Хадис

Мурақаба (мүміннің әркез Алланың бақылауында екенін сезінуі)

Муракаба

Риядус-салихин, 5-тақырып · 9 хадис · № 60–68

Хадистер

«الَّذِى يَرَاكَ حِينَ تَقُومُ وَتَقَلُّبَكَ فِى السَّاجِدِينَ» «Ол сенің оңашада намазға тұрып, құлшылық ететініңді көреді. Әрі сәждеге бас қойғандармен бірге жан-тәніңмен таза оқығаныңды да көруде» («Шұғара» сүресі, 218, 219-аят).

«وَهُوَ مَعَكُمْ أَيْنَ مَا كُنْتُم» «Ол (Алла) – қайда болсаңдар да, сендермен бірге» («Хадид» сүресі, 4-аят).

«إِنَّ اللَّهَ لَا يَخْفَى عَلَيْهِ شَيْءٌ فِى الْأَرْضِ وَلا فِى السَّمَاءِ» «Шынында, Алладан жердегі және көктегі еш нәрсе қалтарыста қала алмайды» («Әли Имран» сүресі, 5-аят).

«إِنَّ رَبَّكَ لَبِالْمِرْصَادِ» «Расында, сенің Раббың бәрін де көріп бақылаушы» («Фәжр» сүресі, 14-аят).

«يَعْلَمُ خَائِنَةَ الْأَعْيُنِ وَمَا تُخْفِى الصُّدُورُ» «Алла көздердің ұрлана қарағанын да, (адамдардың) көкірегінде жатқан барлық құпияны да толық біледі» («Мумин» сүресі, 19-аят).

(осознание верующим того, что он постоянно находится под наблюдением Аллаха)

«Он – Тот, Кто видит тебя выстаивающим. Кто видит, как ты двигаешься вместе с падающими ниц» (сура «Шуара», 26:218–219).

«Воистину, где бы вы ни были, Он вместе с вами» (сура «Хадид», 57:4).

«Поистине, ни на земле, ни на небе ничто не способно скрыться от Аллаха» (сура «Али Имран», 3:5).

«Поистине, Господь твой – словно в засаде» (сура «Фаджр», 89:14).

«Аллах знает измену, которую совершают глаза, и знает, что таят в себе сердца» (сура «Мумин», 40:19).

60
Риядус-салихин, № 60Риуаят етуші: Омар (р.а.)

عَنْ عُمرَ بْنِ الْخطابِ،، قَالَ: «بَيْنما نَحْنُ جُلُوسٌ عِنْد رَسُول اللَّهِ ﷺ، ذَات يَوْمٍ إِذْ طَلع عَلَيْنَا رجُلٌ شَديدُ بياضِ الثِّيابِ، شديدُ سوادِ الشَّعْر، لَا يُرَى عليْهِ أَثَر السَّفَرِ، وَلَا يَعْرِفُهُ منَّا أَحدٌ، حتَّى جَلَسَ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَأَسْنَدَ رَكْبَتَيْهِ إِلَى رُكبَتيْهِ، وَوَضع كفَّيْه عَلَى فخِذيهِ وَقَالَ: يَا محمَّدُ أَخبِرْنِى عَنْ الْإِسلَام فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: الْإِسلَامُ أَنْ تَشْهَدَ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وأَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ وَتُقِيمَ الصَّلَاةَ، وَتُؤتِيَ الزَّكاةَ، وتصُومَ رَمضَانَ، وتحُجَّ الْبيْتَ إِنِ استَطَعتَ إِلَيْهِ سَبِيلًا. قَالَ: صدَقتَ. فَعجِبْنا لَهُ يسْأَلُهُ ويصدِّقُهُ، قَالَ: فَأَخْبِرْنِى عَنْ الْإِيمَانِ. قَالَ: أَنْ تُؤْمِن بِاللَّهِ وملائِكَتِهِ، وكُتُبِهِ ورُسُلِهِ، والْيومِ الْآخِرِ، وتُؤمِنَ بالْقَدَرِ خَيْرِهِ وشَرِّهِ. قَالَ: صدقْتَ قَالَ: فأَخْبِرْنِى عَنْ الْإِحْسانِ. قَالَ: أَنْ تَعْبُدَ اللَّه كَأَنَّكَ تَراهُ. فإِنْ لَمْ تَكُنْ تَراهُ فَإِنَّهُ يَراكَ قَالَ: فَأَخْبِرْنِى عَنْ السَّاعةِ. قَالَ: مَا الْمسْؤُولُ عَنْهَا بأَعْلَمَ مِن السَّائِلِ. قَالَ: فَأَخْبرْنِى عَنْ أَمَاراتِهَا. قَالَ أَنْ تلدَ الْأَمَةُ ربَّتَها، وَأَنْ تَرى الْحُفَاةَ الْعُراةَ الْعالَةَ رِعاءَ الشَّاءِ يتَطاولُون فِى الْبُنيانِ ثُمَّ انْطلَقَ، فلبثْتُ ملِيًّا، ثُمَّ قَالَ: يَا عُمرُ، أَتَدْرِى منِ السَّائِلُ قُلْتُ: اللَّهُ ورسُولُهُ أَعْلمُ قَالَ: فَإِنَّهُ جِبْرِيلُ أَتَاكُمْ يُعلِّمُكم دِينِكُمْ»

