Хадис

Сыр сақтау жайында

О сохранении тайны

Риядус-салихин, 85-тақырып · 4 хадис · № 686–689

Хадистер

«وَأَوْفُوا بِالْعَهْدِ إِنَّ الْعَهْدَ كَانَ مَسْؤُولًا» «Сертке берік болыңдар! Өйткені берілген серттің сұрауы бар!». («Исра» сүресі, 34-аят).

«Будьте же верны вашим обещаниям, ведь за каждое обещание вы будете призваны к ответу!» (сура «Исра», 17:34).

686
Риядус-салихин, № 686Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ مِنْ أشَرِّ النَّاسِ عِنْدَ اللَّهِ مَنْزِلَةً يَوْمَ الْقِيَامَةِ الرَّجُلَ يُفْضِى إِلَى الْمَرْأَةِ وتُفْضِى إِلَيْهِ، ثُمَّ يَنْشُرُ سِرَّهَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.): «Расулалла ﷺ: «Қиямет күні Алланың құзырындағы ең жаман адам – әйелімен төсек қатынасында болғаннан кейін, өздеріне ғана тән бар сырды басқаларға жайған адам», – деп айтты», – деген (Муслим: 3542; Ахмад: 11655).

Орысша аудармасы

Абу Саид (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “В День воскресения худшим из людей пред Аллахом окажется тот, кто, вступив в интимную близость со своей женой, затем разглашает другим все тайны, которые должны оставаться только между ними”» (Муслим: 3542; Ахмад: 11655).

687
Риядус-салихин, № 687Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ أَنَّ عُمَرَ حِيْنَ تأيَّمَتْ بِنْتُهُ حَفْصَةُ، قَالَ: لَقِيتُ عُثْمَانَ بْنَ عَفّانَ فَعَرَضْتُ عَلَيْهِ حَفْصَةَ، فَقُلْتُ: إِنْ شِئْتَ أَنْكَحْتُكَ حَفْصَةَ بِنْتَ عُمَرَ؟ قَالَ: سأنْظُرُ فِى أمْرِى. فَلَبِثْتُ لَيَالِيَ ثُمَّ لَقِيَنِى، فَقَالَ: قَدْ بَدَا لِى أَنْ لَا أتَزَوَّجَ يَوْمِى هَذَا. فَلَقِيتُ أَبَا بَكْرٍ فَقُلْتُ: إِنْ شِئْتَ أنْكَحْتُكَ حَفْصَةَ بنْتَ عُمَرَ، فَصَمتَ أَبُو بَكْرٍ، فَلَمْ يَرْجِعْ إِلَيَّ شَيْئًا! فَكُنْتُ عَلَيْهِ أوْجَدَ مِنِّى عَلَى عُثْمَانَ، فَلَبِثَ لَيَالِيَ ثُمَّ خَطَبَهَا النَّبِيُّ ﷺ، فَأنْكَحْتُهَا إِيَّاهُ. فَلَقِيَنِى أَبُو بَكْرٍ، فَقَالَ: لَعَلَّكَ وَجَدْتَ عَلَيَّ حِيْنَ عَرَضْتَ عَلَيَّ حَفْصَةَ فَلَمْ أرْجِعْ إِلَيْكَ شَيْئًا؟ فَقُلْتُ: نَعَمْ، قَالَ: فَإِنَّهُ لَمْ يَمْنَعْنِى أَنْ أرْجِعَ إِلَيْك فِيمَا عَرَضْتَ عَلَيَّ إِلَّا أنِّى كُنْتُ عَلِمْتُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ ذَكَرَهَا، فَلَمْ أكُنْ لأُفْشِيَ سِرَّ رَسُول اللَّهِ ﷺ، وَلَوْ تَرَكَهَا النَّبِيُّ ﷺ لَقَبِلْتُهَا

