عَنْ عُمَرَ رضي الله عَنْهُ عَنِ النَّبِيّ ﷺ قَالَ: لَا يُسْأَلُ الرَّجُلُ فِيمَ ضَرَبَ امْرَأَتَهُ.
Омар (р.а.) «Пайғамбарымыздың ﷺ: «Ер кісі әйелін не үшін ұрғаны жөнінде сұралмайды» дегенін жеткізген. (Әбу Дәуіт: 2147; Нәсәи: 9123; Ибн Мәжә: 1986; Ахмад: 122).
Умар (да будет доволен им Аллах) передал, что наш Пророк ﷺ сказал: «Мужчину не следует спрашивать о том, почему он ударил свою жену» (Абу Дауд: 2147; Ан-Насаи: 9123; Ибн Маджа: 1986; Ахмад: 122).
Түсіндірме (қазақша)
Хадисте меңзелген мағына – егер ерлі-зайыптылар арасында өзара кикілжің болып, нәтижеде күйеуі әйелін ұрса және әйелдің үстінде соның белгілері көрінсе, бірақ соған қарамастан әйел күйеуіне қарсы ешкімге шағымданбаса, яғни екеуі өзара ұрыс-керістен кейін араларында түк болмағандай бірге өмір сүріп жатқан жағдайда, ешбір адам, тіпті әлгі әйелдің ет жақын туысы болса да, күйеуінен «араларыңда не болды», «әйеліңді неге ұрдың» деп сұрауы орынсыз болады. Өйткені ол ерлі-зайыптылардың өздерінің мәселесі... Ал егер бұл жағдай қайта-қайта қайталанса немесе күйеуінен зәбір көрген әйел туыстарына, яки заң орындарына шағымданатын болса, оның жөні бөлек. Ондай жағдайда құқық қорғау органдарының өкілдері әйелін ұрған ер адамнан не үшін ұрғандығы жайлы сұрайды және оны тергейді, егер оның кінәсі дәлелденсе, заң жүзінде жауапқа да тартылады.
Түсіндірме (орысша)
смысл хадиса заключается в следующем: если между супругами произошёл конфликт, во время которого муж ударил жену и на её теле остались следы, однако она, несмотря на это, никому на него не жалуется, а после ссоры супруги продолжают жить вместе так, словно между ними ничего не произошло, то никому – даже близкому родственнику женщины – не следует спрашивать мужа: «Что между вами произошло?» или «Почему ты ударил жену?», поскольку случившееся касается самих супругов. Если же подобное повторяется неоднократно либо женщина, подвергшаяся насилию со стороны мужа, обращается с жалобой к родственникам или в правоохранительные органы, то это уже иной случай. Тогда представители правоохранительных органов вправе потребовать от мужчины объяснений, выяснить обстоятельства произошедшего и, если его вина будет доказана, привлечь его к ответственности в установленном законом порядке.