Хадис

Риядус-салихин, № 682

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
84. Ар-ұятты болу
Нөмірі
№ 682 (қазақша басылым реті)
682
Риядус-салихин, № 682Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ مَرَّ عَلَى رَجُلٍ مِنَ الْأنْصَار وَهُوَ يَعِظُ أخَاهُ فِى الْحَيَاءِ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «دَعْهُ، فَإِنَّ الْحَيَاءَ مِنَ الْإِيمَانِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.) жеткен хадисте: Бірде Алла елшісі ﷺ өзінің бауырына ұялшақтық жайлы уағыз-насихат айтып жатқан бір ансарлық сахабаның1 қасынан өтіп бара жатып, оған: «Оны жайына қалдыр, шынында, ұят – иманнан!» – деген екен (Бұхари: 24, Муслим: 154; Ахмад: 4554).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Ибн Умаром (да будет доволен им Аллах), сообщается, что однажды Посланник Аллаха ﷺ проходил мимо одного сподвижника из числа ансаров1, который наставлял своего брата относительно стыдливости. Тогда он сказал ему: «Оставь его в покое. Поистине, стыдливость – от веры!» (Аль-Бухари: 24; Муслим: 154; Ахмад: 4554).

  1. 1Әлгі ансарлық сахаба бауырына тым ұялшақ болма деген сарында насихат айтып жатқан болатын.
  1. 1Тот сподвижник из числа ансаров увещевал своего брата не быть слишком застенчивым.