Хадис

Тәуекел

Упование

Риядус-салихин, 7-тақырып · 11 хадис · № 74–84

Хадистер

«وَلَمَّا رَأَى الْمُؤْمِنُونَ الْأَحْزَابَ قَالُوا هَذَا مَا وَعَدَنَا اللَّهُ وَرَسُولُهُ وَصَدَقَ اللَّهُ وَرَسُولُهُ وَمَا زَادَهُمْ إِلَّا إِيمَانًا وَتَسْلِيمًا» «Ал мүміндер мүшріктердің жер қайысқан қолын көргенде: «Міне, бұл – Алла мен Елшісінің бізге уәде еткен нәрсесі. Алла да, Оның елшісі де әрдайым рас айтады», – деді. Бұл олардың иманы мен мұсылмандығын одан сайын күшейте түсті» («Ахзаб» сүресі, 22-аят).

«الَّذِينَ قَالَ لَهُمُ النَّاسُ إِنَّ النَّاسَ قَدْ جَمَعُوا لَكُمْ فَاخْشَوْهُمْ فَزَادَهُمْ إِيمَانًا وَقَالُوا حَسْبُنَا اللَّهُ وَنِعْمَ الْوَكِيلُ، فَانْقَلَبُوا بِنِعْمَةٍ مِنَ اللَّهِ وَفَضْلٍ لَمْ يَمْسَسْهُمْ سُوءٌ وَاتَّبَعُوا رِضْوَانَ اللَّهِ وَاللَّهُ ذُو فَضْلٍ عَظِيمٍ» «Ел-жұрт оларға: «Дұшпандарың сендерге қарсы қол жинады, ендеше, олардан қорқыңдар», – дегенде, бұл хабар олардың иманын одан сайын арттыра түсті. Сонда олар: «Бізге бір Алла жетеді, Ол қандай керемет қамқоршы!» – деп жауап берді. Сөйтіп, олар Алланың нығметі мен шексіз шарапатына бөленіп, ешбір жамандыққа ұшырамай аман – есен оралды. Олар Алланың разылығын басшылыққа алды. Алла – шексіз шарапат, зор игілік иесі» («Әли Имран» сүресі, 173, 174-аят)

«وَتَوَكَّلْ عَلَى الْحَيِّ الَّذِى لَا يَمُوتُ» «Еш өлмейтін, мәңгі тірі Аллаға тәуекел ет!...» («Фурқан» сүресі, 58-аят).

«وَعَلَى اللَّهِ فَلْيَتَوَكَّلِ الْمُؤْمِنُونَ» «Мүміндер тек қана Аллаға тәуекел етсін» («Ибраһим» сүресі, 11-аят).

«فَإِذَا عَزَمْتَ فَتَوَكَّلْ عَلَى اللَّه» «Егер бір іске бел байласаң, Аллаға тәуекел ет!» («Әли Имран» сүресі, 159-аят).

«وَمَنْ يَتَوَكَّلْ عَلَى اللَّهِ فَهُوَ حَسْبُهُ» «...Кім Аллаға тәуекел етсе, оған Ол жеткілікті!...» («Талақ» сүресі, 3-аят).

«إِنَّمَا الْمُؤْمِنُونَ الَّذِينَ إِذَا ذُكِرَ اللَّهُ وَجِلَتْ قُلُوبُهُمْ وَإِذَا تُلِيَتْ عَلَيْهِمْ آيَاتُهُ زَادَتْهُمْ إِيمَانًا وَعَلَى رَبِّهِمْ يَتَوَكَّلُونَ» «Асылында, нағыз мүміндер Алланың аты еске алынғанда, жүрегі толқиды, аяттары оқылғанда, иманы артады әрі олар Раббысына барынша тәуекел етеді» («Әнфәл» сүресі, 2-аят).

«Когда же верующие увидели объединенное войско врага, они сказали: “Это то, что обещал нам Аллах и Его посланник. Истину рекли Аллах и Его посланник!” Это еще более усилило их веру и покорность» (сура «Ахзаб», 33:22).

«Когда сказали им люди: “Ваши враги собрались против вас, так бойтесь же их”, – это только умножило в них веру. И сказали они тогда: “Достаточно нам одного Аллаха. До чего же прекрасный Он покровитель!” И возвратились они, объятые благодатью Аллаха и безмерной Его щедростью, и не постигло их никакое несчастье. Руководствовались они лишь довольством Аллаха. Аллах – Обладатель безмерной благодати и великой щедрости» (сура «Али Имран», 3:173–174).

«Полагайся же на Вечноживого, Всемогущего Аллаха, который никогда не умрет!» (сура «Фуркан», 25:58).

«И пусть же лишь на Аллаха уповают верующие» (сура «Ибрахим», 14:11).

«Если ты вознамерился на некое дело, то полагайся на одного Аллаха» (сура «Али Имран», 3:159).

«Предостаточно одного Аллаха для того, кто полагается на Аллаха» (сура «Талак», 65:3).

«Истинные верующие – те, чьи сердца трепещут, когда им напоминают об Аллахе; когда же им читаются Его аяты, то это укрепляет в них веру, и они уповают на Господа своего» (сура «Анфаль», 8:2).