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.): «Бір күні Алла елшісімен ﷺ бірге отырған едік. Кенет киімі аппақ, шашы қап-қара, жолаушыға мүлде ұқсамайтын және (бір қызығы) бәрімізге бейтаныс бір кісі ортамызға келді. Келді де, Пайғамбарымыздың қасына барып, екі тізесін оның тізесімен түйістіре, екі қолын (өзінің) тізесінің үстіне қойып отырды да: «Уа, Мұхаммед! Маған Ислам туралы айтып бер», – деді. Алла елшісі: «Ислам – Алладан басқа ешбір тәңірдің жоқ екеніне және Мұхаммедтің Алланың елшісі екеніне куәлік етуің, намазды шарттарына сай толық оқуың, зекет беруің, Рамазан айында ораза ұстауың, шамаң жетсе, Алланың үйін зиярат етіп, қажылық парызын өтеуің», – дегенде, әлгі адам: «Дұрыс айттың», – деді. Біз оның өзі сұрақ қойып, өзі растағанына таңырқадық. Бейтаныс келесі сауалын қойды: «Маған иман жайлы айтып бер», – деді. Расулалла: «Аллаға, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, ақырет күніне және тағдырға, оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің», – дегенде, әлгі кісі бұл жолы да: «Дұрыс айтасың», – деді. Сөйтті де: «Енді маған ихсан деген не, соны баяндап бер», – деді. Расулалла: «Ихсан дегеніміз – сенің Алланы көріп тұрғаныңдай құлшылық етуің, өйткені сен Оны көрмесең де, Ол сені әрдайым көріп тұрады», – деп жауап берді. Содан бейтаныс адам сұрағын жалғастырып: «Ал енді маған қияметтің қашан орнайтынын айт», – деді. Сонда Расулалла: «Қияметтің қашан орнайтынын сұралған адам сұраушыдан артық білмейді», – деді. Сонда ол: «Ендеше, маған қияметтің белгілерін айтып бер», – деді. Расулалла: «Өз анасын күң санайтын ұрпақ дүниеге келеді. Жалаң аяқ, жалаңаш сіңірі шыққан қойшылардың зәулім құрылыстар салып, бір-бірімен жаныға жарысып, көкірек кергенін көресің», – деді. Сәлден соң әлгі адам мешіттен шығып кетті. Содан, мен біраз уақыт тапжылмай отырдым. Кейін Алла елшісі: «Уа, Омар! Сұрақ қойғанның кім екенін білемісің?» – деді. Мен: «Алла мен Елшісі жақсы біледі», – дедім. Расулалла: «Шынында, ол сендерге діндеріңді үйрету үшін келген Жәбірейіл еді», – деп айтты», – деген. (Муслим: 93; Ахмад: 367).

Орысша аудармасы

Умар ибн аль-Хаттаб (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Однажды мы сидели вместе с Посланником Аллаха ﷺ. Вдруг среди нас появился человек в ослепительно белых одеждах, с иссиня-чёрными волосами. На нём не было заметно следов путешествия, однако никто из нас его не знал. Подойдя к Пророку ﷺ, он сел рядом с ним, соприкоснувшись коленями с его коленями, положил обе руки себе на колени и сказал: “О Мухаммад! Расскажи мне об исламе”. Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Ислам – это свидетельствовать, что нет божества, кроме Аллаха, и что Мухаммад – Посланник Аллаха; в полной мере совершать молитву, соблюдая все её условия; выплачивать закят; соблюдать пост в месяц рамадан и, если у тебя хватит сил и возможностей, посетить Дом Аллаха и исполнить обязанность хаджа”. Тогда этот человек сказал: “Ты сказал верно”. Мы удивились тому, что он сам задал вопрос и сам же подтвердил правильность ответа.

Затем незнакомец спросил: “Расскажи мне о вере”. Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Это значит верить в Аллаха, Его ангелов, Его Писания, Его посланников, Последний день и в предопределение – как в доброе, так и в дурное”. Этот человек вновь сказал: “Ты сказал правду”. Затем он спросил: “А теперь расскажи мне, что такое ихсан”. Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Ихсан – это когда ты поклоняешься Аллаху так, словно видишь Его, ибо, даже если ты не видишь Его, Он всегда видит тебя”.

