Хадис

Риядус-салихин, № 60

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
5. Мурақаба (мүміннің әркез Алланың бақылауында екенін сезінуі)
Нөмірі
№ 60 (қазақша басылым реті)
60
Риядус-салихин, № 60Риуаят етуші: Омар (р.а.)

عَنْ عُمرَ بْنِ الْخطابِ،، قَالَ: «بَيْنما نَحْنُ جُلُوسٌ عِنْد رَسُول اللَّهِ ﷺ، ذَات يَوْمٍ إِذْ طَلع عَلَيْنَا رجُلٌ شَديدُ بياضِ الثِّيابِ، شديدُ سوادِ الشَّعْر، لَا يُرَى عليْهِ أَثَر السَّفَرِ، وَلَا يَعْرِفُهُ منَّا أَحدٌ، حتَّى جَلَسَ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَأَسْنَدَ رَكْبَتَيْهِ إِلَى رُكبَتيْهِ، وَوَضع كفَّيْه عَلَى فخِذيهِ وَقَالَ: يَا محمَّدُ أَخبِرْنِى عَنْ الْإِسلَام فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: الْإِسلَامُ أَنْ تَشْهَدَ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وأَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ وَتُقِيمَ الصَّلَاةَ، وَتُؤتِيَ الزَّكاةَ، وتصُومَ رَمضَانَ، وتحُجَّ الْبيْتَ إِنِ استَطَعتَ إِلَيْهِ سَبِيلًا. قَالَ: صدَقتَ. فَعجِبْنا لَهُ يسْأَلُهُ ويصدِّقُهُ، قَالَ: فَأَخْبِرْنِى عَنْ الْإِيمَانِ. قَالَ: أَنْ تُؤْمِن بِاللَّهِ وملائِكَتِهِ، وكُتُبِهِ ورُسُلِهِ، والْيومِ الْآخِرِ، وتُؤمِنَ بالْقَدَرِ خَيْرِهِ وشَرِّهِ. قَالَ: صدقْتَ قَالَ: فأَخْبِرْنِى عَنْ الْإِحْسانِ. قَالَ: أَنْ تَعْبُدَ اللَّه كَأَنَّكَ تَراهُ. فإِنْ لَمْ تَكُنْ تَراهُ فَإِنَّهُ يَراكَ قَالَ: فَأَخْبِرْنِى عَنْ السَّاعةِ. قَالَ: مَا الْمسْؤُولُ عَنْهَا بأَعْلَمَ مِن السَّائِلِ. قَالَ: فَأَخْبرْنِى عَنْ أَمَاراتِهَا. قَالَ أَنْ تلدَ الْأَمَةُ ربَّتَها، وَأَنْ تَرى الْحُفَاةَ الْعُراةَ الْعالَةَ رِعاءَ الشَّاءِ يتَطاولُون فِى الْبُنيانِ ثُمَّ انْطلَقَ، فلبثْتُ ملِيًّا، ثُمَّ قَالَ: يَا عُمرُ، أَتَدْرِى منِ السَّائِلُ قُلْتُ: اللَّهُ ورسُولُهُ أَعْلمُ قَالَ: فَإِنَّهُ جِبْرِيلُ أَتَاكُمْ يُعلِّمُكم دِينِكُمْ»

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.): «Бір күні Алла елшісімен ﷺ бірге отырған едік. Кенет киімі аппақ, шашы қап-қара, жолаушыға мүлде ұқсамайтын және (бір қызығы) бәрімізге бейтаныс бір кісі ортамызға келді. Келді де, Пайғамбарымыздың қасына барып, екі тізесін оның тізесімен түйістіре, екі қолын (өзінің) тізесінің үстіне қойып отырды да: «Уа, Мұхаммед! Маған Ислам туралы айтып бер», – деді. Алла елшісі: «Ислам – Алладан басқа ешбір тәңірдің жоқ екеніне және Мұхаммедтің Алланың елшісі екеніне куәлік етуің, намазды шарттарына сай толық оқуың, зекет беруің, Рамазан айында ораза ұстауың, шамаң жетсе, Алланың үйін зиярат етіп, қажылық парызын өтеуің», – дегенде, әлгі адам: «Дұрыс айттың», – деді. Біз оның өзі сұрақ қойып, өзі растағанына таңырқадық. Бейтаныс келесі сауалын қойды: «Маған иман жайлы айтып бер», – деді. Расулалла: «Аллаға, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, ақырет күніне және тағдырға, оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің», – дегенде, әлгі кісі бұл жолы да: «Дұрыс айтасың», – деді. Сөйтті де: «Енді маған ихсан деген не, соны баяндап бер», – деді. Расулалла: «Ихсан дегеніміз – сенің Алланы көріп тұрғаныңдай құлшылық етуің, өйткені сен Оны көрмесең де, Ол сені әрдайым көріп тұрады», – деп жауап берді. Содан бейтаныс адам сұрағын жалғастырып: «Ал енді маған қияметтің қашан орнайтынын айт», – деді. Сонда Расулалла: «Қияметтің қашан орнайтынын сұралған адам сұраушыдан артық білмейді», – деді. Сонда ол: «Ендеше, маған қияметтің белгілерін айтып бер», – деді. Расулалла: «Өз анасын күң санайтын ұрпақ дүниеге келеді. Жалаң аяқ, жалаңаш сіңірі шыққан қойшылардың зәулім құрылыстар салып, бір-бірімен жаныға жарысып, көкірек кергенін көресің», – деді. Сәлден соң әлгі адам мешіттен шығып кетті. Содан, мен біраз уақыт тапжылмай отырдым. Кейін Алла елшісі: «Уа, Омар! Сұрақ қойғанның кім екенін білемісің?» – деді. Мен: «Алла мен Елшісі жақсы біледі», – дедім. Расулалла: «Шынында, ол сендерге діндеріңді үйрету үшін келген Жәбірейіл еді», – деп айтты», – деген. (Муслим: 93; Ахмад: 367).