74
Риядус-салихин, № 74Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاس رضي اللَّه عَنْهُمَا، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «عُرِضَتْ عَلَيَّ الْأُمَمُ، فَرَأَيْتُ النَّبيّ ومَعَهُ الرُّهَيطُ، والنَّبِيّ وَمَعَهُ الرَّجُلُ وَالرَّجُلانِ، والنَّبِيَّّ لَيْسَ مَعَهُ أَحَدٌ إِذْ رُفِعَ لِى سَوَادٌ عَظيمٌ فَظَنَنْتُ أَنَّهُمْ أُمَّتِى فقيلَ لِى: هَذَا مُوسَى وَقَومُهُ، ولكنِ انْظُرْ إِلَى الْأُفُقِ، فَنَظَرتُ فَإِذَا سَوادٌ عَظِيمٌ، فقيلَ لي: انْظُرْ إِلَى الْأفُقِ الآخَرِ، فَإِذَا سَوَادٌ عَظيمٌ، فقيلَ لِى: هَذِهِ أُمَّتُكَ وَمَعَهُمْ سَبْعُونَ أَلْفًا يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ بِغَيرِ حِسَابٍ وَلَا عَذَابٍ»، ثُمَّ نَهَضَ فَدخَلَ مَنْزِلَهُ فَخَاضَ النَّاسُ فِى أُولئكَ الَّذِينَ يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ بِغَيْرِ حِسَابٍ وَلَا عَذَابٍ، فَقَالَ بَعْضُهُمْ: فَلَعَلَّهُمْ الَّذينَ صَحِبوا رَسُولَ اللَّه ﷺ، وَقَالَ بعْضُهُمْ: فَلَعَلَّهُمْ الَّذِينَ وُلِدُوا فِى الْإِسْلَامِ فَلَمْ يُشْرِكُوا بِاللَّه شَيْئًا – وذَكَرُوا أشيَاءَ – فَخَرجَ عَلَيْهِمْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «مَا الَّذِى تَخُوضُونَ فِيهِ؟» فَأَخْبَرُوهُ فَقَالَ: «هُمُ الَّذِينَ لَا يَرْقُونَ وَلا يَسْتَرقُونَ وَلا يَتَطَيَّرُونَ وعَلَى رَبِّهِمْ يَتَوكَّلُون» فقامَ عُكَّاشَةُ ابنُ محصنٍ، فَقَالَ: ادْعُ اللَّه أَنْ يَجْعَلنِى مِنْهُمْ، فَقَالَ: «أَنْتَ مِنْهُمْ» ثُمَّ قَامَ رَجُلٌ آخَرُ، فَقَالَ: ادْعُ اللَّهَ أَنْ يَجْعَلنِى مِنْهُمْ، فَقَالَ: «سَبَقَكَ بِهَا عُكَّاشَةُ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Маған (өткен пайғамбарлар мен олардың) үмбеттері көрсетілді. Бір пайғамбарды көрдім, жанында саусақтың санына да толмайтын бірнеше адам бар. Тағы бір пайғамбардың қасында бір-екі серігі ғана қараяды. Енді бір пайғамбардың соңынан ерген бірде-бір тірі жан жоқ. Кенет көз ұшында қарасы көп топ көрінді. Мен оларды өзімнің үмбетім екен деп қалдым. Сонда маған: «Бұл – Мұса мен оның үмбеті. Сен анау көкжиекке қара», – деген дауыстан айтылған жаққа көз тастағанымда, қалың нөпір көрінді. Сөйткенше маған: «Енді келесі көкжиекке қара», – делінді. Ол жақтан да сондай қалың шоғырды көзім шалды. Сонда маған: «Міне, бұлардың барлығы – сенің үмбетің. Олардың ішінде есепке тартылмаcтан, азап шекпестен тікелей жұмаққа кіретін жетпіс мың адам бар» деп айтылды», – деді де, орнынан тұрып, үйіне кіріп кетті. Сол-ақ екен, сахабалар әлгі есепке, азапқа тартылмастан жұмаққа кіретіндердің кімдер екені жайлы әңгіме қозғай бастады. Кейбіреулер: «Мүмкін, олар Алла елшісінің сахабалары шығар», – десе, енді біреулер: «Бәлкім, олар туғаннан Исламның аясында өмір кешіп, еш уақытта Аллаға серік қоспағандар болар», – десті. Бұған қоса, басқа да түрлі пікірлер айтқандар болды. Олар осылайша қызу әңгіме үстінде отырғанда, Расулалла үйінен шығып, олардан: «Не жайлы әңгімелесіп отырсыңдар?» – деп сұрады. Сахабалар оған өздерінің қозғап отырған тақырыбы жайлы айтқанда, Расулалла: «Олар үшкіріп дуа оқымайтындар мен оқытпайтындар, ырым-жоралғыға сенбейтіндер және тек қана Раббыларына тәуекел ететіндер», – деп айтты. Сол кезде Уккаша ибн Михсан атты сахаба орнынан қарғып тұрып: «Уа, Расулалла! Менің де солардың ішінде болуым үшін Аллаға дұға етіңіз», – деді. Сонда Алла елшісі: «Сен солардың ішінде боласың», – деді. Мұны естігенде тағы бір сахаба орнынан тұрып: «Уа, Расулалла! Аллаға мені де солармен бірге қылуы үшін дұға етіңіз», – деді. Алла елшісі оған: «Бұл мүмкіндікті Уккаша сенен бұрын пайдаланып қойды», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 5705; Муслим: 527; Ахмад: 2448).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) передал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Мне были показаны (прежние пророки и) их общины. Я увидел одного пророка, рядом с которым находилось лишь несколько человек – их можно было пересчитать по пальцам. Рядом с другим пророком виднелись всего один-два спутника, а за ещё одним пророком не следовало ни одной живой души. Вдруг вдали передо мной предстало великое множество людей, и я подумал, что это моя община. Однако мне было сказано: ‘Это Муса и его община. Посмотри на тот горизонт’. Я посмотрел в указанную сторону и увидел несметное множество людей. Затем мне сказали: ‘Теперь посмотри на другой горизонт’. Там я также увидел несметное множество людей. Тогда мне было сказано: ‘Все они – твоя община. Среди них есть семьдесят тысяч человек, которые войдут прямо в рай без расчёта и мучений’”.