Незнакомец продолжил задавать вопросы: “А теперь скажи мне, когда наступит Судный час?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Тот, кого спрашивают о времени его наступления, знает не больше того, кто спрашивает”. Тогда он сказал: “В таком случае расскажи мне о его признаках”. Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Появится поколение, которое будет считать свою мать рабыней. И ты увидишь, как босые, нагие, измождённые пастухи овец станут наперебой возводить величественные строения, состязаясь друг с другом и горделиво кичась этим”.

Вскоре после этого незнакомец вышел из мечети, а я ещё некоторое время продолжал сидеть на месте. Затем Посланник Аллаха ﷺ спросил: “О Умар! Знаешь ли ты, кто задавал эти вопросы?” Я ответил: “Аллах и Его Посланник знают лучше”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, это был Джибрил, который пришёл к вам, чтобы научить вас вашей религии”» (Муслим: 93; Ахмад: 367).

Түсіндірме (қазақша)

Хадистегі «өз анасын күң санайтын ұрпақ дүниеге келеді» деген сөз – ақырзаманда күңдер көбейеді, олар өз қожайынынан бала тапқандықтан, балалары өздеріне қожайын болады, дегенді білдіреді. Сондай-ақ ғалымдар бұл сөзді ақырзаманда ата-ананың қадірін білмейтін, ата-анаға бағынбайтын және сый-құрметі жоқ тілазар ұрпақ көбейеді, олар үшін ата-ана бейне бір құл сияқты болады, деп те түсіндірген.

Түсіндірме (орысша)

слова хадиса «появится поколение, которое будет считать свою мать рабыней» означают, что в конце времён возрастёт число рабынь и, поскольку они будут рожать детей от своих хозяев, их дети станут для них хозяевами. Кроме того, учёные давали этим словам и такое толкование: в конце времён появится многочисленное непокорное поколение, которое не будет ценить родителей и повиноваться им, а также не станет оказывать им должного почтения, так что родители для таких детей будут подобны рабам.

61
Риядус-салихин, № 61

عَنْ أَبِى ذَرٍّ جُنْدُبِ بْنِ جُنَادةَ، وأبي عبْدِ الرَّحْمنِ مُعاذِ بْنِ جبل رضيَ اللَّه عَنْهُمَا، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، قَالَ: «اتَّقِ اللَّهَ حَيْثُمَا كُنْتَ وأَتْبِعِ السَّيِّئَةَ الْحسنةَ تَمْحُهَا، وخَالقِ النَّاسَ بخُلُقٍ حَسَنٍ»

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр Жундуб ибн Жунәда және Мұғаз ибн Жәбәл (р.а.) жеткізген хадисте: «Расулалла ﷺ: «Қайда жүрсең де, Алладан қорқып, бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан сақтан! Әрбір күнәнің артынан уақыт оздырмай оны жуып-шаятын жақсылық жаса! Адамдармен қарым-қатынаста көркем мінезді бол!» – деп бұйырды», – делінген. (Тирмизи: 1987 «Муснәд» Ахмад: 21354,21988).

Орысша аудармасы

Абу Зарр Джундуб ибн Джунада и Муаз ибн Джабаль (да будет доволен ими обоими Аллах) передали, что Посланник Аллаха ﷺ повелел: «Где бы ты ни находился, бойся Аллаха: исполняй Его повеления и остерегайся Его запретов. После каждого греха незамедлительно соверши доброе дело, которое сотрёт его. Проявляй благонравие в отношениях с людьми» (Ат-Тирмизи: 1987; Ахмад: 21354, 21988).

