Хадис

Риядус-салихин, № 69

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
6. Тақуалық
Нөмірі
№ 69 (қазақша басылым реті)
69
Риядус-салихин, № 69Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَةَ -رضي الله عَنْهُ، قَالَ: قِيلَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَنْ أكرمُ النَّاس؟ قَالَ: «أَتْقَاهُمْ». فَقَالُوا: لَيْسَ عَنْ هَذَا نسألُكَ، قَالَ: «فَيُوسُفُ نَبِيُّ اللَّهِ ابنُ نَبِيِّ اللَّهِ ابنِ نَبِيِّ اللَّهِ ابنِ خليلِ اللهِ» قَالُوا: لَيْسَ عَنْ هَذَا نسألُكَ، قَالَ: «فَعَنْ مَعَادِنِ الْعَرَبِ تَسْأَلوني؟ خِيَارُهُمْ فِى الْجَاهِليَّةِ خِيَارُهُمْ فِى الْإِسْلَامِ إِذَا فقُهُوا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыздан ﷺ: «Уа, Расулалла! Адамдардың ең ардақтысы кім?» – деп сұралғанда: «Ең тақуалы болғандары», – деп жауап береді. Сонда сұраушылар: «Жо-жоқ, сізден бұл жайлы сұрап тұрған жоқпыз», – дегенде, Алла елшісі: «Олай болса, (адамдардың ең ардақтысы) Алланың пайғамбары Жүсіп, өйткені ол – Алланың пайғамбары Жақыптың ұлы, Жақып – Алланың пайғамбары Ысқақтың ұлы, Ысқақ – Алланың сырлас досы Ибраһимнің ұлы», – деді. Олар тағы да: «Жо-жоқ, сізден бұл жайлы да сұрап тұрған жоқпыз», – дегенде, Алла елшісі: «Араб тайпалары жайлы сұрап тұрсыңдар ма? Олардың надандық дәуірінде ең ізгі болғандары – егер дінді дұрыс һәм терең түсінсе, исламда да ең ізгілері болады», – деп жауап берді», – деген. (Бұхари: 3353; Муслим: 6161; Ахмад: 9568).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Однажды Пророка ﷺ спросили: “О Посланник Аллаха! Кто из людей самый благородный?” Он ответил: “Самый богобоязненный из них”. Тогда они сказали: “Нет-нет, мы спрашиваем Вас не об этом”. Посланник Аллаха ﷺ сказал: “В таком случае самый благородный – пророк Аллаха Юсуф: он – сын пророка Аллаха Якуба, Якуб – сын пророка Аллаха Исхака, а Исхак – сын близкого друга Аллаха Ибрахима”. Они вновь сказали: “Нет-нет, мы спрашиваем Вас не об этом”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ спросил: “Вы спрашиваете об арабских племенах? Лучшие из них в эпоху невежества будут лучшими и в исламе, если правильно и глубоко поймут религию”» (Аль-Бухари: 3353; Муслим: 6161; Ахмад: 9568).