Затем Посланник Аллаха ﷺ встал и вошёл в свой дом. Сподвижники тотчас принялись обсуждать, кто же эти люди, которые войдут в рай без расчёта и мучений. Одни говорили: “Возможно, это сподвижники Посланника Аллаха ﷺ”. Другие предполагали: “Быть может, это те, кто с рождения жил в лоне ислама и никогда не придавал Аллаху сотоварищей”. Высказывались и другие мнения.

Когда они увлечённо обсуждали это, Посланник Аллаха ﷺ вышел из дома и спросил: “О чём вы беседуете?” Сподвижники рассказали ему, что именно обсуждают. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Это те, кто не читает заклинаний для исцеления и не просит других читать такие молитвы над собой, не верит в приметы и суеверия и уповает только на своего Господа”. Тогда сподвижник по имени Уккаша ибн Михсан вскочил со своего места и сказал: “О Посланник Аллаха! Помолись Аллаху, чтобы я оказался среди них”. Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Ты будешь среди них”. Услышав это, другой сподвижник также поднялся и сказал: “О Посланник Аллаха! Помолись Аллаху, чтобы Он и меня сделал одним из них”. Посланник Аллаха ﷺ ответил ему: “Уккаша уже воспользовался этой возможностью раньше тебя”» (Аль-Бухари: 5705; Муслим: 527; Ахмад: 2448).

75
Риядус-салихин, № 75

عَنِ ابْنِ عَبَّاس أيضًا: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ لَكَ أَسْلَمْتُ، وَبِكَ آمَنْتُ، وَعَليْك تَوَكَّلْتُ، وَإِلَيْكَ أنَبْتُ، وَبِكَ خَاصَمْتُ. اللَّهُمَّ أَعُوذُ بعزَّتِكَ؛ لَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ أَنْ تُضلَّني، أَنْتَ الْحَيُّ الَّذِى لَا تَمُوتُ، وَالجِنُّ والْإِنْسُ يَمُوتُونَ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Уа, Алла! Бір Өзіңе ғана бойсұндым. Бір Өзіңе иман келтірдім. Өзіңе ғана тәуекел еттім және күнәларым үшін тәубе етіп, бір Өзіңе қарай бет бұрдым. Өзіңнің қолдауыңмен (дұшпандарға қарсы) күрестім. Уа, Алла! Өзіңнен басқа тәңір жоқ! Тура жолдан тайдыра көрме деп, ұлылығыңа сиынамын. Бір Өзің ғана өлмейтін мәңгі тірісің және күллі жаратысты толық меңгеріп, ұстап тұрушысың. Ал жындар мен адамдар өлім құрығынан құтыла алмайды», – деп дұға жасайтын еді», – деген (Бұхари: 7383; Муслим: 6899; Ахмад: 2748).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ обращался к Аллаху с такой мольбой: «О Аллах! Тебе одному я покорился. В Тебя одного уверовал. Лишь на Тебя уповаю и, раскаявшись в своих грехах, к Тебе одному обращаюсь. С Твоей помощью я сражался (против врагов). О Аллах! Нет божества, кроме Тебя! Прибегаю к Твоему величию, моля, чтобы Ты не сбил меня с прямого пути. Лишь Ты – Вечноживой, Который никогда не умрёт, всецело властвующий над всем творением и поддерживающий его существование. А джиннам и людям не вырваться из сетей смерти» (Аль-Бухари: 7383; Муслим: 6899; Ахмад: 2748).

76
Риядус-салихин, № 76

عَنِ ابْنِ عَبَّاس أيضًا، قَالَ: حَسْبُنَا اللَّهُ وَنِعْمَ الْوَكِيلُ، قَالَهَا إِبرَاهيمُ ﷺ حِينَ أُلقِيَ فِى النَّارِ، وَقَالَها مُحَمَّدٌ ﷺ حِينَ قَالُوا: إِنَّ النَّاسَ قَدْ جَمَعوا لَكُمْ فَاخْشَوْهُمْ فَزَادَهُمْ إِيْمانًا وَقَالُوا: حَسْبُنَا اللَّه ونعْمَ الْوَكيلُ.

