Хадис

Риядус-салихин, № 78

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
7. Тәуекел
Нөмірі
№ 78 (қазақша басылым реті)
78
Риядус-салихин, № 78Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِر: أَنَّهُ غَزَا مَعَ النَّبِيّ ﷺ قِبلَ نَجْدٍ، فَلَمَّا قَفَلَ رَسُول اللَّهِ ﷺ قَفَلَ معَهُمْ فَأَدْرَكَتْهُمُ الْقَائِلَةُ» فِى وَادٍ كَثِير الْعِضَاه، فَنَزَلَ رَسُول اللَّهِ ﷺ وَتَفَرَّقَ النَّاسُ يَسْتَظِلُّونَ بالشَّجَرِ، وَنَزَلَ رَسُول اللَّهِ ﷺ تَحتَ سَمُرَة فَعَلَّقَ بِهَا سَيفَهُ وَنِمْنَا نَوْمَةً، فَإِذَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَدْعونَا وَإِذَا عِنْدَهُ أعْرَابِيٌّ، فَقَالَ: «إِنَّ هَذَا اخْتَرَطَ عَلَيَّ سَيفِى وَأَنَا نَائمٌ فَاسْتَيقَظْتُ وَهُوَ فِى يَدِهِ صَلتًا، قَالَ: مَنْ يَمْنَعُكَ مِنِّى؟ قُلْتُ: اللَّه – ثَلَاثًا-» وَلَمْ يُعاقِبْهُ وَجَلَسَ. مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ.

وَفِى رِوَايَة قَالَ جَابرٌ: كُنَّا مَعَ رَسُولِ اللَّه ﷺ بذَاتِ الرِّقَاعِ، فَإِذَا أَتَيْنَا عَلَى شَجَرَةٍ ظَلِيلَةٍ تَرَكْنَاهَا لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فجاء رَجُلٌ مِنَ الْمُشْركِينَ وَسَيفُ رَسُول اللَّهِ ﷺ معَلَّقٌ بالشَّجَرَةِ فَاخْتَرطَهُ، فَقَالَ: تَخَافُنِى؟ قَالَ: «لَا» فَقَالَ: فَمَنْ يَمْنَعُكَ مِنِّى؟ قَالَ: «اللَّه».

وَفِى رِوَايَة أَبِى بكر الْإِسماعيلي فِى «صحيحه» قَالَ: مَنْ يَمْنَعُكَ مِنِّى؟

قَالَ: «اللَّهُ». قَالَ: فَسَقَطَ السيفُ مِنْ يَدهِ، فَأَخَذَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ السَّيْفَ، فَقَالَ: «مَنْ يَمْنَعُكَ مني؟». فَقَالَ: كُنْ خَيرَ آخِذٍ. فَقَالَ: «تَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَأَنِّى رَسُول اللَّه؟» قَالَ: لَا، وَلَكنِّى أُعَاهِدُكَ أَنْ لَا أُقَاتِلَكَ، وَلَا أَكُونَ مَعَ قَومٍ يُقَاتِلُونَكَ، فَخَلَّى سَبِيلَهُ، فَأَتَى أَصْحَابَهُ، فَقَالَ: جئتُكُمْ مِنْ عَنْد خَيْرِ النَّاسِ

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «кезінде Пайғамбарымызбен ﷺ бірге Нәжід жаққа жорыққа шыққан еді. Алла елшісі сол жорықтан кері қайтқанда, ол да жорықшылармен бірге кері қайтты. Жорықшылар тікенді ағашқа толы алқапқа жеткен кезде тал түс болады. Содан Алла елшісі сол жерге аялдау үшін тоқтайды да, адамдар ағаштарды саялап жан-жаққа тарап кетеді. Алла елшісі де сондағы бір үлкен ағаштың түбіне жайғасып, қылышын соның бұтағына іліп қояды. Жәбир: «Осылайша азғантай көз ілдік. Бір кезде Алла елшісі дауыстап бізді шақырды. Жетіп барсақ, құзырында бір бәдәуи отыр екен. Сонда Алла елшісі: «Ұйықтап жатқанымда, мынау қылышымды қынынан суырып алыпты. Оянсам, қынынан суырылған қылыш қолында тұр екен. Содан бұл: «Енді сені менен кім қорғайды?» – дегенде, мен үш рет «Алла!» дедім», – деп айтты. Сөйтіп Алла елшісі оны жазаға тартпай қайтадан орнына отырды», – деген. (Бұхари: 2910; Муслим: 1949; Ахмад: 14335).

