Хадис

Тақуалық

Богобоязненность

Риядус-салихин, 6-тақырып · 5 хадис · № 69–73

Хадистер

«يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ حَقَّ تُقَاتِهِ» «Уа, иман келтіргендер! Алладан лайықты түрде қорқыңдар» («Әли Имран» сүресі, 102-аят).

«فَاتَّقُوا الله مَا اسْتَطَعْتُمْ» «Алладан шамаларың келгенше қорқыңдар (яғни, шамаларың келгенше бұйырғанын орындап, тыйғанынан тыйылыңдар)» («Тағабун» сүресі, 16-аят).

«يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ وَقُولُوا قَوْلًا سَدِيدًا» «Уа, Иман келтіргендер! Ендеше, Алладан лайықты түрде қорқып, Оған қарсы келуден әрі азабынан барынша сақтаныңдар және әрдайым жібі түзу сөз айтыңдар!» («Ахзаб» сүресі, 70-аят).

«وَمَنْ يَتَّقِ اللَّهَ يَجْعَلْ لَهُ مَخْرَجًا وَيَرْزُقْهُ مِنْ حَيْثُ لَا يَحْتَسِبُ» «Кімде-кім Алладан лайықты түрде қорықса, Алла оған (қиын жағдайдан) құтылу жолын көрсетіп әрі ойламаған жерден ризық береді» («Талақ» сүресі, 2-3-аяттар).

«إِنْ تَتَّقُوا اللَّهَ يَجْعَلْ لَكُمْ فُرْقَانًا وَيُكَفِّرْ عَنْكُمْ سَيِّئَاتِكُمْ وَيَغْفِرْ لَكُمْ وَاللَّهُ ذُو الْفَضْلِ الْعَظِيمِ» «Егер Аллаға қарсы келуден барынша сақтансаңдар, Алла сендерге ақиқат пен жалғанды, ақ пен қараны ажырататын ерекше қабілет береді, әрі күнәларыңды кешеді. Алла – зор шарапат иесі!» («Әнфәл» сүресі, 29-аят).

«О вы, кто уверовал! Остерегайтесь ослушания и неповиновения Аллаху наилучшим образом» (сура «Али Имран», 3:102).

«Так остерегайтесь Аллаха самым бдительным образом, бойтесь ослушаться Его и противиться Ему» (сура «Тагабун», 64:16).

«О те, кто уверовал! Так бойтесь же Аллаха должным образом, остерегайтесь сопротивляться Ему, опасайтесь Его гнева и неизменно ведите праведные речи!» (сура «Ахзаб», 33:70).

«Кто будет поклоняться Аллаху должным образом и будет остерегаться ослушания и неблагодарности, Аллах откроет тому выход из трудности. И Он одарит его уделом, откуда он и не ожидает» (сура «Талак», 65:2–3).

«Если вы предадитесь Аллаху должным образом и будете остерегаться ослушания и сопротивления Ему, то Аллах одарит вас особенной способностью различать, и скроет ваши злодеяния, и простит вам грехи. Аллах – Обладатель бескрайней щедрости и великого блага» (сура «Анфаль», 8:29).

69
Риядус-салихин, № 69Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَةَ -رضي الله عَنْهُ، قَالَ: قِيلَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَنْ أكرمُ النَّاس؟ قَالَ: «أَتْقَاهُمْ». فَقَالُوا: لَيْسَ عَنْ هَذَا نسألُكَ، قَالَ: «فَيُوسُفُ نَبِيُّ اللَّهِ ابنُ نَبِيِّ اللَّهِ ابنِ نَبِيِّ اللَّهِ ابنِ خليلِ اللهِ» قَالُوا: لَيْسَ عَنْ هَذَا نسألُكَ، قَالَ: «فَعَنْ مَعَادِنِ الْعَرَبِ تَسْأَلوني؟ خِيَارُهُمْ فِى الْجَاهِليَّةِ خِيَارُهُمْ فِى الْإِسْلَامِ إِذَا فقُهُوا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыздан ﷺ: «Уа, Расулалла! Адамдардың ең ардақтысы кім?» – деп сұралғанда: «Ең тақуалы болғандары», – деп жауап береді. Сонда сұраушылар: «Жо-жоқ, сізден бұл жайлы сұрап тұрған жоқпыз», – дегенде, Алла елшісі: «Олай болса, (адамдардың ең ардақтысы) Алланың пайғамбары Жүсіп, өйткені ол – Алланың пайғамбары Жақыптың ұлы, Жақып – Алланың пайғамбары Ысқақтың ұлы, Ысқақ – Алланың сырлас досы Ибраһимнің ұлы», – деді. Олар тағы да: «Жо-жоқ, сізден бұл жайлы да сұрап тұрған жоқпыз», – дегенде, Алла елшісі: «Араб тайпалары жайлы сұрап тұрсыңдар ма? Олардың надандық дәуірінде ең ізгі болғандары – егер дінді дұрыс һәм терең түсінсе, исламда да ең ізгілері болады», – деп жауап берді», – деген. (Бұхари: 3353; Муслим: 6161; Ахмад: 9568).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Однажды Пророка ﷺ спросили: “О Посланник Аллаха! Кто из людей самый благородный?” Он ответил: “Самый богобоязненный из них”. Тогда они сказали: “Нет-нет, мы спрашиваем Вас не об этом”. Посланник Аллаха ﷺ сказал: “В таком случае самый благородный – пророк Аллаха Юсуф: он – сын пророка Аллаха Якуба, Якуб – сын пророка Аллаха Исхака, а Исхак – сын близкого друга Аллаха Ибрахима”. Они вновь сказали: “Нет-нет, мы спрашиваем Вас не об этом”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ спросил: “Вы спрашиваете об арабских племенах? Лучшие из них в эпоху невежества будут лучшими и в исламе, если правильно и глубоко поймут религию”» (Аль-Бухари: 3353; Муслим: 6161; Ахмад: 9568).