وَفِى رِوَايَة لَهُ عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ، قَالَ: كَانَ آخر قَول إِبْرَاهِيمَ ﷺ حِينَ أُلْقِيَ فِى النَّارِ: حَسْبِى اللَّه ونِعْمَ الْوَكِيلُ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Ибраһим (а.с.) отқа лақтырылған кезде: «Бізге бір Алла жетеді. Ол қандай керемет қамқоршы!» – деп айтқан еді. Бұл сөзді: «Әлдебір адамдар сахабаларға: «Дұшпандарың сендерге қарсы қол жинады, ендеше, олардан қорқыңдар!» – дегенде, Мұхаммед те ﷺ айтты, сонда бұл хабар олардың иманын одан сайын арттыра түсті де, олар: «Бізге бір Алла жетеді. Ол қандай керемет қамқоршы!» – деп айтты»», – деген. (Бұхари: 4563).

Тағы бір риуаятта Ибн Аббас: «Ибраһим (а.с.) пайғамбардың отқа тасталар кездегі айтқан ең соңғы сөзі «Алла маған жетеді! Ол қандай керемет қамқоршы!» – болған», – деген.

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) передаёт: «Когда Ибрахима (мир ему) бросили в огонь, он сказал: “Нам достаточно одного лишь Аллаха! Какой же Он прекрасный Покровитель!” Эти же слова произнёс и Мухаммад ﷺ, когда некие люди сказали сподвижникам: “Ваши враги собрали против вас войско, так бойтесь же их!” Однако это известие лишь ещё больше укрепило их веру, и они сказали: “Нам достаточно одного лишь Аллаха! Какой же Он прекрасный Покровитель!”» (Аль-Бухари: 4563).

В другой версии Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Последними словами пророка Ибрахима (мир ему), произнесёнными перед тем, как его бросили в огонь, были: “Мне достаточно Аллаха! Какой же Он прекрасный Покровитель!”»

77
Риядус-салихин, № 77Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَةَ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «يَدْخُلُ الْجَنَّةَ أَقْوامٌ أفْئِدَتُهُمْ مِثلُ أفْئِدَةِ الطَّيرِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ: «Жұмаққа жүрегі құстың жүрегіне ұқсайтын адамдар кіреді», – деп айтты», – деген. (Муслим: 7162; Ахмад: 8382).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «В рай войдут люди, сердца которых подобны сердцам птиц» (Муслим: 7162; Ахмад: 8382).

Түсіндірме (қазақша)

Ғалымдардың айтуынша, жүрегі құстың жүрегіне ұқсайтын адамдар – жүрегі бейне бір құстың жүрегіндей дір-дір етіп, Алланың бұйрықтары мен тыйымдарына аса сақтықпен қараған, әрі ұдайы Аллаға тәуекел етумен болғандар немесе жүрегі өте жұмсақ болған жандар.

Түсіндірме (орысша)

по словам учёных, люди, сердца которых подобны сердцам птиц, – те, чьи сердца трепещут, словно птичьи, кто с величайшей осторожностью относится к повелениям и запретам Аллаха и постоянно уповает на Него, либо те, у кого очень мягкие сердца.

78
Риядус-салихин, № 78Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِر: أَنَّهُ غَزَا مَعَ النَّبِيّ ﷺ قِبلَ نَجْدٍ، فَلَمَّا قَفَلَ رَسُول اللَّهِ ﷺ قَفَلَ معَهُمْ فَأَدْرَكَتْهُمُ الْقَائِلَةُ» فِى وَادٍ كَثِير الْعِضَاه، فَنَزَلَ رَسُول اللَّهِ ﷺ وَتَفَرَّقَ النَّاسُ يَسْتَظِلُّونَ بالشَّجَرِ، وَنَزَلَ رَسُول اللَّهِ ﷺ تَحتَ سَمُرَة فَعَلَّقَ بِهَا سَيفَهُ وَنِمْنَا نَوْمَةً، فَإِذَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَدْعونَا وَإِذَا عِنْدَهُ أعْرَابِيٌّ، فَقَالَ: «إِنَّ هَذَا اخْتَرَطَ عَلَيَّ سَيفِى وَأَنَا نَائمٌ فَاسْتَيقَظْتُ وَهُوَ فِى يَدِهِ صَلتًا، قَالَ: مَنْ يَمْنَعُكَ مِنِّى؟ قُلْتُ: اللَّه – ثَلَاثًا-» وَلَمْ يُعاقِبْهُ وَجَلَسَ. مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ.

وَفِى رِوَايَة قَالَ جَابرٌ: كُنَّا مَعَ رَسُولِ اللَّه ﷺ بذَاتِ الرِّقَاعِ، فَإِذَا أَتَيْنَا عَلَى شَجَرَةٍ ظَلِيلَةٍ تَرَكْنَاهَا لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فجاء رَجُلٌ مِنَ الْمُشْركِينَ وَسَيفُ رَسُول اللَّهِ ﷺ معَلَّقٌ بالشَّجَرَةِ فَاخْتَرطَهُ، فَقَالَ: تَخَافُنِى؟ قَالَ: «لَا» فَقَالَ: فَمَنْ يَمْنَعُكَ مِنِّى؟ قَالَ: «اللَّه».