Басқа бір риуаятта Жәбир: «Алла елшісімен бірге Зәтур-Риқағ жорығында болған едік. (Жорықта) қандай да бір саялы ағашқа кезіксек, (саясында отырып тынықсын ден) оны Алла елшісіне қалдырып кететін едік. Бір күні мүшріктердің бірі (жасырынып) келіп, Алла елшісінің ағашта ілініп тұрған қылышын суырып алған бойда, оған төніп: «Менен қорқамысың?» – дейді. Сонда Алла елшісі оған: «Жоқ», – дейді. Сонда ол: «Енді сені менен кім қорғайды?» – дегенде, оған: «Алла!» – деп айтады», – деген. (Бұхари: 4136; Муслим: 1949; Ахмад: 14928).

Әбу Бәкір әл-Исмайлидің сахих хадистер жинағында келтірген риуаятында әлгі бәдәуи: «Енді сені менен кім қорғайды?» – дейді. Сонда Алла елшісі: «Алла!» – деп, бар дауысымен жауап қатқанда, қолындағы қылыш түсіп қалады. Сол кезде Алла елшісі қылышты алып: «Ал, енді сені менен кім қорғайды?» – дейді. Сонда әлгі бәдәуи: «Қайырлы қарымташы бол (жамандықтың қарымын жақсылықпен қайтар)», – дейді. Алла елшісі оған: «Алладан басқа тәңір жоқ екеніне және менің Алланың елшісі екеніме куә боласың ба?» – дегенде, бәдәуи: «Жоқ, алайда сенімен соғыспауға және сенімен соғысқан қауыммен бірге болмауға уәде беремін», – дейді. Содан Алла елшісі оны босатып жібереді. Ол өзінің жолдастарына барғанда: «Расында, мен сендерге ең жақсы адамның құзырынан келдім», – деген екен.

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Однажды я вместе с Пророком ﷺ участвовал в военном походе в сторону Неджда. Когда Посланник Аллаха ﷺ возвращался из этого похода, я возвращался вместе с остальными его участниками. Полдень застал воинов в местности, заросшей колючими деревьями. Посланник Аллаха ﷺ остановился там на отдых, а люди разошлись в разные стороны, укрываясь в тени деревьев. Посланник Аллаха ﷺ также расположился под одним большим деревом и повесил свой меч на его ветвь». Джабир продолжил: «Так мы немного поспали. Вдруг Посланник Аллаха ﷺ громко позвал нас. Когда мы подошли, рядом с ним сидел какой-то бедуин. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Пока я спал, этот человек взял мой меч и вытащил его из ножен. Проснувшись, я увидел, что он стоит с обнажённым мечом в руке. Он спросил меня: ‘Кто теперь защитит тебя от меня?’ Я трижды ответил: ‘Аллах!’” После этого Посланник Аллаха ﷺ не стал наказывать его и вновь сел на своё место» (Аль-Бухари: 2910; Муслим: 1949; Ахмад: 14335).

В другом предании Джабир рассказал: «Мы вместе с Посланником Аллаха ﷺ участвовали в походе Зат ар-Рика. Всякий раз, когда во время похода нам встречалось дерево, дававшее тень, мы оставляли его Посланнику Аллаха ﷺ, чтобы он мог отдохнуть под ним. Однажды один из многобожников тайком подошёл к нему, выхватил висевший на дереве меч Посланника Аллаха ﷺ и, угрожающе нависнув над ним, спросил: “Ты боишься меня?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Нет”. Тогда тот спросил: “Кто теперь защитит тебя от меня?” Посланник Аллаха ﷺ ответил ему: “Аллах!”» (Аль-Бухари: 4136; Муслим: 1949; Ахмад: 14928).

В версии, приведённой Абу Бакром аль-Исмаили в сборнике достоверных хадисов, сообщается, что тот бедуин спросил: «Кто теперь защитит тебя от меня?» Посланник Аллаха ﷺ во весь голос ответил: «Аллах!» – и меч выпал из руки бедуина. Тогда Посланник Аллаха ﷺ поднял меч и спросил: «Ну, а теперь кто защитит тебя от меня?» Бедуин сказал: «Будь благородным в воздаянии (воздай добром за зло)». Посланник Аллаха ﷺ спросил его: «Засвидетельствуешь ли ты, что нет божества, кроме Аллаха, и что я – Посланник Аллаха?» Бедуин ответил: «Нет, однако я обещаю не сражаться с тобой и не присоединяться к людям, которые будут сражаться против тебя». После этого Посланник Аллаха ﷺ отпустил его. Вернувшись к своим товарищам, бедуин сказал: «Поистине, я пришёл к вам от самого лучшего человека».