70
Риядус-салихин, № 70Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى -رضي الله عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، قَالَ: «إِنَّ الدُّنْيَا حُلْوَةٌ خَضِرةٌ وإِنَّ اللَّهَ مُسْتَخْلِفُكُمْ فِيهَا فَيَنْظُرَ كَيفَ تَعْمَلُونَ فَاتَّقُوا الدُّنْيَا وَاتَّقُوا النِّسَاء فَإِنَّ أَوَّلَ فِتْنَةِ بَنِى إِسرائيلَ كَانَتْ فِى النِّسَاءِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ: «Расында, бұл дүние өте тәтті, әрі көздің жауын алатын көкорай шалғын сияқты (яғни, бұл дүние тым тартымды). Шынында, Алла сендерді осы дүниеде халифа етіп, не істеп, не қойып жатқандарыңды бақылауда, сондықтан жалған дүние мен әйелдер қауымынан сақ болыңдар! Өйткені Исрайылұлдарының басына келген ең әуелгі сынақ пен адасушылықтың себебі әйелдер болған еді», – деп айтты», – деген. (Муслим: 6948; Ахмад: 11143).

Орысша аудармасы

Абу Саид аль-Худри (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Поистине, этот мир сладок и подобен зелёному лугу, услаждающему взор (то есть этот мир чрезвычайно привлекателен). Поистине, Аллах сделал вас преемниками в этом мире и наблюдает за тем, что вы совершаете, а от чего воздерживаетесь. Поэтому остерегайтесь этого бренного мира и женщин! Ведь женщины стали причиной первого испытания и заблуждения, постигших сынов Исраиля» (Муслим: 6948; Ахмад: 11143).

Түсіндірме (қазақша)

Хадистегі «әйелдер қауымынан сақ болыңдар» деген сөздің мағынасы – әйелдердің бұзылуына жол бермеңдер немесе әйелдерді бұзбаңдар, егер әйелдер қауымы өздерінің жаратылыс мақсатынан ауытқып, бұзылатын болса, онда ер адамдар да оңбайды, олар да нәпсіге еріп азғындап, бұзылады, нәтижеде бүкіл қоғам және өскелең ұрпақ бұзылып, арсыздық пен азғындықтың батпағына батады. Сондықтан нәзік жанды әйел баласының ар-намысы, тәлім-тәрбиесі, отбасы мен қоғамдағы орны және т.б. құқықтары мәселесінде абай болыңдар. Әйелді аяулы ана, адал жар, отбасының жылуы мен ұйытқысы болу сынды ең басты жаратылыс мақсатынан ауытқытып, қу нәпсілеріңді тояттандыратын құралға, түрлі жарнамалардың құралына, т.б. дүниелік мақсат-мүдделердің құралына айналдырудан сақ болыңдар. Егер ерлер де, әйелдер де Алланың шариғатына сай бой түзеп, өмір сүрсе, өздерінің әубастағы жаратылыс мақсаты мен дүниеге келудегі миссиясына сай әрекет еткен болады.