وَفِى رِوَايَة أَبِى بكر الْإِسماعيلي فِى «صحيحه» قَالَ: مَنْ يَمْنَعُكَ مِنِّى؟

قَالَ: «اللَّهُ». قَالَ: فَسَقَطَ السيفُ مِنْ يَدهِ، فَأَخَذَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ السَّيْفَ، فَقَالَ: «مَنْ يَمْنَعُكَ مني؟». فَقَالَ: كُنْ خَيرَ آخِذٍ. فَقَالَ: «تَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَأَنِّى رَسُول اللَّه؟» قَالَ: لَا، وَلَكنِّى أُعَاهِدُكَ أَنْ لَا أُقَاتِلَكَ، وَلَا أَكُونَ مَعَ قَومٍ يُقَاتِلُونَكَ، فَخَلَّى سَبِيلَهُ، فَأَتَى أَصْحَابَهُ، فَقَالَ: جئتُكُمْ مِنْ عَنْد خَيْرِ النَّاسِ

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «кезінде Пайғамбарымызбен ﷺ бірге Нәжід жаққа жорыққа шыққан еді. Алла елшісі сол жорықтан кері қайтқанда, ол да жорықшылармен бірге кері қайтты. Жорықшылар тікенді ағашқа толы алқапқа жеткен кезде тал түс болады. Содан Алла елшісі сол жерге аялдау үшін тоқтайды да, адамдар ағаштарды саялап жан-жаққа тарап кетеді. Алла елшісі де сондағы бір үлкен ағаштың түбіне жайғасып, қылышын соның бұтағына іліп қояды. Жәбир: «Осылайша азғантай көз ілдік. Бір кезде Алла елшісі дауыстап бізді шақырды. Жетіп барсақ, құзырында бір бәдәуи отыр екен. Сонда Алла елшісі: «Ұйықтап жатқанымда, мынау қылышымды қынынан суырып алыпты. Оянсам, қынынан суырылған қылыш қолында тұр екен. Содан бұл: «Енді сені менен кім қорғайды?» – дегенде, мен үш рет «Алла!» дедім», – деп айтты. Сөйтіп Алла елшісі оны жазаға тартпай қайтадан орнына отырды», – деген. (Бұхари: 2910; Муслим: 1949; Ахмад: 14335).

Басқа бір риуаятта Жәбир: «Алла елшісімен бірге Зәтур-Риқағ жорығында болған едік. (Жорықта) қандай да бір саялы ағашқа кезіксек, (саясында отырып тынықсын ден) оны Алла елшісіне қалдырып кететін едік. Бір күні мүшріктердің бірі (жасырынып) келіп, Алла елшісінің ағашта ілініп тұрған қылышын суырып алған бойда, оған төніп: «Менен қорқамысың?» – дейді. Сонда Алла елшісі оған: «Жоқ», – дейді. Сонда ол: «Енді сені менен кім қорғайды?» – дегенде, оған: «Алла!» – деп айтады», – деген. (Бұхари: 4136; Муслим: 1949; Ахмад: 14928).

Әбу Бәкір әл-Исмайлидің сахих хадистер жинағында келтірген риуаятында әлгі бәдәуи: «Енді сені менен кім қорғайды?» – дейді. Сонда Алла елшісі: «Алла!» – деп, бар дауысымен жауап қатқанда, қолындағы қылыш түсіп қалады. Сол кезде Алла елшісі қылышты алып: «Ал, енді сені менен кім қорғайды?» – дейді. Сонда әлгі бәдәуи: «Қайырлы қарымташы бол (жамандықтың қарымын жақсылықпен қайтар)», – дейді. Алла елшісі оған: «Алладан басқа тәңір жоқ екеніне және менің Алланың елшісі екеніме куә боласың ба?» – дегенде, бәдәуи: «Жоқ, алайда сенімен соғыспауға және сенімен соғысқан қауыммен бірге болмауға уәде беремін», – дейді. Содан Алла елшісі оны босатып жібереді. Ол өзінің жолдастарына барғанда: «Расында, мен сендерге ең жақсы адамның құзырынан келдім», – деген екен.

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Однажды я вместе с Пророком ﷺ участвовал в военном походе в сторону Неджда. Когда Посланник Аллаха ﷺ возвращался из этого похода, я возвращался вместе с остальными его участниками. Полдень застал воинов в местности, заросшей колючими деревьями. Посланник Аллаха ﷺ остановился там на отдых, а люди разошлись в разные стороны, укрываясь в тени деревьев. Посланник Аллаха ﷺ также расположился под одним большим деревом и повесил свой меч на его ветвь». Джабир продолжил: «Так мы немного поспали. Вдруг Посланник Аллаха ﷺ громко позвал нас. Когда мы подошли, рядом с ним сидел какой-то бедуин. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Пока я спал, этот человек взял мой меч и вытащил его из ножен. Проснувшись, я увидел, что он стоит с обнажённым мечом в руке. Он спросил меня: ‘Кто теперь защитит тебя от меня?’ Я трижды ответил: ‘Аллах!’” После этого Посланник Аллаха ﷺ не стал наказывать его и вновь сел на своё место» (Аль-Бухари: 2910; Муслим: 1949; Ахмад: 14335).