62
Риядус-салихин, № 62Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنْ ابنِ عبَّاسٍ، رضيَ اللَّه عَنْهُمَا، قَالَ: «كُنْتُ خَلْفَ النَّبِيِّ ﷺ يوْمًا فَقَالَ: «يَا غُلَامُ إِنِّى أُعلِّمكَ كَلِمَاتٍ: «احْفَظِ اللَّهَ يَحْفَظْكَ احْفَظِ اللَّهَ تَجِدْهُ تُجَاهَكَ، إِذَا سَأَلْتَ فَاسْأَل اللَّه، وَإِذَا اسْتَعَنْتَ فَاسْتَعِنْ بِاللَّهِ، واعلَمْ: أَنَّ الْأُمَّةَ لَو اجتَمعتْ عَلَى أَنْ ينْفعُوكَ بِشيْءٍ، لَمْ يَنْفعُوكَ إِلَّا بِشَيْءٍ قَد كَتَبَهُ اللَّهُ لَكَ، وإِنِ اجْتَمَعُوا عَلَى أَنْ يَضُرُّوك بِشَيْءٍ، لَمْ يَضُرُّوكَ إِلَّا بَشَيْءٍ قد كَتَبَهُ اللَّه عليْكَ، رُفِعَتِ الْأقْلَامُ، وجَفَّتِ الصُّحُفُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыздың ﷺ соңынан еріп келе жатқанымда: «Әй, бала! Саған біраз ақыл-кеңес айтайын: Алланың хақысын сақта. Сонда Алла да сені сақтайды. Еш уақытта Алланы жадыңнан шығарма. Сонда Ол да (қиын сәттерде) қасыңда болады. Қалауың болса, тек Алладан тіле. Жәрдем керек болса, оны да жалғыз Алладан сұра. Біліп қой! Бүкіл адамзат жиналып, саған қандай да бір пайда келтірмек болса, Алланың маңдайыңа жазғанынан артық пайда келтіре алмайды. Сондай-ақ күллі адамзат жиналып, саған қандай да бір зиян тигіземіз десе, Алланың жазғанынан артық зәредей де зиян тигізе алмайды, өйткені (адамның тағдырын жазатын) қаламдар әлдеқашан тоқтап, парақтардағы сия да кеуіп қалған», – деп айтты», – деген. (Тирмизи: 2516; «Муснәд» Ахмад: 2669).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды, когда я шёл вслед за нашим Пророком ﷺ, он сказал мне: “О мальчик! Позволь мне дать тебе несколько наставлений. Соблюдай свои обязанности перед Аллахом – и Аллах сохранит тебя. Никогда не забывай об Аллахе – и тогда Он будет рядом с тобой (в трудные минуты). Если захочешь о чём-либо попросить, проси только у Аллаха. Если тебе понадобится помощь, проси её только у Аллаха. Знай: если всё человечество соберётся, чтобы принести тебе какую-либо пользу, оно не сможет принести тебе больше пользы, чем предписал тебе Аллах. И если всё человечество соберётся, чтобы причинить тебе вред, оно не сможет причинить тебе ни крупицы вреда сверх того, что предписал тебе Аллах, ибо перья (которыми записывается судьба человека) уже давно перестали писать, а чернила на страницах высохли”» (Ат-Тирмизи: 2516; Ахмад: 2669).

63
Риядус-салихин, № 63Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عنْ أَنَسٍ قَالَ: «إِنَّكُمْ لَتَعْمَلُونَ أَعْمَالًا هِيَ أَدقُّ فِى أَعْيُنِكُمْ مِنَ الشَّعَرِ، كُنَّا نَعدُّهَا عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مِنَ الْمُوِبقاتِ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Сендер кейбір оғаш істерді істейсіңдер де, оны қыл құрлы да көрмейсіңдер. Ал біз Алла елшісінің ﷺ кезінде ондай істерді құрдымға құлататын зор күнә деп білуші едік», – деген. (Бұхари: 6492; Ахмад: 12604).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Вы совершаете некоторые предосудительные поступки, которые кажутся вам ничтожнее волоска. Однако во времена Посланника Аллаха ﷺ мы считали подобные деяния тяжкими грехами, ведущими человека к погибели» (Аль-Бухари: 6492; Ахмад: 12604).

64
Риядус-салихин, № 64Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هرِيْرَةَ، رضي اللَّه عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّّ ﷺ قَالَ: إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى يَغَارُ، وَغَيْرَةُ اللَّهِ تَعَالَى، أَنْ يَأْتِيَ الْمَرْءُ مَا حَرَّمَ اللَّهُ عَلَيْهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамарымыз ﷺ: «Расында, Алла Тағала қызғанады. Алланың қызғанышы адам баласы (шайтанға еріп) Раббысының харам еткендерін істегенде оянады», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 5223; Муслим: 6995; Ахмад: 10928).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что наш Пророк ﷺ сказал: «Поистине, Аллаху Всевышнему присуща ревность. Ревность Аллаха проявляется, когда человек (следуя за шайтаном) совершает то, что запретил ему Господь» (Аль-Бухари: 5223; Муслим: 6995; Ахмад: 10928).

Түсіндірме (қазақша)

Хадистегі «Алла Тағала қызғанады» дегенді – ұлылығына лайық абыройын ешкімге таптатпайды және Өзі ардақтап жаратқан пендесінің шайтанның жетегінде кетіп, күнәға батқанын қаламайды, деп түсінеміз, өйткені иләһи бұйрықтарға құлақ аспай, шайтанға еріп, күнә жасау Алланың қаһарына ұшыратады.

Түсіндірме (орысша)

слова хадиса «Аллаху Всевышнему присуща ревность» следует понимать в том смысле, что Он никому не позволяет посягать на честь и достоинство, подобающие Его величию, и не желает, чтобы Его раб, которого Он сотворил и возвеличил, последовав за шайтаном, погряз в грехах. Ведь неповиновение Божественным повелениям, следование за шайтаном и совершение грехов навлекают на человека гнев Аллаха.

