحَدًا حَرَصَ عَلَيْهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.) былай деген: «Бірде мен екі немере бауырыммен бірге Пайғамбарымыздың ﷺ дәргейіне кірдім. Сонда олардың біреуі: «Уа, Расулалла! Құдіреті күшті ұлы Алланың сізге тәуелді еткен жерлерінің бір пұшпағына бізді әмірші етіп тағайындаңызшы», – деді, екіншісі де сол сияқты өтініш айтты. Сонда Алла елшісі: «Алланың атымен ант етейін, расында, біз бұл іске оны сұрағанды немесе оған ұмтылғанды тағайындамаймыз», – деп айтты» (Бұхари: 7149; Муслим: 4717; Ахмад: 19666).

Орысша аудармасы

Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды я вместе с двумя своими двоюродными братьями вошёл к Пророку ﷺ. Один из них сказал: “О Посланник Аллаха! Назначь нас правителями над какой-либо частью земель, которые Всемогущий и Великий Аллах подчинил тебе”. Второй обратился к нему с такой же просьбой. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Клянусь Аллахом! Поистине, мы не назначаем на эту должность ни того, кто просит о ней, ни того, кто стремится её получить”» (Аль-Бухари: 7149; Муслим: 4717; Ахмад: 19666).

КНИГА О БЛАГОВОСПИТАННОСТИ