В другом предании Джабир рассказал: «Мы вместе с Посланником Аллаха ﷺ участвовали в походе Зат ар-Рика. Всякий раз, когда во время похода нам встречалось дерево, дававшее тень, мы оставляли его Посланнику Аллаха ﷺ, чтобы он мог отдохнуть под ним. Однажды один из многобожников тайком подошёл к нему, выхватил висевший на дереве меч Посланника Аллаха ﷺ и, угрожающе нависнув над ним, спросил: “Ты боишься меня?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Нет”. Тогда тот спросил: “Кто теперь защитит тебя от меня?” Посланник Аллаха ﷺ ответил ему: “Аллах!”» (Аль-Бухари: 4136; Муслим: 1949; Ахмад: 14928).

В версии, приведённой Абу Бакром аль-Исмаили в сборнике достоверных хадисов, сообщается, что тот бедуин спросил: «Кто теперь защитит тебя от меня?» Посланник Аллаха ﷺ во весь голос ответил: «Аллах!» – и меч выпал из руки бедуина. Тогда Посланник Аллаха ﷺ поднял меч и спросил: «Ну, а теперь кто защитит тебя от меня?» Бедуин сказал: «Будь благородным в воздаянии (воздай добром за зло)». Посланник Аллаха ﷺ спросил его: «Засвидетельствуешь ли ты, что нет божества, кроме Аллаха, и что я – Посланник Аллаха?» Бедуин ответил: «Нет, однако я обещаю не сражаться с тобой и не присоединяться к людям, которые будут сражаться против тебя». После этого Посланник Аллаха ﷺ отпустил его. Вернувшись к своим товарищам, бедуин сказал: «Поистине, я пришёл к вам от самого лучшего человека».

79
Риядус-салихин, № 79Риуаят етуші: Омар (р.а.)

عَنْ عُمَر، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُول اللَّهِ ﷺ، يَقُولُ: «لَوْ أَنَّكُمْ تَتَوَكَّلُونَ عَلَى اللَّهِ حَقَّ تَوَكُّلِهِ لَرَزَقَكُمْ كَمَا يَرْزُقُ الطَّيْرَ، تَغْدُو خِمَاصًا وَتَرُوحُ بِطَانًا»

Қазақша аудармасы

Омар (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Егер Аллаға шынымен тәуекел ете білсеңдер, сендерді таңертең ұясынан аш құрсақ ұшып шығып, кешке қарай жемсауы толып оралған құстарды ризықтандырғаны секілді ризықтандырар еді», – деп айтқанын естідім», – деген. (Сахих хадис «Муснад» 205).

Орысша аудармасы

Умар (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если бы вы по-настоящему уповали на Аллаха, Он непременно наделял бы вас пропитанием так же, как наделяет им птиц, которые утром вылетают из своих гнёзд с пустыми желудками, а к вечеру возвращаются с наполненными зобами”» (Ахмад: 205; хадис категории «хасан»).

80
Риядус-салихин, № 80

عَنْ أَبِى عُمَارة الْبراءِ بْنِ عازب، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَا فُلَانُ، إِذَا أَوَيْتَ إِلَى فراشِكَ، فَقُل: اللَّهُمَّ أَسْلَمتُ نَفْسي إِلَيْكَ، وَوَجَّهتُ وَجْهِى إِلَيْكَ، وَفَوَّضتُ أَمْرِى إِلَيْكَ، وَأَلجأْتُ ظَهرِى إِلَيْكَ رَغبَةً وَرَهبَةً إِلَيْكَ، لَا مَلْجَأ وَلَا مَنْجَا مِنْكَ إِلَّا إِلَيْكَ، آمنْتُ بِكِتَابِكَ الَّذِى أنْزَلْتَ؛ وَنَبِيِّكَ الَّذِى أَرْسَلْتَ. فَإِنَّكَ إِنْ مِتَّ مِنْ لَيلَتِكَ مِتَّ عَلَى الْفِطْرَةِ، وَإِنْ أَصْبَحْتَ أَصَبْتَ خَيرًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Умара әл-Бара ибн Азиб (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Әй, пәленше! Жатар алдында: «Уа, Алла! Шексіз мейіріміңді қалап, қаһарыңнан қорқып, (берген үкіміңе бас иіп, жазғаныңа разы болған күйде) өзімді бір Өзіңе бағындырдым. Жүзімді Өзіңе бұрып, бар ісімді Өзіңе тапсырып, бір Өзіңе арқа сүйедім. Өзіңнен басқа (жамандық атаулыдан сақтайтын) қамқор да, пана да жоқ! Түсірген Кітабың мен жіберген пайғамбарыңа иман келтірдім» – деп айт. Егер осы дұғаны оқып жатқан түні көз жұмсаң, әубастағы пәк табиғатыңа сай иманды болып өтесің. Ал егер аман-есен таң атырсаң, жақсылыққа кенелесің», – деп айтты» – деген. (Бұхари: 7488; Муслим: 6884; Ахмад: 18561).