65
Риядус-салихин, № 65Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرِيْرَةَ أَنَّهُ سمِع النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ ثَلَاثَةً مِنْ بَنِى إِسْرائيلَ: أَبْرَصَ، وأَقْرَعَ، وأَعْمَى، أَرَادَ اللَّهُ أَنْ يَبْتَليَهُمْ فَبَعث إِلَيْهِمْ مَلَكًا، فأَتَى الْأَبْرَصَ فَقَالَ: أَيُّ شَيْءٍ أَحبُّ إِلَيْكَ؟ قَالَ: لَوْنٌ حسنٌ، وَجِلْدٌ حَسَنٌ، ويُذْهَبُ عنِّى الَّذي قَدْ قَذَرنِى النَّاسُ، فَمَسَحهُ فذَهَب عَنْهُُ قذرهُ وَأُعْطِيَ لَوْنًا حَسنًا. قَالَ: فَأَيُّ الْمالِ أَحَبُّ إِلَيْكَ؟ قَالَ: الْإِبلُ أَوْ قَالَ الْبَقَرُ شَكَّ الرَّاوِى فأُعْطِيَ نَاقَةً عُشرَاءَ، فَقَالَ: بارَك اللَّهُ لَكَ فِيها.

فأَتَى الْأَقْرعَ فَقَالَ: أَيُّ شَيْءٍ أَحب إِلَيْكَ؟ قَالَ: شَعْرٌ حسنٌ، ويذْهبُ عنِّى هَذَا الَّذي قَذِرَنِى النَّاسُ، فَمسحهُ عَنْهُ. أُعْطِيَ شَعرًا حسنًا. قَالَ فَأَيُّ الْمَالِ. أَحبُّ إِلَيْكَ؟ قَالَ: الْبَقرُ، فأُعِطيَ بقرةً حامِلًا، وَقَالَ: بَارَكَ اللَّهُ لَكَ فِيهَا.

فَأَتَى الْأَعْمَى فَقَالَ: أَيُّ شَيْءٍ أَحَبُّ إِلَيْكَ؟ قَالَ: أَنْ يرُدَّ اللَّهُ إِلَيَّ بَصَرِى فَأُبْصِرَ النَّاسَ فَمَسَحَهُ فَرَدَّ اللَّهُ إِلَيْهِ بصَرَهُ. قَالَ: فَأَيُّ الْمَالِ أَحَبُّ إِليْكَ؟ قَالَ: الْغنمُ فَأُعْطِيَ شَاةً والِدًا فَأَنْتجَ هذَانِ وَولَّدَ هَذا، فكَانَ لِهَذَا وَادٍ مِنَ الْإِبِلِ، ولَهَذَا وَادٍ مِنَ الْبَقَرِ، وَلَهَذَا وَادٍ مِنَ الْغَنَم.

ثُمَّ إِنَّهُ أَتَى الْأْبرص فِى صورَتِهِ وَهَيْئتِهِ، فَقَالَ: رَجُلٌ مِسْكينٌ قدِ انقَطعتْ بِيَ الْحِبَالُ فِى سَفَرِى، فَلَا بَلاغَ لِيَ الْيَوْمَ إِلَّا بِاللَّهِ ثُمَّ بِكَ، أَسْأَلُكَ بِالَّذي أَعْطَاكَ اللَّوْنَ الْحَسَنَ، والْجِلْدَ الْحَسَنَ، والْمَالَ، بَعيِرًا أَتبلَّغُ بِهِ فِى سفَرِى، فَقَالَ: الْحقُوقُ كَثِيرةٌ. فَقَالَ: كَأَنِّى أَعْرفُكُ أَلَمْ تَكُنْ أَبْرصَ يَقْذُرُكَ النَّاسُ، فَقيرًا، فَأَعْطَاكَ اللَّهُ، فَقَالَ: إِنَّمَا وَرثْتُ هَذا الْمَالَ كَابرًا عَنْ كابِرٍ، فَقَالَ: إِنْ كُنْتَ كَاذِبًا فَصَيَّركَ اللَّهُ إِلَى مَا كُنْتَ.

وأَتَى الْأَقْرَع فِى صورتهِ وهيئَتِهِ، فَقَالَ لَهُ مِـثْلَ ما قَالَ لهذَا، وَرَدَّ عَلَيْه مِثْلَ مَاردَّ هَذَّا، فَقَالَ: إِنْ كُنْتَ كَاذِبًا فَصَيّرَكَ اللَّهُ إِليَ مَاكُنْتَ.

