Хадис

Риядус-салихин, № 76

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
7. Тәуекел
Нөмірі
№ 76 (қазақша басылым реті)
76
Риядус-салихин, № 76

عَنِ ابْنِ عَبَّاس أيضًا، قَالَ: حَسْبُنَا اللَّهُ وَنِعْمَ الْوَكِيلُ، قَالَهَا إِبرَاهيمُ ﷺ حِينَ أُلقِيَ فِى النَّارِ، وَقَالَها مُحَمَّدٌ ﷺ حِينَ قَالُوا: إِنَّ النَّاسَ قَدْ جَمَعوا لَكُمْ فَاخْشَوْهُمْ فَزَادَهُمْ إِيْمانًا وَقَالُوا: حَسْبُنَا اللَّه ونعْمَ الْوَكيلُ.

وَفِى رِوَايَة لَهُ عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ، قَالَ: كَانَ آخر قَول إِبْرَاهِيمَ ﷺ حِينَ أُلْقِيَ فِى النَّارِ: حَسْبِى اللَّه ونِعْمَ الْوَكِيلُ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Ибраһим (а.с.) отқа лақтырылған кезде: «Бізге бір Алла жетеді. Ол қандай керемет қамқоршы!» – деп айтқан еді. Бұл сөзді: «Әлдебір адамдар сахабаларға: «Дұшпандарың сендерге қарсы қол жинады, ендеше, олардан қорқыңдар!» – дегенде, Мұхаммед те ﷺ айтты, сонда бұл хабар олардың иманын одан сайын арттыра түсті де, олар: «Бізге бір Алла жетеді. Ол қандай керемет қамқоршы!» – деп айтты»», – деген. (Бұхари: 4563).

Тағы бір риуаятта Ибн Аббас: «Ибраһим (а.с.) пайғамбардың отқа тасталар кездегі айтқан ең соңғы сөзі «Алла маған жетеді! Ол қандай керемет қамқоршы!» – болған», – деген.

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) передаёт: «Когда Ибрахима (мир ему) бросили в огонь, он сказал: “Нам достаточно одного лишь Аллаха! Какой же Он прекрасный Покровитель!” Эти же слова произнёс и Мухаммад ﷺ, когда некие люди сказали сподвижникам: “Ваши враги собрали против вас войско, так бойтесь же их!” Однако это известие лишь ещё больше укрепило их веру, и они сказали: “Нам достаточно одного лишь Аллаха! Какой же Он прекрасный Покровитель!”» (Аль-Бухари: 4563).

В другой версии Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Последними словами пророка Ибрахима (мир ему), произнесёнными перед тем, как его бросили в огонь, были: “Мне достаточно Аллаха! Какой же Он прекрасный Покровитель!”»