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте былай баяндалған: Қызы Хафса жесір қалғанда Омар (р.а.): «Мен Осман ибн Аффанмен (р.а.) кездесіп, оған: «Егер қаласаң Омардың қызы Хафсаны саған тұрмысқа берейін», – деп (қызым) Хафсаны ұсындым. Сонда ол: «Бұл жөнінде ойланып көрейін», – деді. Мен бірнеше күн күткеннен кейін ол маған келіп: «Мен бұл күндері үйлене алмайтын сияқтымын», – деді. Содан мен Әбу Бәкір әс-Сыддықты (р.а.) кездестіріп, оған: «Егер қаласаң Омардың қызы Хафсаны саған тұрмысқа берейін», – дедім. Алайда Әбу Бәкір үнсіз қалды да, сол күйі маған ешбір жауап қатпады. Мен оған Османнан да қатты ашулы болдым. Содан арада бірнеше күн өткеннен кейін қызыма Пайғамбарымыз ﷺ құда түсіп, қызымды оған тұрмысқа бердім. Соның артынша маған Әбу Бәкір келіп жолығып: «Сен маған Хафсаны ал деп ұсыныс жасағаныңда ешқандай жауап бермегенім үшін ренжіген боларсың?» – дегенде, мен: «Иә», – деп едім, ол: «Маған жасаған ұсынысыңа жауап бермеуіме Алла елшісінің Хафсаны тілге тиек етіп жүргенін білгендігім ғана кедергі болды. Міне, сондықтан мен Алла елшісінің сырын ашпадым. Егер ол оны алмағанда, оны қабыл алатын едім», – деді» (Бұхари: 4005; Ахмад: 74).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абдуллаха ибн Умара (да будет доволен ими обоими Аллах), что после того, как Хафса, дочь Умара, овдовела, Умар (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Я встретился с Усманом ибн Аффаном (да будет доволен им Аллах) и предложил ему свою дочь Хафсу, сказав: “Если хочешь, я выдам за тебя Хафсу, дочь Умара”. Он ответил: “Я подумаю над этим”. Я прождал несколько дней, после чего он пришёл ко мне и сказал: “Думаю, что сейчас я не смогу жениться”.

Затем я встретился с Абу Бакром ас-Сиддиком (да будет доволен им Аллах) и сказал ему: “Если хочешь, я выдам за тебя Хафсу, дочь Умара”. Однако Абу Бакр промолчал и ничего мне не ответил. Я рассердился на него ещё сильнее, чем на Усмана.

Через несколько дней к моей дочери посватался Пророк ﷺ, и я выдал её за него замуж. Вскоре после этого Абу Бакр встретился со мной и спросил: “Наверное, ты обиделся на меня за то, что, когда предложил мне жениться на Хафсе, я ничего тебе не ответил?” Я сказал: “Да”. Тогда он объяснил: “Ответить на твоё предложение мне помешало лишь то, что я знал: Посланник Аллаха ﷺ упоминал о Хафсе. Я не мог разгласить тайну Посланника Аллаха ﷺ. Если бы он не женился на ней, я непременно принял бы твоё предложение”» (Аль-Бухари: 4005; Ахмад: 74).

688
Риядус-салихин, № 688Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: كُنَّ أَزْوَاجُ النَّبِيِّ ﷺ عِنْدَهُ، فَأقْبَلَتْ فَاطِمَةُ تَمْشِى، مَا تُخْطِئُ مِشيتُها مِنْ مشْيَةِ رَسُول اللَّهِ ﷺ شَيْئًا، فَلَمَّا رَآهَا رَحَّبَ بِهَا، وَقَالَ: «مَرْحَبًا بابْنَتِى»، ثُمَّ أجْلَسَهَا عَنْ يَمِينِهِ أَوْ عَنْ شِمَالِهِ، ثُمَّ سَارَّهَا فَبَكتْ بُكَاءً شَديدًا، فَلَمَّا رَأَى جَزَعَهَا، سَارَّهَا الثَّانِيَةَ فَضَحِكَتْ، فَقُلْتُ لَهَا: خَصَّكِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مِنْ بَيْنِ نِسَائِهِ بالسِّرَارِ، ثُمَّ أنْتِ تَبْكِينَ! فَلَمَّا قَامَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ سَأَلْتُهَا: مَا قَالَ لَكِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ؟ قَالَتْ: مَا كُنْتُ لأُفْشِى عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ سِرَّهُ، فَلَمَّا تُوُفِّيَ رَسُول اللَّهِ ﷺ قُلْتُ: عَزَمْتُ عَلَيْكِ بِمَا لِى عَلَيْكِ مِنَ الْحَقِّ، لَمَا حَدَّثْتِنِى مَا قَالَ لَكِ رَسُول اللَّهِ ﷺ؟ فَقَالَتْ: أَمَّا الآن فَنَعَمْ، أَمَّا حِيْنَ سَارَّنِى فِى الْمَرَّةِ الْأُولَى فأخْبَرَنِى أنّ جِبْرِيلَ كَانَ يُعَارِضُهُ الْقُرآنَ فِى كُلِّ سَنَةٍ مَرَّةً أَوْ مَرَّتَيْنِ، وَأَنَّهُ عَارَضَهُ الآنَ مَرَّتَيْنِ، وَإِنِّى لَا أُرَى الْأجَلَ إِلَّا قَدِ اقْتَرَبَ، فَاتَّقِى اللَّهَ وَاصْبِرِى، فَإِنَّهُ نِعْمَ السَّلَفُ أَنَا لَكِ، فَبَكَيْتُ بُكَائِى الَّذِى رَأَيْتِ، فَلَمَّا رَأَى جَزَعِى سَارَّنِى الثَّانِيَةَ، فَقَالَ: «يَا فَاطِمَةُ، أمَا تَرْضَيْنَ أَنْ تَكُونِى سَيِّدَةَ نِسَاءِ الْمُؤُمِنِينَ، أَوْ سَيَّدَةَ نِساءِ هَذِهِ الْأُمَّةِ؟» فَضَحِكتُ ضَحِكِى الَّذِى رَأَيْتِ

