Хадис

Риядус-салихин, № 84

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
7. Тәуекел
Нөмірі
№ 84 (қазақша басылым реті)
84
Риядус-салихин, № 84Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْ أَنَس، قَالَ: كَانَ أَخَوانِ عَلَى عهد النَّبِيّ ﷺ وَكَانَ أَحَدُهُمَا يَأْتِى النَّبِيَّ ﷺ وَالآخَرُ يَحْتَرِفُ، فَشَكَا الْمُحْتَرِفُ أخَاهُ لِلنَّبِيِّ ﷺ، فَقَالَ: «لَعَلَّكَ تُرْزَقُ بِهِ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Пайғамбарымыздың ﷺ дәуірінде ағалы-інілі екі бауыр болған еді. Біреуі Алла елшісінің мәжілісіне келіп тұратын. Ал екіншісі кәсіп қылып, мал табатын. Бір күні кәсіпкер жігіт бауырының еңбек етпейтінін айтып, Пайғамбарымызға шағымданады. Сонда Алла елшісі оған: «(Қайдан білесің), мүмкін саған сол бауырың себепті ризық беріліп жатқан шығар», – деп айтты», – деген. (Тирмизи: 2345).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Во времена Пророка ﷺ жили два родных брата. Один из них постоянно посещал собрания Посланника Аллаха ﷺ, а другой трудился и зарабатывал на жизнь. Однажды работающий брат пожаловался Пророку ﷺ на то, что его брат не трудится. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: “Откуда тебе знать? Возможно, именно благодаря этому брату тебе и даруется удел”» (Ат-Тирмизи: 2345).