Хадис

Риядус-салихин, № 689

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
85. Сыр сақтау жайында
Нөмірі
№ 689 (қазақша басылым реті)
689
Риядус-салихин, № 689Риуаят етуші: Сәбит Әнәстің

عَنْ ثَابِتٍ، عَنْ أَنَس قَالَ: أَتَى عَلَيَّ رَسُول اللَّهِ ﷺ وَأَنَا ألْعَبُ مَعَ الْغِلْمَانِ، فَسَلمَ عَلَيْنَا، فَبَعَثَنِى إِلَى حاجَةٍ، فَأبْطَأتُ عَلَى أُمِّى. فَلَمَّا جِئْتُ، قَالَتْ: مَا حَبَسَكَ؟ فَقُلْتُ: بَعَثَنِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِحَاجَةٍ، قَالَتْ: مَا حَاجَتُهُ؟ قُلْتُ: إِنَّهاَ سرٌّ. قَالَتْ: لَا تُخْبِرَنَّ بِسرِّ رَسُول اللَّهِ ﷺ أَحَدًا، قَالَ أنَسٌ: وَاللَّهِ لَوْ حَدَّثْتُ بِهِ أَحَدًا لَحَدَّثْتُكَ بِهِ يَا ثَابِتُ

Қазақша аудармасы

Сәбит1 жеткізген деректе Әнәс (р.а.) былай деген: «Бірде Алла елшісі ﷺ балалармен ойнап жүргенімде маған келіп, бізге сәлем берді де, мені бір шаруаға жұмсады. Сол себепті мен анама кешігіп келдім. Келгенімде ол менен: «Неге кешіктің?» – деп сұрады. Мен: «Алла елшісі мені бір шаруаға жұмсаған еді», – деп едім, ол: «Жұмсаған шаруасы не еді?» – деп тағы сұрады. Мен: «Ол – құпия», – дедім. Сонда ол: «Олай болса, Алла елшісінің құпиясын ешкімге айтушы болма», – деп айтты». Әнәс: «Алланың атымен ант етейін, егер мен мұны біреуге айтар болсам, мына саған айтар едім, уа, Сәбит!» – деген екен (Муслим: 6378; Бұхари де қысқартып, бір бөлігін риуаят еткен: 6289; Ахмад: 12060).

Орысша аудармасы

Сабит1 передаёт, что Анас (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды, когда я играл с другими детьми, ко мне подошёл Посланник Аллаха ﷺ. Он поприветствовал нас, а затем отправил меня с одним поручением. Из-за этого я поздно вернулся к матери. Когда я пришёл домой, она спросила: “Почему ты задержался?” Я ответил: “Посланник Аллаха ﷺ отправил меня с одним поручением”. Она вновь спросила: “Что же это было за поручение?” Я сказал: “Это тайна”. Тогда она сказала: “В таком случае никому не раскрывай тайну Посланника Аллаха ﷺ”».

Анас добавил: «Клянусь Аллахом! Если бы я мог рассказать об этом кому-либо, то рассказал бы тебе, о Сабит!» (Муслим: 6378; Аль-Бухари также приводит часть этого хадиса в сокращённом виде: 6289; Ахмад: 12060).

  1. 1Сәбит әл-Бунәни – табиғин, хадис жеткізуші.
  1. 1Сабит аль-Бунани – табиин, передатчик хадисов.