Орысша аудармасы

Абу Умара аль-Бара ибн Азиб (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «О такой-то! Перед сном скажи: “О Аллах! Желая Твоей безграничной милости и страшась Твоего гнева, покоряясь Твоему решению и оставаясь довольным предначертанным Тобой, я предался Тебе одному. Я обратил к Тебе своё лицо, вверил Тебе все свои дела и положился лишь на Тебя. Кроме Тебя нет ни покровителя, ни убежища, способного защитить от всякого зла! Я уверовал в ниспосланную Тобой Книгу и в посланного Тобой пророка”. Если ты умрёшь в ту ночь, когда произнесёшь эту мольбу, то умрёшь верующим, сохранив свою изначальную чистую природу. А если благополучно доживёшь до утра, то обретёшь благо» (Аль-Бухари: 7488; Муслим: 6884; Ахмад: 18561).

81
Риядус-салихин, № 81Риуаят етуші: Әбу Бәкір (р.а.)

عن أبي بكرٍ الصِّديق وَهُوَ وَأَبُوهُ وَأُمُّهُ صَحَابَةٌ، قَالَ: نَظَرتُ إِلَى أَقْدَامِ المُشْرِكينَ وَنَحنُ في الغَارِ وَهُمْ عَلَى رُؤُوسِنا، فقلتُ: يَا رسولَ اللَّه، لَوْ أَنَّ أَحَدَهُمْ نَظَر تَحْتَ قَدَمَيهِ لأَبْصَرَنَا. فَقَالَ: «مَا ظَنُّكَ يَا أَبا بَكرٍ باثنَيْنِ اللَّه ثَالِثُهُمَا»

Қазақша аудармасы

Өзі, әкесі және анасы сахаба болған Әбу Бәкір Сыддық1 (р.а.): «Алла елшісімен ﷺ бірге үңгірде жасырынып жатқанымызда, саңылаудан тас төбемізде жүрген мүшріктердің аяқтарын көріп: «Уа, Расулалла! Егер мыналардың біреуі аяғының астына сәл үңіліп қараса, бізді сөзсіз көріп қояды ғой», – дегенімде, маған: «Уа, Әбу Бәкір! Үшіншісі Алла болған екі кісі жайлы (яғни, Алланың қорғанындағы екі адам жайлы) не ойлайсың? (Ол екеуінің қандай да бір жамандыққа ұшырауы мүмкін бе?)» – деп айтты», – деген. (Бұхари: 3653; Муслим: 6169; Ахмад: 11).

Орысша аудармасы

Абу Бакр ас-Сиддик1 (да будет доволен им Аллах), который, как и его отец и мать, был сподвижником, рассказывал: «Когда мы вместе с Посланником Аллаха ﷺ укрывались в пещере, я увидел сквозь отверстие ноги многобожников, ходивших прямо над нашими головами, и сказал: “О Посланник Аллаха! Если хотя бы один из них слегка наклонится и посмотрит себе под ноги, то непременно увидит нас”. Тогда он ответил мне: “О Абу Бакр! Что ты думаешь о двух людях, третьим для которых является Аллах (то есть о двух людях, находящихся под защитой Аллаха)? (Разве может их постичь какое-либо зло?)”» (Аль-Бухари: 3653; Муслим: 6169; Ахмад: 11).

  1. 1Толық аты-жөні – Абдуллаһ ибн Осман ибн Амир ибн Омар ибн Кағб ибн Сағд ибн Тәмим ибн Мурра ибн Кағб ибн Луәй ибн Ғалиб әл-Қураши, әт-Тәйми (р.а.)
  1. 1Его полное имя – Абдуллах ибн Усман ибн Амир ибн Умар ибн Кааб ибн Саад ибн Тамим ибн Мурра ибн Кааб ибн Луай ибн Галиб аль-Кураши ат-Тайми (да будет доволен им Аллах).
82
Риядус-салихин, № 82

عَنْ أم الْمُؤمنِينَ أمِّ سَلَمَةَ وَاسمها هِنْدُ بنتُ أَبِى أميةَ حذيفةَ الْمخزومية: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ إِذَا خَرَجَ مِنْ بَيْتِهِ، قَالَ: «بِسْمِ اللَّهِ تَوَكَّلتُ عَلَى اللَّهِ، اللَّهُمَّ إِنِّى أَعُوذُ بِكَ أَنْ أضِلَّ أَوْ أُضَلَّ، أَوْ أَزِلَّ أَوْ أُزَلَّ، أَوْ أظْلِمَ أَوْ أُظْلَمَ، أَوْ أجْهَلَ أَوْ يُجْهَلَ عَلَيَّ»

Қазақша аудармасы

Махзум руынан болған мүміндердің анасы Үммі Сәләма, өз аты-жөні Әбу Умәйя Хузайфақызы Һинд (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ үйінен шыққанда: «Бисмиллә, Аллаға тәуекел еттім. Уа, Алла! Өздігімнен адасудан, не біреудің адастыруынан, өздігімнен жолдан таюдан, не біреудің тайдыруынан, зұлымдық жасаудан немесе зұлымдыққа ұшыраудан, наданның ісін істеуден немесе наданның ісіне тап болудан бір Өзің сақтай көр», – дейтін», – деп жеткізеді (Әбу Дәуід 5094; Тирмизи 3427).

