Хадис

Ар-ұятты болу

О стыдливости

Риядус-салихин, 84-тақырып · 4 хадис · № 682–685

ӘДЕП КІТАБЫ

Хадистер

682
Риядус-салихин, № 682Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ مَرَّ عَلَى رَجُلٍ مِنَ الْأنْصَار وَهُوَ يَعِظُ أخَاهُ فِى الْحَيَاءِ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «دَعْهُ، فَإِنَّ الْحَيَاءَ مِنَ الْإِيمَانِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.) жеткен хадисте: Бірде Алла елшісі ﷺ өзінің бауырына ұялшақтық жайлы уағыз-насихат айтып жатқан бір ансарлық сахабаның1 қасынан өтіп бара жатып, оған: «Оны жайына қалдыр, шынында, ұят – иманнан!» – деген екен (Бұхари: 24, Муслим: 154; Ахмад: 4554).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Ибн Умаром (да будет доволен им Аллах), сообщается, что однажды Посланник Аллаха ﷺ проходил мимо одного сподвижника из числа ансаров1, который наставлял своего брата относительно стыдливости. Тогда он сказал ему: «Оставь его в покое. Поистине, стыдливость – от веры!» (Аль-Бухари: 24; Муслим: 154; Ахмад: 4554).

  1. 1Әлгі ансарлық сахаба бауырына тым ұялшақ болма деген сарында насихат айтып жатқан болатын.
  1. 1Тот сподвижник из числа ансаров увещевал своего брата не быть слишком застенчивым.
683
Риядус-салихин, № 683Риуаят етуші: Имран ибн Хусайн (р.а.)

عَنْ عمران بْنِ حصينٍ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الْحَيَاءُ لَا يَأْتِى إِلَّا بِخَيْرٍ»

Қазақша аудармасы

Имран ибн Хусайн (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Ұят – бастан-аяқ ізгілік!» немесе «ұят – толығымен ізгілік» – деп айтты», – деген (Бұхари: 2117, Муслим: 156; Ахмад: 19830).

Орысша аудармасы

Имран ибн Хусайн (да будет доволен ими обоими Аллах) рассказывал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Стыдливость приносит лишь благо!” – или: “Стыдливость целиком является благом”» (Аль-Бухари: 2117; Муслим: 156; Ахмад: 19830).

684
Риядус-салихин, № 684Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «الإِيمَانُ بِضْعٌ وَسَبْعُونَ أَوْ بِضْعٌ وَسِتُّونَ شُعْبَةً: فَأَفْضَلُهَا قَوْلُ: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَأدْنَاهَا إِمَاطَةُ الْأَذَى عَنِ الطَّرِيقِ، وَالْحَيَاءُ شُعْبَةٌ مِنَ الْإِيمَانِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Иман жетпістен немесе алпыстан астам тармақтан (дәрежеден) тұрады. Ең абзалы – «лә иләһә иллаллаһу» (Алладан басқа тәңір жоқ) деп айту. Ең төменгі дәрежесіне жол үстіндегі (адамдарға) кедергі келтіретін тосқауыл-бөгесіндерді жою жатады. Ар-ұят та иманның бір тармағы», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 9; Муслим: 153; Ахмад: 9361).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Вера состоит более чем из семидесяти или шестидесяти ответвлений. Наивысшее из них – произнесение слов “Ля иляха илляллах” (Нет божества, кроме Аллаха), а самое малое – устранение с дороги препятствия, мешающего людям. Стыдливость также является одним из ответвлений веры» (Аль-Бухари: 9; Муслим: 153; Ахмад: 9361).

685
Риядус-салихин, № 685Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أشَدَّ حَيَاءً مِنَ الْعَذْرَاءِ فِى خِدْرِهَا، فَإِذَا رَأَى شَيْئًا يَكْرَهُهُ عَرَفْنَاهُ فِى وَجْهِه

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.): «Алла елшісі ﷺ оң жақта отырған беті ашылмаған жас қыздан да ұялшақ, арлы еді. Біз оның өзіне ұнамайтын қандай да бір жағымсыз қылыққа куә болғанын жүзінен байқайтын едік», – деп айтты (Бұхари: 6102; Муслим: 6032; Ахмад: 11283).

Орысша аудармасы

Абу Саид (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Посланник Аллаха ﷺ был стыдливее и целомудреннее юной девушки, укрытой от посторонних взоров в своих покоях. Если он видел какой-либо поступок, который ему не нравился, мы замечали это по выражению его лица» (Аль-Бухари: 6102; Муслим: 6032; Ахмад: 11283).