Хадис

Тура жолда болу

Следование прямым путём

Риядус-салихин, 8-тақырып · 2 хадис · № 85–86

Хадистер

«فَاسْتَقِمْ كَمَا أُمِرْتَ» «(Уа, Мұхаммед): Алланың өзіңе бұйырғанындай әрдайым тура жолда бол!» («Һуд» сүресі, 112-аят).

«إِنَّ الَّذِينَ قَالُوا رَبُّنَا اللَّهُ ثُمَّ اسْتَقَامُوا تَتَنَزَّلُ عَلَيْهِمُ الْمَلَائِكَةُ أَلاَّ تَخَافُوا وَلا تَحْزَنُوا وَأَبْشِرُوا بِالْجَنَّةِ الَّتِى كُنْتُمْ تُوعَدُونَ نَحْنُ أَوْلِيَاؤُكُمْ فِى الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَفِى الْآخِرَةِ وَلَكُمْ فِيهَا مَا تَشْتَهِى أَنْفُسُكُمْ وَلَكُمْ فِيهَا مَا تَدَّعُونَ نُزُلًا مِنْ غَفُورٍ رَحِيمٍ» «Ал «Раббымыз Алла» деп иман айтқаннан кейін тұп-тура жолмен жүргендерге оқтын-оқтын періштелер түсіп: «Қорықпаңдар әрі мұңаймаңдар. Өздеріңе уәде етілген жаннатқа қуаныңдар!». «Біз дүние тіршілігінде де, ақыретте де сендердің жанашыр достарың боламыз. Жұмақта жан-тәндерің не қалап, көңілдерің неге соқса, соның бәрі алдарыңа тартылады. Онда сендерге қалағандарыңның бәрі беріледі». «Міне, бұл – өте кешірімді, мүмін құлдарына ерекше мейірімді Алладан сендерге деген ерекше сый-құрмет!» («Фуссилат» сүресі, 30,31,32 -аят).

«إِنَّ الَّذِينَ قَالُوا رَبُّنَا اللَّهُ ثُمَّ اسْتَقَامُوا فَلَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلا هُمْ يَحْزَنُونَ أُولَئِكَ أَصْحَابُ الْجَنَّةِ خَالِدِينَ فِيهَا جَزَاءً بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ» «Алланы Раббымыз деп біліп, содан кейін тура жолға түскендер үшін (қиямет күні) ешқандай қорқыныш жоқ, әрі олар зәредей де қайғы-қасірет шекпейді. Олар жасаған игі істерінің қарымы ретінде жұмақта мәңгі-бақи қалады» («Ахқаф» сүресі, 13-14-аяттар).

«Так следуй же прямоте, как тебе было велено» (сура «Худ», 11:112).

«Поистине, тем, которые провозгласили: “Наш Господь – Аллах”, – и затем стояли прямо, нисходят ангелы: “Не бойтесь и не печальтесь. Радуйтесь Раю, который был обещан вам!” “Мы – ваши сторонники в этой жизни и в последней. И будет вам в Раю все то, что пожелают ваши души. И для вас в нем уготовано все, что вы попросите”. “Таков почет для вас от Прощающего, по-особенному Милосердного к Своим верующим рабам Аллаха!”» (сура «Фуссилат», 41:30–32).

«Поистине, тем, которые сказали: “Господь наш – Аллах”, – и затем следовали прямому пути, – им нет страха и не будут они опечалены. И они – обитатели Рая, которые пребудут в нем вечно в награду за совершенные праведные деяния» (сура «Ахкаф», 46:13–14).

85
Риядус-салихин, № 85

وَعَنْ أَبِى عَمْرُو، وقيل: أَبِى عَمرة سفيان بْنِ عَبْدِ اللَّهِ قَالَ: قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، قُلْ لِى فِى الْإِسْلَامِ قَولًا لَا أسْأَلُ عَنْهُ أَحَدًا غَيْرَكَ. قَالَ: «قُلْ: آمَنْتُ بِاللَّهِ، ثُمَّ استَقِمْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Амр Суфиян ибн Абдуллаһ (р.а.): Алла елшісіне ﷺ: «Уа, Расулалла! Маған ислам бойынша сізден кейін ешкімнен сұрамайтындай бір ауыз өсиет айтыңызшы», – дегенімде, маған: «Бір Аллаға иман келтірдім», – деп айт, содан соң тура жолда бекем бол!» – деді», – деген. (Муслим: 159; Ахмад: 15416).

Орысша аудармасы

Абу Амр Суфьян ибн Абдуллах (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды я обратился к Посланнику Аллаха ﷺ: “О Посланник Аллаха! Дайте мне одно краткое наставление об исламе, чтобы, получив его от вас, мне уже не пришлось спрашивать об этом никого другого”. Он ответил мне: “Скажи: ‘Я уверовал в Единого Аллаха’, – а затем неуклонно следуй прямым путём!”» (Муслим: 159; Ахмад: 15416).

86
Риядус-салихин, № 86Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْ أَبِى هُرَيْرَةَ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «قَارِبُوا وَسَدِّدُوا، وَاعْلَمُوا أَنَّهُ لَنْ يَنْجُوَ أَحَدٌ مِنْكُمْ بعَمَلِهِ» قَالُوا: وَلا أَنْتَ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ قَالَ: «وَلَا أنا إِلَّا أَنْ يَتَغَمَّدَنِى اللَّه برَحمَةٍ مِنهُ وَفَضْلٍ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Әрбір істе ортан жол мен туралықты ұстаныңдар! Біліп қойыңдар! Ешбірің (игі) істеріңмен ғана құтыла алмайсыңдар», – дегенде, сахабалары: «Уа, Расулалла! Сіз де құтыла алмайсыз ба?» – деп сұрады. Сонда Алла елшісі оларға: «Егер Алла мені Өзінің шексіз рақымы мен шарапатына бөлемесе, мен де құтыла алмаймын», – деп жауап берді», – деген. (Муслим: 7116; Ахмад: 10465).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Во всех делах придерживайтесь умеренности и прямоты! И знайте: никто из вас не сможет спастись лишь благодаря своим благим делам». Сподвижники спросили: «О Посланник Аллаха! Даже Вы не сможете спастись?» Тогда Посланник Аллаха ﷺ ответил им: «Даже я не смогу спастись, если Аллах не окружит меня Своей безграничной милостью и благодатью» (Муслим: 7116; Ахмад: 10465).