وأَتَى الْأَعْمَى فِى صُورتِهِ وهَيْئَتِهِ، فَقَالَ: رَجُلٌ مِسْكينٌ وابْنُ سَبِيلٍ انْقَطَعَتْ بِيَ الْحِبَالُ فِى سَفَرِى، فَلَا بَلاغَ لِيَ الْيَوْمَ إِلَّا بِاللَّهِ ثُمَّ بِكَ، أَسْأَلُكَ بالَّذي رَدَّ عَلَيْكَ بصرَكَ شَاةً أَتَبَلَّغُ بِهَا فِى سَفَرِى؟ فَقَالَ: قَدْ كُنْتُ أَعْمَى فَرَدَّ اللَّهُ إِلَيَّ بَصرِى، فَخُذْ مَا شِئْتَ وَدعْ مَا شِئْتَ فَوَاللَّهِ ما أَجْهَدُكَ الْيَوْمَ بِشْيءٍ أَخَذْتَهُ للَّهِ عزَّ وجلَّ. فَقَالَ: أَمْسِكْ مالَكَ فَإِنَّمَا ابْتُلِيتُمْ فَقَدْ رضيَ اللَّهُ عنك، وَسَخَطَ عَلَى صَاحِبَيْكَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбарымыздың ﷺ былай дегенін естіген екен: «Алла Исрайыл ұрпақтарынан болған үш адамды: алапес, таз және соқыр кісіні сынамақ болып, оларға (адам бейнесінде) бір періштені жібереді. Періште әуелі алапеске келіп: «Сен үшін ең сүйікті нәрсе не?» – деп сұрайды. Ол: «Шырайлы рең мен әдемі тері және адамдарды менен жиіркендіретін мына дерттен айықсам екен», – дейді. Сонда періште оны сипағанда, үстіндегі жаман дерті кетіп, оған шырайлы рең беріледі. Содан кейін періште одан: «Ең сүйікті малың не?» – деп сұрайды. Ол: «Түйе», – дейді (немесе «сиыр» дейді). Сонда оған он айлық буаз түйе беріледі де, періште оған: «Алла сенің малыңа береке берсін», – деп дұға тілейді.

Сосын періште тазға келіп: «Сен үшін ең сүйікті нәрсе не?» – деп сұрайды. Ол: «Әдемі шаш және адамдарды менен жиіркендіретін мына дерттен айықсам екен», – дейді. Періште оны сипағанда, оның дерті кетіп, оған әдемі шаш беріледі. Содан соң періште: «Ең сүйікті малың не?» – деп сұрайды. Ол: «Сиыр», – дейді. Сонда оған буаз сиыр беріледі де, періште оған: «Алла сенің малыңа береке берсін», – деп дұға тілейді.

Содан кейін періште соқырға келіп: «Сен үшін ең сүйікті нәрсе не?» – деп сұрайды. Ол: «Алланың маған көз-жанарымды қайтаруы және адамдарды көруім», – дейді. Періште оны сипағанда, Алла оның көз-жанарын қайтарады. Сосын періште одан: «Ең сүйікті малың не?» – деп сұрайды. Ол: «Қой», – дейді. Содан оған төлдейтін қой беріледі. Сөйтіп, әлгі екеуі түйесі мен сиырының төліне қарық болады, бұл да қойының төліне қарық болады. Уақыт өте келе біреуінің сай толы келі-келі түйесі, біреуінің сай толы табын-тыбын сиыры, енді біреуінің сай толы отар-отар қойы болады.

Содан кейін періште бұрынғы алапеске оның баяғы түрі мен кейпінде келіп: «Мен бір жарлы адаммын, бұл сапарымда барлық мүмкіндіктерімнен айырылдым. Бұл күнде маған әуелі Алла, сосын сенен өзге жәрдем берер ешкім жоқ! Саған шырайлы рең, әдемі тері мен мұншама байлық бергеннің атымен өтінемін, маған сапарымда пайдама жарайтын бір түйе берші», – деп өтінеді. Сонда алапес: «Менің міндеттерім (яғни, өтейтін қарыздарым) көп», – дейді. Періште оған: «Мен сені танып тұрған сияқтымын. Сен адамдар жиіркенетін алапес, тақыр кедей емес пе едің? Артынша Алла саған осының бәрін берді емес пе?» – дейді. Сонда әлгі: «Бұл байлық маған ата-бабамнан мұраға қалған», – дейді. Періште оған: «Егер өтірік айтсаң, Алла сені бұрынғы қалпыңа қайтарсын», – дейді.

Сосын періште бұрынғы тазға оның баяғы түрі мен кейпінде келіп, оған алапеске айтқандарын айтады. Ол да оған алапестің жауабындай жауап қайтарады. Періште оған да: «Егер өтірік айтсаң, Алла сені бұрынғы қалпыңа қайтарсын», – дейді.