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыздың ﷺ барлық жұбайлары бас қосып, төрт көзіміз түгел болып Алла елшісімен бірге отырғанымызда, жүрісі Алла елшісінің жүрісінен айнымайтын сүйікті қызы Фатима (р.а.) да келді. Ол қызын көргенде: «Қош келдің, қызым!» – деп қошеметтеп оң (немесе сол) жағына отырғызып, Фатиманың құлағына ақырын сыбырлады. Сол кезде сүйікті қызының көңілі босап, қатты жылады. Алла елшісі қызының қатты мұңайғанын көргенде, құлағына тағы бір мәрте сыбырлады. Бұл кез Фатима қуанғаннан езу тартты. Сонда мен оған: «Алла елшісі әйелдері төрт көзі түгел болып, қасында отырса да, саған ғана сыбырлап, сенімен ғана сыр бөлісті. Ал сен болсаң жылайсың», – дедім. Расулалла кетіп қалғаннан кейін, Фатимадан: «Алла елшісі саған не айтты?» – деп сұрадым. Ол: «Алла елшісінің сырын ешкімге де ашпаймын», – деп тіс жармай қойды. Кейін Расулалла дүние салған соң, оған: «Өтінемін, мен де сенің анаңмын ғой, Алла елшісінің саған ашқан сырын маған да айтшы», – дедім. Сонда ол: «Жарайды, енді айтсам, айтайын. Әкем құлағыма алғаш сыбырлағанда, маған Жәбірейіл періштемен Құранды жылына бір (немесе екі) рет басынан аяғына дейін оқитынын, ал бұл жолы осыған дейін екі рет оқығандарын айтып: «Мұны ажал жастығына бас қояр сәтімнің жақындағаны деп ойлаймын, сондықтан Алладан қорқып, сабырлы бол (мен қайтыс болғанда, өз-өзіңді ұстай біл). Өйткені мен сен үшін жақсы ізашар боламын», – деді. Өзіңіз куә болғандай сондағы егіліп жылағанымның мәнісі осы болатын. Кейін әкем менің қатты мұңайғанымды көргенде, екінші рет құлағыма сыбырлап: «Әй, Фатима! Барша мүмін әйелдердің (немесе осы үмбеттің барша әйелзатының) ханшайымы болуды қаламайсың ба?» – деді. Өзіңіз көргендей сол кездегі күлгенімнің мәнісі осы еді», – деді», – деген (Бұхари: 6285-6286; Муслим: 6313; Ахмад: 26413).

Орысша аудармасы

Мать правоверных Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Однажды, когда все жёны Пророка ﷺ собрались и мы в полном составе сидели вместе с Посланником Аллаха ﷺ, пришла и его любимая дочь Фатима (да будет доволен ею Аллах), походка которой ничем не отличалась от походки Посланника Аллаха ﷺ. Увидев дочь, он приветствовал её словами: “Добро пожаловать, дочь моя!” – затем усадил справа (или слева) от себя и тихо прошептал ей что-то на ухо. В тот миг его любимая дочь не сдержала чувств и горько заплакала. Увидев, как сильно она опечалилась, Посланник Аллаха ﷺ снова что-то прошептал ей на ухо, и тогда Фатима радостно улыбнулась. Я сказала ей: “Хотя все жёны Посланника Аллаха ﷺ собрались и сидят рядом с ним, он шепчет и поверяет свою тайну лишь тебе одной, а ты плачешь”.