Түсіндірме (орысша)

смысл слов хадиса «остерегайтесь женщин» состоит в следующем: не допускайте нравственного разложения женщин и сами не развращайте их. Если женщины отклонятся от цели своего сотворения и подвергнутся нравственному разложению, то и мужчин не ждёт ничего хорошего: следуя своим низменным страстям, мужчины также впадут в распущенность и разврат. В результате всё общество, в том числе подрастающее поколение, погрузится в трясину бесстыдства и нравственного разложения. Поэтому будьте осмотрительны в вопросах, касающихся чести и достоинства женщины, её воспитания, положения в семье и обществе, а также других её прав. Остерегайтесь уводить женщину от её главного предназначения – быть нежно любимой матерью, верной супругой, источником тепла и объединяющим началом семьи – и превращать её в средство удовлетворения собственных низменных страстей, в орудие всевозможной рекламы и в средство достижения иных мирских целей и интересов. Если и мужчины, и женщины будут строить свою жизнь в соответствии с шариатом Аллаха, то тем самым они будут следовать своему изначальному предназначению, ради которого были сотворены, и исполнять миссию, с которой пришли в этот мир.

71
Риядус-салихин, № 71Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ إِنِّى أَسألُكَ الْهُدَى وَالتُّقَى وَالعَفَافَ وَالغِنَى»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ: «Уа, Алла! Бір Өзіңнен тура жол, шынайы тақуалық, арлы болуды және көңіл байлығын (һәм ешкімге мұқтаж болмас үшін өзіме жеткілікті ризық-несібе) сұраймын», – деп дұға жасайтын еді» – деген. (Муслим: 6904; Ахмад: 3692).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передал: «Наш Пророк ﷺ обращался к Аллаху с такой мольбой: “О Аллах! Лишь у Тебя я прошу наставления на прямой путь, истинной богобоязненности, целомудрия и душевного богатства (а также удела, достаточного для того, чтобы мне ни в ком не нуждаться)”» (Муслим: 6904; Ахмад: 3692).

72
Риядус-салихин, № 72

عَنْ أَبِى طرِيفٍ عدِيِّ بْنِ حاتمٍ الطائيِّ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، يَقُولُ: «مَنْ حَلَفَ عَلَى يَمِينٍ ثُمَّ رَأَى أتْقَى لِلَّهِ مِنْهَا فَليَأْتِ التَّقْوَى»

Қазақша аудармасы

Ади ибн Хатим ат-Тайи (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Кімде-кім қандай да бір іске қатысты ант ішіп, кейіннен Алла жолындағы тақуалыққа одан да жақын істі көрсе, (антын бұзып, кәффарат төлеп) тақуалыққа жақын істі таңдасын», – деп айтқанын естідім», – деген. (Муслим: 4275; Ахмад: 18244).

Орысша аудармасы

Ади ибн Хатим ат-Таи (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если кто-либо поклянётся совершить какое-либо дело, а затем увидит, что другое дело больше соответствует богобоязненности перед Аллахом, пусть он нарушит свою клятву, искупит её нарушение и выберет то, что ближе к богобоязненности”» (Муслим: 4275; Ахмад: 18244).

73
Риядус-салихин, № 73

عَنْ أَبِى أُمَامَةَ صُدَيّ بْنِ عجلانَ الْباهِلِيِّ قَالَ: سَمِعتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَخْطُبُ فِى حجةِ الْوداعِ فَقَالَ: «اتَّقُوا اللَّه وَصلُّوا خَمْسَكُمْ وَصُومُوا شَهْرَكُمْ وَأَدُّوا زَكاةَ أَمْوَالِكُمْ وَأَطِيعُوا أُمَرَاءكُمْ تَدْخُلُوا جَنَّةَ رَبِّكُمْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Умәма Судай ибн Ажлан әл-Бәһили (р.а.): «Қоштасу қажылығында Алла елшісінің ﷺ құтбасын тыңдаған едім. Сонда ол: «Алладан қорқып, еш уақытта тақуалық шеңберінен шықпаңдар! Бес уақыт намаз оқып, рамазан айында ораза ұстаңдар! Мал-мүліктеріңнің зекетін беріңдер! Басшыларыңа бойсұныңдар! Сонда, сөзсіз, Раббыларыңның жаннатына кіресіңдер!» – деп айтқанын естідім», – деген. (Тирмизи: 616).

Орысша аудармасы

Абу Умама Судай ибн Аджлан аль-Бахили (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Во время прощального паломничества я присутствовал на проповеди Посланника Аллаха ﷺ и слышал, как он сказал: “Бойтесь Аллаха и никогда не отступайте от богобоязненности! Совершайте пять ежедневных молитв и соблюдайте пост в месяц рамадан! Выплачивайте закят со своего имущества! Повинуйтесь своим правителям! И тогда вы непременно войдёте в рай вашего Господа!”» (Ат-Тирмизи: 616).