Содан кейін бұрынғы зағипқа баяғы түрі мен кейпінде келеді де: «Мен бір жарлымын және жолда қалған адаммын, бұл сапарымда барлық мүмкіндігімнен айырылдым. Бұл күні маған әуелі Алладан, сосын сенен өзге жәрдем берер ешкім жоқ. Саған көз-жанарыңды қайтарып бергеннің атымен өтініш айтамын, маған сапарымда пайдама жарайтын бір қой берші», – дейді. Сонда бұрынғы зағип: «Мен де зағип болған едім, Алла менің көз-жанарымды қайтарды. Қалағаныңды алып, қалағаныңды қалдыр. Алламен ант етейін! Бәрінен үстем һәм ұлы болған Алла үшін, бүгін алған нәрсеңе қатысты саған еш нәрсе міндеттемеймін», – дейді. Сонда періште: «Малыңды өзіңде қалдыр. Шынында, сендер сыналған едіңдер. Алла саған риза болды да, әлгі екі жолдасыңа ашуланды», – дейді». (Бұхари: 3464; Муслим: 7431).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что слышал, как Пророк (да благословит его Аллах и приветствует) сказал: «Аллах пожелал испытать троих из числа потомков Исраиля – прокажённого, плешивого и слепого – и послал к ним ангела. Ангел пришёл к прокажённому и спросил: “Чего ты желаешь больше всего?” Тот ответил: “Красивого цвета лица, здоровой кожи и избавления от недуга, из-за которого люди испытывают ко мне отвращение”. Ангел провёл по нему рукой, недуг исчез, и ему были дарованы красивый цвет лица и здоровая кожа. Затем ангел спросил: “Какой скот тебе милее всего?” Тот ответил: “Верблюды” (или “Коровы” – передатчик не был уверен). Ему была дарована верблюдица, беременная уже десять месяцев, и ангел сказал: “Да сделает Аллах её благословенной для тебя!”

Затем ангел пришёл к плешивому и спросил: “Чего ты желаешь больше всего?” Тот ответил: “Красивых волос и избавления от недуга, из-за которого люди испытывают ко мне отвращение”. Ангел провёл по нему рукой, недуг исчез, и ему были дарованы красивые волосы. Затем ангел спросил: “Какой скот тебе милее всего?” Тот ответил: “Коровы”. Ему была дарована стельная корова, и ангел сказал: “Да сделает Аллах её благословенной для тебя!”

Затем ангел пришёл к слепому и спросил: “Чего ты желаешь больше всего?” Тот ответил: “Чтобы Аллах вернул мне зрение и я мог видеть людей”. Ангел провёл по нему рукой, и Аллах вернул ему зрение. Затем ангел спросил: “Какой скот тебе милее всего?” Тот ответил: “Овцы”. Ему была дарована овца с ягнёнком. Верблюдица и корова у первых двух, как и овца у третьего, стали приносить приплод. Со временем у одного была целая долина верблюдов, у другого – целая долина коров, а у третьего – целая долина овец.

Затем ангел пришёл к тому, кто прежде страдал проказой, приняв его прежний облик, и сказал: “Я – бедняк, у которого в пути иссякли все средства. Сегодня я смогу продолжить путь лишь с помощью Аллаха, а затем – с твоей помощью. Прошу тебя ради Того, Кто даровал тебе красивый цвет лица, здоровую кожу и богатство: дай мне верблюда, чтобы я мог продолжить путь”. Тот ответил: “На мне много обязательств”. Ангел сказал: “Кажется, я тебя знаю. Разве ты не был прокажённым, к которому люди испытывали отвращение, и бедняком, которому Аллах даровал богатство?” Тот ответил: “Это богатство я унаследовал от своих предков”. Тогда ангел сказал: “Если ты лжёшь, пусть Аллах вернёт тебя в прежнее состояние!”

Затем ангел пришёл к бывшему плешивому, приняв его прежний облик. Он сказал ему то же, что и первому, и получил такой же ответ. Тогда ангел сказал: “Если ты лжёшь, пусть Аллах вернёт тебя в прежнее состояние!”

Затем ангел пришёл к бывшему слепому, приняв его прежний облик, и сказал: “Я – бедный путник, у которого в дороге иссякли все средства. Сегодня я смогу продолжить путь лишь с помощью Аллаха, а затем – с твоей помощью. Прошу тебя ради Того, Кто вернул тебе зрение: дай мне овцу, которой мне хватит, чтобы продолжить путь”. Тот ответил: “Я был слепым, и Аллах вернул мне зрение. Бери что пожелаешь и оставляй что пожелаешь. Клянусь Аллахом, я не стану затруднять тебя, требуя вернуть что-либо из того, что ты сегодня возьмёшь ради Всемогущего и Великого Аллаха”. Тогда ангел сказал: “Оставь своё имущество себе. Вы лишь подверглись испытанию. Аллах остался доволен тобой и разгневался на двух твоих товарищей”». (Бухари 3464 и Муслим, (2964).

66
Риядус-салихин, № 66

عَنْ أَبِى يعلى شداد بْنِ أوس رضي الله عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: الْكَيِّسُ مَنْ دَانَ نَفْسَهُ، وَعَمِلَ لِمَا بعدَ الْمَوتِ، والعَاجِزُ مَنْ أتْبَعَ نَفْسَهُ هَواهَا وَتَمنَّى عَلَى اللهِ

Қазақша аудармасы

Шәддад ибн Әус (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ: «Нағыз ақылды адам – әрдайым өз-өзін есепке тарта отырып, игі істер істеп, өлімнен кейінгі өмірге қамданған жан. Ал нағыз бейшара – тойымсыз нәпсінің қалауына ерік беріп, соған қарамастан (о дүниеде ізгілермен бірге болармын деп) Алланың мейірімінен үміт еткен адам», – деп айтты», – деген. (Тирмизи: 2459; Ахмад: 17123).