Орысша аудармасы

Мать правоверных Умм Салама из рода Махзум (её настоящее имя – Хинд, дочь Хузайфы, носившего кунью Абу Умайя; да будет доволен ею Аллах) передаёт: «Выходя из своего дома, наш Пророк ﷺ произносил: “С именем Аллаха! Я уповаю на Аллаха. О Аллах! Лишь Тебя прошу уберечь меня от того, чтобы я сам заблудился или был введён кем-либо в заблуждение; чтобы сам оступился или был сбит кем-либо с пути; чтобы совершил несправедливость или подвергся ей; чтобы поступил невежественно или столкнулся с невежественным отношением к себе”» (Абу Дауд: 5094; Ат-Тирмизи: 3427).

83
Риядус-салихин, № 83Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ قَالَ – يَعْني: إِذَا خَرَجَ مِنْ بَيْتِهِ -: بِسمِ اللَّهِ تَوَكَّلْتُ عَلَى اللَّهِ وَلا حَوْلَ وَلا قُوَّةَ إِلَّا بِاللَّهِ، يُقالُ لَهُ: هُدِيتَ وَكُفِيتَ وَوُقِيتَ، وَتَنَحَّى عَنْهُ الشَّيطَانُ»

زاد أَبُو داود: «فيَقُولُ – يعني: الشَّيْطَان – لِشيطان آخر: كَيفَ لَكَ بِرجلٍ قَدْ هُدِيَ وَكُفِيَ وَوُقِيَ؟».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім үйінен шыққанда: «Бисмиллә, Аллаға тәуекел еттім және Алланың күш-қуатынан асатын ешқандай күш-қуат жоқ!» – десе, оған: «Тура жолға түсірілдің, мұң-мұқтажың өтелді және бәле-жаладан қорғалдың», – деп айтылады.1 Сөйтіп, шайтан одан алыстайды», – деп айтты» (Әбу Дәуіт: 5095; Тирмизи: 3426; Нәсәи 9837).

Әбу Дәуіт жеткізген хадис мәтінінде: «Сонда шайтан басқа бір шайтанға: «Тура жолға түсірілген, мұң-мұқтажы өтелген және бәле-жаладан қорғалған кісіні қалай азғырасың?!» – деп айтады», – делінген.

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Тому, кто, выходя из дома, произнесёт: “С именем Аллаха! Я уповаю на Аллаха. Нет ни силы, ни мощи ни у кого, кроме как от Аллаха!”, будет сказано: “Ты наставлен на прямой путь, твои нужды удовлетворены, и ты защищён от бед и несчастий”1. После этого шайтан удалится от него» (Абу Дауд: 5095; Ат-Тирмизи: 3426; Ан-Насаи: 9837).

В тексте хадиса, переданном Абу Даудом, говорится: «Тогда один шайтан скажет другому: “Как ты можешь сбить с пути человека, который наставлен на прямой путь, чьи нужды удовлетворены и который защищён от бед и несчастий?!”»

Түсіндірме (қазақша)

Хадистегі «Алланың күш-қуатынан асатын ешқандай күш те, қуат та жоқ!» деген сөздің мағынасы – егер Алла Тағала бізге күш-қуат бермесе, бізде нәпсі қалаулары мен күнә атаулыдан тыйылатын және игі істер істейтін күш те, қуат та жоқ дегенді білдіреді.

Түсіндірме (орысша)

слова хадиса «нет ни силы, ни мощи ни у кого, кроме как от Аллаха» означают, что, если Аллах Всевышний не наделит нас силой и мощью, у нас не будет ни силы, ни возможности удерживаться от низменных желаний и всякого греха и совершать благие дела.

  1. 1Бұл сөзді оған Алланың Өзі айтады немесе соған бекітілген періште айтады.
  1. 1Эти слова говорит ему Сам Аллах либо ангел, приставленный к нему.
84
Риядус-салихин, № 84Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْ أَنَس، قَالَ: كَانَ أَخَوانِ عَلَى عهد النَّبِيّ ﷺ وَكَانَ أَحَدُهُمَا يَأْتِى النَّبِيَّ ﷺ وَالآخَرُ يَحْتَرِفُ، فَشَكَا الْمُحْتَرِفُ أخَاهُ لِلنَّبِيِّ ﷺ، فَقَالَ: «لَعَلَّكَ تُرْزَقُ بِهِ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Пайғамбарымыздың ﷺ дәуірінде ағалы-інілі екі бауыр болған еді. Біреуі Алла елшісінің мәжілісіне келіп тұратын. Ал екіншісі кәсіп қылып, мал табатын. Бір күні кәсіпкер жігіт бауырының еңбек етпейтінін айтып, Пайғамбарымызға шағымданады. Сонда Алла елшісі оған: «(Қайдан білесің), мүмкін саған сол бауырың себепті ризық беріліп жатқан шығар», – деп айтты», – деген. (Тирмизи: 2345).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Во времена Пророка ﷺ жили два родных брата. Один из них постоянно посещал собрания Посланника Аллаха ﷺ, а другой трудился и зарабатывал на жизнь. Однажды работающий брат пожаловался Пророку ﷺ на то, что его брат не трудится. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: “Откуда тебе знать? Возможно, именно благодаря этому брату тебе и даруется удел”» (Ат-Тирмизи: 2345).