Хадис

Тәфәккур (жаратылысқа қарап, ой жүгіртіп, Жаратушының шексіз шеберлігі мен құдіретін ойлап, терең пайымдау) жайында

О тафаккуре

Риядус-салихин, 9-тақырып · 0 хадис

Хадистер

Алланың ғажайып жаратылыстары, дүниенің жалғандығы, ақыреттің қорқынышты жайттары және дүние мен ақыреттегі барлық істер мен нәпсінің кемшіліктері мен тәрбиесіне ой жүгірту әрі оны туралыққа баулу жайлы тарау.

«إِنَّمَا أَعِظُكُمْ بِوَاحِدَةٍ أَنْ تَقُومُوا لِلَّهِ مَثْنَى وَفُرَادَى ثُمَّ تَتَفَكَّرُوا» «...«Сендерге бар-жоғы бір ғана қасиетті насихаттаймын: Алла үшін мейлі жұптасып, мейлі оңаша қалып ақиқатты іздеңдер, содан кейін ақылға салып ойланыңдар...»...» («Сәбә» сүресі, 46-аят).

«إِنَّ فِى خَلْقِ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَاخْتِلافِ اللَّيْلِ وَالنَّهَارِ لآياتٍ لأُولِى الْأَلْبَابِ الَّذِينَ يَذْكُرُونَ اللَّهَ قِيَامًا وَقُعُودًا وَعَلَى جُنُوبِهِمْ وَيَتَفَكَّرُونَ فِى خَلْقِ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ رَبَّنَا مَا خَلَقْتَ هَذَا بَاطِلًا سُبْحَانَكَ» «Шүбәсіз, жеті қат көк пен жердің жаратылуында, түн мен күннің алма-кезек ауысып, ұзарып-қысқаруында ақыл иелері үшін ғибратқа толы талай айқын белгілер бар. Олар тікесінен тік тұрып та, отырып та, бір бүйірлеп жантайып жатып та, үнемі Алланы еске алады, һәм жеті қат көк пен жердің жаратылысына терең ой жүгіртіп: «Уа, Раббымыз! Сен мұны бекерге, мақсатсыз жаратпадың. Сен мінсізсің, мақсатсыз, мәнсіз іс істеуден адасың!» («Әли Имран» сүресі, 190,191-аят).

«أَفَلا يَنْظُرُونَ إِلَى الْإِبِلِ كَيْفَ خُلِقَتْ وَإِلَى السَّمَاءِ كَيْفَ رُفِعَتْ وَإِلَى الْجِبَالِ كَيْفَ نُصِبَتْ وَإِلَى الْأَرْضِ كَيْفَ سُطِحَتْ فَذَكِّرْ إِنَّمَا أَنْتَ مُذَكِّرٌ» «Олар түйенің қалай жаралғанына қарамай ма?! Аспанның қалай тіреусіз тұрғызылғанына қарамай ма?! Таулардың қалай қазықтай қағылғанына қарамай ма?! Һәм жер жүзінің қалай төселіп, тіршілік етуге қолайлы етілгеніне қарамай ма?! Сен оларды ескерт! Өйткені сен тек қана ақиқатты насихаттаушы һәм ескертушісің!» («Ғашия» сүресі, 17,18,19,20,21-аят).

«أَفَلَمْ يَسِيرُوا فِى الْأَرْضِ فَيَنْظُرُوا» «Олар жер жаһанды кезіп, ғибрат алмай ма?!» («Мұхаммед» сүресі, 10-аят).

(созерцании творения, размышлении и глубоком постижении безграничного мастерства и могущества Творца)

Тафаккур – это глубокое и осознанное размышление человека над творениями Аллаха, Его знамениями и проявлениями Его безграничного могущества и совершенного мастерства. Размышляя об окружающем мире, быстротечности земной жизни и неизбежности Последней жизни, человек также обращается к самому себе: задумывается о состоянии своего нафса, замечает его недостатки и стремится исправить их. Такое размышление побуждает человека осознать величие Творца, укреплять веру, воспитывать свой нафс и направлять его к праведности.

«Я наставляю вас лишь к одному: предстаньте хоть вдвоем, хоть наедине, и поразмыслите» (сура «Саба», 34:46).

«Поистине, в сотворении небес и земли, в смене ночи и дня заключены ясные знамения для обладателей разума. Такие неизменно поминают Аллаха стоя ли, сидя ли, иль лежа на своих боках и размышляют о сотворении небес и земли: “О Господь наш! Не сотворил Ты сие понапрасну. Преславен Ты и далек от бесцельного дела!”» (сура «Али Имран», 3:190–191).

«Ужель они не видят, как удивительно созданы верблюды? И не смотрят на небо, как оно установлено? И не смотрят на горы, как они воздвигнуты? И не смотрят на землю, как она распростерта? Напоминай же! Ибо ты только напоминающий» (сура «Гашия», 88:17–21).

«Ужель они не странствовали по земле и не видели своими глазами, каков был конец прежних народов до них?» (сура «Мухаммад», 47:10).