Орысша аудармасы

Шаддад ибн Аус (да будет доволен им Аллах) передал, что наш Пророк ﷺ сказал: «По-настоящему разумен тот, кто постоянно отчитывается перед самим собой, совершает благие дела и готовится к жизни после смерти. По-настоящему же несчастен тот, кто потакает желаниям своей ненасытной души и при этом надеется на милость Аллаха (полагая, что в ином мире окажется вместе с праведниками)» (Ат-Тирмизи: 2459; Ахмад: 17123).

67
Риядус-салихин, № 67Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة رضي الله عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مِنْ حُسْنِ إِسْلَامِ الْمَرْءِ تَرْكُهُ مَا لَا يَعْنِيهِ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Кісінің мұсылманшылығының кереметтігі – өзіне қатысы жоқ нәрселерден бойын аулақ ұстауында»1 – деп айтты», – деген. (Тирмизи: 2317; Ибн Мәжә: 3976; Ибн Хиббән: 229).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Совершенство исповедания человеком ислама проявляется в том, что он отстраняется от всего, что его не касается1”» (Ат-Тирмизи: 2317; Ибн Маджа: 3976; Ибн Хиббан: 229).

  1. 1Яғни, кәміл мұсылман – өзіне қатысы жоқ барлық сөзден, ойдан, іс-әрекеттерден аулақ болған адам.
  1. 1То есть совершенный мусульманин – тот, кто воздерживается от любых слов, мыслей и поступков, которые его не касаются.
68
Риядус-салихин, № 68Риуаят етуші: Омар (р.а.)

عَنْ عُمَرَ رضي الله عَنْهُ عَنِ النَّبِيّ ﷺ قَالَ: لَا يُسْأَلُ الرَّجُلُ فِيمَ ضَرَبَ امْرَأَتَهُ.

Қазақша аудармасы

Омар (р.а.) «Пайғамбарымыздың ﷺ: «Ер кісі әйелін не үшін ұрғаны жөнінде сұралмайды» дегенін жеткізген. (Әбу Дәуіт: 2147; Нәсәи: 9123; Ибн Мәжә: 1986; Ахмад: 122).

Орысша аудармасы

Умар (да будет доволен им Аллах) передал, что наш Пророк ﷺ сказал: «Мужчину не следует спрашивать о том, почему он ударил свою жену» (Абу Дауд: 2147; Ан-Насаи: 9123; Ибн Маджа: 1986; Ахмад: 122).

Түсіндірме (қазақша)

Хадисте меңзелген мағына – егер ерлі-зайыптылар арасында өзара кикілжің болып, нәтижеде күйеуі әйелін ұрса және әйелдің үстінде соның белгілері көрінсе, бірақ соған қарамастан әйел күйеуіне қарсы ешкімге шағымданбаса, яғни екеуі өзара ұрыс-керістен кейін араларында түк болмағандай бірге өмір сүріп жатқан жағдайда, ешбір адам, тіпті әлгі әйелдің ет жақын туысы болса да, күйеуінен «араларыңда не болды», «әйеліңді неге ұрдың» деп сұрауы орынсыз болады. Өйткені ол ерлі-зайыптылардың өздерінің мәселесі... Ал егер бұл жағдай қайта-қайта қайталанса немесе күйеуінен зәбір көрген әйел туыстарына, яки заң орындарына шағымданатын болса, оның жөні бөлек. Ондай жағдайда құқық қорғау органдарының өкілдері әйелін ұрған ер адамнан не үшін ұрғандығы жайлы сұрайды және оны тергейді, егер оның кінәсі дәлелденсе, заң жүзінде жауапқа да тартылады.

Түсіндірме (орысша)

смысл хадиса заключается в следующем: если между супругами произошёл конфликт, во время которого муж ударил жену и на её теле остались следы, однако она, несмотря на это, никому на него не жалуется, а после ссоры супруги продолжают жить вместе так, словно между ними ничего не произошло, то никому – даже близкому родственнику женщины – не следует спрашивать мужа: «Что между вами произошло?» или «Почему ты ударил жену?», поскольку случившееся касается самих супругов. Если же подобное повторяется неоднократно либо женщина, подвергшаяся насилию со стороны мужа, обращается с жалобой к родственникам или в правоохранительные органы, то это уже иной случай. Тогда представители правоохранительных органов вправе потребовать от мужчины объяснений, выяснить обстоятельства произошедшего и, если его вина будет доказана, привлечь его к ответственности в установленном законом порядке.