Орысша аудармасы

Умар ибн аль-Хаттаб (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Однажды мы сидели вместе с Посланником Аллаха ﷺ. Вдруг среди нас появился человек в ослепительно белых одеждах, с иссиня-чёрными волосами. На нём не было заметно следов путешествия, однако никто из нас его не знал. Подойдя к Пророку ﷺ, он сел рядом с ним, соприкоснувшись коленями с его коленями, положил обе руки себе на колени и сказал: “О Мухаммад! Расскажи мне об исламе”. Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Ислам – это свидетельствовать, что нет божества, кроме Аллаха, и что Мухаммад – Посланник Аллаха; в полной мере совершать молитву, соблюдая все её условия; выплачивать закят; соблюдать пост в месяц рамадан и, если у тебя хватит сил и возможностей, посетить Дом Аллаха и исполнить обязанность хаджа”. Тогда этот человек сказал: “Ты сказал верно”. Мы удивились тому, что он сам задал вопрос и сам же подтвердил правильность ответа.

Затем незнакомец спросил: “Расскажи мне о вере”. Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Это значит верить в Аллаха, Его ангелов, Его Писания, Его посланников, Последний день и в предопределение – как в доброе, так и в дурное”. Этот человек вновь сказал: “Ты сказал правду”. Затем он спросил: “А теперь расскажи мне, что такое ихсан”. Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Ихсан – это когда ты поклоняешься Аллаху так, словно видишь Его, ибо, даже если ты не видишь Его, Он всегда видит тебя”.

Незнакомец продолжил задавать вопросы: “А теперь скажи мне, когда наступит Судный час?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Тот, кого спрашивают о времени его наступления, знает не больше того, кто спрашивает”. Тогда он сказал: “В таком случае расскажи мне о его признаках”. Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Появится поколение, которое будет считать свою мать рабыней. И ты увидишь, как босые, нагие, измождённые пастухи овец станут наперебой возводить величественные строения, состязаясь друг с другом и горделиво кичась этим”.

Вскоре после этого незнакомец вышел из мечети, а я ещё некоторое время продолжал сидеть на месте. Затем Посланник Аллаха ﷺ спросил: “О Умар! Знаешь ли ты, кто задавал эти вопросы?” Я ответил: “Аллах и Его Посланник знают лучше”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, это был Джибрил, который пришёл к вам, чтобы научить вас вашей религии”» (Муслим: 93; Ахмад: 367).

Түсіндірме (қазақша)

Хадистегі «өз анасын күң санайтын ұрпақ дүниеге келеді» деген сөз – ақырзаманда күңдер көбейеді, олар өз қожайынынан бала тапқандықтан, балалары өздеріне қожайын болады, дегенді білдіреді. Сондай-ақ ғалымдар бұл сөзді ақырзаманда ата-ананың қадірін білмейтін, ата-анаға бағынбайтын және сый-құрметі жоқ тілазар ұрпақ көбейеді, олар үшін ата-ана бейне бір құл сияқты болады, деп те түсіндірген.

Түсіндірме (орысша)

слова хадиса «появится поколение, которое будет считать свою мать рабыней» означают, что в конце времён возрастёт число рабынь и, поскольку они будут рожать детей от своих хозяев, их дети станут для них хозяевами. Кроме того, учёные давали этим словам и такое толкование: в конце времён появится многочисленное непокорное поколение, которое не будет ценить родителей и повиноваться им, а также не станет оказывать им должного почтения, так что родители для таких детей будут подобны рабам.