Когда Посланник Аллаха ﷺ ушёл, я спросила Фатиму: “Что сказал тебе Посланник Аллаха ﷺ?” Она ответила: “Я никому не раскрою тайну Посланника Аллаха ﷺ”.

После того как Посланник Аллаха ﷺ скончался, я сказала ей: “Прошу тебя, ведь я тоже твоя мать. Расскажи и мне тайну, которую открыл тебе Посланник Аллаха ﷺ”. Тогда она сказала: “Хорошо, теперь я расскажу. Когда отец прошептал мне на ухо в первый раз, он сообщил, что ежегодно прочитывал Коран вместе с ангелом Джибрилем от начала до конца один раз (или дважды), а в этот раз они прочитали его уже дважды. Затем он сказал: ‘Я думаю, это означает, что близок мой смертный час. Поэтому бойся Аллаха и проявляй терпение (когда я умру, сумей совладать с собой), ведь я буду для тебя благим предшественником’. Вот почему я тогда горько заплакала, как вы сами видели. Увидев мою глубокую печаль, отец во второй раз прошептал мне на ухо: ‘О Фатима! Разве ты не желаешь стать госпожой всех верующих женщин (или всех женщин этой общины)?’ Вот почему тогда я улыбнулась, как вы сами видели”» (Аль-Бухари: 6285–6286; Муслим: 6313; Ахмад: 26413).

689
Риядус-салихин, № 689Риуаят етуші: Сәбит Әнәстің

عَنْ ثَابِتٍ، عَنْ أَنَس قَالَ: أَتَى عَلَيَّ رَسُول اللَّهِ ﷺ وَأَنَا ألْعَبُ مَعَ الْغِلْمَانِ، فَسَلمَ عَلَيْنَا، فَبَعَثَنِى إِلَى حاجَةٍ، فَأبْطَأتُ عَلَى أُمِّى. فَلَمَّا جِئْتُ، قَالَتْ: مَا حَبَسَكَ؟ فَقُلْتُ: بَعَثَنِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِحَاجَةٍ، قَالَتْ: مَا حَاجَتُهُ؟ قُلْتُ: إِنَّهاَ سرٌّ. قَالَتْ: لَا تُخْبِرَنَّ بِسرِّ رَسُول اللَّهِ ﷺ أَحَدًا، قَالَ أنَسٌ: وَاللَّهِ لَوْ حَدَّثْتُ بِهِ أَحَدًا لَحَدَّثْتُكَ بِهِ يَا ثَابِتُ

Қазақша аудармасы

Сәбит1 жеткізген деректе Әнәс (р.а.) былай деген: «Бірде Алла елшісі ﷺ балалармен ойнап жүргенімде маған келіп, бізге сәлем берді де, мені бір шаруаға жұмсады. Сол себепті мен анама кешігіп келдім. Келгенімде ол менен: «Неге кешіктің?» – деп сұрады. Мен: «Алла елшісі мені бір шаруаға жұмсаған еді», – деп едім, ол: «Жұмсаған шаруасы не еді?» – деп тағы сұрады. Мен: «Ол – құпия», – дедім. Сонда ол: «Олай болса, Алла елшісінің құпиясын ешкімге айтушы болма», – деп айтты». Әнәс: «Алланың атымен ант етейін, егер мен мұны біреуге айтар болсам, мына саған айтар едім, уа, Сәбит!» – деген екен (Муслим: 6378; Бұхари де қысқартып, бір бөлігін риуаят еткен: 6289; Ахмад: 12060).

Орысша аудармасы

Сабит1 передаёт, что Анас (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды, когда я играл с другими детьми, ко мне подошёл Посланник Аллаха ﷺ. Он поприветствовал нас, а затем отправил меня с одним поручением. Из-за этого я поздно вернулся к матери. Когда я пришёл домой, она спросила: “Почему ты задержался?” Я ответил: “Посланник Аллаха ﷺ отправил меня с одним поручением”. Она вновь спросила: “Что же это было за поручение?” Я сказал: “Это тайна”. Тогда она сказала: “В таком случае никому не раскрывай тайну Посланника Аллаха ﷺ”».

Анас добавил: «Клянусь Аллахом! Если бы я мог рассказать об этом кому-либо, то рассказал бы тебе, о Сабит!» (Муслим: 6378; Аль-Бухари также приводит часть этого хадиса в сокращённом виде: 6289; Ахмад: 12060).

  1. 1Сәбит әл-Бунәни – табиғин, хадис жеткізуші.
  1. 1Сабит аль-Бунани – табиин, передатчик хадисов.